55
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ
5.4. БалаНЫҢ есту ЖәНе кӨру қаБілетіН тексеру
Есту немесе көру қабілетінде қиындықтары болуы мүмкін 6 айлық және одан асқан балалар үшін
Ата-анаға немесе тәрбиешіге мынадай сұрақтар қойыңыз:
Есту
◊
Балаңыз артында бірдеңе айтып сөйлеп тұрған адамды көру үшін басын
бұра ма?
◊
Балаңыз күшті немесе қатты дауысқа елеңдей ме?
◊
Бала әр түрлі дыбыстарды айта ала ма (тата, дада және баба)?
Есту
◊
Балаңыз сіздің көзіңізге қарай ма?
◊
Балаңыз
басы мен көзін бұрып, қозғалып бара жатқан затқа көзі түсе ме?
◊
Балаңыз таныс адамдарды тани ма (анасын, әкесін, ағасын немесе апа-
сын)?
◊
Балаңыз заттарға жармасып, ұстай ала ма?
Егер ата-аналар (тәрбиешілер) жауап беруге қиналса,
оны қалай анықтауға
болатынын түсіндіріңіз. Мысалы, олар баланың артында тұрып алақандарын қатты шапалақтап,
дыбыс шығарады. Және қозғалып тұрған қарындашқа бала басын бұрып қарап, көзімен оның
қозғалысын бақылайтынын-бақыламайтынын қадағалайды. Көруі мен естуін тексеру үшін бала
тыныш әрі аса сырқат болмауға тиіс.
Егер осы сұрақтардың кез келгеніне «жоқ»
деген жауап берілсе, баланың естуінде немесе көруінде
қиындықтардың болуы мүмкін. Баланы әрі қарай тексеру үшін мамандандырылған қызметтерге
жіберіңіз.
5.5. ата-аНаларҒа ерте ЖастаҒЫ БалаларҒа
қатЫстЫ БОлатЫН ЖаЗатаЙЫм ЖаҒдаЙлардЫҢ
алдЫН алу БОЙЫНШа ұсЫНЫмдар
◊
Дәрі-дәрмектер мен тұрмыстық химия құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерлерде,
ал пестицидтер мен мұнай өнімдерін бөлек үй-жайда сақтау қажет;
◊
Химикаттарды тамақ өнімдеріне арналған сыйымдылықтарда сақтауға болмайды;
◊
От көздері мен жылыту құралдары мұқият қоршалуға тиіс:
◊
Тамақ пен суды жылытуға арналған электр құралдарының баулары қысқа болуға тиіс. Ұзын
бауларды жоғарыға – балалардың қолы жетпейтін жерге іліп қойған дұрыс. Үстелде жапқыш
болмауға тиіс.
Ыстық тамақты, шайнекті үстелдің шетіне емес, ортасына қойған дұрыс;
◊
Пайдаланылмайтын электр ажыратқыштар бітеуішпен жабылуға тиіс;
◊
Баланы машинада балаларға арналған арнайы отырғышпен алып жүрген жөн;
◊
Суда және судың жанында бала ересектердің қарауынсыз бір минутқа да қалмауға тиіс. Егер
үйде
бассейн болса, оны мұқият қоршау қажет;
◊
Сіріңкені, пышақты, қайшыны, инелер мен түйреуіштерді балалардың қолдары жетпейтін
жерлерде сақтау қажет;
◊
Бала ойнайтын алаң жүргінші
жолынан қалқалануға тиіс;
◊
Үйдің қасынан машинамен кетер кезде жанында баланың жоқ екеніне көз жеткізу қажет;
◊
Баланы жуынатын бөлмеде қараусыз қалдыруға болмайды;
◊
Шайнауды үйренбеген кішкентай балаға тыныс жолдарына түсіп кетуі және тұншығып қалуы
мүмкін болғандықтан жаңғақ бермеу керек.