БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014


айдан 12-айға дейінгі балалардың даму картасы



Pdf көрінісі
бет20/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
6 айдан 12-айға дейінгі балалардың даму картасы
ІРІ МОТОРИКА
Бала ешкімнің демеуінсіз тік отыра алады
Бала өзінің қолдарын тіреп, кеудесін көтереді
Бала ішімен жылжып, жақсы қозғалады
Бала аяқ-қолдарын тіреп, төрттағандап тұра алады
Бала еңбектейді
Төрт тағандаған қалпынан өзі отыра алады
Екі қолынан ұстағанда бала жүреді
Таяныш үшін бір нәрседен ұстап отырады, еңкейеді
Бала жиһазға сүйеніп, жағалап, бір қырымен сенімді жүреді
Өз бетінше немесе біреудің қолынан ұстап жүреді
Бала өз бетінше отырады немесе тұрады


23
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ 
ҰСАҚ МОТОРИКА
Бала сылдырмақ ойыншықты сілкілейді
Бала заттарға қолын созып, ұмтылып, оларды аузына апарады
Егер біреу ойыншықты алғысы келсе, бала ойыншыққа жармасады
Бала затты бір қолынан екінші қолына ауыстырады
Бала заттарды бес саусағымен бірдей ұстайды (тырмалау 
қимылы)
Бала заттарды бас бармағымен және сұқ саусағымен іліп алады 
(іскекпен жұмыс істеу қимылы)
СӨЗДІ ТҮСІНУ
Бала өзінің атын біледі
Бала ересек адамның сұрағанын қимылмен, ыммен көрсетеді
«Иә, болады» және «жоқ, болмайды» дегеннің айырмашылығын 
түсінеді және біледі
БЕЛСЕНДІ СӨЙЛЕУ
Бала былдырлап, мағынасы жоқ дыбыстарды (ба-ба, ма-ма) 
қайталайды
Дыбыстарды түсініп, нақты заттарға/адамдарға қатысты 
қолданады
СЕНСОРЛЫҚ ДАМУ
Бала анасының дауысын таниды
Бала 20-40 см жердегі ұсақ заттарға көңіл аударады
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ ДАМУ Өзінің жақсы көретін ойыншықтарын ажырата алады
ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАС 
Өзіне таныс адамдарды көргенде бала өзін бақытты сезінеді
Басқа балалардың ортасында болғанда қуанады
ТАМАҚ ІШУ
Қасықпен тамақ іше алады
Қасықпен ботқа жейді
Бір тілім нанды немесе печеньені қолымен ұстап, жейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет