Блум таксономиясы негізінде құрылған тапсырмалардың білім алушыларға ықпалы



бет2/3
Дата06.06.2023
өлшемі39,5 Kb.
#99050
1   2   3
Байланысты:
Блум-таксономиясы-негізінде

Негізгі катего
риялар

Категориялар мазмұны

Шәкірттің білімі

Тапсырмалар түрі

Білім

Таным мен ойлау деңгейі – төменгі деңгей. 
Бұл категория мәлiметтердi қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректердi еске түсiредi.



Қолданылған терминдерді біледі
Нақты фактілерді, жұмыстың орындалу ретін, негізгі ұғымдарды, ережелерді, қағидаларды біледі.

Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, атап көрсету, жабық тест тапсырмалары; қалдырып кеткен белгiлердi қою; қолдану тәртiбiн айту.

Түсіну

Таным мен ойлау деңгейі – ортаңғы деңгей.
Оқу материалын түсіну:
Трансляция – оқу материалын бір «тілден» екінші «тілге» ауыстыру
Интерпретация – оқу материалын «өз сөзімен» түсіндіру, қысқаша баяндау;
Жорамалдау – оқу материалдары бойынша әңгіменің әрі қарай не туралы болатындығын болжау.

Фактілерді, ережелерді, қағидаларды түсінеді;
Сөзбен келтірілген материалды, схемалар, графиктер, диаграммаларды түрлендіреді;
Сөзбен келтірілген материалды математикалық ұғымдарға өзгертеді;



Қалай? Неліктен? Сөйлемді аяқта; сөйлемді өзгерт; өзара байланысын түсіндір; айырмашылығын көрсет; өз сөзіңбен айт; графикті, суретті түсіндіріп бер.



Қолдану

Таным мен ойлау деңгейі – ортаңғы деңгей. 
Бұл категория оқу материалын нақты жағдайда және мүлдем жаңа ситуацияда қолдануды меңзейді. Оқу нәтижелері түсіне деңгейіне қарағанда материалды тереңірек игеруді талап етеді.

Ұғымдар мен қағидаларды жаңа жағдайларда қолданады;
-Заңдар мен теорияларды практикалық тұрғыдан нақты ситуацияларда қолданады;

Жасап көр: таблица, график жаса; қолдану мақсатын түсіндір; есепті бірнеше тәсілмен шеш, берілген гипотезаны тексер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет