Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы


Сабақтың тақырыбы: Т.Ахтанов «Окоп үстіндегі айқас»



бет4/7
Дата28.03.2023
өлшемі47,09 Kb.
#76725
1   2   3   4   5   6   7
^ Сабақтың тақырыбы: Т.Ахтанов «Окоп үстіндегі айқас»

7 сынып Әдебиет

Сабақтың мақсаты:

а) Біздің жауынгерлердің, қазақ жауынгерлерінің майдандағы ерлігін, Отан үшін жанқиярлық шайқасын бейнелеудегі жазушының шеберлігін ұғындыру.

ә) Отан, ел, ерлік жайындағы ойларын, пікірлерін айтқызу, жазғызу арқылы шығармашылығын, танымдық әрекетін дамыту арқылы қалыптастыру.

б) Ұлы Отан соғысы әкелген қайғы – мұңды, ел тарихын оқыта отырып, ата – баба ерлігін жалғастырар ұрпаққа өнеге тәрбие беру.




^ Сабақтың түрі: Талдау сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілі: СТО (Блум).

Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, итерактивті тақта, маркер, қағаздар.

Пәнаралық байланыс: Тарих

^ Сабақ барысы:

Үй тапсырмасын бақылау және жинақтау. (12мин.)

І топ: Жазушының өмірбаяны туралы (слайд)

ІІ топ: Шығарма композициялық сюжеті( слайд)

ІІІ топ: Шығармадағы жауынгерлер портреттеріне слайд.

Портрет жазуда жазушының айшықтау әдісін көрсету.

^ Жаңа сабақ: «Окоп үстіндегі айқас» мәтінін талдау мақсатында

Блум таксономиясын қолдану


Кезең

Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Сабақтың өту барысы


Оқушы жұмысы


Сабақтың әдісі


Білім

Ұйымдастыру кезеңі,ойлану

Жазушы қандай мәселені көтереді?


Топтық жұмысқа оқушылар дайындығы.


Ой – пікір, ой түзу


Түсіну

Жазушы ойының идеясына, ішкі мағынасына зер салдырту

Жазушы шығармасының негізгі идеясы неде?


Жеке жұмыс.


Ой – толғау

Оқушы ой пайымын туғызу.

Қолдану

Ерекше ұнаған жері туралы ой бөлісу

Шығармадан өзіңе қатты әсер етті жерін ата.

Жазушы ойымен үндес оның әріптестерін білесіздер ме?

Жеке жұмыс.


Өрнекті ойды ою.

Даралық ой туғызу

Жеке тұлға пікірі


Талдау

Салыстыру

Егер оның сондай әсер еткен жері өзге жазушы шығармаларында білсең, салыстыр. Венн диаграммасын толтыру.


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Анализ. Синтез. Қорыту.


Жинақтау (синтез.)


Алған білімді жинақтау


Эссе кезеңі.

1.Т. Ахтановқа

ХХІ ғасыр перзентінен хат

2.Мен – соғыс қаруы гранатпын.

3.Батырларын жоқтаған жер – ана.


Жеке жұмыс


Жазу ойы- талпынысы Шабытты туғызу


Бағалау

Сабақ барысында

оқушы көзқарасы


Оқушылардың сабақ соңындағы түйін сөзі.


Жеке жұмыс


Қорыту


Ойтүйін

ІІ. Оқушылар жұмысы.

7 «а» сынып оқушысы: Нұрпейісова Назерке

А.Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

I. Түсіну: Жазушы ақынның реалист екенін қалай дәлелдейді.

II. Қолдану: Ақын стилінің өзгешілігі неде? Ой дәлелдемеңді келтір. Өлең құрастыр.

III. Талдау: Ақын өлеңінің композициясының тұтастығын жазушы қандай айғақ дәлелмен баяндайды.

IV. Топтау: ақын өлеңінен Ақынның шынайы ерекше тұлғасы сомдалып тұр ма? Өз ойыңды қорытынды пайымдаумен жеткіз.

1) М.Әуезов Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңін реалистік бағытта жазғанын баяндайды.

2) Арнау


Абай ақынымыз бар еді,

Өзгешілігі көп те еді,

Басқа ақындарға қарағанда

Реалист адам еді.

Асқар таумен шектелмей,

Қара аспан тауларына барады

Өзі салған суреттей

Өлең шығарып айтады.

3) М.Әуезов өлеңінің композициясын қара сөзбен айта отырып, аңшының киген киімін, түлкінің іздерін қалай тапқанын, аңшының қасында тату досы бар екенін, олардың барлығы да аңшылыққа керектігін және Абайдың осы өнерде дәл айтқаны туралы жазады.

4) Абайдың өлең жазудағы ерекшеліктерін жай сөзбен айтпай, терең қазады. Абай баршаға ортақ. Абай арқылы бүкіл әлемге қазақты танытқан М.Әуезов.

Ахмет Байтұрсынов Ақын ініме

7 «а» сынып оқушысы: Манарбай Абай.


1) Түсіну: Әке жолын көріп өсіп өзі де әке тағдырын қайталауының себебі неде? Анасына жазған хат – мәтіні ақын ойын жеткізуде ұшқырлығы неде?

2) Қолдану: Ақын ағартушылық жолды таңдап алуының себебі не? Оның өлеңдерінің идеясы сізді қандай пікірге жетектейді?

3) Талдау: «Маса» жинағының қоғамда алар әлеуметтік маңызы қандай еді?


1) Ақынның білім алудағы түпкі мақсаты – біліммен елін, халқын жақсылыққа, шат өмірге жеткізу, көкірек көзін ояту.

3) Ақын ел патриоты

Ақын С.Торайғыровты ел патриоты деуге болады. Қысқа өмір сүрді, ол өмірінің өзі қиыншылықта, тапшылықта, жоқшылықта өтсе де, ақын білімге құштар көңілмен, оқуға деген ынта сезіммен, жақсылыққа сеніммен ғұмыр кешті. Оның өлеңдерінде саяси лирика мен табиғат лирикасы көп орын алады. Біз оның біз үшін жазған өлеңін және өзін ешқашан ұмытпауымыз керек.

Ж.Аймауытұлы Әнші

1) Жазушы қандай мәселе көтереді?

2) Жазушы шығармашылығындағы идеясын табу?

3) Жазушы баяндауынан әнші Әмірқан тағдыры қалай әсер етті.

1) «Әнші» әңгімесінде жазушы Әмірқанның өнерлігін ғана жазбай, оның тағдырын, жан – дүниесін, көңіл – күйін анық суреттейді.

2) Әңгіменің негізгі идеясы – қазақ елінің атақты адамдарын және олардың халқы үшін жасаған еңбектерін ұмытпау.

3) Әмірқанның тағдыры, өмірі маған қатты әсер етті. Әмірқанның өмірге берілгені сонша басқа жұмыстарға ебі жоқтығынан дара өнер иесін таныдым. Оның тағы бір ерекшелігі әнді күн көрістің есебінде кәсіп етпеуі, өнерді таза ұстауы адами қасиеттің ең жоғарғы шегі болып табылады. Ақын өнері мәңгі өшпес ел мұрасы.

^



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет