А – удвоение почечных лоханок; Б – удвоение почечных сосудов, В – полное удвоение почки
Перекрестная дистопия почки
Тазовая дистопия левой почки
Ретроградная пиелограмма. III. Өзара қарым қатынас аномалиялары:
Өзара қарым-қатынас аномалиялары екі бүйректің өзара тұтасып бітуімен сипатталады.
Бүйректердің тұтасуын олардың ортаңғы беті бойынша саралайды галет тәрізді бүйрек. Бір бүйректің жоғарғы полюсі екінші бүйректің төменгі полюсімен тұтасқан кезде S - тәрізді немесе L - төрізді деп аталатын бүйрек құралады.
Бүйректердің аттас полюстерінің тұтасуымен сипатталатын, таға тәрізді бүйрек деп аталатын аномалия неғұрлым жиі кездеседі. Бұл орайда екі жартысының төменгі сегменттерін қосатын бүйрек мойнағы әдетте ірі тамырлардың - қолқа мен қуыс венаның, сондай-ақ нерв торының алдында орналасады. Сонғысы көп жағдайда аномалияның клиникалық көріністерінен - ауыру, ісіну, қол-аяқтың ұйи беруін сезіну,тез қажушылық және т.б. - себепші болады. Бұл аномалия көп жағдайда уродинамиканың бұзылуларымен және қайталама гидронефроздың
дамуымен кабаттасады.Таға тәрізді бүйректің диагностикасы экскреторлық урографияның,
бүйректердің ультрадыбыстык зерттеу мен компьютерлік томографиясының, сондай-ақ ангиографияның деректері негізінде жүзеге асырылады.
Хирургиялық емдеу жоғарыда аталған симптомдар болған кезде және гидронефроз болған жағдайда қажет болады. Операция мойнақты (истмотомия) жарып, ажыраған бүйректерді репозициялауға саяды.
Подковообразная почка
А - S-образная и Б - L-образная почки.
ҚҰРЫЛЫМ АНОМАЛИЯЛАРЫ: Бүйректердің поликистозы - біршама жиі кездесетін, ауыр, әр уақытта екі жақты болатын, тұқым қуалайтын ауру. Дендей беретін бұл аномалия ерте ме кеш пе бүйрек жетімсіздігіне апарып соғады. Поликистоздың шығу негізі іште жүрген кезеңдегі даму кезінде секреторлық және экскреторлық нефрон сегменттерінің, яғни түзу және ирек өзекшелердің дер кезінде және дұрыс емес қосылуы.
Поликистоз кезіндегі негізгі шағымдар бел ауырады, адам шөлдей береді, полиурия болады, тез қажиды, артериялық гипертензия жөне гематурия болады.Созылмалы бүйрек жетімсіздігің дөрежесіне қарай бүйректер поликистозының клиникалык үш стадиясын саралайды:
- компенсаторлық
- субкомпенсаторлық
- декомпенсация
Диагностика анамнез, объективтік тексеру деректеріне, лабораториялық зерттеулер, ультрадыбыстық сканирлеу, компьютерлік томография және экскреторлық урография нәтижелеріне негізделеді.
Бүйректер поликистозымен ауырған науқастарды консервациялық емдеу несеп жолдарындағы инфекциялық процесті жоюға, бүйрек жетімсіздігіне, анемия мен артериялық гипертензияға қарсы күресуге негізделеді.