39
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ
4-мысал.
Мақсат атты бала, 14 айлық, V жүктілікте және IV рет босану кезінде уақытынан бұрын
туылған. Анасы жүктілік кезінде қан аздығымен ауырды, гестоз байқалды. Емді жүктіліктің соңғы
үш айында қабылдады. Баланың туған кездегі салмағы - 3000 грамм, бойы - 50 см, бас шеңбері
- 36 см. Бала емшек емеді. Алғаш 7 айлығында тамақ берілді. Анасы үй шаруасынан босамайды.
Бала респираторлық аурулармен жиі ауырады, диарея байқалды. 6-айдан бастап салмақ қосуы
азайды. 7-айдан бастап бала салмақ қоспады. 8-айдан бастапбойының өсуі азайды, ал жыл
аяғында бойының өсуінде тежелу байқалды. Бала орташа деңгейдегі қан аздығына шалдықты,
айқын білінген мешел. 11 айында пневмониямен қатты ауырып, қарқынды ем қабылдады.
Осы кезеңде (11 ай) бала әбден арықтады және бойының өсуі тежелді. Бала психомоторлық
дамуы жағынан кенжелеп қалды. Балаға тамақ беру және емізу, қан аздығын қалпына келтіру
және тапшылықтың жай-күйі туралы тиісті ұсынымдар берілді. 13 айлығында бала 200 000 МЕ
мөлшерде А дәруменінің капсуласын қабылдады. Қазір бала 14 айлық, жағдайы бір қалыпқа
түсіп келеді, өсуі мен дамуының көрсеткіштері жақсарып келе жатқаны байқалады.
Алиментарлық факторға байланысты
бойдың өсуінің ерте тоқтауы, өлім-жітімге,
моториканың
тежелуіне, танымдық қабілеті мен мектептегі үлгерімінің нашарлауына зор қауіп төндіреді,
сондай-ақ ұзақ уақытқа дейін жағымсыз әсерлері сақталады.