БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014



Pdf көрінісі
бет28/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
ПрОБлемалардЫ ШеШудіҢ ЖОлдарЫ 
дұрыс тамақтандыру:

балаларға 6 айға толғанша тек емшек емізу;

балаларға 2 жасқа толғанша емшек беру.


33
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ 
Бұған қол жеткізу үшін жүкті және бала емізетін әйелдің дұрыс тамақтануы мен демалысын 
ұйымдастыру арқылы әйелдің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету қажет. 

6 айдан асқан балаларға баланың жас ерекшелігінің мұқтаждықтарын қамтамасыз ететін ба-
рабар тамақты уақытылы беру.
Балалардың инфекциялық ауруларының алдын алу (А дәруменінің және басқа микронутриенттердің 
тапшылығының алдын алу және жою). Балалардың соматикалық және инфекциялық ауруларын 
барабар емдеу. 
Тамақтанудың бұзылуы деп әдетте тамақтанудың жетіспеушілігі, микронутриенттердің 
тапшылығы және артық салмақ/семіздік түсініледі.
тамақтЫҢ ЖетісПеуШіліГі
Тамақтың жетіспеушілігі сапалық тұрғыдан да, сандық тұрғыдан да дұрыс тамақ ішпеудің, сондай-
ақ аурудың салдары болып табылады. Іс жүзінде жеткіліксіз тамақтану мен инфекциялардың 
арасында тікелей байланыс бар. ДДСҰ бағалауы бойынша (1998), дұрыс тамақтанбау 54% 
жағдайда 5 жасқа дейінгі балалар өлімінің негізгі себебі болып табылады. 
Сонымен бірге баланың өсуі мен дамуына сәби жастағы диарея, жедел респираторлық ауру-
лар, қызылша және т.б. аурулар ықпал етеді. Балалардың ауырған кезде тәбеті төмендейді, 
соған сәйкес тамақ ішуі азаяды, ал бұл кезде қоректік заттарға мұқтаждық ұлғаяды. Зерттеу-
лер қызылшамен ауырған кезде тіпті жақсы тамақтанатын балалардың өзінде А дәрумені мен 
белоктардың деңгейі төмендейтінін көрсетті. 
Тамақ пен ауруға әсер ететін факторлар өзінің табиғаты жағынан алуан түрлі және олар 
ақпарат пен білімнің жоқтығынан, ана мен балаға көрсетілетін көмек дейгейінің төмен болуы-
нан, халықтың азық-түлік тағамдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуімен, отбасында тағамның 
дұрыс бөлінбеуінен тұрады. Сондай-ақ медициналық қызмет көрсетуге, отбасы деңгейінде 
су және санитарлық ресурстарға қол жетімділіктің төмен болуы, адами, экономикалық және 
ұйымдастыру ресурстарының болмауы секілді әлеуметтік себептер балалардың тамақтануының 
бұзылуының негізгі себептерінің бірі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет