Мәліметтер кестесінің индексін сипаттайтын қасиеттері
Мән
Индекс қасиеттері
ixPrimary
Алғашқы индекс
ixUnigue
Индекстің өрістердің барлық мәндері уникалды
ixDescending
Индекс бойынша сорттау кему тәртібінде орындалады
ixCaseInsensitive
Сорттау үрдісі мәтіндік өрістердің ішіндегі мәліметтің регистріне сезімтал емес.
Екіншілік индексті жою үшін келесі тәсілді қолдануға болады:
Procedure DeleteIndex (const Name: String);
Қатынауы бар индекстер тізімін
Procedure GetIndexNames (List: TStrings); тәсілі алуға мүмкіндік береді.
Фильтрлер Көп жазбалары бар кестелерді көру ыңғайсыз. Белгілі бір шартпен байланысқан жазбалар тобын ғана ерекшелеу жиі қажет болады. Мысал қарастырайық. Бізге Parts кестесінің бөлшектердің саны 50-ден аз (OnHand өрісі) екені көрсетілген немесе бөлшектің құны 500 теңгеден көп емес екені көрсетілген (Cost өрісі) барлық жазбаларды таңдап алу қажет делік. Ол үшін мәліметтер жиынтығын берілген шарт бойынша фильтрлеу қажет.
Мұндай шарт (ол сұрау деп аталады) мәтіндік жол түрінде мәліметтер жиынтығының Filter қасиетінде жазылады және құрамына ағымдағы мәліметтер жиынтығының өрістері, константалары, логикалық және қатынас операциялары қолданылатын логикалық өрнек кіреді: мысалға, ондай жазбаларды айқындау үшін Filter қасиетіне келесі жолды жазу керек:
OnHand <50 or Cost < =500
Мәндердің фильтрациялануына рұқсат ету үшін мәліметтер жиынтығының Filtered қасиетін true тең деп орнату керек.
Егер Filter қасиетіне жол жобалау кезеңінде емес, бағдарламаның орындалуы барысында еңгізілсе (мысалға, батырманы шерту бойынша), онда қажет жазбалардың таңдаулы динамкалық түрде орындалады.
Шарттың құрылымына белгілі бір шектеулер қойылады. Көптеген автономды және файл-серверлік МҚБЖ-лер үшін өрічтер мәндерін бір бірімен салыстыруға рұқсат берілмейді. PartNo < Cost
Бірақ та, клиент-серверлік МҚБЖ-лердің көбісі мұндай мүмкіндікті қолдайды. Бұл SQL тілінің ерекшеліктерімен байланысты.
Фильтрациялау үрдісінде FilterOptions қасиетінің қосымша баптарын қолдану мүмкін. FoCaseInsensitive бабы мәтіндік ақпаратты салыстырған кезде реистр есепке алына ма, жоқ па екенін анықтайды, foNoPartialCompare бабы мәтіндік өрістер мәндерінің толық сәйкес келуі бойынша фильтрлеуді орындауға немесе жлдардың біреуі жұлдызшаға аяқталса жолдары бірдей деп санауға мүмкіндік береді.
‘123*’ = ‘12345’