Таным мен ойлау деңгейі – жоғарғы деңгей. Оқу материалының маңыздылығын анықтап, ол туралы өзіндік пікір,ойын білдіру.
Бұл деңгейде алдыңғы категориялардың оқу нәтижелеріне қол жеткізуді меңзейді.
Оқу материалы құрылымының логикасын жазбаша түрде бағалайды;
-Ішкі немесе сыртқы критерийлерге сүйеніп, оқу материалының маңыздылығын айқындатады;
Блум таксономиясының негізінде жеке тұлғаның креативтілігін, шығармашылық дербестілігін қалыптастырады. Яғни, оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыра отырып, оның жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын рухани құндылықтарды игерудің бірден – бір жолы Блум таксаномиясы болып табылады.
Блум таксаномиясымен өткізілген сабақтардың артықшылығы әрбір білім алушының пайымдауы мен түйсігіне сүйене отырып жеке қабілетін ашуға жол ашады. Дәстүрлі сабақтан гөрі білім алушы іс-әрекеті басымырақ. Әр білім алушы өздігінен ойлануға әрекеттенген,өз бетімен жекелей жұмыс жасауға ынталанады.
Блум таксаномиясымен өткізілген сабақтардың артықшылығы білім алушы жеке тұлға ретінде биіктігі көрінеді. Әр білім алушы өз пайымдауы мен түйсігіне сүйене отырып жеке қабілетін ашуға қадам жасайды. Дәстүрлі сабақтан гөрі білім алушы іс-әрекеті басымырақ. Әр білім алушы өздігінен ойлануға әрекеттенген, өз бетімен жекелей жұмыс жасауға ынталанады.
Өткізілген бір сабағымның бірі дүниетану сабағы Блум таксономиясына негізделіп жасалды. Сабақты жағымды психологиялық ахуал жасау мақсатында, раушан гүлін бір-біріне беру арқылы өзара тілек тілеумен бастап, бұл тұста білім алушылар бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіргеннен кейін «сары», «жасыл», «қызыл», «көк» түстердің көмегімен «Сүтқоректілер», «Жәндіктер», «Құстар», «Балықтар» тобына бөлінді. Білім алушылар өз топтарына орналасқаннан кейін, әр топ топ басшыларын таңдай отырып, топтың алтын ережесін еске түсірді. Сабақтың өтілу барысында білім алушылардың сабаққа белсенді қатысуын қадағалау топ басшыларына міндеттелгендіктен, оларға бағалау парақшасы берілді. Ұйымдастыру кезеңінен кейін, жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылып өтті. Жаңа сабақты түсіндіру яғни, «Білім» сатысында жоспар арқылы білім алушыларға мәлімет берілді. 1. Еске түсіру 2. Жабайы аңдар мен үй жануарлары. 3. Жануарлардың сүтқоректілер тобы. Жаңа сабақты түсіндіруде білім алушыларға жетекші сұрақтар қоя отырып, жануарларға байланысты 1-сыныпта өткендерін еске түсірді. АКТ модулі тиімді қолданысқа ие болды. Яғни, интербелсенді тақтаның көмегімен презентация көрсетілді. Презентация көрсетілу кезінде білім алушылармен диалог жүргізілді, әр слайдқа тоқтала отырып, сұрақтар қойылды. Білім алушылардың белсенділігі артты. Логикалық тренинг блогындағы тапсырманы орындай келе, тақырып бойынша қорытынды шығарып, теориялық білімін бекітті. Логикалық тренинг блогын тексеру бойынша білім алушылар жаңа тақырыпты толық түсінген. Топ басшылары өз жұмыстарына жауапкершілік танытып, бағалау парақшаларына белгілеп отырды. Білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, осы кезеңнен кейін сергіту сәті жүргізілді. Келесі жаттықтыру және білімді есепке алу блогы яғни, «Түсінік» (І деңгей) пен «Қолданыс» (ІІ деңгей), «Анализ» (ІІІ деңгей) сатысы аясында өз мүмкіндігіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау болды. Деңгейлік тапсырма білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып жасалғандықтан, бұл блокта білім алушылардың басым көпшілігі үш деңгейді де орындады. Әр деңгейдің сұрақтары білім алушылармен бірге талданып, білім алушылар арасында жұптық жұмыс белсенді жүргізілді. Білім алушылар жұп болып, бір-бірінің жұмыстарын тексерді. Бұл кезде білім алушылар тарапынан шыншылдық байқалды. Интеллектуалды тренинг блогы яғни, «Синтез» сатысында топтық жұмыс жасап, тапсырма бойынша ұжымдық қорытынды шығаруға атсалысты. Білім алушылар берілген суреттер арқылы әр топ өзіне қатысты берілген тапсырма бойынша суреттерді топтастырды. Сабақтың өн бойында жануарлардың түрлерімен, оның сүтқоректілер тобы жайлы тапсырмалар беріліп, қайталау арқылы білім алушыларға негізгі түсінік қалыптасты. Соңғы «Бағалау» сатысында топ басшылары бағалау парақшалары арқылы топ мүшелерін бағалады және білім алушылар тарапынан өзіндік бағалау «Бағдаршам» стратегиясы арқылы жүзеге асты.
Қорытындылай келе, Блум таксаномиясы негізіндегі тапсырмалар білім алушылардың зерттеу, іздену, қорытынды жасау іс-әрекеттеріне түрткі жасай отырып, олардың дарындық қабілеттерінің жетілуіне септігін тигізіп, таным белсенділіктерін жетілдіреді.
Әдебиеттер: Қ.Ө.Бітібаева. Білім алушыларды ғылыми зерттеу жұмысына баулу жолдары Қазақстан мектебі. № 9, 2009 жыл. (28, 120-121 Б.)
Н.Ә.Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». «Өнер» баспасы, 2011.
А.Ж.Хамит, А.Қ.Кемелбаева. Жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың педагогикалық мәні. / «Заманауи әлемдегі ғылым мен білім» Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары/, Қарағанда «»Болашақ» университеті, 2013.