БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет27/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Оқу-әдістемелік құрал
32
3
 
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ 
БалалардЫҢ тамақта-
НуЫНЫҢ БұЗЫлу 
сеБеПтері меН салдарларЫ 
Балалардың дамуының есептік көрсеткіштерін пайдаланудың және оларға мониторинг жүргізудің 
басты мақсаттарының бірі бала денсаулығында кейіннен пайда болатын проблемаларды, әсіресе 
аурушаңдықты, өлім-жітімді, ақыл-ойдың дамуын, созылмалы аурулар қаупін болжамдау және 
олардың алдын алу мен балалардың дамуындағы ауытқушылықтарды түзету бойынша тиісті 
шешімдер қабылдау болып табылады. 
Түрлі көрсеткіштер бойынша артта қалушылық олардың негізінде жатқан үдерістерді көрсетеді 
әрі генетикалық, гормональдық, жатырішілік факторлар секілді алуан түрлі себептік байланы-
старды, сондай-ақ құнарсыз тағам, түрлі аурулар, балаларға көңіл бөлінбеу, оларға сүйіспеншілік 
пен еркелетудің жетіспеуі секілді қоршаған ортаның постнатальды факторларын болжамдауға 
мүмкіндік береді. 
Мысалға, салмақ-жас және салмақ-бой арасалмағының бұзылу себептері мыналар болып табылады:

алиментарлық фактор — құнарсыз тағам — қатты ашығу; 

ауыр аурулар (жіті және созылмалы соматикалық және инфекциялық аурулар), эмоционалдық 
және әлеуметтік факторлар.
БалаларҒа арНаЙЫ кҮтім меН мұқИят БақЫлау ЖасаудЫ 
талаП ететіН тәуекел ФактОрларЫ:

ананың салмағы 43,5 кг-дан төмен болуы;

көп босанған ана (7-ден көп)

ажырасқан ата-аналар немесе ата-ананың бірінің қайтыс болуы;

1 айдан 12 айға дейінгі жастағы алдыңғы 4-тен артық баласының шетінеуі;

баланың туылған кездегі дене салмағы 2400,0 г. аз болуы;

егіз немесе үшемнің тууы;

алғашқы 3 айда 500 г. аз немесе кейінгі 3 айда 250 г. аз салмақ қосу;

емшек сүтінің болмауы; 

балалардың 1 жасқа толғанша қайталама диарея, қызылша немесе көкжөтел сияқты ауру-
лармен ауыруы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет