Бұлттық технологиялар



бет2/4
Дата24.05.2022
өлшемі0,98 Mb.
#35485
1   2   3   4
Маңызды мәлімет «Бұлттық есептеулер» ұғымы алғаш рет 1970 жылы америкалық ғалым Джозеф Карл Робнетт Ликлайдердің ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) желісінің құрылуына жауапты болуынан пайда болған. Ликлайдердің айтуынша: «Құжаттар, ақпарат көздері бір үлкен виртуалды сервер болып табылатын «бұлтта» сақталады және өңделеді. Жер бетіндегі әрбір адам желіге қосылады, ол тек деректерді ғана емес, сонымен қатар программаларды да алатын болады». Ал «Бұлт­тық есеп­теу­лер» 1960 жылы америкалық ғалым Джон Маккартидің: «Қай уақытта болмасын компьютерлік есептеулер «жалпыхалықтық пайдалану» арқылы жүзеге асырылатын болады» деген тұжырымнан кейін пайда бола бастады. Маңызды мәлімет 2002 жылы Amazon компаниясы бұлттық веб-сервисті әзірледі. 2006 жылы Amazon «Elastic Compute cloud» (EC2) деп аталатын сервисті іске қосты. Amazon EC2 және Amazon Simple Storage Service (S3) сервистері алғашқы қолжетімді және бұлттық есептеулер саласындағы көшбасшылардың бірі болды.
Дүниежүзілік нарықта бұлттық технологияларды қолданысқа енгізген компаниялардың саны көбейді, олар: IBM, Microsoft, Google, HP, Atos, Cap Gemini, ал Қазақстандық компаниялардан «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұсынған Microsoft Hoste
d Exchange және Microsoft Hosted SharePoint, Қазтелепорт акционерлік қоғамы ұсынған «SmartCloud», KT Cloud Lab компаниясының инфокоммуникациялық кешендері (mycloud.kz) т.б.
8 Бұлттық технологиялардың қызмет көрсету модельдері:
Инфрақұрылым қызметі ретінде (Infrastructurе as a Service, IaaS)пайдаланушы өзіне керекті инфраортаны жалға алу мүмкіндігіне ие болады. Мұнда бұлттық провайдер серверді, сақтау қоймасын, желі және виртуалдандыру ресурстарын қамтамасыз етеді, ал пайдаланушы өзінің программалық жасақтамасы мен қосымшаларын жүктейді және баптайды.
Бұл қызметті пайдаланушы қымбат құрылғылар мен программаларды сатып алу қажеттілігінен құтылады да, тек пайдаланған уақытына сәйкес қаражат төлейді. IaaS түрлеріне Amazon EC2, Google Cloud Storage, Microsoft Azure, IBM Smart Cloud, IBM Cloud, Oblako.kz және т.б. жатады. Бұл қызмет түрі арнайы кәсіпорындар, мекемелер, компаниялар үшін компьютерлік инфраортаны жалға алу ортасын құрады (2-сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет