Сабақтың ортасы
|
Практикалық жұмыс тапсырмалары ретімен орындатылады.
1-тапсырма. NCАLayer-орнату
1. pki.gov.kz порталын аш.
2. «ЭЦҚ кілтін алу» батырмасын шерт.
3. «Жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ кілттері» батырмасын шерт.
4. «Windows-ке арналған NCALayer-ді жүктеу» батырмасын шерт.
5. Программаны жүктегеннен кейін «Жүктеулер» (Downloads)
бумасын ашып, архивті программамен бірге аш.
6. Компьютеріңе программаны орнат.
2-тапсырма. ЭЦҚ-ны алу үшін өтініш беру
1. pki.gov.kz порталын аш.
2. «ЭЦҚ кілтін алу» батырмасын шерт.
3. «Жеке тұлғаларға арналған ЭЦҚ кілттері» батырмасын шерт.
4. «Өтініш беру» батырмасын шерт.
5. «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығы»
ақпараттық жүйесімен таныс.
6. «Жеке тұлға» үлгісі бойынша онлайн өтініш беру үшін сервис
нұсқаулығын басшылыққа ал.
7. ЭЦҚ-ны алуға арналған өтінішті ресімде.
3-тапсырма. egov порталына кіру тәсілі
egov порталын ашып, порталға қалай кіруге болатын барлық тәсілдерді қарастыр. Кестені
толтыр:
Порталға кіру тәсілі Не қажет? Осы кіру тәсілінің
артықшылығы
Осы кіру тәсілінің
кемшілігі
4-тапсырма. M-gov мобильді қосымшаның қызметтері
M-gov қосымшасын қалай тіркеуге болады және мобильді қосымша арқылы қандай қызметтерді
алуға болатындығын анықтап, кестені толтыр.
Қосымшада тіркелу тәсілі Смартфонға қойылатын
талаптар
M-gov мобильді
қосымшаның қызметтері
5-тапсырма. egov порталының қызметтері
ЕGov порталын ашып, қандай санаттар бойынша бөлінгенін, әр санатда қандай қызметтер
ұсынылғанын анықта. Кестені толтыр.
Санат Танымал қызмет түрлері
2-сабақ
Топтық жұмыс
Электрондық үкімет сайты туралы 1-2 минуттық жарнамалық бейнебаян дайындау (сандық
бейнебаян болуы міндетті емес).
Жеке жұмыс
Практикум тапсырмаларын орындау.
6-тапсырма. «Ашық деректер»
1. «Ашық деректер» бетіне өт.
2. Деректердің қандай санат бойынша бөлінгеніне қара.
3. Өз мектебің бойынша деректерді тап, ол үшін:
а) Кеңейтілген іздеу (Расширенный поиск) мәзірін таңда.
ә) Фильтр параметрлеріндегі Иесі (Владелец) тізімінен қажетті
жергілікті атқарушы органды таңда. Мысалы, Алматы қаласының әкімдігі. Санат (Категория)
тізімінен Білім беруді таңда.
б) Қажетті құжатты ашып, өз мектебіңді тап. Осы құжатта
берілген ақпаратпен таныс.
7-тапсырма. «Ашық НҚА»
1. egov порталын ашып, «Ашық НҚА» бетіне өт.
2. Өз аймағыңда қандай нормативті-құқықтық актілер жарияланып, талқылауда жүргенін анықта.
3. Кеңейтілген іздеуден (Расширенный поиск) сәйкес мемлекеттік органды таңдап, өзіңе қажетті
кезеңді көрсет.
4. Осы сәтте қандай заң жобалары талқылауда жүргені туралы ақпарат тап.
5. Көрсету (Показать) тізімінен барлық НҚА-ны таңдап, сәйкес НҚА-мен таныс.
8-тапсырма. «Ашық диалог»
1. egov порталын ашып, «Ашық диалог» бетіне өт.
2. Өз аймағыңдағы әкімнің блогын тап. Оның блогында қандай
өзекті жолдаулар бар екенін анықта.
3. Порталға жолдауды салу үшін, қандай талаптар бар екенін қарастыр.
|
Мұғалімді тыңдайды
1-тапсырманы орындайды
2- тапсырманы орындайды
3-тапсырманы орындайды
4-тапсырманы орындайды
5 тапсырманы орындайды
|
|
Презентация
Жұмыс дәптері
|