Динамикалық және тұрақты өрістер Әрі қарай кестенің өрістерін бағдарламада екі тәсілмен қолдануға болады;динамкилық кестелер (dynamic) түрінде немесе тұрақты кестелер (persistent) түрінде. Айталық кестелерде алдын-ала бар өрістер ғана қолданылады және оларға тек жай операциялар (көру, редакторлау) ғана орындалады. Ондай өрістермен динамикалық өрістер ретінде (мұндай режим үнсіздік бойынша қойылған) жұмыс істеуге болады. Бірақ, көбінесе мәліметтердің иілгіш өңделуінде қажеттілік туады, яғни уақытша қосымша, мысалы басқа мәндер негізінде есептелетін “псевдоөрістерді” құру мүмкіншілігі. Сол уақытта басқа компоненттер осындай өрістері нақты кестенің толымды өрістері деп санайды, ал бұл олардың қасиеттерімен манипуляциялар жасап, ақпаратты көрсетудің қажетті режимдерін тез баптауға мүмкіндік береді.
Ол үшін кесте негізінде тұрақты өрістер жиынтығын құрайды. Кесте мәліметтер модулінде таңдалған кезде контекстік менюде FitldEditor (өрістер редакторы) пунктін белгілеу қажет. Алғашында бос тұрақты өрістердің ашылған тізімінде контекстік менюді ашу қажет. Кестенің барлық өрістерін тізімін Add all fields (барлық өрістерді қосу) командасы көмегімен қосуға болады. Келешекте өрістерді тізімінен алып тастауға (физикалық түрде олар кестеде қалады), қайта қоюға, орналасу ретін өзгерту, қасиеттерін баптауға (мысалы, динамикалық өрістерге тиісті емес көрінудің Visible қасиеті) және тағы басқа мүмкін болады.
Осындай псевдоөрістермен, сондай-ақ олар мәліметтер модуліне TDataModule класының жеке өрістері ретінде қосылатындықтан жұмыс істеу ыңғайлы. Оларға айнымалыларға сияқты, олардың атаулары бойынша касты сипаттау негізінде тікелей баруға болады:
Type
TDataModule 2 = class (TDataModule)
Table1. TTable;
Table2.TTable;
Table1OrderNo: TFloatField;
Table1ItemNo: TFloatField;
Table1PartNo: TFloatField;
Table1Qty: TIntegerField;
Table1Discount: TFloatField;
Table2PartNo: TFloatField;
Table2VendorNo: TFloatField;
Table2Description: TStringField:
Table2OnHand: TFloatField;
Table2OnOrder: TFloatField;
Table2Cost: TCurrencyField;
Table2ListPrice: TCurrencyField;
Private
{ private declarations}
public
{public declarations}
end;