Сабақ тақырыбы Модуль /пән атауы : Қазақ әдебиеті



Дата08.02.2023
өлшемі19,11 Kb.
#66160
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары Гүлнұр


«Отырар»колледжі

Оқу сабағының жоспары


(теориялық оқыту)


«І. Есенберлин өмірі мен шығармашылығы»
(сабақ тақырыбы)


Модуль /пән атауы: Қазақ әдебиеті
Педагог: Жарқынбек Г.
Дайындады: 2023жылғы «09» 02
Курс, топ: ҚТ-2291Б,ҚТ-2292Б
Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының дара тұлғасы, ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің бай шығармашылығымен таныстыру.
2. Дамытушылық: Оқушының қазақша сөйлеу тілін дамыту, түйінді ой айта білуге, шығармашылық ізденісін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге, тарихқа баулу, қазақ әдебиетіне деген қызығушылықтарын дамыту.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, шығармашылық, деңгейлік тапсырмалар.
Сабақтың көрнекілігі: І. Есенберлиннің суреті, шығармалар көрмесі, Венн диаграммасы, кесте, интерактивті тақта.
Пәнаралық байланыс: тарих, орыс әдебиеті.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу.
2. Тексеру.
3. Сұхбат.

II. Үй жұмысын тексеру.

III. Жаңа тақырып: « Ілияс Есенберлиннің өмірі мен шығармашылығы»
мақсатымен таныстыру: Эпиграф «І. Есенберлин қазақ әдебиетінің ғана емес, қазақ халқы тарихының төрінен лайықты орын алатын дара тұлға...» Н. Назарбаев.
- Елбасымыз Ілияс Есенберлинді осы аталған сөздерімен жоғары бағалағаны, бүгінгі сабағымызда әдебиет және тарихты байланыстырған есімі әйгілі, дарынды жазушымен таныс боласыздар.
1. Ілияс Есенберлиннің өмір жолын хронологиялық кесте арқылы әңгімелеу. (интерактивті тақтада – суреті, кесте, баяу музыка)


Өмір жолына шолу.
1915 жылы - Ақмола облысындағы Атбасар қаласында туған
1940 жылы - Тау - кен институтын бітірген, ССРО - Германия соғысына қатысқан
1947 - 67 жылдары - Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасының редакторы, «Қазақфильм» киностудиясында сценарий редколлегиясының мүшесі
1967 - 71 жылдары - «Жазушы» баспасының директоры
1971 жылдан бастап - Қазақстан Жазушылар одағының екінші секретары
1983 жылы - Алматыда 68 жасында қайтыс болды
Қалам тартқан жанрлары: поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия.
Шығармаларының жарық көруі: «Адамгершілік туралы жыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді
1940 жылы - Алғашқы өлеңдері жарық көрді
1945 жылы - «Айша», «Сұлтан» поэмалары жарық көрді
1949 жылы - «Адамгершілік туралы жыр» атты өлеңдер жинағы жарық көрді
1959 жылы - «Біржан сал трагедиясы» дастанын жазды.
«Адам туралы жыр» повесі жарық көрді
1961 жылы - «Өзен жағасында» повесі жарық көрді
1965 жылы - «Толқиды Есіл» повесі жарық көрді
1966 жылы - «Айқас» романы жарық көрді. «Айқас» романы үшін Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды
1968 жылы - «Айқас» романы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығы берілді
1967 жылы - «Қатерлі өткел» прозасы
1968 жылы - «Ғашықтар» романы
1969 жылы - «Қаһар»
1971 жылы - «Алмас қылыш»
1972 жылы - «Алтын құс» романы
1973 жылы - «Көлеңкеңмен қорғай жүр»
1974 жылы - «Жанталас»
1978 жылы - «Маңғыстау майданы», «Аманат» романдары жарық көрді
Ілияс Есенберлиннің 1956 жылы орыс тілінде жазылған «Песня о человеке» романы 1958 жылы қытай тіліне, «Ғашықтар» романы өзбек тіліне аударылды. Көптеген шығармаларды орыс тіліне аударылды.
«Көшпенділер»- тарихи роман
Тарихи роман дегеніміз не?
Тарихи романдар деп өткен тарихтың маңызды оқиғаларын қайта жаңғыртып, оларды көркем түрде баяндайтын романдарды айтады.
Ілияс Есенберлин өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV - ХІХ ғ. Тәуелсіздік үшін табанды күрестерін көркем суреттейді. Осы жолдардағы қиындықтарды, ішкі қайшылықтарды, адам қатынастарын, олардың әрекеті мен мінез - құлықтарын, сырт жаулармен шайқаста шыныққан бірлікті, дәстүрді, салт - сананы көрсетеді. Тарихи жазба деректерге, шежіре мағлұматтарына, аңыз әңгімелеуге сүйене отырып, қазақ халқының тарихының аса маңызды тұстарын ашып, көптеген тарихи қайраткерлердің көркем тұлғасын жасады.
«Көшпенділер» трилогиясы үш романнан тұрады.



Үйге тапсырма: І.Есенберлиннің «Қаһар» романын оқу.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет