5-БӨЛІМ. ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ ҚОРЕКТЕНУІ &22.Жапырақтың құрылысы мен қызметі • Жапырақтың басты үш қызметі:
1. Фотосинтез 2. Судың булануы 3. Фотосинтезге де, тыныс алуға дақажет газ алмасу • Жапырақтың ішкі шырынды жасыл жұмсақ бөлігі: Фотосинтездеуші ұлпа • Фотосинтездеуші ұлпа жасушалары: Паренхима • Паренхиманың ашық жасыл болу себебі: Хлоропластарға бай, онда фотосинтез жүреді • Жапырақтың жоғарғы қабат жасушалары: Бағаналы паренхима • Бағаналы паренхима:
➢
Жасушалары бір-біріне тығыз жақын жанасқан бағаналар сияқты
➢
Біршама созылыңқы, цилиндр пішінді, едіуір жіңішке
• Тікелей күн сәулесі түспейтін жапырақтың төменгі жағында орналасқан ішкі қабат: Кеуекті паренхима
• Кеуекті паренхима: ➢
Жасушалары едәуір дөңгелек, кеуек (бос) орналасқан
➢
Арасында ауаға толы көп бос кеңістік бар
➢
Фотосинтез қарқындылығы бағаналыға қарағанда төмен
• Шырынды қалың жапырақты өсімдіктер: Шегіркөз, алоэ • Жапырақтың сыртын қаптайды: Мөлдір қабықша – жабын ұлпасы • Жапырақтың төменгі жағында орналасқан маңызды құрылым: Лептесік • Лептесік қызметі: Заттар ішіне түседі және сыртқа бөлінеді • Сыртқа су буланып және оттек бөлінеді: Лептесік арқылы • Жапырақтың суды буландыруы: Транспирация • Өсімдік суды буландырудың 3 себебі:
➢
Фотосинтез үшін қажет
➢
Өсімдік температурасы төмендейді, қызып кетуінен сақтайды
➢
Су сіңірілген кезде, онымен бірге қажет заттар енеді
• Өсімдікте заттар тасымалын қамтамасыз етеді: Өткізгіш ұлпалар (флоэма, ксилема)
• Жапырақтың астынан жақсы көрінеді: Жүйкелері • Жүйкелерде өткізгіш ұлпаның екі типі бар: Су өткізетен түтіктер; орг.зат өткізетін електәрізді түтікшелер • Жүйкелерді түзеді: Өткізгіш ұлпа мен тірек механикалық ұлпа