БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014


Баланың шығарған дыбыстары мен жасаған ишараларын қайталап, баланың



Pdf көрінісі
бет42/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51
3. Баланың шығарған дыбыстары мен жасаған ишараларын қайталап, баланың 
көрсеткендерін істеу. 
Баланың назарын аударғаныңызға және бір-біріңізге қарап тұрғаныңызға көз жеткізіңіз. Бала 
қандай да бір қозғалыс жасағанша немесе бір дыбыс шығарғанша күтіңіз. Егер бала сырқат 
болса, оның алғашқы қимылдары мардымсыз болуы мүмкін, мысалы, бала тек көзін жұмуы не-
месе көзін аша алуы мүмкін. Бұдан соң баланың қимылдарын қайталаңыз, бірақ оны барынша 
әдейілеп жасаңыз. Баланың шығарған дыбыстарын ыждаһатпен қайталаңыз. 
Оны арада дыбыстар мен ишаралардан тұратын ықыласты «әңгіме» басталмайынша қайталай 
беріңіз. Қатысушылардан оның ырғағына назар аударуын сұраңыз – сіз баланың реакциясы-
нан кейін қайталайсыз. Сіз бала өзінің өзіңіз айнытпай қайталауға тиіс болатын реакциясын 
қайталағанша немесе жаңасын көрсеткенше күтесіз. 
Егер баламен бұлайша қарым-қатынас жасау мүмкін болмаса, онда келесі сабаққа көшіңіз 
(төменде келтірілген 4-тармаққа көшіңіз).
4.Баланың жасы мен жай-күйіне сәйкес келетін істер мен ойыншықтарды пайда-
ланып, баламен ойнау және қарым-қатынас жасау. 


Оқу-әдістемелік құрал
52
Кеңестер карточкасына жүгініңіз. Балаға сәйкес келетін ойын сабағын таңдаңыз. Сырқат, енжар 
баламен жүргізілетін сабақты кіші жастағы балалар тобындағы балаларға арналған сабақтардан 
бастауға болады. 
Әрбір нақты сәтте баланың алдына тек бір затты қойыңыз. Егер мүмкін болса, сіз екіншісін 
жаңалағанша баланың осы затпен ойнай бастауына қол жеткізіңіз.
Баланың алдына таңдауға бірнеше затты қатар тастау кеңінен таралған қателік болып табы-
лады. Таңдаудың көптігі бала тапсырманы орындап үйренгенге дейін оны абдыратып немесе 
жаңа тапсырмадан көңілін басқа жаққа аударуы мүмкін. 
Белсенділік деңгейін көтеріңіз. Мысалы, кішкентай заттан бастаңыз. Заттарды көбірек қосып, 
баладан оларды бір табаққа салуын сұраңыз. Бала заттарды сұрыптап, одан кейін заттарды 
табаққа лақтырғанда дыбыс шығатындай ойынды ұйымдастырыңыз. Баланы мақтаңыз және 
оның жетістіктеріне қуанғаныңызды көрсетіңіз. Егер бала қызығушылығын жоғалтса, онда 
сабақты және ойынға арналған заттарды ауыстырыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет