БҚму хабаршы №2-2016ж



Pdf көрінісі
бет38/40
Дата06.03.2017
өлшемі3,83 Mb.
#7615
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

БИЛЕР СОТЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  билер  сотының  құқықтық  институт  ретінде 
қалыптасуының  негізгі  ерекшелігі,  билер  бойындағы  оларды  басқалардан 
ерекшелендіріп  тұратын  дара  қасиеттері,  мыңдаған  заман  өтсе  де  атақты 
билеріміздің  есімдері  мен  істерінің  тарих  беттерінен  жойылып  кетпеуінің  негізгі 
себебі қандай деген мәселе талқыланады. 
Тірек  сөздер:  Би,  қазақ  хандығы,  Тәуке  хан,  Жеті  жарғы, Есім  хан,  Төле  би, 
Қазыбек би, Әйтеке би. 
 
Қазақ  халқы  ұшқыр  ойды  қастерлеген,  «ат  сүрінгенше»  ақыл  тапқан,  сан 
ғасырлар  бойы  сөз  мұрасын  көзінің  қарашығындай  сақтап,  сөз  асылын,  інжу-
маржанын  жоғалтпай  келген.  Бітпес  даудың,  бәтуәсіз  шудың  кесімі  мен  шешілмес 
түйіннің шешімі болғанда осы сөз. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
304 
Қазақ  халқында  билік  айтып,  әділ  шешім  шығарып  қара  қылды  қақ  жарған 
қарағайдай билер мен шешендері аз болмаған. Би – шешендердің тарихта алар орны 
ерекше.  Сан  ғасырлар  өтсе  де  билердің  бейнесі  мен  сөздері,  тарихтың  ақ  парағы 
сарғайса  да,  айтар  ойы  мен  ақылы  ешқашан  өз  күшін  жойған  емес.  Күннен  күнге 
жаңғырып, ешқашан өшпейтін аталы асыл  сөз ұрпақтан-ұрпаққа жалғаспақ. 
«Қазақ халқы сөз қадірін - өз қадірім», - деп білген, аталы сөзге тоқтай білген 
қайсар  рухты  халық.  Кеңдігі  мен  елдігін,  кемеңгерлігі  мен  көсемдігін  де  сөзге 
сыйғызған.  Оның  тарихы  да, тағдыры  да,  тәрбиесі  де,  даналығы мен  дала  көңілі  де 
сол сөзде жатыр.  
Белгілі-бір  қоғамда  өмір  сүретін  адамдардың  ұстануы  тиіс  мемлекетті 
басқарудың  өзіндік  императивтері  болады.  Ең  бастысы  бақытқа  жету  жолында 
қажетті  саяси-әлеуметтік  шараларды  жүзеге  асыру  қажет,  ол  әділеттілікті  орнату, 
халықтың  саяси  сауаттылығын  арттыру,  ғылымды  дамыту,  ұрпақты  адамгершіліке 
тәрбиелеу т.б басты құндылықтарды адам бойына сіңіру қажет [1, 8 б.]. 
Тарих  бедерін  парақтап  қарасақ  көшпелілер  қоғамы  бытыраңқы  болды. 
Сондықтан  әр  рудың  өз  мүддесін  қорғауға  бағытталған  әрекет  нормалары  өмірге 
келді.  Уақыт  өткен  сайын  сол  әрекет  нормалары  дамып,  қоғамдық  қатынастарды 
реттейтін  әдет  заңдарына  айналды.  Жетекші  ұлыстар  әр  кезде  әр  деңгейдегі  әдет 
заңдарын  біртіндер  өмірге  әкелді.  Топтық  туыстыққа  басшы  болған  көсемдердің 
бойында билік ісіне икемі бар, әділдік пен жамандықты, жақсылық пен жауыздықты 
айнытпай  ажырата  алатын,  турашыл  көсемдердің  бойында  әділ  биге  тән  қасиеттер 
мол болған. 
Қазақтың  билерінен  қалған  сөз  билігі  дәстүрі  ғасырлар  бойы  үзілген  емес. 
Олардың заманында Ахмет Байтұрсынов айтқандай «әділ билердің қолындағы билік 
қазақтың неше түрлі дертін жазатын таптырмас дәрі» еді. Билер жақсы мен жаманды, 
жақын  мен  алысты,  қымбат  пен  арзанды  салыстырып  алға  тартқан.  Мал  дауы  мен 
жан  дауына,  ар  дауы  мен  намыс  дауына  кесімді  билік  айтып  тілмен  түйіп,  тіспен 
шеше  алмас  тұжырым  жасаған.  Кез  келген  қазақ  ол  кезде  мылжыңдықты, 
далбасалықты,  жағымпаздықты  қорлық  санаған.  «Сөз  шынына  тоқтайды,  пышақ 
қынына тоқтайды» деп шыңдықтың туын көтерген от ауызды орақ тілді шешендерін 
қастерлеп өткен. Билер билік айтқанда ауытқып, бұра тартудан тұстары болса, бірін-
бірі тоқтатып, әділетке шағырған. 
Бүгінде  би  сөзінің  шығу  тегі  жайлы  бірауызды  пікір  жоқ.  Осы  мәселені 
зерттеген  ғалымдар  Г.Вамбери,  В.Радловтар  би  сөзінің  төркінін  түркі  тіліндегі 
биіктік, жоғарылылық деген мағынадан іздесе, Леонтьев,  Ш.Уәлиханов, Халид және 
т.б.зерттеуші ғалымдар өзге де пікірлерге тоқталған. Турасына келер болсақ би сөзі 
ежелгі  түркінің  бек  сөзінен  бастау  алып,  негізінен  басқару,  билеу,  билік  ету  деген 
ұғымдарды  білдірсе  керек.  Бұл  пікірге  тоқталсақ,  би  терминінің  шығу  кезі  ежелгі 
түркі заманы екені талас тудырмайды [2, 121 б].  
Би  дегеніміз  жай  ғана  қазы  емес,  осы  құрметті  лауазымға  сайланған,  өзінің 
бүкіл өмірінің мысалымен қазы болу құқығын дәлелдеген адам. Даналық, аңғарғыш 
ақыл,  аналитикалық  ойлау  қабілеті,  ата-бабалармен  жинақталған  заң  білімдерінің 
жиынтығын  иелену,  тайпаның,  рудың,  ауылдың,  қаланың,  аймақтың,  жүздің,  бүкіл 
Ұлы даланың өмірінің дәстүр-салттық тәртібінің егжей-тегжейінде бағдарлану және 
міндетті түрде – жеке тұлғаның дақ түспеген моральдық-адамгершілік қасиеттерімен 
бірлескен  шешендік  өнердің  жоғары  деңгейі  адамға  таңдаулы  би  болу  құқығын 
берген. 
Қазақ  хандығы  құрылмай  тұрып  және  хандық  құрылғаннан  кейін  мемлекетті 
басқару жүйесінде билер, билер соты деген ұғымдар қалыптасып, өткен дәуірмен, сол 
дәуірде  өмір  сүрген  халықпен  бірге  жасасып,  еліміздің  тарихи  даму  кезеңдерінде 
үлкен саяси рөл атқарғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Қазақ тарихында билер 
соты  институтының  алар  орны  ерекше.  Өйткені  оның  мемлекеттің  саяси  және 
әлеуметтік  жағдайын  тек  әдеттегі  құқықпен  ғана  емес,  рухани,  мәдени,  салт-дәстүр 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
305 
негізінде де ұштастыра әрі теңестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым 
ретіндегі рөлі ерекше.  Бұл құрылым мемлекеттік басқару жүйесімен астасып жатты. 
Билер  кез-келген  дауды  түйінді  төрт-ақ  ауыз  сөзбен  тындырып  отырған. 
Тындырғанда да хатсыз, қарарсыз ауызша жүзеге асырып, бітіріп отырған. Ол кезде 
бір  бидің  өзі  осы  күнгі  соттыңда,  прокурордың  да,  полицияның  да    қызметін 
атқарған.  Билердің  іс  қарау  процесі  ауызша,  дауласушы  жақтардың  және 
куәгерлердің  қатысуымен  өткен.  Жауапкердің  өзі  кінәсін  мойындауы,  заттай 
айғақтар,  куәгерлердің  сөздері  мен  ант  суын  ішу  рәсімі  билер  сотының  шешім 
қабылдауына  негіз  болған.  Әсіресе,  әділетті  төрелік  айту  үшін  маңызы  зор 
болғандықтан  кәмелет  жасына  толмағандар,  ақыл-есі  кемдер,  дауласушы 
тараптардың  туыстары,  дос-жарандары  куәгерлікке  тартылмаған.  Дауласушы 
тараптарды,  куәгерлерді  тыңдап,  қажетті  жағдайда-ант  қабылдатып  алғаннан  кейін 
билер  оңаша  кеңесіп,  қылмыстық  іске  қатысты  –  үкім,  азаматтық  іске  байланысты 
кесім  шығарған.  Егер  билер  сотының  мүшелері  өзара  ортақ  шешімге  келе  алмаса, 
төбе бидің уәжіне тоқтаған [3, 206 б.].  
Билер соты –  дәстүрлі  қазақ  қоғамында қалыптасқан билік институты, ежелгі 
құқықтық  реттеу  пішімдерінің  бір  түрі  болды.  Билер  сотының  пайда  болып, 
қалыптасу  кезеңдері  хақында  ғылыми  әдебиетте  әр  алуан,  бір-біріне  қарама-қайшы 
пікірлер орын алып келді. Әсіресе, В.А. Моисеев сынды зерттеушілер билер соты  – 
Тәуке  ханның (1680  – 1718) реформаторлық қызметінің жемісі деп көрсетеді.  Оған 
кейбір  ғалымдар  мысалы  М.  Ізімұлы  былай  деп  дау  айтады:  «Біріншіден,  хандық 
дәуірдегі  кез  келген  реформалық  нышандар,  соның  ішінде  дала  конституциясына 
айналған  “Жеті  Жарғы”  заңдары  үш  жүзге  беделді,  халықтың  әдет-ғұрпын,  салт-
дәстүрін, жол-жоралғысын жетік білетін атақты билерінің қатысуымен қабылданғаны 
белгілі.  Ал,  сот  төрелігін  жүзеге  асырып,  әдет-ғұрып  жосындарының  негізінде  үкім 
шығару  не  кесім  айту  қоғамдағы  потестарлы  билік  иесі  –  би  қызметінің  бір  қыры 
ғана. Екіншіден, “Жеті Жарғы” қабылданғанға дейін қазақ қоғамында “Қасым ханың 
қасқа  жолы”,  “Есім  ханның  ескі  жолы”  тәрізді  әскери-әкімш.  заң  сипатындағы 
кодекстер басшылыққа алынған. Бұл заңдар көне дәуірлерде өмір сүріп, көшпелілер 
мәдениетінің негізін қалаушы протоқазақтардың  – ғұн, сақ, т.б. тайпалардың әскери 
түзіліктерінің жалғасы еді».  
Билер  нормаларды,  дәйектемелерді  түсіндіруде  және  шешімдер  шығаруды 
талқылауда,  осы  шешімдерді  орындау  әдістерін  айқындауда  едәуір  құқықтарға  ие 
болды.  Билердің  қызметі  тек  сот  әділдігін  жүзеге  асырумен  шектелмей, олар  қоғам 
өмірінің  басқа  да  салаларына  белсене  қатысты.  Билер  соты  аса  құрметті  және 
тәуелсіз орган болған.  
Қазақтың  би  сотының  өміршеңдігінің,  ғасырлар  бойы  сақталуының 
құпиясы мынада: 
Біріншіден,  ол  өз  тамырын  халықтың  табиғи  тарихынан  алады,  өз 
идеологиясында жалпы адамзаттық арман мен қоғамның талабын көрсетті. 
Екіншіден,  билер  сотының  атасы  болып  табылатын  көшпелі  қазақ  қоғамы 
талай  күйзелістерді  бастан  кешіргеніне  қарамастан  өз  негізін  өркениет  ғасырының  
басына дейін сақтап қалды. XIX және XX ғасырлар  аралығында Қазақстан халқы әлі 
де билер сотын аңсап өмір сүрді. 
Дәстүрлі  сот  төрелігінің  тағы  бір  ерекшелігі  –  билер  ауқымды  дискрециялық 
уәкілетті  иеленді,  немесе  қалыптасқан  әдет-ғұрып  заңдарын  өз  қалауына  орай 
түсіндіре  отырып,  нақты  оқиғаның  мән-мазмұнына  сәйкес  шешім  қабылдай  алды. 
Алайда,  билер  сотының  дискрециялық  уәкілетінің  белгілі  шегі  болды,  ол  негізінен, 
“дау  мұраты  –  бітім”  деген  құқықтық  қағиданы  басшылыққа  алды.  Олар  дау-
жанжалға  билік  айтып,  қоғамдық  тепе-теңдікті  сақтауға  мүдделі  төреші  әрі  делдал 
тарап  болғандықтан,  мәжбүрлеу  шараларын  қолданған  жоқ.  Сондықтан,  дәстүрлі 
қоғамдағы  билер  сотының  басты  қызметтік  міндеті  –  жаза  тағайындау  не  залалдың 
материалдық өтемін қайтару емес, әділеттіліктің салтанат құруына көмектесу  [4, 3 б.]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
306 
Ғасырлар  бойы  өзіне  тиісті  міндеттерді  ойдағыдай  атқарып,  мемлекет  пен 
халықтың  игілігіне  қызмет  жасаған,  алайда  қағазға  түспеседе  құндылығының 
арқасында  қолданыста  болып,  сан  түрлі  қоғамдық  қатынастарды  реттеуде  жоғары 
тарихи  бағаға  ие  болған  құблыстардың  бірі  –  қазақтың  ежелгі  құқығы  болып 
табылады.  Алғашқы  қазақ  хандығы  құрылған  1511  жылы  ата-баба  дәстүрімен                    
19  баптан  тұратын  Негізгі  заң  қабылданған.  Оны  халқымыз  «Қасым  ханның  қасқа 
жолы» деп атады. 
Жәңгірдің  баласы  Тәуке  хан  тұсында  қазақ  хандығының  бірлік-берекесі 
кушейе  түсті.  Тәуке  хан  қазақ  тарихында  «Әз  Тәуке»,  «адамзаттың  данасы»  деп 
аталды.  Тәуке  хан  тағына  отырған  соң  асқынған  ішкі  феодалдық  алауыздық  пен 
бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ  хандығын құруға қажырлы 
қайрат  жұмсады.  Хандық  билігін  күшейтуге  бағытталған  реформалар  жүргізді. 
Феодал  шонжарлардың  өкілдері    мен  билерден  құралған  «хандық  кеңестің»  рөлін 
арттырды.  Жыл  сайын  Ташкент  қаласының  түбіндегі  Күлтөбеде  үш  жүздің  басын 
қосқан  жиналысын  өткізді.  Бұл  «Күлтөбенің  басында  күнде  кеңес»  деген  атқа  ие 
болған. Тәуке хан ішкі  феодалдық енжарлықты жою үшін беделді билерге арқа үйеп, 
феодал  ақсүйектерді,  сұлтандарды  әлсіретуге  тырысты.  Тәуке  ханның  «жеті 
жарғысы»  конституциялық  құжат  ретінде  қаралды  Бұл  құжаттың  әрбір  бабы  сол 
кездегі  заман  талабына  сай  әзірленді.  Ол  қазақ  елінің  ұлттық  бірлігін  нығайтып, 
рулар  арасында  алауыздықты  тежеуге  көп  үлес  қосты.  Жүздер  мен  ұлыстар 
арасындағы үлкен даулар билер кеңесінде, қазақ арасында абыройы жоғары Төле би, 
Қазыбек би, Әйтеке би, тағы басқа билер алдында шешілетін болған. 
Қазақ  хандығын,  қазақ  мемлекетін  атақты  хандар  басқарып,  алға  қарай 
дамыған  кезеңдерде  қазақ  сахарасында  әйгелі  билер  де  белгілі-бір  дәрежеде 
мемлекетті басқару ісіне араласып, тарих төрінен орын алған.  
Біздің Қазақстан жерінде де өсіп-өнген ұлы тұлғалар аз емес, біз жүректерінде 
ешқашан  үміт  оты  өшпеген,   ұлы  сенім,  біздің  елеміздің  болашағына  деген  сенім 
аңғарғыш ақыл-ойын, өз отанына деген сүйіспеншілік пен адалдық   алға жетелеген  
тұлғалардың  есімдерін  мәңгілік  есте  сақтаймыз.  Біз  қазір  тұрып  жатқан  жерде,  өз 
халқының тәуелсіздігі үшін батырлар шайқасқан заманда кітаптың көмегімен біз тас 
дәуірінен бастап біздің заманымызға дейін түрлі дәуірлерге саяхат жасаймыз. Тарих 
бізге  ата-бабаларымыз,  атақты  тарихи  тұлғалар:  қазақ  халқының  дамуына  зор  үлес 
қосқан  және  болашақ  тарихтың  қорытындысына  әсер  еткен  тайпа  көсемдері, 
билеушілер, батырлар, билер, аңызшылар, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлер 
туралы  айтады.  Олар  ғасырлар  бойы  бірлікке,  тұтастыққа  талпынды  және  осыған 
үйретуден жалықпады  
Қазақтың атақты билері Төле би Әлібекұлы, Қазыбек би Келдібекұлы, Әйтеке 
би  Байбекұлыдан  қалған  сөз  дәстүрі  ғасырлар  бойы  үзілген  емес.  Ата-бабамыз 
қалдырған  ауыз  әдебиеті  дейтін  ғажайып  мұрасында  халықтың  рухани  өресі, 
мәртебесі,  тұрмыс  салты,  мінез-құлқының  мәні  бар.  Олар  замандастар  болған.  Төле 
би  туралы  академик  С.  Зиманов  былай  дейді:  «Төле  би  қазақтың  ежелгі  этностық 
бірлестігі  үйсіндерден  шыққан.  Әр  түрлі  деректер  бойынша,  ол  Ташкент  маңында 
дүниеге  келіп,  онда  өмірінің  жастық  кезін  және  соңғы  жылдарын  өткізді.  Оның 
шыққан  тегі  аты  аңызға  айналған  Майқы  биден  басталады.  Әкесінің  еркі  бойынша 
бала  Төле  бес  жасынан  бастап  оқуын  бастады,  9  жасынан  бастап  әкесінің 
басшылығымен  сот  талқылауларына  және  сот  шешімдерін  шығаруға  қатысқан,  ал                
15  жасында  Төле  дана  ақсақалдардан,  атап  айтқанда,  100-ге  келген  Сарыарқадағы 
атақты  Әнет  бабадан  бата  алып,  сынақтар  мен  өзіндік  аккредиттеуден  сәтті  өтіп, 
дербес қазы жолына түседі».  «Қазыбек би дәстүрлі Сарыарқалық мәдени ортада өсті 
және  тәрбиеленді,  онда  оны  дарынды  бала  ретінде  қабылдады.  Оны  қоғамдық 
қайраткерлерге  дайындады,  халықтың  ауызша  рухани  байлығын  меңгеруге, 
шешендік  негіздері  мен  техникасына,  даналықты  меңгеруге  үйретті.  Орта  Жүзде 
Қазыбек  би  беделі  танылған  адам  болды.  Орыс  өкілінің  1763  жылға  қатысты  бір 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
307 
ресми  хабарламасында  былай  айтылған:  «Орта  Жүзде  Қазыбек  биді  үнемі  және  күнде 
дерлік  Әбілмәмбет  ханның  өзі  де,  Абылай  хан  да,  және  басқа  ұлыстардың  сұлтандары, 
ақсүйек  старшиналар  да  әр  түрлі  кеңес  сұрап  келетін,  және  оның  келісімінсіз  ешқандай 
ақсүйекті қабылдамайтын, басты қазы ретінде құрметтейді»     [5, 32 б.]. 
Ұлы  жүз  –  Әзіз  Төле  би  ХVІІ  -  ХVІІІ  ғасырлардағы  ұлы  тұлғалардың  бірі. 
Абылай  ханнан  бастап,  Бөгенбай  батырға  дейін  ақыл,  кеңес  беріп  келген  атақты 
Бұқар жырау да Төле биді халыққа үлгі, өнеге етіп жырлады. 
Аты  аңызға  айналған  Төле  би  қайтыс  болардың  алдында  үш  жүздің  игі 
жақсысын жинап алып:  
-  Аттың  құнын,  ердің  құнын,  әйелдің  құнын  өз  ақылымызша  шешкен  жөн. 
Малға салсаң баспайтын, ұрсаң шаппайтын жабы бар да, қусаң жететін, қашсаң құтқаратын 
желден жүйрік тұлпар бар, екі адамның басы қосылса өсек айтатын әйел бар да, бір елге 
ана, пана болатын әйел бар. Шешім айтқанда осылардың ара-жігін ашып, екшеп барып, құн 
кесулеріңді өтінем,- деп аманаттап артқа қалып бара жатқан ел ағаларына. 
Орта жүз – Қазыбек Келдібекұлы 1667 жылы туып, 1764 жылы қайтыс болған. 
Олда Тәуке  ханның «Жеті жарғы»  әдеп  – ғұрып заң жобасын жасаушылардың бірі. 
Қазыбек  бидің  беделі  мен  ықпалына  қазақ  хандары  ғана  емес,  ұлы  империялардың 
әкімшіліктері  де  сүйенген,  атап  айтсақ  1761  жылы  Қытай  империясының  елшілігі,  1762 
жылы орыс мемлекеті әкімшілігінің өкілдері оған арнайы келіп кеңес алып қайтқан. 
Сондай-ақ  Қазыбек  би  ақын,  би-шешен  ретінде  де  әйгілі.  Оның  әдеби 
шығармашылығы Орта жүздің басшысы, сот ісін жүргізуші және дипломат ретіндегі 
қызметінен  ажыратылмайтын  болды,  сондықтан  оның  сот  ісін  қараудағы  немесе 
пікірталас-келіссөздердегі  сөйлеген  сөздері  прозалық  афоризмдер  және  қарсыласының 
сөздеріне өлеңмен жауап беру түрінде болды. Сондай-ақ оның шығармашылығында дана 
жұмбақтардың  немесе  серіктестері  не  болмаса  қарсыластары  айтқан  тұспалдардың  және 
астарлы сөздердің поэтикалық шешулері кездеседі. 
 Бірде Қазыбек бидің алдына бір бала үшін дауласып екі әйел келеді. Әйелдің бірі:  
-  Мен  баламды  жас  күнімде  жоғалтып  алдым,  ал  мына  әйел  оны  асырап 
өсірген. Бүгін тауып, қайтар десем, бермейді - дейді.   
Екінші  әйел:  -  Мен  бұл  баланы  тумасам  да  туғанымдай  бақтым,  ешкімге  де 
бермеймін - дейді.   
Сонда Қазыбек екі әйелді асықпай тыңдап, біраз ойланып, шындықты анықтау 
үшін, баланың екі қолынан екі әйелге ұстатып, балтаны көтеріп,   былай деген екен:  -
Ендеше екеуіңе қақ бөлейін... [4.14 б.]. 
Қазақ руларының басын біріктіріп, бір орталыққа бағындырған және туысқан қазақ, 
қарақалпақ, қырғыз халықтарын одақтастырып, жоңғар - қалмақ шапқыншылығына қарсы 
халық майданын құрған Тәуке ханның кеңесшілерінің бірі – Әйтеке би болған. 
Кіші жүз – айыр тілді Әйтеке би артында аталы сөзі қалған, есімі ел жадында 
сақталған қазақтың киелі, шешен билерінің бірі. Жоңғар - қалмақ шапқыншылығына 
қарсы халық майданын құруға ат салысып, үлес қосқан қоғам қайраткері. Әйтекенің 
есімі елге ең алдымен тілмар шешендігімен, тапқыр билігімен мәлім. 
Әйтеке  би  туралы  академик  С.Зимановта  былай  делінген:  «Есімі  Кіші  жүздің 
ежелгі  аумақтарының  шегінен  тыс  алысқа  созылып  жатқан  Әйтеке  би  өзінің 
дәуірінде аңызға айналды. Оның туылған жылы мен қайтыс болған жері жуықтатып 
анықталған. Әйтеке бидің Төле би мен Қазыбек бидің замандасы болғаны көпшілікке 
белгілі. Олармен бірге XVII ғасырдың соңғы ширегінде және XVIII ғасырдың бірінші 
жартысында  қазақ  халқының  үш  құрылтайын  билеушілер  тобына  кірген.  Әйтеке 
атақты Ұлықбектің медресесінде оқып, оны сәтті бітіріп шыққан. Араб, парсы және 
түрік  тілдерін  меңгерген.  Бес  жасынан  бастап  Жалаңтөс  билеушінің  отбасында 
атақты қызыл езу билерде билік мектебінен өткен. Әйтеке бидің идеялық мақсаттары 
бастапқыда Төле  би мен Қазыбек би басшылыққа алған мақсаттармен ұқсас  болды. 
Олардың  барлығы  халыққа  шынайы  және  әділ  қызмет  етуді  өздерінің  бірінші  және 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
308 
бастапқы мақсаты етіп қойды». Төле бидің тапқырлығы, даналығы және биязылығы оның 
көзінің тірісінде Бұқар жырауда, Қазыбек биде, Әйтеке биде танылған [5, 231 б.]. 
Қазақ  хандығы  құрылғаннан  кейін  бес  ғасыр  ішінде  мемлекетіміз  талай 
өзгерістер  мен  дағдарысқа  ұшырады.  Сонда  да  қабырғасы  қайыспаған  елдің  өз 
хандары,  ел  тыныштығын  ойлаған  ерлері,  кесімді  сөз  айтқан  сөзге  шешен  билері 
болды. Тарих бедерінде  билер сотының алатын орны ерекше. Қазақтың билер соты 
өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болды.  Қазақ билер соты 
құқықтық  құрылымы  жағынан  және  сот  ісін  жүргізуде  өзіндік  қалыптасқан  бай 
тарихының бар екендігіне әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын бірегей сот жүйесі 
болғанына  дүние  жүзі  ғалымдары  нақты  көз  жеткізді.  Билер  екі  тарапқа  да  өз 
әділдігігін дәлелдей білген. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз 
содан  қалса  керек.  Би  десек,  ойымызға  ақыл-парасатымен  ойының  зеректігімен, 
табиғатынан  дарынды,  даналық  іліммен  сусындаған  тұлғаның  бейнесі  оралады. 
Демек билерден осындай қасиеттер талап етілген. Дана халқымыз билерді ешқашан 
сайламаған. Себебі би – тектілік пен табиғи болмысқа тәуелді қызмет.  
Осы  тарихи  кезеңде  билер  халықтың  әлеуметтік  тобына  жататын  лауазымды 
адамдар болып танылды.  
Би дегеніміз кім? Билер дегеніміз қазақ сахарасында жер дауы мен жесір дауы, 
барымта, құн төлеу сияқты мәселелердің шешімін тапқан, қанаттас жатқан екі рулы 
елдің  арасындағы  түсінбеушілікті  шеше  білген,  соғыс  қаупін  туғызған  жағдайларда 
ауыздары  дуалы,  шешімдері  әділ,  сөздері  қуатты,  татулықтың  ақ  жалауын 
желбіретіп,  алауыздықты  емес,  имандылық  пен  ардың  жолын  дәріптеген,  елдің 
бірлігі мен қоғамдық ахуалды сақтап қалуда айтарлықтай тер төккен ұлы тұлғалар. 
Би  дегеніміз  ел  жұртының  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін,  өткен  шежіресін, 
тарихын, қоғамның даму барысын, айнала қоршаған табиғаттың сан-алуан қасиеттері 
мен  құпияларын  білетін  адамдардың  көкірек  көздеріне  ой  көзімен  қарай  алатын 
қырлы  мінез  құлықтарын  айтпай-ақ  тап  басатын,  ғылым  білімнен  хабардар,  кемел 
пікірлерін  шешен  тілмен  жеткізіп  беруде  дара  қасиеті  бар  жандар  болды.  Алайда 
өзінің  азды  көпті  көрген  түйгенімен  бір  қағар  шешен  тілмен  ортаға  түсіп,  қара 
басының,  құлқының  қамы  үшін  малы  барлардың  хан  сұлтандардың  теріс  екендігін 
көре тұра бұрыс тартып өз руларының сойылын соққан бисымақтар да ел арасында аз 
ұшыраспаған.  Ондай  бисымақтар  ақыға  алған  атымен,    киген  тонымен  бірге  халық 
жадынан тез ұмыт болып отырған. Би дегенде үш арысымыз – Төле, Қазыбек, Әйтеке 
жеткен заңғар биіктен қарағанымыз жөн. 
Билердің  бойында  тек  шынайы  биге  ғана  тән  қасиеттер  болды.  Ол  қасиеттер 
бірін  бірі  толықтырып  отырды.  Би  көпті  көрген  көкірек  көзді  қиядағыны  шалатын,  ойы 
орамды,  көнені  ғана  біліп  қана  қоймай  болашақты  да  тап  басатын,  байламды,  бағаналы 
болжам жасай алатын әрдайым халық көңілінен шығатын жан болуы шарт [6, 17 б.]. 
Шешендік  көп  халықтарда  ертеден  ұшырасатын  қасиет.  Ал  қазақ  даласында 
билер  ешбір  пәнді  оқымай-ақ  салиқалы ойдың  түйінін  дәл  жеткізуде  шебер  болған. 
Билердің жеке басында батырлық, ақылыдылық, шешендік,  бедел сияқты қасиеттер 
тоғысқан.  Тәжірибесі  мол,  сол  дәуірдің  әлеуметтік  қатынастардың  мәнісін  терең 
түсіне  білген,  өзіне  дейінгі  билердің  дана  сөздерін  талмай  үйренген,  алған  танымдарын 
дауларды  шешу  кезінде  қолдана  білген.  Билердің  бейнесі  мен  аталы  сөзі  халқымыздың 
табиғи  дарындылығы  мен  даналығын  көрсететін  мәдени  мұрамыз  бен  мәңгілік 
мақтанышымыз. Олар ғасырлар бойына халқымызбен бірге жасап келе жатыр.  
Халық арасында «би екеу болса, дау төртеу» деген астарлы сөз бар. Бұл сөзді 
би  жүрген  жерде  дауда  көп  деп  ұғып  қаламыз.  Бұл  пікір  қате.  Бұл  арада  даулы 
мәселені екі би емес, үш би шешсін дегені. Яғни бірі айыптаушы, екіншісі ақтаушы 
болса,  ал  үшіншісі  ортақ  әділ  шешім  айтатын  Төбе  би  болсын  дегенді  білдіреді. 
Халық    “ата-баба  жолын”  жетік  білгендігімен,  қара  сөзге  шешендігімен  әрі  қара 
қылды  қақ  жаратын  әділдігімен  “би”  атанған  беделді  адамдардың  төрелігіне 
жүгінген. Билердің шешіміне  көңілі толмаған, әділдігіне сенбеген дауласушы тарап 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
309 
өзге  биге  шағымдануға  немесе  төбе  би  төрелігіне  жүгінуге  құқылы  болған.  Билер 
жергілікті  мәндегі  дау-дамайды,  қылмыстық  және  азаматтық  істерді  қараған.  Ал 
қазақ жүздері мен руларының арақатынасына, ақсүйектер өліміне қатысты маңызды 
істерді хан-сұлтандар белгілі билерді қатыстыра отырып шешкен. Қалыптасқан әдет-
ғұрып  қағидаларына  сәйкес  талапкер  не  жауапкер  төре  тұқымынан  шыққан  болса, 
оған  хан-сұлтандар  ғана  билік  айтуға  тиіс.  Бірақ  бұл  қағида  кейбір  жағдайларда 
сақтала  бермеген.  Мысалы,  Н.П.  Рычковтың  айтуынша,  билер  қарауындағы 
жалшысын  ұрып,  жарақаттағаны  үшін  Нұралы  ханға  құн  төлеу  туралы  кесім 
шығарған.  “Хан  көнгісі  келмеп  еді,  бірақ  халық  кісі  өліміне  төленетін  құнның 
жартысын төлеуге оны мәжбүр етті” деп жазады тарихшы.  
Би елші мәмілегер ретінде де тарихтан орын алған. Бұл «жауластырмақ жаушыдан, 
елдестірмек елшіден», «елшісіне қарап, елін таны» деген сөздерден белгілі. Яғни би тек ел 
ішіндегі даулы мәселені шешіп қана қоймай, ел мен елді бітістірген.  
Билер  саясатпен  де  айналысып  қоғам  қайраткері  дәрежесіне  дейін  көтеріліп 
отырған.  Би  жекелеген  адамдар,  ру  мен  ру,  тайпа  мен  тайпа  арасындағы  дау 
жанжалды  шешумен  ғана  шектелмегені  баршаға  мәлім.  Олар  ел  арасындағы 
қоғамдық  мәні  бар  саяси  мәселелерді  шешуде  хан  сұлтандардың  негізгі  тірегі 
кеңесшісі  болған.  Хан  қаншама  қаһарлы  болғанымен  «Билер  кеңесінде»  көпшілік 
дауыспен  қабылданған  шешімді  жеке  билікпен  бұза  алмаған.  Әйгелі  әз  Жәнібектің 
жанында ел ішінің сыртқы саясатының барлық мәселелерін талқылап, баға беріп, жөн 
жоралғы  сілтейтін  алпыс  би  болған  екен.  Атақты  Абылай  ханның  жанында  үнемі 
кеңесші сегіз би болған. 
Би  -  біріншіден,  көпті  көрген,  яғни,  «көре  -  көре  көсем  болған»,  көнені  ғана 
біліп  қоймай, болашаққа да  болжам жасай  алатын  болған. 
Би  –  айтар  сөзін  бірде  астарлап,  бірде  мысқылдап,  еттен  өткізіп,  сүйекке 
жеткізген.  Қажет  жерінде  қара  тасты  қақ  айырып  түсетін  от  ауызды,  орақ  тілді 
шешен болған. Билердің әділ сөздері еттен өтіп сүйекке жеткенде, оған ата жаудың 
өзі  де  қылыш  көтермеген.  Билер  ел  мен  ел  арасындағы  қоғамдық  мәні  зор  саяси 
мәселелерді шешуде хан  – сұлтандардың негізгі тірегі, кеңесшісі болған. Би адамның 
жан  –  дүниесін,  мінез  –  құлқын  бір  көргеннен  –  ақ  тап  басып  танитын  әдепті 
психологта болған [7, 16 б.]. 
Ел  ішінде  билер  ой  түйіп  сөз  ұстап  әділ  төрелік  айтумен  бірге  бүкіл  бір 
халықтың  болашақ  ұрпағын  тәрбиелеуде  де  теңдессіз  қызмет  атқарумен  қадірменді 
саналған. Қалай болғанда да сан ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып оның ел 
басқару  жүйесінде  айрықша  қоғамдық  маңыз  атқарып  келген  билердің  рөлін  қайта 
жандырсақ ұлттық қадір қасиетімізді сақтауға көмектесер еді. Қазақтың киелі ауызды 
билерінен  шыққан  сөздер  бүгінгі  таңда  да  қазақ  қоғамына  үлгі  болуы  қажет 
екендігіне ешкімнің таласы жоқ деген ойдамыз.  
Қазақ  халқы  үшін  әділдіктің  тең  таразысы  бола  білген  билер  қоғам  өмірінің 
саяси-құқықтық,  әлеуметтік-экономикалық,  әскери-дипломатиялық  салаларына 
тығыз  араласып,  ел  бірлігі  мен  ынтымағын  нығайтуға  үлестерін  қосты.  Бүгінгідей 
ғаламдану  мен  батыстық  сарындағы  арзанқол  бұқаралық  мәдениетке  еліктеу 
заманында  өзіміздің  осындай  асыл  мұраларымызды  бүгінгі  ұрпаққа  жеткізу, 
түсіндіру мен насихаттау күн тәртібінен түспейтін мәселе болып қала бермек. 
Ел  ішінде  билер  ой  түйіп  сөз  ұстап  әділ  төрелік  айтумен  бірге  бүкіл  бір 
халықтың  болашақ  ұрпағын  тәрбиелеуде  де  теңдессіз  қызмет  атқарумен  қадірменді 
саналған. Қалай болғанда да сан ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып оның ел 
басқару  жүйесінде  айрықша  қоғамдық  маңыз  атқарып  келген  билердің  рөлін  қайта 
жандырсақ ұлттық қадір қасиетімізді сақтауға көмектесер еді. Қазақтың киелі ауызды 
билерінен  шыққан  сөздер  бүгінгі  таңда  да  қазақ  қоғамына  үлгі  болуы  қажет 
екендігіне ешкімнің таласы жоқ деген ойдамыз.  
 
Әдебиеттер: 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №2-2016ж.  
 
310 
1.
 
Мақұлбеков Б. Билер соты – қазақ ұлттық сот жүйесінің негізі // Заңгер. –
2015. – №6 (167). – б. 8-12 . 
2.
 
Әкетай М. Қазақ халқының дәстүрлі сот жүйесінің ерекшеліктері // Заңгер. 
– 2015. – №6(167). – Б. 10-12.  
3.
 
Оразбаева  А.  Дәстүрлі  қазақ  қоғамына  тән  билер  институты.  –  Алматы, 
2004. – 206 б. 
4.
 
Мәми Қ.. Билер соты – әлемдік құндылық / Егемен Қазақстан. – 2008. –№137. – б. 3. 
5.
 
Зиманов С. Қазақтың ұлы билері. – Алматы, 2003. – 231 б. 
6.
 
Есенғазы Қ. Тәлім тағылым / Егеменді Қазақстан. – 2015. – №156. –  б. 2-3. 
7.
 
Ізімұлы М. Қазақстан: ұлттық энциклопедиясы. т. 5. – Алматы, 1998. – 16б. 
 
Гайсина М.Б. Макпал Батыргалиевна.  
Особенности суда биев 
В  этой  статье  рассматривается  роль  института  биев  в  казахском 
обществе,  специфические  личностные  качества  и  деятельность  биев,  благодаря 
которым их имена на протяжении веков сохранились в народной памяти. 
Ключевые  слова:    Би,  казахское  ханство,  Тауке  хан,  Есим  хан,  Толе  би, 
Казыбек би, Айтеке би, «Жети Жаргы» 
 
Gaysina M.B. 
Feature of by’s court 
This article will discuss the question of who are the By which have special signs in 
their personality and the nature of what secrets there than the names and deeds of  our holy 
ancestors have not disappeared from the  pages of history after so many centuries. 
Keywords: By, Kazakh khanate,Tole By,Ayteke By, Kazybek By, Zhety Zhargy, Esym Khan. 
 
 
*** 
 
 
 

 
311 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет