БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет15/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51
Оқу-әдістемелік құрал
18
4-суретте балалардың алғашқы 5 жылдағы жасына қарай дене салмағы индексінің қисығы 
көрсетілген. Дене салмағының индексі осы жас үшін салмақ пен бойға қарағанда мынадай стан-
дартты ауытқушылықтар бойынша бағаланады: –3СА, –2СА, –1СА, 0 (медиана), +1СА, +2СА, +3СА.
Егер баланың көрсеткіші –3СА қисығынан асатын болса, онда бұл бала тым арық деп бағаланады. 
Мұндай балаға жедел (тез арада) көмек қажет. 
Осы жағдайдағы тамақтану жай-күйі тағамда белок-энергетикалық жетіспеушіліктің (БЭЖ) ауыр 
түрі ретінде бағаланады.
2.3 Жетістіктер тОрларЫ – БҮлдірШіН ЖастаҒЫ 
БалалардЫҢ мОтОрлЫқ дамуЫНЫҢ НеГіЗГі 
кеЗеҢдері
Моторлық дамуды әдетте моторлық даму кезеңдерінің жетістіктерін баланың жасына аударып 
бағалайды, ХЭДИ/ДДСҰ-2006 моторлық дамудың алты кезеңін белгілеп берді. 
Осы алты моторлық дағдының кез келгеніне қол жеткізу үшін бала дамудың алдыңғы аралық 
сатыларынан өтеді.Моторлық дағдылардың орындалуын бағалау баланың тек не істейтінін 
бағалаудан ғана тұрмайды, сонымен қатар бала оны қалай және қай даму сатысында істей 
алатынын бақылаудан тұрады. Тексеру критерийлеріне сонымен қатар баланың іс-әрекетті 
өз бетімен орындау деңгейін бақылауды енгізуге болады: өзі орындай ма немесе оны қажетті 
қалыпқа келтіргеннен кейін бе? Сөйтіп, нәтижелерді бағалаудағы айырмашылықты мейлінше 
төмен шекке жеткізу үшін тестің әрбір қағидасы баланың дағдыларды орындауын түсіндіру және 
оны жүргізу әдісі ескеріле отырып, дәл анықталуы тиіс.
2-кесте – моторлық дамудың негізгі алты сатысының орындалуын бағалау 
критерийлері
Көрсеткіштер
Бағалау критерийлері
Сүйеніп отыру
Бала тік отырады, басын кемінде 10 секунд ұстайды. Бала тепе-
теңдікті ұстау немесе сүйену үшін қолын пайдаланбайды. 
Еңбектеу
Бала қолдары мен тізелерін кезек-кезек ауыстырып, еңбектеп алға 
және артқа қарай қозғалады. Бауыры еденге тимейді. Кемінде 
қатарынан үш рет ұзақ және жүйелі қимылдайды. 
Сүйеніп тұру
Бала қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) екі қолымен ұстап, бірақ 
теңселмей аяғына тұрады. Денесі тіреуішке тимейді, бүкіл негізгі 
салмағы аяғына түседі. Сөйтіп, бала сүйеніп кемінде 10 секунд тұрады. 
Сүйеніп жүру
Бала арқасын тіктеп тұрады. Қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) 
бір немесе екі қолымен ұстап, алға қарай не жанына бір қадам жа-
сайды. Бір аяғы денесінің салмағын ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға 
басады. Сөйтіп, бала кемінде бес қадам жасайды. 
Өз бетімен тұру
Бала арқасын тіктеп екі аяғын басып (бірақ аяғының ұшымен емес) 
тұрады. Аяқтары салмағын 100% ұстап тұрады. Бала басқа адамға 
немесе затқа сүйенбейді. Өз бетімен кемінде 10 секунд тұрады. 
Өз бетімен жүру
Бала арқасын тіктеп, өз бетімен кемінде бес қадам жасай алады. Бір 
аяғы салмағының басым бөлігін ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға 
басады. Бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет