6 Өміртіршілік қауіпсіздігі
Менің дипломдық жобам тақырыбы «Ақтөбе облысының тұрғын
ауданының газбен қамдау жүйесін жасау» болып табылады. Бұл дипломдық
жұмыстың мақсаты - ауыл шаруашылық орнын, тұрғын үй, тұрмыстық –
шаруашылық орындарын, наубайхана, кітапхана, мектеп, аурухананы табиғи
газбен жабдықтау. Әр тұтынушыға қажет газ шығыны мен қысымы әр түрлі
болып келеді. Ол есептеу бөлімінде қарастырылды.
Тұрғын ауданды газбен қамдау мақсатында қарастырылады:
-
тұтынушыларға қажет газ шығынын анықтау;
-
газ құбырларының диаметрлерін анықтау;
-
газ құбырларын пайдалану барысында қауіпсіздік ережесін сақтау;
-
Газ реттеу орнының (ГРО) жабдығын және орналасатын жерін таңдау,
өзіндік құнын анықтау.
Табиғи газ ауданға Жаңажол газ өңдеу зауытынан магистральды
құбырмен тасымалданады. Магистральды құбырмен келген табиғи газ газ
тарату станциясынан (ГТС) ауданға таралады. Жаңажол газ өңдеу зауыты
мен газ реттеу станса аралығы - 30 км.
Тұтынушыларды газбен қамдау үшін газ тарату стансалары (ГТС), газ
реттеу орны (ГРО) немесе газ реттеу қондырғыларымен (ГРҚ)
жабдықталады.Табиғи газ тұрмыстық халықтың газ плиталарына, су
қыздырғыш қазандық қондырғыларына (АГВ – 80 н/е120) жеткізіледі.
Өміртіршілік қауіпсіздік бөлімінде өртке қарсы шаралары мен
желдетілу қарастырылады. Газ өте қауіпті болғандықтан, ең бірінші кезекте,
өртке қарсы шаралары басты назарда болуы шарт. Сондай – ақ ГРО, газбен
қамтамасыз етілетін ғимараттар (өндіріс орны, мектеп, аурухана,тұрмыстық –
шаруашылық орындар, тұрғын үйлер және т.б.) міндетті түрде белгілі бір
уақыт аралығында желдетіліп отыруы қажет. Себебі, табиғи газ иіссіз
болғандықтан ғимарат ішінде бар – жоғын анықтау мүмкін емес.
6.1 Техника және өрт қауіпсіздігін сақтауға арналған шаралар
Өрт – адам өміріне қауіп төндіреді, денсаулығына нұқсан келтіреді және
материалдық шығынға әкеліп соқтырады. Өрттің газ реттеу станциясында
болуы өте қауіпті болып табылады және оның ауыздықтау қиынға соғады.
Сондықтан да өртті болдырмау үшін қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
Газ отынын пайдалану барысында қарапайым қауіпсіздік ережесін
сақтамағандықтан өрт пайда болады. Ең негізгі себебі, газ құбырларынан газ
шығыны(утечки) болуы. Табиғи газ жарылыс қаупі жоғары болғандықтан,
ғимарат ішінде сіріңке жағуға, электр қондырғыларын қосуға немесе
сөндіруге, темекі шегуге тыйым салынады.
Газ желілерінде газ шығыны болса немесе апатты жағдай орын болған
жағдайда газ отынын қолдануды тоқтату керек, газ жабдықтарының кранын
жабу керек және газ шаруашылығының «04» апатты бөліміне жедел түрде
хабар беру керек. Апатты жағдайда байқаған жағдайда сабын ерітіндісін
пайдалану қажет, ол өз кезегінде газ шығынын анықтауға мүмкіндік береді.
Газды пайдалану барысында төмендегідей өрт қауіпсіздігін басты назарға
ұстау қажет:
- газ иісі байқалса, оны қолдануды тоқтату;
- жұмыс жасап тұрған газ қондырғыларын (мысалы, АГВ – 80 н/е120 )
қараусыз қалдырмау;
- газ қондырғыларын тетіктері ашық қалмауын қадағалау шарт;
- бөтен адамдарға, балаларға газ қондырғыларына жақындауына
рұқсат бермеу.
Өрт бола қалған жағдайда төмендегідей өрт сөндіру құралдары
қолданылады:
- сулық (ОВ);
- көбікті (ОХП – химиялық көбікті өрт сөндіру құралы);
- ұнтақты(порошковые ОП);
- газдық (ОУ – көмірқышқылды өрт сөндіру құралы);
- аэрозольды;
- комбинирленген;
Жұмыстық қысымы бойынша:
- төмен қысымды t =20°C кезінде Р = 2,5мПа;
- жоғары қысымды t =20°C кезінде Р ˃ 2,5мПа.
6.1.1 – кесте. Сулық өрт сөндіру құралдары маркасы
Өрт
сөндіру
құралдары
маркасы
Сыйымдылығы
Шығару
қашықтығы
Өлшемі, мм
Зарядпен
өлшемі,
кг
ОВП - 10
10
4
690*350*175
16
ОВП - 50
50
3,5
1040*450*420
80
ОВП - 100
100
6,5
1170*630*630
148
Газдық (ОУ – көмірқышқылды өрт сөндіру құралы) – электр
қондырғылардағы электр кернеуі U = 1000 В болған кезде қолданылады.
6.1.2 – кесте. Газдық өрт сөндіру құралдарының маркалары
Өрт сөндіру
құралдары
маркасы
Сыйымдылығы
Заряд
массасы, кг
Өлшемі, мм
Зарядпен
өлшемі, кг
ОУ - 2
2
1,4
440*220
6,5
ОУ – 3
3
2,1
500*220
6,8
ОУ - 5
5
3,5
570*270
14
ОУ - 6
6
4,2
850*520
14,5
ОУ - 8
8
5,6
1000*570
15,8
ОУ – 10
10
7
1200*370
30
6.1.3 – кесте. Өрт сөндіру құралдарын қолдану аймағы
Өрт классы
Жану
ортаның
сипаттамасы
Өрт сөндіру құралы
А
Қатты
материалдар(ағаш,
көмір, резина)
Өрт
сөндіру
құралдарының барлық
түрлері, соның ішінде
негізгісі – су
В
Мазут,
май,
сипрт,
бензин,
синтетикалық
материалдар
Сулық өрт сөндіру
құралдары
С
Жану газдары (водород,
көмірсутектектер және
т.б.)
Газ құрамы, инертті
қосылыстар,су
(салқындату үшін)
Д
Металл
қосылыстары(натрий,
калий және алюминий )
Ұнтақты
Е
Кернеулі
электр
қондырғылары
Ұнтақ, көмір қышқыл,
хладондар
Өрт қауіпсіздігін болдырмау мақсатында ғимараттарда өрт сөндіру
құралдары мен қатар күрек, құм болуы қажет. Бұл өртті сөндіру барысында
жалынның ғимаратқа тарап кетпеуі үшін қажет болып табылады.
Газ тарату станциясы (ГТС) - жарылыс қаупі жоғары ғимарат.
Сондықтан да оны жобалау барысында магистральды газқұбырларының
техника және өртке қауіпсіздігі ескеріледі.
Төмендегідей нормативтік құжаттар бойынша тұрғын аймақты газбен
қамдау шаралары жүргізіледі:
- СНиП 2.05.06-85 (Магистральды газ құбырлары);
- СНиП 245 – 71 ( Өндірістік орындарды жобалау барысындағы санитарлық
нормалар);
- СНиП 4 – 80 (Газбен қамдаудың техника қауіпсіздігі);
- «Газ шаруашылығындағы қауіпсіздік тәртібі. РФ Госгортехнадзор» [1992];
- «Өндірістік орындарды, ғимараттарды жобалу барысында өртке қарсы
қауіпсіздік нормалар».
Газ құбырлары мен газ қондырғылары қауіпті болып саналады. Газ
қауіптілігіне байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді:
1 – топ: жанғыш газдың концетрациясы жоғары болады. Бұл жерлерде
жұмыс жасайтын жұмысшылар противогаз арқылы жұмыс жасауы тиіс;
2 – топ: санитарлық нормадан жанғыш газдың концетрациясы жоғары.1-
топтағыдай жұмысқа кірісер алдында жұмысшылар противогазмен
жабдықталуы тиіс;
3 - топ: жанғыш газдың концетрациясы санитарлық нормадан төмен болады.
Бұл жерлерде жұмыс құтқару қызметімен бақыланып жасалынады;
4 - топ: токсикалық емес жанғыш газдар қолданылатын ғимараттар жатады.
Газ қондырғылары мен газ құбырлары орналасқан ғимарат үздіксіз
мәжбүрлі желдетіліп отыруы қажет және қосымша шығу есіктері болуы
шарт. ГРС ғимаратына тек осында жұмыс жасайтын жұмысшылардан бөлек
бөтен адамдарға кіруге тыйым салынады.
Ғимараттағы жарылыс қаупі 2 категорияға бөлінеді: А және Б.
А категориясына: сығымдағыш газы, табиғи газы кокстық, газ тарату
стансасы (ГТС), газ реттеу орынын (ГРО) және магистральды газ
құбырларының сығымдағышты станциялары жатады.
Б категориясына: домналық газ тазарту және конверторлық газ
қондырғылары жатады.
Газ құбырларын жобалау, жөндеу, жаңалау немесе ауыстыру арнайы
мамандырылған жұмысшыларға ғана рұқсат беріледі.
Белгілі бір аймақтағы газ құбырларын жөндеу жұмыстары кем дегенде 2
адамға тапсырылуы қажет(қауіпсіздік үшін).
Газ құбырларын дәнекерлеу жұмыстары (сварочные работы) газ қысымы
6,8...13,6 кПа – дан 27,2 кПа – ға дейінгі аралықта жүргізілуі керек. Егер де
газ қысымы белгіленген мөлшерде жоғары болса, жарылыс қаупі жоғарырақ
болады, нәтижесінде өртке ұласуы мүмкін. ГТС жөндеу жұмыстарын
жүргізу барысында 12 В шамдар қолданылады.
Ғимараттарға жіберілетін газ құбырлары өрт қауіпсіздік ережесін сақтай
отырып жобаланады. ГРО негізгі тұтынушыларға жақын орналасуы қажет.
ГТС мен ГРО жылу мен жарықтандыру, желдету қондырғыларымен
жабдықталады. Санитарлық норма бойынша ГТС пен ГРО ғимаратындағы
температура +5˚С – тан төмен болмауы шарт.
6.2 Газ реттеу орнын (ГРО) желдету жүйесін қарастыру
Шаң, зиянды заттар және иістер ауада ШРК – дан асып кетсе, адам
денсаулығына кері әсерін тигізеді. Сондықтан да ғимарат бөлмесінінің
ауасын тазртып отыру керек. Ауа алмасу процесін орындау үшін ғимарат
ішіне арнайы қондырғылар орналастырады.
Желдету - ғимаратты ластанған ауадан тазартып, таза ауамен
алмастыру немесе ауа алмасу процесі. Желдету қондырғыларының қызметі
жұмыс орнын таза ауамен қамтамасыз етіп отыру (зиянды заттар мөлшері
ШРК – дан аспауы қажет).
Желдету жүйелерінің жіктелуі:
- ауа алмасуға байланысты желдету: табиғи және механикалық
мәжбүрлеу;
- әрекет ету орнына байланысты: жалпы алмасу және жергілікті;
Ауа беру және ластанған ауаны тазартуы, желдетудің жалпы алмасуы
бойынша: тартулық (приточная), шығарулық (вытяжная), тартулық –
шығарулық, кері қайтару жүйесі.
Өндіріс орнында жұмыс орнына кенеттен зиянды заттар мөлшері
нормадан жоғарлап кеткен жағдайда жұмыстық желдетумен қатар апаттық
желдету іске қосылады. Өндіріс орнында желдетудің қиыстырылған жүйесі
(желдетудің жалпы алмасуымен жергіліктімен немесе желдетудің жалпы
алмасуы апаттық желдетумен) қарастырылған. Желдету жүйесі ғимарат
өлшеміне, ауа қозғалысына, зиянды заттар мөлшеріне байланысты
таңдалынады.
Механикалық желдету жүйесі арқылы өндіріс орнына ауа жіберіледі
немесе желдету каналдары арқылы зиянды заттар (газ) жойылады.
Механикалық
желдету
жүйесінің
табиғи
желдету
жүйесінен
артықшылықтары:
- әрекет ету радиусы ауқымды немесе үлкен, яғни желдету
қондырғылары арқылы өндірілетін қысымы жоғары;
-
ауа алмасу процесі сыртқы орта температурасы мен жел
жылдамдығына тәуелсіз немесе бірқалыпты деңгейде болады;
- ғимарат ауасын алдын – ала тазарту, кептіру немесе ылғандыру,
қыздыру немесе салқындату жүргізіледі;
- жұмыс орнына таза ауаны тиімді түрде жеткізу;
- өндіріс орнындағы зиянды заттарды аулау (тазарту);
Артықшылығымен қоса кемшілігі де бар:
Механикалық желдету жүйесін орнату құны, шумен күресу шаралары,
іске қосу қымбатқа түседі. Сонымен қатар, мәжбүрлі желдету жүйесі де кең
қолданысқа ие. Мәжбүрлі желдету жүйесі үрлегіш (вентилятор) және ауа
үрлегішпен жабдықталады. Мәжбүрлі желдету жүйесі ғимарат ауасын
тазарту да үлкен рөл атқарады.
Шығарулық вентиляция (вытяжная вентиляция)[36]
Шығарулық желдету қызметі – зиянды заттар мөлшерін азайту немесе
жою. 6.2.1 – суретте шығарулық желдету сұлбасы көрсетілген. Үрлегіш
тартулық каналда орналасады, нәтижесінде зиянды заттар ғимаратқа кіру
мүмкіндігі жоғалады.Қолдану жағдайы: өндіріс орнын желдетіп отыру.
6.2.1 – сурет. Шығарулық желдету.
АВ – шығар ауа (уходящий воздух);
ZU – приточный воздух.
P
i
(ішкі қысым) ˂ P
а
( сыртқы қысым).
Тартулық желдету
Тартулық желдету қызметі – өндіріс орнына таза ауаның келуін
қамтамасыз ету. Үрлегіш ауа каналында орналасады, нәтижесінде сыртқы
ортадан ғимаратқа келетін зиянды заттар, шаң жойылады немесе ғимаратқа
таза ауамен алмастыралады. 6.2.2 – суретте тартулық желдету сұлбасы
көрсетілген.
Тартулық және шығарулық желдету жүйелері қажет ауаның көлемдік
шығына байланысты үрлегіш қызметін де атқарады.
6.2.2 – сурет. Тартулық желдету
АВ – шығар ауа (уходящий воздух);
ZU – приточный воздух.
P
i
(ішкі қысым) ˃ P
а
( сыртқы қысым).
6.3 Желдету жүйелеріндегі ауа қысымының шығынын анықтау
Ауа құбырындағы жалпы қысым шығыны, Па:
z
l
R
p
, (6.3.1)
мұнда: R – әр есептік бөліктің 1 м үшін қысым шығыны, Па;
l - ауа құбырының ұзындығы, м;
z - есептік бөлік үшін жергілікті кедергілердегі қысым шығыны, Па;.
Ауа құбырындағы қысым шығыны, Па:
2
2
V
d
R
, (6.3.2)
мұнда: λ –үйкеліс кедергісінің коэффициенті;
d – ауа құбырының диаметрі, м;
V – ауа құбырындағы ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с;
ρ – ауа құбыры арқылы тасымалданатын ауа тығыздығы,кг/м
3
(ρ= 1,2
кг/м
3
);
ρV
2
/2 – динамикалық қысым,Па.
Кедергілік коэффициенті Альтшуль формуласымен анықталады:
25
,
0
Re
68
11
,
0
d
К
, (6.3.3)
мұнда, К
Э
– болаттан жасалған беттік ауа құбырының абсалютті
коэффициенті, К
Э
= 0,1 мм;
d – ауа құбыры каналы, мм;
Re – Рейнольдс саны.
Рейнольдс саны - сұйық ағынының өлшемсіз шамасы.Төмендегідей
өрнек арқылы сипатталады:
Re = (ρ
.
v
.
L)/μ, (6.3.4)
мұнда, Re - Рейнольдс саны (өлшемсіз шама);
ρ – ауа тығыздығы ,кг/м
3
;
v – ауа жылдамдығы, м/с;
μ – ауаның динамикалық тұтқырлығы, Н *с/м
2
;
L – сипаттамалық өлшем, м, (ауа құбырының диаметріне жуық болады).
Жергілікті ккедергідегі қысым шығыны (z,Па) келесі формуламен
анықталады:
2
2
v
z
, (6.3.5)
мұндағы, Σξ – ауа құбырының есептік бөліміндегі жергілікті кедергілер коэффициенті.
6.4 Артық жылу мөлшері бөлінуін есептеу
Артық жылу мөлшері ғимаратта бөлінген кездешығарулық ауа мөлшері
төмендегідей анықталады:
с
м
t
t
С
Q
L
п
уд
в
в
я
в
3
,
мұнда,Q
я
- өндіріс ғимаратындағы артық жылу мөлшері, Вт:
Вт
V
q
Q
я
,
q – меншікті артық жылу мөлшері, Вт/м
3
.
Салқын ғимаратта меншікті артық жылу мөлшері q=23 Вт/м
3
. Ыстық
болған жағдайларда q=(100 – 200) Вт/м
3
тең болады.
V - өндіріс ғимаратының көлемі, м
3
;
Св – тартулық ауаның массалық жылусыйымдылығы, Дж/(кг*К);
Св =1000 Дж/(кг*К);
в
– тартулық ауа тығыздығы,
в
= 1,2 кг/м
3
;
t
уд
- ғимараттан жойылатын зиянды заттар температурасы:
t
шығар
= t
норма
+ (Н – 2)t ,°С
мұндағы, t
норма
- ғимарат орнындағы нормаланған температура
t – температура градиенті,
-
өндіріс ғимараты үшін
t = 0,5град/м градиент температуры,
-
өндірістік емес ғимарат үшін -
t = 1,5 град/м;
Н – еденнен желдету қондырғыларынан арақашықтық, м;
t
п
- тартулық ауаның температурасы, t
п
=(5- 8)°С .
6.4.1 – сурет. ГРО ғимаратына желдету қондырғыларын орнату үлгісі.
ЖҚ –желдету қондырғылары.
Жоғарыдағы көрсетілген сурет бойынша ГРО ғимаратын желдетуге
қажет ауа мөлшерін анықтаймыз.
Есептеу үшін қажет мәліметтер:
– V
желд.
– ғимаратты желдетуге қажет ауа көлемі;
– V
ғим.
– жұмыс ғимаратының көлемі;
Жұмыс ғимараттың өлшемдері:
ұзындығы А = 6 м;
ені В = 4 м;
биіктігі Н = 3 м.
Енді берілген өлшемдер бойынша ғимарат көлемін анықтаймыз:
V
ғим.
= А*В*H =6*4*2 = 48 м³.
Ғимаратты желдетуге қажет ауа көлемі:
V
желд
*С(t
шығар
– t
келу
)* Y = 3600*Q
артық
;
мұндағы, Q
артық
– артық жылу, Вт;
С = 1000 – ауаның меншікті жылуөткізгіштігі, Дж/(кг*К);
Y = 1,29 – ауа тығыздығы (кг/м
3
).
Ауаның шығу температурасы келесідей анықталады:
t
шығар
= t
ж.о.
+ (Н – 2)t
мұнда t = 1 - 5 °С – ғимарат биіктігі 1 м сайын температураның өсуі;
t
ж.о.
= 24°С – жұмыс орнындағы температура;
Н = 3м – ғимарат биіктігі;
t
келу
= 18°С;
t
шығар
= 24 + (3 - 2) 2 = 26.
Q
артық
= Q
артық1
+ Q
артық2
+ Q
артық3
Q
артық
– электр жабдықтары мен жарықтандырудан бөлінген артық
жылу;
Q
артық1
= Е*Р ;
мұндағы, Е – электр энергияның жылу әкетуге жұмсалған
коэффициент шығыны (жарықтандыру үшін Е=0,55).
Р – қуат, Вт.
Р = 60 Вт*16 = 960 Вт.
Q
артық1
= 0,55 * 960=528 Вт
Q
артық2
– күн радиациясынан жылу түсуі;
Q
артық2
= m*S*k*Qc
мұндағы,m – ғимараттың терезе саны, m = 4 деп қабылдаймыз;
S – терезе ауданы, S = 1,32 * 3 = 3,96 м².
k – шағылу коэффициенті, k = 0,6;
Qc = 127– терезеден жылу түсуі, Вт/м.
Q
артық2
= 4 * 3,96 * 0,6 * 127 = 1207 Вт;
Q
артық3
– адамдардан жылу бөліну:
Q
артық3
= n *q
мұндағы q = 80 Вт/адам, n – адам саны, n = 10;
Q
артық3
= 10* 80 = 800 Вт;
Q
артық
= 528 +1207 + 800 = 2535 Вт.
Жылулық баланс теңдеуі бойынша:
желд
м
3
.
Қазіргі кезде желдету қондырғыларының түрлері өте көп және дамып
жетілдіру үстінде. Сырттан келетін таза ауа жылуалмастырғышта ғимарат
ауасын араласып, температурасы жоғарлап ғимаратқа жіберіледі. Керісінше
ғимараттағы ауа салқын ауамен араласып, температурасын төмендетіп,
сыртқа шығарылады.
6.4.2 – сурет. Желдету қондырғының жұмыс істеу принципі.
1 - ауаның сырттан келу мен шығу жолы;
2 - ауаның ғимаратқа келу мен шығу жолы;
3 – жылуалмастырғыш.
Осы бөлімді қорытындылайтын болсақ, газбен қамдау жүйесінің өртке
қарсы шаралары, желдету жүйелерін, жылу мөлшері бөлінуін, ауа
алмасуын есептеу, желдету жүйелеріндегі ауа қысымының шығынын,
шығарулық және тартулық желдету сұлбаларын қарастырылды.
Жобаланған сұлба бойынша ГРО ғимаратына V
желд.
=884,3 м
3
таза ауа
мөлшері қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |