Мультикистоз почки (мультикистозная дисплазия) Туа бітетін аномалия,бүйрек паренхимасының орнын формасы мен көемдері алуан түрі кисталар басады.Бір жақты болатын ,өте сирек кездесетін аномалия.
Диагноз ултрадыбыстық зерттеу мен бүйрек КТ-ның, экскреторлық урография мен ангиографияның деректері негізінде жүзеге асырылады.
Емдеу органды хирургиялық жолмен алып тастауға саяды.
Аномалии развития мочевого пузыря
▶ Қуық дивертикулдары Қуықтың дивертикулдары көбіне қуықтың бұлшық ет қабаты неғұрлым босаң тұстарда орналасады; мұндай тұстар: несепағарлар сағалары мен қуықтың бүйір қабырғаларының өңірі, сирек болатын жағдайларда қуықтың шоқтығында не түбі өңірінде орналасады.Қуық дивертикулдарының клиникалық барысы әр түрлі болуы мүмкін.Балада қуық дивертикулын кіші дәрет сындырған кезде екі мәрте болғанын қарап және қасаға үсті өңірінде ортанғы сызық бойымен не одан бүйірге қарай пальпация кезінде ауыратын, өзінің көлемін қуықтың толуына орай өзгертіп тұратын жылтыр домалак құрылымның болуына қарап білуге болады.
Балаларда қуық дивертикулдары қай тұста шоғырлануына байланысты зәр сындырудың қиындауымен немесе несептің мүлдем жүрмей қалуымен қабаттасуы мүмкін. Дизурия әдетте дивертикул қуыктын мойнына жақын орналасып, оған қысып бататын болған жағдайларда байқалады. Жүре біткен дивертикулдар кезінде несеп шығарудың бүзылу кінәраты негізінен дивертикул кұралуын туғызған себеппен байланысты. Дивертикул жағдайында қуықта несеп стазының пайда болуы балаларда науқастардың жағдайын ауырлатады, созылмалы пиелонефритке және СБЖ апарып соғатын инфекцияларға жағдай жасайды.
Дивертикул мочевого пузыря
▶ Қуық экстрофиясы Қуықтың экстрофиясы - куықтың алдынғы қабырғасының тумыстан болмауы. Аномалия жаңа туған 40-50 мың баланың біреуінде болады. Экстрофия ер балаларда қыз балаларға карағанда шамамен үш есе көп болады.
Экстрофияның клиникалық көрінісінің тән ерекшелігі көп:ішперденің алдыңғы қабырғасының ақауы арқылы қуықтын артқы қабырғасының ашық кілегей қабығы бұлтиып тұрады. Кілегей тез жарақаттанады, ауырады, ашық кызыл түсті және киімнің қажауынан канай береді. Бала күшенген, жылаған кезде ішкі перде іші қысымының көтерілуі салдарынан қуықтың артыңғы ішперде қабырғасы едәуір бұлтиып шығады, бірақ жарық секілді түзеуге келеді. Бұлтыю мөлшері диаметрінде 3-7 см болады. Жасы үлкейе келе түсетін құрылымның перифериялық бөлімдері тыртықтанып эпителиймен жабылады. Лиетоди үшбұрышы сақталады, несепағарлардың сағалары әдеттегі орындарында орналасады, конус тәрізді дөңестердің шоқтығында сыртқа ашылады. Сыртқа ағатын несеп сан мен шап аралығы терісінің мацерациясы мен дерматитіне себепші болады.
Экстрофия кезінде қасаға байламының сүйектері еләуір алшақтайды, осының салдарынан екі сан да ішке қарай айналып "үйрек жүріс" қалыптасады.Барлық жағдайларда экстрофияға өзіне тән клиникалық көрінісі бар тоталдық эписпадия қабаттасады.Экстрофия екінің бірінде бір жакты және екі жақты шап жарығымен, тік ішектің айналып түсуімен, жоғарғы несеп жолдарының аномалияларымен (таға тәрізді бүйрек, гидронефроз, меғауретер) ұштасады. Несепағарлардың сыртқы ортамен тікелей карым-қатысы пиелонефроздық процестін ерте дамуына әкеліп соғады.