Бұлттық технологиялар



бет4/4
Дата24.05.2022
өлшемі0,98 Mb.
#35485
1   2   3   4
Байланысты:
§1. Бұлттық технологиялар

Жұмыс кеңістігін құру (Workspace as a Service, WaaS) – жұмыс ортасын құру және ұсыну қызметі. SaaS сияқты программалық жасақтама қызметін ұсынады, яғни тұтынушыға оңтайлы ортаны қамтамасыз ететін жұмыс ортасын ұйымдастыратын қызмет түрі (8-сурет).
Мониторинг қызметі (Monitoring as a Service, MaaS) – мониторингтеу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бұлтта программалық қамсыздандырумен қызмет көрсету (9-сурет).
Бұлттық технологиялардың артықшылықтары:
• Интернетке қосылған кез келген құрылғы арқылы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) басқарылады;
• көптеген программалар тегін (немесе қолжетімді бағада) және үнемі программалардың ең соңғы нұсқасымен жаңарып отырады; DaaS 6-сурет. DaaS моделі 7-сурет. HaaS моделі 8-сурет.
WaaS моделі 9-сурет. MaaS моделі 11
• арнайы операциялық жүйелерді талап етпейді;
• кез келген жерде, кез келген уақытта ақпарат қолжетімді;
• көптеген қолданушылар үшін бірлескен жұмысты жеңілдетеді;
• құжат форматтарының үйлесімділігі;
• егер құрылғы (ДК, планшет, смартфон және т.б.) істен шықса, маңызды ақпарат жоғалмайды, себебі ол құрылғы жадында сақталмайды;
• ақпараттар автоматты түрде бұлтта сақталып отырады және резервті көшірме жасайды;
• әрқашан жаңа және жаңартылған аппараттық өңдеулер жүзеге асырылады. Бұлттық технологиялардың кемшіліктері:
• Интернет болмаған жағдайда жұмыс тек құрылғыға жүктелген құжаттармен жұмыс істеумен шектеледі;
• бұлттық программалардың жұмыс жасау жылдамдығы баяу болады;
• ақпараттың зақымдалу қаупі бар;
• көптеген бұлттық сервистер бірнеше гигабайт көлемді ғана тегін ұсынады, ал оны тек қосымша ақы төлеу арқылы кеңейтуге болады;
• кейбір бұлттық технологиялар отандық және халықаралық стандартқа сай емес.
­Жау­ап бе­рейік
1. Бұлттық технологиялар деген не?
2. Бұлттық есептеулер туралы қандай мәлімет алдыңдар?
3. Бұлттық провайдер деген не?
4. Бұлттық технологиялардың қызмет көрсетудің қандай модельдері бар?
Ойланайық, талқылайық
1. Бұлттық технологиялар қолжетімдігінің тиімділігін қалай анықтауға болады?
2. Бұлттық технологиялардың қажеттілігі неде?
3. Бұлттық провайдерлер не үшін қолданылады?
4. Бұлттық технологиялар не себепті арнайы операциялық жүйелерді талап етпейді?
Сұрақтарға жау­ап бе­рейік Ойланайық, талқылайық
12 Тал­дап, са­лыс­ты­рай­ық


https://padlet.com/bakutkn/h6s9bvrt19xhgzog





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет