Мәліметтер кестесінің өрістер форматын сипаттайтын қасиеттер
Қасиет
Арналуы
AsBoolean
Boolean форматы
AsCurrency
Currency форматы
AsDateTime
TdateTime форматы
AsFloat
Double форматы
AsInteger
Integer форматы
AsString
String форматы
AsVariant
Variant форматы
Мәліметтерді көру және редакторлау Мәліметтер қорын пайдаланушыларға экранда кешенді ақпаратты көрген жақсы. Мысалы, Table1 кесте жазбаларын шығарғанда белгілі бір сандық өрістің орнына басқа кестеден сәйкес мәліметінің мәтіндік атауын көрсеткен дұрыс.
Осындай талаптарды Table1физикалық кесте үшін өрістер редакторында (Fields Editor) құрылатын сәйкес келу өрістері (Lookup Fields) көмегімен жүзеге асыруға болады.
Олар бар кілттік мәндерге сәйкес келетін басқа кестелердің өрістер мәндерінің орнын басатын реалды өрістерді имитациялайды.
Кестелер үшін өріске деген қатынаудың тағы бір тәсілі анықталған – оның аты бойыншаFieldByName тәсілі көмегімен:
function FieldByName (const FieldName:String):TField;
Мысалы, 2 индекс бар Parts кестесінің өрісіне мәліметтер қосатын оператор DataModule2.Parts.Fields[2].AsString:=Edit1.Text; орнына, өріске оның аты Name боыйынша қатынау тәсілін қолдануға болады:
DataModules.Parts.FieldByName(‘Description’).AsString:=Edit1.Text; тәсілдерінің екеуінде де артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Бір жағдайда кестедегі өрістердің тәртібін үнемі бақылау қажет, екіншіде - өрістердің атаулары мәліметтер қорында қзгертілген болса, оларды қолмен бағдарламада өзгерту қажет.