Бұл Қмж ust kz сайтында жасалынған. «Ustaz tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының Қмж бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша Қмж және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз



бет37/105
Дата08.04.2023
өлшемі0,68 Mb.
#80598
түріСабақ
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105
Байланысты:
Қазақ тілі 3-тоқсан 5-сынып (Восстановлен)

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Жол белгілерін білеміз бе?
10-сабақ.

Бөлім:

7-бөлім.Көлік және жол белгілері.

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жол белгілерін білеміз бе?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

5.Т/А4.Тірек сөздер мен сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтау.
5.2.1.1 Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтау
5.ӘТН4.3.Сын есімдердің,шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану,сын есімді зат есім орнына қолдана білу.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Тірек сөздер мен сұрақтар арқылы негізгі ойды анықтай алады.
Көпшілік оқушылар үшін:
Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсіну, анықтай алады.
Кейбір оқушылар үшін:
Сын есімдердің,шырай түрлерінің көркемдік ерекшелігін тану,сын есімді зат есім орнына қолдана алады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Айтылым және жазылым.
Жол белгілері қанша топқа бөлінеді?
Ескерту белгілері қандай?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым және жазылым дағдысы қалыптасады

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет