Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты В нұсқа есептерін сипаттап көрсетеді.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
|
|
1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
Дүкенде гүлдің 25 түрі сатылады.Олардың бағасына қарай үлестірімі төменде берілген. Баға:500-800,800-1100,1100-1400,1400-1700.
Түрлерінің саны:7,4,*,8.
Кестеден * табыңдар. салыстырмалы жиіліктің пайызбен көрсетілген вариациялық қатарын табыңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
1.Кестеден * табады
2. Вариациялық қатарды көрсетеді
|
ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
Оқушылардың массасы 35,44,46,37,50,36,36,48,35,44,46,39,50,40,54,36,40,42,52,39 белгілі. Массалары бойынша тең интервалдар арқылы 5 топқа бөліп, оқушылардың интервалды вариациялық бөлу қатарын салыңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Вариациялық бөлу қатарларын салады
|
ДК экраны
11-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|