Мәліметтер жиынтығы Мәліметтер қоры кестелерінің ақпараты Паскальда TDataSet класымен сипатталады, оның негізінде TTable компоненті жасалған. Осы компонентің көмегімен жаңа жазбаны қосу өте жеңіл.
TDataSet мәліметтер жиынтығымен жұмыс істеу кезінде мәліметтер жиынтығының көрсеткіші ұғымы пайдаланалады. Ол нақты қазіргі уақытта мәліметтер қоры кестесінің қандай жазбасы ағымдағы болып табылатының анықтайды. Біз TDBGrid кестелерімен жұмыс істегенде уақыттың кез келген мезетінде тек бір ғана жазбаны, өзгертіп, жойып және қоса аламыз. Ол кестеде жұлдызшамен белгіленеде және ағымдағы болып саналады. TdataSet класының көрсеткішті мәліметтер жиынтығы бойынша жылжытуға арнлаған қасиеттері мен тәсілдері бар. Ақпаратты өзгерту немесе жою бойынша барлық операциялар ағымдағы – көрсеткіш қойылған жазбаға қолданылады деп саналады.
Мәліметтер қорындағы өзгертулерді жазу, яғни сақтау тек Post тәсілін шақырғаннан кейін ғана орындалады.
Мәліметтер жиынтығының модификациясы Мәліметтер жиынтығының модификациясын орындау үшін ең алдымен, ол ашық екеніне көз жеткізу керек. Жиынтықтың жағдайы Active қасиетінің мәтінен тексеріледі, осы кезде оның мәні ауқытша болуы керек. Мәліметтер жиынтығының ашулыу Open (параметрлерсіз) тәсілі көмегімен орындалады. Келесі қадам - жасалатын өзгерістердің типтерін анықтау. Мәліметтер қосылуы (параметрлерсіз Insert тәсілі) немесе модификациялануы (параметрлерсіз Edit тәсілі). Тек ағымдағы жазба өрістері ғана модификацияланады. Барлық өзгерістерді еңгізгеннен кейін оларды қорда сақтау (Post тәсілі) немесе сақтаудан бас тарту (Cancel тәсілі) керек.
Жазба өрістері Ағымдағы жазба өрістеріне өзгерістерді еңгізу өрісі кәдімгі меншіктеу операторлары көмегімен іске асырылады. Ағымдағы жазба өрістері мәліметтер жиынтығының TFields типті Fields қасиетінде сақталады. Бұл нақты өрістерді сипаттайтын TField типті элементтер тізімі. өрістердің номерленуі нольден басталады.
TField класының әр бір өріске оның мәліметтер қорындағы нақты типіне байланысты қатынауға мүмкіндік беретін ыңғайлы қасиеттер жиынтығы бар. Жолды сандық өріске жазу сияқты қателік жағдайлардың пайда болмауы ұшін өрістің типін ескрген жөн. Мысалы, AsString қасиеті мәтінді форматтағы өрістің мәніне қатынауға мүмкіндік береді:
Edit1.Text:=Table1.Fields[0]. AsString;
Table1.Fields[0]. AsString:=Edit1.Text;
TField класс объектілерінің басқа да қасиеттері төмендегі кестеде келтірілген.