1-мысал. Ер бала, аты - Дәулет, 9 айлық. Бала ІІ жүктілікте және ІІ рет босану кезінде
1-мысал. Ер бала, аты - Дәулет, 9 айлық. Бала ІІ жүктілікте және ІІ рет босану кезінде
уақытынан бұрын туылған. Анасы жүкті кезінде қан аздығымен ауырған, емделмеген. Туған
кездегі салмағы - 3200 грамм, бойы - 51 см, бас шеңбері - 35 см. Бала 4 айға дейін тек емшек емген. 4-айдың соңына қарай анасы көршісінің кеңесі бойынша балаға бөтелкемен үйде
дайындалған нәрлі тамақ (1:1 мөлшерде сумен араластырылған сиыр сүті) бере бастаған. Осыдан соң бала емшек емуді азайтқан. 5 айлығында баланың салмағының өсу қарқыны азайғаны
байқалады. Оның үстіне анасы үнемі үй жұмыстарымен айналысып, аз демалады әрі жеткіліксіз
мөлшерде тамақтанады. Бұл мәселені шешу үшін медициналық қызметкерлер әйелдің
жұбайымен сөйлесіп, бала емізетін әйелге қажетті жағдай туғызу, атап айтқанда, толық демалып, құнарлы тамақ жеуіне жағдай жасау қажеттігін айтып, әңгіме өткізді. Баланың анасына
емізуді жалғастыру (күніне 3 рет), тамақ барынша қою әрі алуан түрлі (кемінде 3 компоненттен
тұруы), тамақ беружиілігімен саны бойынша жеткілікті және қауіпсіз болуға тиіс, балаға жиірек
көңіл бөлу – көбірек көтеру, аймалап, еркелету;қан аздығын қалпына келтіруқажеттігі туралы
ұсынымдар берілді.
2-мысал. Әсем атты қыз бала, 11 айлық. Қыз бала ІІІ жүктілікте және ІІІ рет босану кезінде
2-мысал. Әсем атты қыз бала, 11 айлық. Қыз бала ІІІ жүктілікте және ІІІ рет босану кезінде
уақытынан бұрын туылған. Туған кездегі салмағы - 3100 грамм, бойы - 50 см, бас шеңбері -
36 см. Анасы жүкті кезінде орта сатыдағы қан аздығымен ауырды, 3 апта бойына құрамында
темір бар дәрілерді қабылдады. Бала емшекте. Алғаш 7 айында балаға ұнтақ ботқа түрінде
тамақ берді, бала одан басқа ештеңе жеген жоқ. Графиктен көрініп тұрғандай, 7 ай толар кезде
қыздың салмақ қосу деңгейі төмен екені байқалады, бұл мерзімде оның салмағы - 6,5 кг, ол осы
мерзімге тиісті салмақтың 81 %-ын құрайды, яғни осы кездің өзінде қыздың дене салмағынан
тамақ жетіспеушіліктің жеңіл түрі байқалады. Қыздың анасына балаға тамақ беру (тамақтың
қоюлығы, жиілігі, қауіпсіздігі ) мен емшек емізуді жалғастыру бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Алайда бір аптадан кейін қыз жедел тыныс ауруымен ауырды. 8 айында қызды өлшеген кезде оның осы кезеңде салмақ қоспағанын айғақтайтын деректер алынды. Қыз тиісті ем алды,
ұсынымдарға сәйкес тамақтандыру дұрыс жолға қойылды, оның үстіне 100 000 МЕ мөлшерде А
дәрумені капсуласын қабылдады. Соңғы жүргізілген өсу және даму мониторингінде (11 ай) қыз
ауырған жоқ, тиісті тағамды қабылдады. Оның нәтижелерін қисықтардан көруге болады: салмақ
қосуы жақсарды, өзінің қатарластарын қалыпты өсуімен және дамуымен қуып жете бастады.
Бойының өсуінде олқылықтар болған жоқ
3-мысал. Мақсат атты бала, 14 айлық, V жүктілікте және IV рет босану кезінде уақытынан бұрын
3-мысал. Мақсат атты бала, 14 айлық, V жүктілікте және IV рет босану кезінде уақытынан бұрын