21
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ
БалаНЫҢ мОтОрлЫқ дамуЫНдаҒЫ Жетістіктер тОрларЫ
Эмоционалдық сергектік баланың моторлық дамуына ықпал етуі немесе керісінше, оны қиындатуы
мүмкін, соған байланысты екі шкала бойынша баланың алты негізгі моторлық дағдысын тексер-
ген кезде оның жалпы эмоционалдық жай-күйін бағалау қажет. Біріншіден, саналылық шкала-
сы баланың ұйқылы-ояу немесе сергек болғанын не мұқият болғанын бағалайды. Екіншіден,
баланың кірпияздығы «тыныш, абыржулы, көңіл күйі жоқ (жылайды)» ретінде бағаланады.
Ал дұрысында бала моторлық дағдыларды бағалаған кезде сергек, мұқият және тыныш болуға
тиіс. Ұйқы басу, абыржу және жылау, тіпті егер бала оларды бәрібір тексеру кезінде көрсетуге
қабілетті болса да моторлық дағдыларды тексеруден бас тартуға себеп болып табылмайды.
Алайда егер олар бағалауға кедергі келтіретін болса, баланың тынышталуына уақыт береді. Егер
бала ұйықтап жатса, оны дағдыларды тексеру үшін оятпайды.
ДДСҰ мамандарының тобы балалардың моторлық дамуына зерттеу жүргізіп, моторлық дамудың
алты негізгі белгілеріне арнап жас ерекшелігіне байланысты нормаларды (шекараны, торларды)
анықтады.
Моторлық дамудың әрбір белгісі бойынша жетістіктер торларын жасау үшін іштей бөлмей, бір және
99пайыздық үлеспен шектелген қимылдарды орындауға қабілетсіздік уақытының модельдері
пайдаланылды. Нәтижелері: балалардың 90%-ға жуығы әдеттегі тәртіпте бес көрсеткішке қол
жеткізді, ал 4,3%-ы – қолдары мен тізелерін тіреп, еңбектей алатындарын көрсетті. Алты тор
жасы бойынша бірін-бірі жабады, бірақ ені бойынша ажыратылады; ең тары — тірексіз отыру
(5,4 ай), ең кеңі — өз бетімен жүру (9,4 ай) және өз бетімен тұру (10 ай). Бір және 99 пайыздық
үлеспен айлар бойынша есептік нормалар: 3,8 және 9,2 (тірексіз отыру); 4,8 және 11,4 (сүйеніп
тұру); 5,2 және 13,5 (еңбектеу); 5,9 және 13,7 (сүйеніп жүру); 9,9 және 16,9 (өз бетімен тұру); 8,2
және 17,6 (өз бетімен жүру). ДДСҰ-ның балалардың моторлық дамуы бойынша стандарттары
6-суретте берілген.
0
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
Достарыңызбен бөлісу: