БҚму хабаршы №3-2016ж



Pdf көрінісі
бет38/44
Дата06.03.2017
өлшемі4,23 Mb.
#7949
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44

 
Литература
1.
 
Путешествие    Ибн-Фадлана    на    Волгу:  перевод    и    комментарии  А.П. 
Ковалевского.    /  Под  редакцией  И.Ю.  Крачковского.  –  М.-Л.:  Изд.  Академии  наук  
СССР, 1939.  – 205 с.  
2.
 
Извлечение  из  «Путешествия»  Ибн  Батуты,  по  изданию  Voyages  d,  ibn 
Batoutah,  texte  arabe,  accompagne  par  C.Defremery  et  B.R.Sanguinetti.  T.  1-4.  Paris, 
1853-1858, 1874-1879.  Перевод Н.Ибрагимова. – 213 с. 
3.
 
Греков Е.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение, М.-Л., 1950. – 311 с. 
4.
 
Рябинин  А.Н.  По  прикаспийским  степям  и  Устюрту  //  Горный  журнал.  – 
1905. – Т. 1. – 168 с. 
5.
 
Шепелев  А.  Очерк  военных  и  дипломатических  отношений  России  с 
Средней Азией. – СПб, 1879. – 219 с. 
6.
 
Материалы  по  истории  Узбекской  ССР,  Таджикской  ССР  и  Туркменской 
ССР: в 3-х ч. Ч. 1 Труды историко-археографического Института. – Л., 1932. – 467 с. 
7.
 
Попов А. Россия с Хивою и Бухарой при Петре I. – СПб, 1853. – 285 с. 
8.
 
Ханыков Я.В. Пояснительная записка к карте Аральского моря и Хивинского 
ханства // Записки РГО. Книга 4. – СПб, 1851. – 181 с. 
9.
 
Рычков П. Топография Оренбургская. – СПб, 1762. – 405 с. 
10.
 
Григорьев  В.  Описание  Хивинского  ханства  и  дорог  туда  из 
Сарайчиковской крепости. – СПб, 1861. – 318 с. 
11.
 
Левшин А. Описание Киргиз-Кайсацских степей и орд. Ч. 1. – СПб, 1832. – 321 с. 
 
Калменов М.Д. 
Үстірт жазығы арқылы өткен керуен жолдары туралы жазба деректер 
Берілген  мақалада  Үстірт  жазығы  арқылы  өткен  сауда-керуен  жолдары 
туралы  ортағасырлар  мен  жаңа  кезеңге  тиісті  жазба  деректері  талданып,  сол 
заманда  сапарға  қанша  уақыт  кеткендігін  талқылап  және  осы  орындарды  қазіргі 
заман географиялық нүктелерге сәйкестендіреді. 
Тірек сөздер: Үстірт, Алтын Орда, керуен сарай, Хорезм, Жайық (Урал), Еділ (Волга). 
 
Kalmenov M.D. 
Writing data about caravan way through Usturt plateau 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
286 
In this article  writing  sources are analysed from middle ages to  the newest  period, 
touching to  the caravan-trade  ways, passing  Usturt through a plateau. An author tries to 
define, how many time would go away in middle ages on one transition through a plateau. 
Also in the article authentication of geographical points is given on contemporaneity. 
Keywords: Usturt, Gold Horde, caravan shed, Horezm, Jayik (Ural), Еdil (Volga). 
 
    
 
 
 
 
 
 
   
ӘОЖ: 321.464.5 
 
Кабытов П.С. – тарих ғылымдарының докторы, профессор, 
Самара мемлекеттік университеті 
Е-mail: kabytov_p@mail.ru 
Маратова А.М. – Самара қаласындағы Мәскеу педагогикалық  
мемлекеттік университеті филиалының аспиранты 
Е-mail: maratova_@mail.ru 
 
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДЕГІ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР:  
ТАРИХНАМАСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ  
 
Аңдатпа.  Мақалада  орыс  және  қазақ  халықтары  тарихындағы 
демографиялық  мәселелерінің    негізгі  кезеңдерінің  зерттелуі  мен  қайнар  көздерінің 
қалыптасуы  қарастырылған.  Авторлар  жарияланған  жұмыстарында  Орталық 
статистикалық  комитетінің  және  аймақтық  бөлімшілерінің  бірінші  Бүкілресейлік 
сынақ  деректерінің,  сонымен  қатар,  жергілікті  өзін-өзі  басқару  жұмыстарының  
маңыздылығын  атап  көрсетеді.  Мақалада  Қазақстан  мен  Ресейдегі  көші-қон 
үдерісіне қатысты  заманауи  зерттеулерінің талдаулары қамтылған. 
Тірек  сөздер:  Ресей,  Қазақстан,  ұлт,  этникалық  топтар,  ұлттық  саясат, 
демографиялық жағдай. 
 
Ресей  және  қазақ  халықтарын  зерттеу  мәселесі  философ,  этнолог,  тарихшы, 
заңгер,  әлеуметтанушы  және  басқа  да  гуманитарлық  ғылымдары  өкілдерінің  басты 
назарында.  ХІХ  ғасырдың  ортасына  дейін  тарихи  әдебиеттерде  халық  пен  ұлт 
біртұтас  ұғым  ретінде  саналды.  Сондықтан  да  революцияға  дейінгі  әдебиеттерде 
ұлттың қалыптасу үдерісі халықтың аумағы мен географиялық қоныстандыруы Сібір 
мен  оңтүстік  шетіне  кетуімен  жаңа  аумақтарды  басқа  этнос  өкілдерімен  бірлесе 
игеру  арқылы зерттелген. Әдетте, тарихшылар саяси, әлеуметтік-экономикалық және 
әлеуметтік-мәдени  мәселелерді  талдай  отырып,  өз  зерттеулерінде  елді  тұтастай 
алғанда  немесе  жекелеген  аймақтарда  халықтың  географиялық  орналасуын, 
құрылымын, құрамын және  халық динамикасын ұсыну қажет деп санайды.  
Ресейлік  ұлт  және  оның  өңірлік  аспектерін    зерттеу  үдерісінде  екі  бағытты 
ескеру  керектігін  айта  кету  керек.  Біріншіден,  деректік  базасының  қалыптасуы 
мемлекеттің  фискалды  қажеттілігі  –  халықтан  салық  пен  алымдар  жинаумен  
байланыстылығында.  XVI  ғасырдың  екінші  жартысында-ақ    уездерде  жазу 
кітаптарын  құрастыруды  бастады.  1719  жылдан  бастап  император  Петр  І 
жарлығымен  халықтың  тексеру  санағы  өткізілуі,  сол  материал  арқылы  халықтың 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
287 
динамикасы, отбасы  құрамы,  тұрғындардың   ел  экономикасының  барлық  түрлеріне 
қатыса алуы жүргізілді.  
XIX  екінші  жартысында  статистикалық  сипаттама  мен  оның  басылымын 
құрастырумен  Орталық  статистикалық  комитет  пен  губерниялық  статистикалық 
комитет  айналысатын  болды.  Бұл  деректік  статистикалық  басылымдар  ішінде 
көлемді тарихи демографиялық деректер бар. Олардың ішінде  Бірінші Ресейлік 1897 
жылдың жалпы халық  санағы материалдары басылған статистикалық жинақтары аса 
көзге түседі. «1897 жылдың 28 қаңтарда өткізілген Бірінші жалпы халық  санағының 
империя  бойынша  жалпы  жиынтығының  нәтижесі»  атты  екітомдық  басылымның 
мәліметтерін  Ресей  империясындағы  демографиялық  жағдайды  зерттеу  барысында 
зерттеушілер қолданады (Т. I, II. СПб., 1905) [1].   
Бірақ,  этнодемографиялық  жағдайдың  аймақтық  ерекшеліктерін  Бірінші 
жалпы  халық  санағының  материалдары,  Еуропалық  Ресейдің  құрамындағы 
губерниялар деректері кірген жинақтар бойынша зерттеу қажет [2; 3]. 
Тарихшылар үшін 1916  жылдың Бүкілресейлік ауылшаруашылық санақ және 
1917 жылдың Бүкілресейлік ауылшаруашылық санағы мен жертелімділік   бойынша 
санақ материалдары өте маңызды. Көшіп-қону үдерісін зерттеуде император алдында 
тәуелді  губернаторлардың  есептері,  ауылшаруашылық  статистикалық  және  ауыл 
экономика  бөлімі  қызметкерлерінің  дайындаған  Ішкі  істер  Министрлігінің  
статистикалық  басылымдары  қолданылады  [4].  Зерттелген  тақырыпқа  қатысты 
маңызды  мәліметтер  Кеңестік  Ресейдің    Орталық  статистикалық  басқармасының 
1922 жылы басып шығарған статистикалық жинақ құрамына енген [5]. 
Губерниялық  статистикалық  комитеті  мен  губерниялық  земства  шығарған 
статистикалық  басылымдарда  өңірлік  ерекшелігі  көрінісін  тауып  отыр.  XIX 
ғасырдың жартысында және XX ғасырдың басында губернияларда басылып шыққан 
материалдар  әсіресе  қызықтырған.  «Мекендеген  орындар  тізімі»    туралы  әңгіме 
болып  тұр,  себебі  осы  жерден  этникалық  топтардың  шекара  аумағын  байқауға 
болады,  аралас  халқы  бар  мекен-жайды,  өзіндік  орындарды,  денсаулық  пен  білім 
беру мекемелерді анықтауға болады. 
Шаруаның тек жер қолданымы ғана емес, сонымен қатар,  жұмыс және өнімді 
малымен, шаруашылық құрал-саймандарымен қамтылуы және де отбасылық құрамы 
мен құрылымы, өз жұмысшылары мен келген жұмысшыларды қолданулары туралы 
земск  басылымдар  арасында  шаруа  қожалығындағы  аула  санағы  ерекше  маңызды 
бағалы материал. 
Зерттеуші 
демографиялық 
жағдайды 
зерттеуде 
осы 
статистикалық 
басылымдардан  басқа  этнографиялық  экспедиция  материалдарын  және  бастапқы 
санақ материалдарын қолдануына болады. 
Екінші  бағыт  тарихи  зерттеулермен  белгіленген.  Тарихнама  мәселесінде 
шартты түрінде үш кезеңді бөліп көрсетуге болады.  Біріншісі – революцияға дейінгі  
мәселе зерттеудегі векторы -  баға шығуымен мінезделеді.  
Мәселен,  М.В.Ломоносов «Ежелгі ресейлік тарихы» атты зерттеуінде «жалпы 
ресейлік халықтың пайда болуына» аса назар аударады [6]. Орыс мемлекетінің шығу 
мәселесі  М.М.  Щербатов  үшін,  халықтың  географиялық  мекендеуімен  тікелей 
байланыста  болды.  М.М.  Щербатов  ғылыми  айналымға  орыс  халқының 
«көпхалықтығы»  деген  ұғымды  ендірді  [7].  Осыған  байланысты,  оны  аумағынан 
басқа орыс мемлекет халқының саны мен құрамы қызықтырды.   
 XIX  ғасырда  Ресей  халқының  құрамы  мен  құрылымын    зерттеуде    жаңа 
саралау  жасайтын  авторлар    пайда  болды.  Мәселен,  К.И.  Арсеньев  Ресей  халқын 
негізгі  және  туынды  деп  екі  тапқа  бөлді  [8].  Көрнекті    статистик  Ю.Э.  Янсонның 
айтуынша, Ресей халқын  «жұмыс беруші» және «жұмыс алушы» деп бөлу қажет [9]. 
ХІХ–ХХ  ғасыр  аралығындағы    Ресей  халқының  мәселесіне  қатысты  ғылыми 
зерттемелер  ашық  саяси  сипатты  иеленген  болатын.  Әсіресе,  ресейлік  социал-
демократтар  көшбасшысы,  большевисттер  партиясының  көсемі  В.И.  Ленин  өз  

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
288 
жұмыстарында  таптық  күрес  және  таптық  қарама-қайшылық  арқылы  ресейлік 
қоғамының  әлеуметтік  құрылымын  зерттеген.  Сонымен  қатар,  «Социализм  және 
соғыс» атты жұмысында В.И.Ленин Ресейге «халықтың абақтысы» деп кінә таққан.  
Оның  пікірінше,  «басқа  халыққа  қарағанда,  ұлттың  көпшілігіне  басымдық 
көрсеткен» ұлы орыстар [10]. 
Бұл баға кеңес тарихнамасымен қабылданып, ғылыми және оқу әдебиеттерінде 
басылып  шыққан.  В.И.  Лениннің  жалған  постулаттарына  дәлелді  сын  аграршы-
тарихшы В.Г. Тюкавкинмен берілген  [11]. 
Революцияға дейінгі жетістіктер санына экономист пен тарихшылардың Ресей 
империясы  аумағының  шекарасын  белгілеуге  ұмтылыстарын,  осыған  байланысты 
мигранттардың  елдің жаңа аумақтарына  мекендеу үдерісіне  бақылау жүргізулерін 
жатқызуға  болады.  Бұл  аумақтық  түрленімді  кеңес  тарихнамасы  өзіндік  дәрежеде 
қабылдады.  Демографиялық  жағдайды  зерттеу  кезінде  орыс  этникалық 
аумақтарының  басқа  этнос  өкілдерімен,  сол  аудан  халқымен    жалпы  және  ерекше 
қарым-қатынасын  анықтау  мүмкіншілігі  бұл  мәселенің  маңыздылығы  болып 
табылады.   
Жалпы  революцияға  дейін  кезеңдегі  дерекнама  базасының  негізін  Орталық 
статистикалық  комитеті    мен    губерниялық  земстваның  басылымдары,  көптеген 
монографиялық  зерттеулер,  олардың  ішінде,  Ресей  империясының  аумағына 
халықтың мекендеу  қалпы жайына қатысты сұрақтар орын тапқан.  
Бұл  мәселенің  ғылыми  бағытының  векторын    тарихнама  ақиқат  жиынтығы 
айырып көрсетті, себебі кеңес кезінде (917-1991 ж.ж.) марксистік-лениндік әдістеме 
аясында  дамыған.  Ресей  империясының  құлауы,  пролетариат  диктатурасының 
орнатылуы, коммунизм құру, кеңес халқы  деген жаңа ортақтық құру коммунисттік 
партиясының  бағдарламалық  құжаттарында  қалыптасқан  -    жаңа  глобальды 
міндеттерді шешуге әкелді. 
Ұлтты анықтаудағы И.В. Сталиннің сараптамасына тоқтамай, демографиялық 
мәселелерді зерттеуде зерттеу дәстүрлерінің сақтануын көрсетейік.  
Монография  авторлары  басылымдағы  статистикалық  материалдарымен 
шектелмей,  сонымен  қатар,  ғылыми  айналымға    еліміздің  Орталық  мемлекеттік  
мұрағатынан  алынған  дерекнамасы  мен  Ішкі  істер  Министрлігінің  мәліметтерін 
қолданулары 
Кеңес 
тарихнамасының 
жетістіктеріне 
жатқызуға 
болады.                             
ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  көптеген  зерттеу  жұмыстары  жарық  көрген.  
Олардың қатарында А.Г. Рашин, В.М. Кабузан, Я.Е. Водарскийдің монографиялары. 
А.Г. Рашиннің монографиясын алдынғы қатарлы зерттеулерге жатқызылуы хақ [12]. 
Автор монографиясында VI, VIII және  IX  ревизия материалдарын қолдануы, Ресей 
халқының  қоныстану  мәселесен  зерттеуінің  басты  векторы.  Көрнекті  кеңес 
тарихшысы В.К. Яцунский мақаласында І,Ү және ІХ ревизияларында 1724 -1916 ж.ж. 
аралығында  халықтың  қоныстану  динамикасын  қарастырғаны  А.Г.  Рашиннің 
зерттеуіне  қосылады  [13].  Бұл  мәселе  П.П.  Семенова-Тянь-Шанскийдің  Ресей 
аудандастыру  жүйесін  қолдануын  В.М.  Кабузан  Ресей  империясы  аясында  
қарастырған.  
А.Г. Рашин мен В.К. Яцунскийдің  жұмыстарына қарағанда, В.М. Кабузанның 
зерттеулері  мұрағат  дерекнамасына  сүйеніп  орындалуы  айыра  танылады.  Ол 
Орталық  мемлекеттік  көне  акт  мұрағат,  Орталық  мемлекеттік  тарихи  мұрағат, 
Орталық  мемлекеттік  әскери-тарихи  мұрағат  және  т.б.  еліміздің  қоймамұрағат 
қорының  материалдарын  қолданған  [14].  Бұл  әдіс  миграциялық  ағымның  негізгі 
бағытын,  жаңа  аумақтарды  қоныстану  үдерісін,  үлес  салмағын  және  еркін  отарлау 
орнатуын анықтауға мүмкіншілік берген. 
В.М.  Кабузан  жаңа  аумақтарды  меңгеруде  халықтың  сатылы  санатының 
қатысуы туралы айтады да халықтың табиғи және механикалық қозғалыс байланысы 
туралы мәлімет келтіреді [14]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
289 
В.М.  Кабузанның  монографиясында  Ресей  халқының  қоныс  аудару  негізгі 
бағыттары туралы  статистикалық материал ғылыми айналымға енгізілгені (таблица 
түрінде)  жұмысының  құндылығы  болып  табылып  тұр,  себебі  ресейлік 
тарихнамасының  дамуы  қазіргі  таңда  демограф  пен  тарихшылар  қолдануда.  
Таблицалар  монографияның  көп  бөлігін  алып  тұр.  Бұл  жерде    В.М.  Кабузанның   
басқа  да  зерттеулері  ғылыми  жұртшылықтың  жоғары  бағамына    ие  болғанын  атап 
айту керек  [15; 16].  XVIғ.  бастап ХХ ғ. басына дейінгі 400 жылдық Ресей халқының 
портреті ғылыми түрінде Я.Е. Водарскийдің зерттеулерінде көрсетілген, сол жұмысы 
1973  ж.  «Ағартушы»  баспаханасынан  жарық  көрген.  Кітаптың  алғы    сөзін                           
М.В. Ломоносов атындағы ММУ  профессоры С.С. Дмитриев жазған [17].  
Я.Е.  Водарский  халықтың  қозғалыс  динамикасын  көрсеткен,  таптық-сатылық 
өзгерістерін  бақылаған,  сонымен  қатар,  Ресей  халқы  санының  өсуі  мен  оның 
географиялық қоныстануын анықтаған.   
Әрине,  кеңес  дәуірінің  тарихшылары  туралы  сөз  қозғасақ,  сібірлік 
тарихшылардың ғылыми еңбектерін атамауға болмайды, себебі, олар Сібір жерлерін 
игеру мен қоныстану сияқты миграциялық үдерісіне зор үлес қосты.  
Бірінші  болып  осы  мәселе  аясында  ХХ  ғасырдың  басында  А.А.  Кауфман  екі 
монография    жариялаған  [18;  19].  Шаруа  адамдарының  басқа  аудандарға  көшу 
мәселесі Н.П. Огановскийдің монографиясынан орын тапты  [20]. 
Кеңес  кезеңінде  Сібірге  халықтың  көші-қонуымен  В.В.  Покшишевский  [21], 
В.Г.  Тюкавкин  [22],  В.А.  Степынин[23],  Л.Ф.  Скляров  [24]  және  тағы  басқалары 
айналысты.   
ХІХ – ХХ ғ.ғ. халықтың қалыптасу мәселесіне ғылыми зерттемелерді енгізуде  
Еділ  өңірі    тарихшыларының  үлесі  мол.  Ю.И.  Смыков  [25;  26],  П.С.  Кабытов  [27], 
П.И. Савельев [28] монографияларында Еділ өңірі  демографиялық жағдайына және 
халықтың көші-қонуына үкімет саясатына толық сараптамасы   берілген. 
Жаңғыртылған даму кезеңіндегі ресейлік тарихнамасында жаңа экономикалық 
және  әлеуметтік-саяси  жағдайында  барлық  халық  пен  этностар  қалыптасуына  және 
қоғам  топтастыруына  қатысты  сұрақтарында    зерттеу  мәселесі  бойынша    жаңа 
тәсілдер көрінді.   
В.Г.  Тюкавкин  зерттеулері  мен  самаралық  тарихшылардың  ұжымдық 
монографияларында  осы  бастама  жарқын  байқалады.  2001  жылы  басылып  шыққан  
В.Г.  Тюкавкиннің  монографиясында  Ресей  империясындағы  столыпин  аграрлық 
реформасы  алдындағы  және  жүргізу  кезеңіндегі  демографиялық  жағдайының 
кешенді  талдауы  берілген    [22].  Деректік  базасы  ретінде    басылып  шыққан                       
1897  жылдағы    Бірінші  Ресейлік    халық  санағымен  қатар    Ресейлік  мемлекеттік 
тарихи  мұрағатында  сақталған  осы  санақтың    бастапқы  материалдарын  қолданды. 
Сонымен  қатар,  тарихшы  Орталық  статистикалық  комитеті  мен  Орталық 
статистикалық  басқармасының  басылымдарын  тартты.  1897  жылдағы  Бірінші 
Ресейлік    халық  санақ  материалдары,  1916  жылдағы  Ресейлік  ауылшаруашылық 
халық  санақ  статистикалық  жылнамалығымен  қатар  Азиаттық  Ресей  халқының 
қозғалысының  материалдары  туралы  әңгіме  болып  отыр.  В.Г.  Тюкавкин  өзінің 
тұжырымдамалық құрылымдарын жасау  үшін революцияға дейінгі Н.В. Турчанинов, 
А.Домрачев,  С.А.  Короленко,  П.А.  Вихляев  сынды  авторларларының  зерттеулері 
маңызды.  Әрине,  Ресей  империасы  халқының  эволюция  көрсеткіштерінің 
динамикасындағы статистикалық материалдарын сараптауда В.Г. Тюкавкин көрнекті 
кеңес тарихшылар Я.Е. Водарский, А.Г. Рашин, В.М. Кабузан, А.М.  Анфимов және 
тағы  басқалардың  ғылыми  еңбектерін  шығармашылықпен  қолданды.  Оның 
монографиясында Польша мен Финляндиядан басқа  1851-1913 ж.ж. Ресей халқының 
өсу  динамикасы  көрсетілген.  Ресейде  көрсетілген  кезеңде  өнеркәсіп  өндірісі  өсуіне 
байланысты,  1858  жылғы  ауыл  халқының  үлес  салмағы  92,6%-дан    1913  жылы  
85,8%-ға дейін қысқарды [11]. 1897 жылғы  Бірінші жалпыға бірдей халық санағымен 
бекітілген  бұл  тенденция  А.Г.  Рашинның  монографиясында  да  орын  тапқан  [12]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
290 
Бірақ В.Г. Тюкавкин қала халқының үлесі жоғары болғанын көрсетті, өйткені "қала 
үлгісіндегі  қоныстар,  әсіресе,  фабрика-зауыттық  ауылдар  қала  мәртебесіне 
иеленбеген...»  [11].  Тарихшы  халықтың    географиялық  орналастыру  ерекшелігінің 
маңыздылығына  мән  берген.  Дегенмен,    ауыл  халқының  орналасуы  оның 
сараптамасының ортасында, себебі ресейлік ұлтының аймақтық ерекшелігі мен орыс 
шаруасы этнос пен халықты біріктіретін негіз ретінде «біртұтас экономикалық және 
мәдени кеңістік аумағындағы үлкен ел» қалыптасуы туралы түсінік береді [11]. Орыс 
халқының  географиялық  орналасуын  В.Г.  Тюкавкин  1897  жылғы  Бірінші  халық 
санағы  деректері  бойынша  қайта  жөндейді.  Орыстардың  көпшілігі  Орталық  – 
Өнеркәсіптік,  Солтүстік,  Озерный  (Көлдік)  Орталық  –  егіншілік  аудандарында,  ол 
жерде  19  губерниясында  (52  –  ден)  «Воронеж  және  Курск  губернияларының  батыс 
уездіне  қоныс  аударған  украиндіктерді  санамағанда,  халқының  басым  көпшілігі 
орыс»  [11]. Еділ өңірі мен Орал өңірінде орыстардың үлес салмағы жоғары болған.  
Еділ  өңірінің    байырғы  халқы:  татар,  чуваш,  мордва,  марийлықтар  Қазан 
(38,3%),  Уфа    (38,2%),  Астрақан  (40,8%)  губерниялары  ерекшеліктенеді  [26].  Әрі 
қарай  тарихшы  20-дан    50%-ға  дейін    алмасып  тұратын  орыс  халқының  үлесі  бар  
аудандардың  екінші  тобын  бөліп  көрсетеді.  1917  жылы  Кавказ  өңіріндегі  көпшілік 
бөлшегінде  орыс  этникалық  аумақтың  қалыптасқаны  туралы  статистикалық 
деректердің  зерттеме  негізінде  қорытынды  жасады;  орыс  этнос  көпшілігі  
Новороссияға қатысты үдеріс [11]. 
 Оның  байқаулары  В.М.  Кабузанның  «ХХ  ғасырдың  басында-ақ  Крым 
ұлыорыс  этникалық  аумағы  болды...»  деген  қорытындалырымен  үндес  [16].  Ресей 
империясында  демографиялық  жағдай  көптеген  факторларға  байланысты  өзгеріп 
тұрды.  Өнеркәсіптік  дамыған  аудандарға  ауыл  тұрғындарының  шел  кетуі 
модернизациялық үдерістерді қозғады. XIX ғасырдың екінші жартысында Еуропалық 
Ресейден  басқа  аудандарға  көші-қону  апат  сипаттамасында  болды.  Үкіметтік  көші-
қон  саясатының  өзгеруі  және  XIX  –  ХХ  ғ.ғ.  басында  заңнамалық  актілерін 
қабылдауы, көшіруді өркениеттік нысандарына айналдыру, қоныс  аударушыларына 
қаражат  көмегі  мен  жер  телімдерін  бөлу  мүмкіндігін  берді.    Осыған  байланысты, 
қоныс  аудару  аудандарында,  соның  ішінде  транссібір  магистралі  және  басқа  темір 
жолдары  аумағында  орыс  этникалық  аймақтар  қалыптасып,  олардың  ішінен  ауыл 
тұрғындары  ішкі  және  сыртқы  рыногына  жеткізілетін  ауылшаруашылық    өнімдерін  
шығаруға  бағытталға.  Әрине,  темір  жол  құрылыс  желісі  салынуы  коммуникативтік 
мүмкіндігін  өсірді.  Орталық  Ресей,  оның  ішкі  шет  және  перифириялық  аймақтары 
бірыңғай  аумақ  болып,  аймақтық  элита  қалыптасуына  және  ресейлік  қоғамы  тұтас 
ұлттық  бірлігін  түсінуіне  ықпал  етті.    Жаңа  құбылыстарына  елдің    әлеумет-мәдени 
кеңістік  өзгерістерін  жатқызуға  болады.  Губерниялық  орталықтарында  жаңа 
университет пен институтарының ашылуы аймақтық элитаның қалыптасуына әсерін 
берді.  Қалалық  дума  мен  земства  құрамына  дворяндардан  басқа  көпестер  мен 
өнеркәсіптік кәсіпорындардың иелері - жергілікті бизнес-қоғамдастық өкілдері кірді.  
Ресейлік губерниялық өкілдерін  бірінші ресейлік парламент  құрамына қатыстырып, 
олардың Мемлекеттік Думада заң шығару қызметінде тәжірибе жинақтауы жаңалық 
болып  табылды.  XIX  –  ХХ  ғ.ғ.  басында  ресейлік  ұлт  ретінде  қалыптасуы  жаңа 
инфрақұрылым  дамуы,  байланыс  құралдарының  шығуы:  телеграф,  телефон,  радио, 
Ресей  мен  провинцияларындағы  оқиғалар  мен  оның  халықаралық  қатынастарын 
көрсететін  газет  басылымы  тағы  бір  маңызды  фактордың  бірі.  Елдің  түрлі 
аймақтарындағы  оқиғалар  және    Ресей  туралы  көріністердің  қалыптасуы  кітап 
шығару  қызметі,  әр  түрлі  қоғамдары,  халық  театры,  кітапхана,  клубтар  пайда 
болуымен байланысты.  
Ортаеділ  аймақтарына  қоныстану  және  сол  аумақтарында  социумның 
қалыптасу  үдерісі  2014  жылы  басылып  шыққан  Самара  мемлекеттік  университеті 
тарихшыларының  монографиясында  жаңа  тәсілдер  іске  асырылады  [29].  Мәселені 
зерттеу үдерісінде қоныстану жүйесі, орман-дала және дала аудандарында көші-қону 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
291 
ағымдары қарастырылған.  «Этникалық, конфессиялық, әлеуметтік құрамы мен саны, 
сондай-ақ ұлттық мәдениет диффузиясы, аккультурациясы мен ассимиляциясы, Орта 
Еділ өңірі мен Еділ соңы этноаймақтық топтар қалыптасу ерекшеліктері» анықталған [29]. 
Аймаққа  қоныстану  жетістіктері  азат  отарлауымен  байланысты  екені  дәлелденді. 
Жаңа  аумақтарды  игеру  үшін,  бекініс  құру  және  белгілеу  желілерін  өткізу  сияқты 
үкіметтік  шаралар  ықпалын  тигізді.    Монографияда  үкіметтік  шаралардың  рөлі 
аталады, себебі олар аймақтың дамуы мен қарқынына, халықтың құрамы мен санына 
әсері бар. Орта Еділ бойын игерудің әркелкілігі сақталған. Орман-дала аудандарына 
халық  қоныстануы  өсуде.  Халықтың  тығыздығы  солтүстіктен  оңтүстікке,  батыстан 
шығысқа  дәстүрлі  азаюда.  XVIII  ғасыр  аяғында  XIX  ғасыр  басында  орыс  қоныс 
аударушылардың  үлес  салмағы  өсуіне  Еділ  өңірінің  дала  аудандарын  игеруге 
Орталық  -  Қара  топырақты  губерниялардан  Еділ  соңына  қоныс  аудару  қозғалысы 
көтеріңкі  болуы  зор  әсерлі  негіз  қортындысы  бар.  XIX  ғасыр  басында  «Қазыналық 
шаруаларды  ішкі  губерниялардан  шетке  қоныс  аудару...»  туралы  қабылданған 
ережесінің маңыздылығы белгіленген [29]. 
Жаңа  тұжырымдамалық  түсініктер  арнасы  аясында  ресейлік  империялық 
саясатына  баға  берілді,  өйткені  ол  Еділ  өңірі  мен  Орал  өңірінде  ХІХ  ғасырдың 
аяғына дейін «қарауындағы адамдардың тектік-топтық және конфессиялық қатысына 
қарай»  іске  асырылды.  Авторлардың  сөзінше,  империя  дәстүрлі  жерге  ие  немесе 
далалық жергілікті халық элитасымен сәтті қатынас жасады, бірақ батыс шеті сияқты 
ұлттық  зиялылар  қауым  ұйымы    идеолог    және  ұйымдастырушы  ретінде  саяси 
қозғалысын  жүргізеді  деп    қауіптенді    [29].  Самаралық  тарихшылар  тұжырымдама 
қорытындысы  бойынша  көш-қону  қозғалысы  «XIX-XX  ғасырлар  маңында 
этномәдениет  үдерісі,  империялық  саясат  ерекше    тарихи  –  мәдени  облыстары  бар  
Орта  Еділ  өңірі  мен  Еділ  соңы  аймақтарында    этникалық  жіне  конфессиялықпен 
қатар  аймақтық  бірегейлікті  қалыптастыру  жүргізілді»  [29].  Кеңес  дәуірінен  кейінгі 
кеңестіктегі  тәуелсіз  мемлекет  аймақтарында  болған  және  болып  жатқан  оқиғалар  
ресейлік ұлт қалыптасуына демографиялық үдерісті зерттеу барысы маңызды. 
Зерттеу  тәсілдер  принциптерін,    дереккөз  базасын  кеңейтуін,  тарихшылар 
ұрпақ  аусымын,  әдістемелік  тәсілдерді  қайта  құру  мен  қайта  қарау  кезеңін 
Қазақстанның тарихи ғылымы өтуде. Бұл құбылыстар тарихта  дағдарыстың өсуі деп 
аталуда.  Дағдарыс  өсуі    үйреншікті  таптаурын  және  тұрақты  схемасын  елеулі 
сындырумен,  мүлдем  зерттелмеген  мәселесіндегі  ғылыми  тәсілдер  мен  зерттеу 
әдістердің өзгеріске ұшырауымен  өрнектеледі.  
Қарастырып отырған мәселе аясында Ю.В. Бромлей, В.З. Дробижев, С.И. Брук, 
В.И.  Козлов,  А.Исупов,  А.И.  Гозулов,  М.Г.  Григорянц,  Б.Урланис,  Д.К.  Шелестов, 
тағы  басқа  авторлардың  ғылыми  еңбектерін  атап  кетуге  болады.    Зерттеулерде 
демография,этнография  және    тарихтың  жалпы  сұрақтарымен  қатар,  халықтың 
жастық-жыныстық және кәсіби құрамы, ұлттық  құрылымы,  санының динамикасына 
қатысты  мәселелер  қарастырылған.  Бұл  жерде  Қазақстандағы    этникалық  және 
әлеуметтік – демографиялық үдерісінің кейбір жақтары қозғалған [3]. 
 Содан  соң,  қазақстандық  ғалымдар  М.Т.  Тынышбаев,  Н.Е.  Бекмаханов,                   
Н.В.  Алексеенко,  М.Б.  Татимов,  М.Х.  Асылбеков,  М.К.  Қозыбаев,  Ф.Н.  Базанова, 
М.К.  Койгелдиев,  Т.Омарбеков,  тағы  басқалары  қазақстандық  тарихнамасы 
сұрақтарын зертеулерінде қарастырған.   
Ғалымдар  тарихи  зерттеулер  әдістемесін  жетілдіруге,  қарастырылған  мәселе 
аясын  кеңейтуге,  тарихи  –  демографиялық  ғылымды  көтеруге  септігін  тигізді. 
Қазақстанда  жалпы  тенденциялары  мен  этномәдени  үрдістердегі  негізгі 
заңдылықтардың  дамуын  анықтау  ғылыми  еңбектерінің  нәтижесі.  Сонымен,  бұл 
сұрақтарды аймақтық аспектінде терең зерттеуге берік негіз жасалды. Қазақстандағы 
тарихи демографиялық мәселеге қызығушылықтың өсуі куәландырады. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
292 
Осы  бағытта  Өскемен,  Орал,  Қарағанды,  тағы  басқа  да  облыстық 
орталықтарында жұмыстанып  жатырған республикамыздағы  дербес  құрастырылған 
ғылыми орталықтар  бұл істе ғылыми-әдістемелік көмегін көрсетуде. 
Қазақстанның,  оның  аймақтары  халқының  қалыптасуы  мен  дамуы  алдағы 
уақытта  да  қазақстандық  тарихнамасының  актуалды  тақырыптарының  бірі  болып 
қала 
береді. 
Тарихи-демографиялық 
сараптамасының 
тәсілдерін 
игеру 
зерттеушілердің әлсіз буыны екенін жаңа зерттеулер сараптамасы көрсетіп тұр.  
Тарихи  ғылымда    тарихи-демографиялық  бағыты  дамуымен  байланысты,   
халықтың қоныстауы зерттеудің басты нысанына айналды. 
Қазақстандағы 
әлеуметтік-демографиялық 
және 
этникалық 
үдерісті  
саралайтын  ірі  ғылыми  жұмыстар  пайда  болды.  Авторлар  жұмыстарында  жалпы 
қоныстану  мәселесіне  тоқталып,  қоғам  тарихын  зерттеу  бағытындағы      вакуумды 
толықтыру  мақсатын  көздейді.  Олардың  ішінде  осы  сұрақтарды  жарықтандыруда 
маңыздылы  рөлі  бар  М.Б.  Татимовтың  демографиялық  зерттеулерін  атап  көрсетуге 
болады. М.Б. Татимов тарихилық принципін  «ғылым ретінде дамуы тарихи негізсіз 
мүмкін емес, өйткені қоныстану нысаны дамуымен демография  тікелей байланыста»  
қоныстану мәселесін зерттеудегі негізгі принципі деп бөліп көрсетеді.  
Зерттеу табысының мәселелеріне қатысты жұмыстар 50-70 жылдарында пайда 
болды.  Олардың  ішінде  халықтың  ұдайы  өсуі,  еңбек  ресурстарының  дамуындағы 
көш – қону рөлі, қалалар санының көбейуі және урбанизация деңгейінің өзгеруі  әр 
түрлі  аспект  пен  нақты  факторлар  ретінде  қарастырылған.  Осы  бағыттағы  жұмыс  
«Одақ  республикалары  қоныстануы»  атты  жинақта    Қазақ  КСРО  қоныстануы 
көрсетілген  Л.  А.  Квон,  Е.Н.  Гладышев  және  Л.М.  Газархтың  ұжым  мақалалары 
болып  табылады.  Авторлар  ұлттық  және  әлеуметтік  құрылымдағы  негізгі 
өзгерістерді  жарықтандырды,  халықтың  саны  өсу  динамикасын  анықтады.                       
Г.Д. Москвина және  М.К. Мельдханова: «Қазақтардың жоғары деңгейдегі қарқынды 
көші-қонуы  «қала – ауыл» бағытында қамтылуы» «Қазақстандағы  аймақтық халық 
қозғалысы  урбанизация  үдерісі»  атты  мақаласында  аймақтағы  көш  –  қону 
ағымдарының сипаты берілген. Әсіресе, Батыс Қазақстанға қатысты.  
«Жергілікті  халық  85%  сальдосын  құрайды,  ал  оның  көпшілігі  қазақтар». 
Авторлар  пікірінше,  нәтижесінде  халықтың  еңбек  қолының  артықшылығы 
жинақталуы  мүмкін,  оларды  қолдануға  әлеуметтік  –  демографиялық  саясат 
қажеттілігі  туындайды.  Қарқынды  дамып  келе  жатқан  Шевченко,  қазіргі  Ақтау 
қаласы  осындай  аймақ  ретінде  аталды.Механикалық  жоғары    өсім  болашақтағы 
жағдайды  болжау  талабын  қояды.  Е.М.  Барабтарло  және  Л.А.  Квон  мақалаларында 
соғыстан  кейінгі  Қазақстанның  дамуы  тенденциялары  көрсетілген.  Жағдайдың 
сараптамасы  авторларға  халық  саны  өсу  себебіне  қорытынды  жасау  мүмкіндігін  
берді.  
50-шы жылдары өсім жоғары табиғи және механикалық өсімі арқасында болса, 
«60-70  жылдарында  табиғи  өсім  мен  бала  туу  айтарлықтай  төмендеу».  Еңбек 
ресурстар  мен  халықтың  қалыптасуында    көші-қон  бұрынғы  рөлін  атқармайды, 
халықтың санын көбейтуде табиғи өсімі ғана табыс көзі  болып қалды. Авторлардың  
жалпы  тенденция  қоюлары    аймақтық  аспект  аясында  демографиялық  үдеріс 
ерекшелігін  анықтау    мүмкіндігін  береді.    «1959-1970  жылдарындағы  Қазақстан 
халқы»    атты        басқа  бірлескен  жұмысында  санақ  материалдарының  сараптамасы 
негізінде    Батыс  Қазақстан  сол  кездегі  Гурьев  облысы  арқасында    жоғары  бала  туу 
жалпы  28,8-29,7%    коэфициентімен  ерекшеленеді.  Бұл  өнеркәсіптік  мұнайлы  кен 
орындарын игерумен байланысты болды. Авторлар демографиялық үдеріс сипатына  
кең  көлемді  өзгерістерін  Қазақстандағы  әлеуметтік  -  экономикалық  әсерімен 
байланыстырады.  XX  ғасырдың  80-жылдар  аяғындағы  қоғамдық-саяси  ғылымдар 
дамуындағы  өзгерістер  Қазақстан  тарихын  зерттеудегі  тәсілдерді  ғалымдар 
ауыстырды.  Көпшілік  тарихшыларға  тораптық  мәселе  ретінде  тарихи  үдеріс 
сипатына  жаңаша  қарау  халық  дамуының  этнодемографиялық  мәселесі  болды. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
293 
Қазақстандық ғалымдарының зерттеулерінде халық тағдырына саяси факторларының 
әсері сараланатын болды. 
Қазақ  этносының  өмірінде  ұжымдастыру  жылдарындағы  қасіретті  күндері 
туралы  шындық  айтылды.  Қысқа  мерзім  ішінде  «ақ  дақты»  жарықтандырудан 
тарихта  қазақстандық  қоғамы  дамуының  басқа  жолдарына  ауысуды  қарастыру 
түсінігі келді.  
Қазақстанда  90-жылдары  демографиялық  зерттеулерде  перспективалық  және 
қарқынды дамудағы – көш –қон үдерісін зерттеу бағыты айқындалды.     
Халық  қозғалысының  замануи  мәселесі,  әр  түрлі  көш  –  қон  аспектері, 
Қазақстан Республикасының көш – қон саясатын қалыптастыру нұсқаулары  – басты 
назарда. Н.Э. Масанов, И.Ю. Макеев, Е.Садовская жұмыстарында көші-қон тарихына 
қатысты сұрақтарымен айналысқан, соның ішінде Қазақстандағы көш-қон трендінің 
бағыты мен әлеуетін саралаған.  
 Халық  тарихын  зерттеудің  маңызы  жоғарылауына  байланысты,  1993  жылы 
Ш.Уәлиханов  атындағы  Ұлттық  ғылыми  академиясының  этнология  тарихы 
институтында 
тарихи 
демография 
бөлімін 
ашу 
қажеттілігі 
туындады. 
Демографиялық  зерттеудің  ғылыми  деңгейінің  өсу  нәтижесі  ретінде  Қазақстан 
болашағына  бағытталған  этнодемографиялық  үдерісінің  дамуын  болжайтын 
жұмыстардың пайда болуы.  
1997 
жылы 
«2015 
жылға 
дейінгі 
Қазақстан 
Республикасындағы 
демографиялық  даму  болжамы»  атты  мақаласында  Е.М.  Арын  басқарған  бір  топ 
авторлар  еліміздің  болашағындағы    этнодемографиялық  жағдайы  туралы  өздерінің 
вариантын  көрсетті.  Қазақстанның    аймақтарында  да  90  жылдары  қызықты 
жұмыстардың  бірқатары  пайда  болуы,  ғылыми  зерттеулердің  өсуіне  әкелді. 
М.Х.Асылбеков  пен  А.Б.  Галиевтың  «Қазақстандағы  әлеуметтік-демографиялық 
үдерістер  (1917-1980  ж.ж.)  монографиясы  соның  ішінде.  Зерттеуде  соғысқа  дейінгі 
халық  санағының  нақты  статистикалық  деректер  мен  материалдарына  аса  маңызды 
орын  берілуде.  Авторлар  Қазақстан  халқының  сан  динамикасын,  ұлттық  және 
әлеуметтік  құрылымын  қалпына  келтірді.  Халықтың  ұдайы  күрт  құлдырау  әсері 
негізделіп,  30-40  жылдарында  табиғи  өсім  қарқыны  төмендеу  себептері 
қарастырылған. Жыныстық-жастық және кәсіптік-біліктілік құрамының сипаттамасы 
берілген. 
Соңында  60  жылдарындағы  ұзақ  кезеңінде    халықтың  болмашы  өсуіне, 
«әлеуметтік – демографиялық  дамуының жеделдетуінің жаңа кезеңіне» қорытынды 
жасады. Тарихнама шолуы әр түрлі уақытта жазылған зерттеулер шеңберін қамтиды. 
Авторларға,  әсіресе,  кеңестік  кезеңіндегі  Қазақстан  халқының  тарихын  зерттеу 
мәселесі  жеткіліксіз  дәрежеде  туралы  қорытынды  жасауға  мүмкіндік  берді.  Ауыл 
шаруашылығын  ұжымдастыру  кезінде  еліміздің  халық  санына,  соның  ішінде 
байырғы  халқының  динамикасына,  қазақстандықтардың  замануи  құрамы 
қалыптасуындағы  көш  –  қон  рөліне,  тағы  басқаға  қатысты  сұрақтар  зерттеуде    аз 
қамтылған. «Қазақтардан басқа қандай ұлт мекендеген, олардың  үлес салмағы және 
саны,  сонымен  қатар  олар  немен  айналысқанын  анықтау  -  зерттеушілерді  күтетін 
жаңа  кезең  басталуда»  -  деп  авторлар  жазады.  Яғни,  Қазақстандағы  тарихи  және 
демографиялық  үдерістерді,  соның  ішінде  аймақтық  масштабта  терең  зерттеу 
қажеттілігі  атап  өтілген.  Алдын-ала  қорытынды  жасап  өтейік.  Уақыт  тарихи 
ғылымдар  алдына  жаңа  талап  қойып  тұр.  Әлемдік  тарихнамасындағы  таным 
әдістерін қайта бағалау тарихқа жаңа көзқарасқа әкеледі: замануи тарих тары пәндік 
шеңберін  шығып,  пәнаралық  ғылым  болды.  Тарих  зерттеуінде  жаңа  әдістерді 
жасауды  талап  етеді,  тарихи  демографиясына    жаңа    терминология,ұғым,анықтау 
сияқтыларды енгізуді өз алдына талап етеді.   
Қазақ  және  ресейлік  тарихнамасының  жаңартылған  даму  кезеңіндегі 
басылымдар, этнодемографиялық жағдайды сараптауымен қатар, көш –қон үдерісіне 
үкіметтік  саясат  пен  Ресей  империясы,  Кеңес  одағы  және  кеңістіктен  кейінгі 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №3-2016ж.  
 
294 
мемлекеттерінің  сараптамасы  ресей  мен  қазақ  ұлтының  даму  үрдісіне  әсер  ететін 
бірқатар  жаңа  тұжырымдамалық  ережелерін  тарихшылар  тарихнама  фактілерін  
зерттеуінде сипаттап берді. 
Біздің  пікірімізше,  аймақтық  деңгейде  демографиялық  үдерісін  зерттеуді 
жалғастыру  болашақта  орыстардың  этникалық  аймаққа  коныстанулары,орыс  халқы 
мен  байырғы  халық  және  этнос  арасындағы  қарым-қатынастары    алғышартты 
сипаттама мен ерекшелігінің қалыптасуына әкеледі.   
Еділ  –  орал  өңірлік  этностың  қалыптасу  үдерісі  жүргізілген  «қоныс  аударған 
татарлар келген және  жергілікті халықпен этномәдени байланыс орнату, татарларды 
өзге 
этно–орталыққа 
орнату 
субэтникалық 
топ 
мәдениетіне 
және 
консолидациялануына (мишар мен қазан татарлары), орыс, чуваш, мордва, башқұрт 
этникалық топтарымен байланыста болуларына  септігін тигізді» сол аймақтарында  
этномәдени қатынасты зерттеу ерекше қызығушылығын туғызды  [29].  
Аралас ауыл мекендерінде, сонымен қатар  қалада тұратындардың  этномәдени 
қатынастағы  тәжірибесін    зерттеу  ассмиляциялық  этноаралық  үдерістерді  көрсету 
мүмкіндігі аса маңызды болып табылады.  
Ресей  және  Қазақстан  халқының  экстремалды  жағдайында  көші-қонуы  ретсіз 
турбулентті сипаттамада, ал аймақтық қоғамдастық қирату әсеріне ұшырауы,  соғыс 
және  әлеуметтік  дағдарыс  кезіндегі  этномәдени  жағдайды  зерттеудегі  өзекті 
мәселелер қатарына  жатады.   
                                  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет