Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы


Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» 7 «ә» Тоғаев Әлібек



бет5/7
Дата28.03.2023
өлшемі47,09 Kb.
#76725
1   2   3   4   5   6   7
Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» 7 «ә» Тоғаев Әлібек.

1) Жазушы қандай мәселені көтереді?

2) Идеясы неде?

3) Жазушы ойы саған қалай әсер етті?

4) ЭССЕ кезеңі

1) «Өлімнен ұят күшті»

2) «Ұрпаққа аманат»

3) «Жастар - өмір болашағы»

4) Жазушы мен жас «патриоты»


«Ұрпаққа аманат»

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бұрынғы Целиноград қаласы қазақ республикасының Астанасы болды. Астана – жас қала келешегі алда, әлі де көркейе береді. Мұнда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Барлық халық қаланың өсіп, көркем болуына ат салысты. Еліміз ел ішіндегі бірліктің арқасында тату, достықта, тыныштықта өмір сүруде. Осы үрдісті сақтау, жалғастыру, ел экономикасын дамыту, дағдарыстан шығу жолдарын іздеу жас ұрпаққа аманат.

Қ.Ысқақ. «Қоңыр күз еді»

7 «а» сынып оқушысы: Сапарова Әсел.

1) Жазушы қандай мәселені көтерді?

2) Жазушы шығармасының идеясы?

3) Жазушы ойы саған қалай әсер етті? Жазушының осы тақырыпта қалам тартуына қай жазушының шығармасы арқау болды?

4) ЭССЕ кезеңі «Оқу іздеген талмас», «Ұстазы жақсының шәкірті жақсы», «Кітап оқу - арман болашағы»

Оқу іздеген – талмас

Оқу – білім іздеу туғаннан бастап, қартайғанға дейін жалғасады. Кейбір оқушылар білімді мектеп бітіру үшін, баға үшін оқиды. Кітаптың парағы баға жетпес асыл қазына. Көркем шығарма адамға өмірді танытып, адамды тәрбиелейді. Әдебиет адамдарға өмірді танытып қана қоймай, адамның өмірге деген көзқарасын өзгертеді. Өмірдің әр бейнесінде де шалдықпайтын, зорықпайтын адам білімді адам. Халық осылай бір ауыз сөзге сыйғызған:

«Оқу іздеген – талмас».


М.Әуезов «Көксерек» композициялық құрылысын талдау.


Тақырып

Идея

Сюжет

Шығарма оқиғасын суреттеуде әдіс тәсіл

Жазушы аң мен адамның психологиясын қалай айқындайды


Көксеректің мінез – құлқы, өзіне тән ерекшеліктері, қасиеттері


Адамдардың табиғат заңын бұзбау керектігі


Қасқырлар мекені. Қаталдық. Адамдар және көксерек. Құрмаштың қазасы


Баяндау, диалог, портрет, суреттеу


Адамның жан – дүниесін аңға қарағанда бай, адамгершілік, қайырымдылық қасиеті болады. Аң болса адамға қарағанда тағы – тағылықты шынайы суреттейді.



Адам мен аң табиғат болмысы

Адамның нәзік болмысы аңдардікімен салыстырғанда жоғары жетілген.

Ол туралы А.Құнанбаев жетінші қара сөзінде былай деп білдіреді:

«Әзелде құдай тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол әсерін көріп жаратқан». Адам өзінің нәзік болмысын еңбекке талпынып іздену арқылы жетілдіре алады. Бұл мүмкіндік адамның хайуаннаттардан тағы бір артықшылығын көрсетеді. Хайуанаттар да оларды сезімдері басқарып, соларға тәуелді болады. Адамдарда олардың қалау – ниеттерін өздері басқаруы тиіс. Бірақ бұл адамдарда бірдей емес. Адам адамдық келбетін асқақтата білу де қоршаған ортаны қорғау болып табылады.

Ә.Тәжібаев «Сырдария»


7 ә Махамбетәлі Ақтолқын

Туған ел,туған жер

Туған елім,туған жерім,


Сүйіп өтем мәңгі сені.


Туған елім,туған жерім


Тілім, дінім осында.


Ешкімді де сатпаймын


Тек тілімді сақтаймын.


Сабақ талдауы: Жоғарыда өткізілген сабақтар топтамасының артықшылығы оқушы жеке тұлға ретінде биіктігі көрінеді.Әр оқушы өз пайымдауы мен түйсігіне сүйене отырып жеке қабілетін ашуға қадам жасаған.Дәстүрлі сабақтан гөрі оқушы іс-әрекеті басымырақ.Әр оқушы өздігінен ойлануға әрекеттенген,өз бетімен жекелей жұмыс жасауға ынталанған.Оқушы қауымы шығарма мазмұнын мазмұндаумен шектеліп келсе,қазіргі сабақтарда оқушының жеке пікірі негізге алынады.Жеке тұлғаны шығармашылыққа баулудың негізгі сатылары оқушы іс-әрекеті мен жүзеге асып жатыр.Оқушының оқуға деген ынтасының өсуіне оң ықпалдығы ұжымның жұмыс жасауға бейімделуден,жеке тұлғаның еңбегінің түзілуі білімге деген құштарлығын толықтыра түседі.Жалпылау ойлаудан,жекелей ойлау оқытудың жүйелілігін қалыптастырды.

Қорытынды:Блум таксаномиясы негізіндегі жүйе оқушылардың өз беттерімен зерттеу,іздену қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып,олардың дарын,қабілеттерінің жетілуіне ықпал етеді,таным белсенділіктерін арттырады.

- оқушылардың көркем тілдері дамиды.

-білімді оқушылар өз іс-әркеттерімен алу жүзеге асады.Білім деңгейлері анализ,синтезге дейін көтеріледі,өнімді білім беруі үрдісі жүреді.

-жұмысты оқушылардың таңдап алуына ерік береді.

-жеке тұлғалық қасиеттерін дамытады.

-берілетін білімін ең негізгі түйінді дәмін таңдап ала білуге жаттығады.

-алдында тұрған қиындықты жеңуге үйренеді.

-оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп,білімдерін жан-жақты толықтыруға түрткі болады.

Ең бастысы,жеке тұлға қасиеттерін шығармашылық деңгейде жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет