Жаңа материалдағы білімді түсінгенін анықтау үшін диалогтық байланыс жасау. Оқушылардың ойларын өзгеше түрде сұрау. Болжам жасату т.б.
Оқушы әрекеті
Ойларын айтады, түсіндіреді, ерекшелігін көрсетеді, сұрақтар береді. Жазады.
3. ҚОЛДАНУ
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Мұнда ережелерді, әдістерді, ұғымдарды, заңдарды, қағидаларды, теорияларды практикалық тұрғыдан қолдану кіреді. Оқу нәтижелері түсіну деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.
Мұғалім әрекеті
Мұғалім әрекеті
Оқушылардың алған білімін өмірде қолдануға үйрету үшін тапсырырмалар береді.
Дидактикалық құралдармен қамтамасыз етеді.
Мысалы: Қатемді тап, тақырыпқа сай сөйлем құра, проблемалық ситуация т.б.
Оқушы әрекеті
Бұрынғы білім негізін пайдалана отырып, проблеманы шешу.
Кітаппен жұмыс.
4. ТАЛДАУ
Оқу материалының құрылымы анық көрінуі үшін оны құрамдас бөліктерге бөлу:
Бүтіннің бөліктерін ажырату;
Бүтіннің бөліктерінің арасындағы өзара байланыстарды анықтау;
Бүтіннің қалайша ұйымдастырылғандығын сезіну.
Талдаудың түрлерi: Негiзiн тану Астарлы мағынаны ажырату Подтекст Мотивация
Мұғалім әрекеті
Мұғалім әрекеті
Оқушыларды топтарға бөле отырып, тақырыптағы негізгі түйінді табуға бағыт беру. Ерекшеліктерді, негізгі қасиеттерді анықтату.
Оқушы әрекеті
Топтық талқыға салады, ойланады.
Өзгелерді тыңдай отырып, өз білімін толықтырады. Ізденеді.
5. ЖИНАҚТАУ (синтез)
Оқу материалының элементтерінен жаңашыл сипаттағы бүтінді (нәтижені) құрастыру. Жаңа нәтиже ретінде оқу материалдарын мүлдем өзгеше реттейтін хабарлама (баяндама, сөз), жұмыс жоспары, схемаларды атауға болады.