14 билет
1917 жылғы Қазан оқиғалары, бұрынғы КСРО-нын барлық елдерінде, әсіресе бұл оқиғалар Ресейдің өзінде әр жақты баға алды. Алуан пікірлі зерттеушілер бұл оқиғаны «төңкеріс», «ауқымды эксперимент», тағы басқаша деп бағалауды ұсынды. Кейбіреулер тіпті б\л оқиғаларды тарихи факт ретінде толығымен теріске шығаруға дейін барды. Бір сөзбен айтқанда, әсіресе кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі жаңа тарихнама, дүниенің алтыдан бір бөлігін мекендеген адамдардың әлденеше ұрпағының тарихын сан-саққа жүгіртіп, саудаға салудан аз тәжірибе жасаған жоқ.
1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылы- ғымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.
Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады.
Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.
Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.
Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.
1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.
1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.
Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.
Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.
Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.
Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.
Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақ- станның Солтүстік-Шығыс облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
-ескі мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;
Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;
-шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;
-ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;
-төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;
-кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;
-заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;
-кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;
-облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;
-жерге жеке иелік ету жйылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
1918ж. Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.
Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.
1918ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды.
Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.