БҚму хабаршы №4-2016ж



Pdf көрінісі
бет15/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45

Албытова Н.П. – педагогика ғылымдарының кандидаты,  
профессор м.а., Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  
E-mail: nalbytova@mail.ru 
Сламбекова Т.С. – педагогика ғылымдарының кандидаты, 
 профессор м.а., Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
E-mail: tolkyn_1969@mail.ru 
 
ЖОҒАРЫ МЕКТЕПТЕ ЗАМАНАУИ ТАЛАПҚА СӘЙКЕС МАМАН ДАЯРЛАУ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  әлемдік  жаңарулар  кезеңіндегі  жетістіктердің 
басында  адами  капиталдың,  оның  білімінің  тұратындығы  туралы  айтылады. 
Қазақстан  Республикасында  жоғары  білім  беруде  басымдылық  теориялық  білімді 
өндіріспен  тығыз  байланыста  даярлауға  берілетіндігі  қарастырылып,  осы 
бағыттағы 
әлемдік 
тәжірибедегі 
дуальді 
білім 
беру, 
педагогтар 
шығармашылығының бірлестігі, еріктілер (волонтерлік) қызметіне тоқталады. 
Тірек сөздер: Адами капитал, жоғары оқу орны, негізгі құзыреттілік, пәндік 
құзыреттілік,  дуальді  білім,  педагогтар  шығармашылығының  бірлестігі,  еріктілер 
(волонтерлік) қызметі. 
 
 
 
Әлем  жаңа  технологиялық  жетістіктер  мен  инновацияларды  енгізу,  IT-
технологиялардың  қарқынды  дамуы  және  адам  ресурстарының  ұтқырлығы    күн  сайын 
артып, ақпараттар легінің түрлі көзқараста алмасып келіп жатқан кезеңінде өмір сүруде. 
Осы  жағдайда  білім  және  ғылым  өзгерістердің  алдыңғы  қатарында  тұруы 
тиіс және  ол – Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының (БҰҰДБ) адами 
даму рейтингінің негізгі үш субъективті факторының бірі. 
Тәжірибе  көрсеткендей,  әлемде  экономикалық  жетістіктер  адам  капиталы 
есебінен  жоғары  деңгейге  қол  жеткізеді.  Оған  жаңа  білім  беру  стратегиялары  мен 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
105 
саясаты  ықпал  ететіні  анық.  Білім  саласы  қашанда  күн  тәртібінде  ең  өзекті  мәселе 
болып саналады. 
Қазақстандық білім берудің барлық деңгейлерінде толық теңдік негізінде әрбір 
білім  алушының  қабілеті  мен  ынтасына  қарай  сапалы  білім  алудың  қолжетімділігі 
іске асырылуды. 
Осы  орайда  бәсекелестікке  қарсы  тұратын  берік  білімді  қамтамасыз  ету 
мақсатында жоғары және ЖОО-дан кейінгі білімнің үш деңгейлі моделінің білім беру 
бағдарламаларының сабақтастығын шешу бағытында жұмыстар атқарылып келеді.  
Білім  берудің  алғашқы  сатысы  ретінде  республика  мектептерінде  2016  жылдың 
қыркүйегінен  бастап  1-  сыныпқа  келген  оқушылардың  жаңартылған  білім  мазмұны 
бойынша  білім  алуды  бастағаны  белгілі.  Жаңартылған  білім  мазмұны  оқушылардың 
функционалдық  сауаттылығын  дамытуды  мақсат  етеді.  Ал  оның  нәтижесі  білім 
алушылардың  алған  білімдерін  практикалық  жағдайларда  тиімді  және  әлеуметтік 
бейімделу  процесінде  сәтті  пайдалануға  мүмкіндік  беретін  негізгі  және  пәндік 
құзыреттіліктер  жүйесін  меңгеруі  болып  табылады.  Ұлттық  жоспарда  орта  мектепті 
бітірушінің  басқарушылық  (проблеманы  шешу  қабілеті);    ақпараттық  (өзіндік 
танымдық  қызметке  қабілеті  немесе  өмір  бойы  білім  ала  білуі);  коммуникативтік 
(қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-
қатынас  жасауға  қабілеті);  әлеуметтік  (әлеуметтік  өзара  іс-қимыл  жасауға  қабілеті); 
тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, 
төзімді  болу  қабілеті);  азаматтық  (қазақстандық  сана-сезім  мен  мәдени  ұқсастық 
негізінде  өзінің  отаны  үшін  жауапкершілікті  сезіну  қабілеті);  технологиялық  (тиімді 
пайдалану  деңгейінде  технологияларды,  оның  ішінде  ғылыми,  сандық  технологияларды 
пайдалану  қабілеті)  сияқты  негізгі  және  оқу  пәні  шеңберінде  меңгерілген  ерекше  білім, 
іскерлік, дағды ретіндегі пәндік құзыреттіліктер белгіленген. 
Австралия,  Финляндия,  Жапония,  Жаңа  Зеландия,  Италия,  Оңтүстік  Корея 
және т.б. елдердің  нәтижесі көрсеткендей, оқушылардың функциялық сауаттылығын 
дамытуға мынадай факторлар әсер етеді: 
       
1) білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); 
        
2) оқыту нысандары мен әдістері; 
       
3) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау жүйесі; 
        
4) мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 
        
5)  мектепті  басқару  моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің 
оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 
        
6) барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы 
білім беру ортасының болуы; 
        
7) ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді рөлі [1]. 
Осы  аталған  факторлардың  әрқайсысы  зерттеліп  жүрген  және  зерттеле 
беретін  жеке-жеке  өзіндік  орны  бар  институт.  Дегенмен,  біртұтас  педагогикалық 
үдеріс мәселесінде педагог мамандардың орны, мемлекет алдындағы қызметі ерекше 
жауапкершілікті.  Өйткені,  білім  беру  сапасы,  бірінші  кезекте,  арнайы  даярлығы  бар 
жоғары деңгейдегі педагогтармен айқындалады. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев  2012 жылғы «Жаңа 
әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында:  «Біз  бүкіл  еліміз 
боынша  әлемдік  стандарттар  деңгейінде  сапалы  білім  беру  қызметін  көрсетуге  қол 
жеткізуіміз керек»,-деп атап көрсетті [2]. Сапалы білім беру қызметін көрсету – білім 
мекемелері  мен  педагогтар  алдында  тұрған  міндет  білім  сапасы  ең  алдымен 
мақсаттың және нәтиженің сапасы, одан кейін басқарудың, ұстаздың, педагогикалық 
іс-әрекеттің,  оқушының  сапасы,  ең  соңында  педагогикалық  үдерістің  сапасы. 
Осындай  сапалылықты  қамтамасыз  ететін  сапалы  мұғалімдер  шығармашылығы 
жоғары оқу орындарында даярлануы қажет.  
Қоғам  өзгеріп,  дамыған  сайын  адам  табиғатын  зерттеп,  тани  түскенде 
құндылық, мораль, оларды сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу белгілі бір өзгерістерге 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
106 
ұшырап  отырады.  Адамзат  мәдениет  пен  білім  беруді    әлеуметтік  институт  ретінде   
тасымалдаушы  тұлғаларды  «мұғалім-педагог»  деп  атады.  Бірқатар  зерттеулерде 
маманның  тәжірибе  жинақтау,  тума  дарындылық  арқылы  қалыптасатындығын 
айтады.  Бұл  зерттеушілердің  ойынша,  арнайы  педагогикалық  білім  алу  жеткіліксіз, 
сондықтан  қабілеттіліктің  болуы  міндетті.  Бірақ,  бірқатар  зерттеулерде  жас 
педгогтардың  түрлі  деңгейдегі  сайыстарда  жағары  кәсіби  деңгейдегі  жетістіктеріне  куә 
болып  жүргендіктен,  студенттің  жоғары  оқу  орнын  аяқтаған  соң  кәсібилікке  жету  үшін 
уақыт өткізбей, шығармашылық белсенділік танытқаны дұрыс дегенді құптайды.  
Студенттік кезінде жас адамда бірте-бірте өз бетімен іс тындыру, дұрыс әрекет ету 
қабілеті  пайда  болады,  сонымен  бірге  онда  өз  іс-әрекеті  үшін  жауапкершілік  сезімі  де, 
өмірге деген парасатты көзқарасы да қалыптасады, адамдармен мәнді де баянды қатынас 
орнатуға, кәсіби міндеттерін бар ынтасымен және шығармашылықпен шешуге ұмтылысы 
байқалады. Ең бастысы, студенттің өз міндеттерін біліп, оларды мүлтіксіз орындауын талап 
ету.  Бұл  міндеттер  бірқатар  педагогикалық  әдебиеттерде  (Р.В.  Овчарова,  Е.И.  Рогов,                   
Н.Н.  Никитина,  О.М.  Железнякова,  М.А. Петухов,  К.М.  Левитан,  Л.И.  Рувинский  т.б.) 
талқыланып, қарастырылған [3]. 
Жоғары оқу орындарындағы оқу – тәрбие процесінде болашақ мұғалімдердің 
кәсіби  даярлығын  қалыптастыру  мәселелеріне  Н.Д.  Хмель,  К.С.  Успанов,                      
Д.М.  Жүсіпәлиева,  А.А.  Калюжный,  С.Т.  Каргин,  А.А.  Молдажанова  және  тағы 
басқаларының  еңбектері  арналған  [4].  Ғалымдар  еңбектерінде  педагогикалық  іс  – 
әрекеттің  құрылымы,  кәсіби  даярлау  жүйесінде  және  тәлімгерлік  жұмысының 
барысында болашақ мұғалімдердің кәсіби жағынан маңызды сапаларының қалыптасу 
жолдары  айқындалып,  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарының  тәжірибесі 
сарапталған, кәсіби – педагогикалық бағдарлау жұмысы жүйеленген.  
Ұзақ  жылдар  бойы  болашақ  педагог  тұлғасын  тәрбиелеу  оларды  кәсіби 
оқытуда  педагогикалық  білімдер  жүйесін  меңгерту  үдерісінде  іске  асырылды.  Ал, 
нақты мектеп өмірі теориялық біліммен қатар практикалық іскерлік пен дағдылардың 
қажет  екендігін  алға  тартып  отыр.  Сондай-ақ,  жас  педагогтар  оқушымен  өзара 
әрекеттестікте  өздерінің  жеке  тұлғалық  дайындығы  болуының  қажет  екендігін 
саналы ұғына бастады.  
Заманауи  кезең  жан-жақты,  кез  келген  жағдаятқа  икемделгіш,  өзін  қызмет 
нысанына  байланысты  өзгерте  алатын,  ұтқыр  да  кәсіби  жоғары  деңгей  танытатын 
мамандарды  қажет  етеді.  Бүгінгі  мұғалім  еңбегі  ғалым-зерттеуші  еңбегіне  жақын. 
Себебі,  мұғалім  жоғары  деңгейде  оқытудың  дидактикалық  үдерісін  жобалап, 
ұйымдастырып,  өз  пәнін  оқытудың  түрлі  технологияларын  меңгеруі  тиісті.  Осы 
орайда  жаңа  типті  мектеп  сұранысына  жауап  беретін  педагог  мамандарды 
даярлаудың  мақсатын,  мазмұнын  қайта  қарастыру  жағдайы  туындап  отыр  [4].  Білім 
беруді  реформалауды  іске  асырудағы  басты  міндет  –  жоғары  білімді  мамандарды 
даярлаудың  практикалық  бағыттылығына  баса  назар  аудару  болғандықтан,  бұл  оқу 
үдерісін түгел өзгертуді талап етеді.  Өйткені мектеп оқушыларының функционалдық 
сауаттылығын  дамыту  мамандарды  жаңа  форматта  даярлауды  жаңарту  шеңберінде 
білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалады. 
Мемлекеттік  бағдарламалардағы  нақты  сілтемелерде:  «Экономикалық 
ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ)  және оның әріптестерінің 36-сының 27-
сінде 
педагогикалық 
мамандыққа 
іріктеудің 
селективті 
өлшемшарттары 
қолданылады. 
Педагог 
кадрларды 
даярлау 
бағдарламаларына 
қабылдау 
талапкерлердің  қабілеттерін  және  ынталарын  бағалау  үшін  міндетті  түрде 
әңгімелесуді,  тест  өткізуді  қарастырады.  ЭЫДҰ-ның  32  елінде  педагогикалық 
практика  міндетті  болып  табылады.  Практиканың  ұзақтығы  70–120  күнді  құрайды. 
ЖОО  оқытушылары  студенттердің  педагогикалық  практикасына  қатысады.  Мектеп 
менеджменті  жас  мұғалімдерге  қолдау  көрсетуге  жауапты.  ЭЫДҰ-ның  17  елінде 
негізгі  және  жоғары  мектепте  жұмыс  істеу  үшін  магистр  дәрежесі  талап  етіледі. 
Мұғалім  мансабының  бастапқы  кезеңі  кәсіпке  жіберу  үшін  талаптарды  арттыруды 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
107 
көздейді.  ЭЫДҰ-ның  18  елінде  лауазымға  міндетті  енгізу  жүргізіледі,  14  елінде 
мұғалімдердің  тағылымдамасы  қолданылады.  Әлемдік практикада  мұғалімнің  қоғам 
дамуына  қосатын  үлесі  негізгі  болып  саналады.  Оқытушылық  мансап  ретінде 
қарастырылады. Педагог кадрлардың жұмыстан кетуі 5 %-дан кем» - деп көрсетіледі 
[1; 5]. Осындай мақсатта Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігіне көшуіне 
байланысты білім беру жүйесіндегі қарқынды өзгерістерді түсіндіре келіп, ғалымдар 
Н.М.Кушеров, М.Р.Касымов,  Д.М.Наурузбаев елімізде жаңа форматтағы мұғалімдер 
дайындауда төмендегідей міндеттердің шешілуін ұсынады: 
-  заманауи  талаптарға  сәйкес  мұғалімдер  даярлауда  педагогикалық 
мамандықтар  Жалпыға  міндетті  білім  беру  стандарттарын  педагогикалық 
қызметкерлердің квалификациялық сипаттамасын ескеріп қайта қарастыру;  
-  12  жылдық  мектептің  білім  беру  деңгейлері  үшін  мамандық  бойынша 
педагогикалық қызметкердің  білім деңгейіне қатысты квалификациялық  талаптары 
ескерілген квалификациялық сипаттамасын дайындау; 
-   білім  берудегі  кредиттік  жүйені  ескере  отырып,  оқушылардың  оқу 
нәтижелері  мен  жоғары  оқу  орындарындағы  дайындықты  бағалаудың  бірыңғай 
жүйесін дайындау және енгізу; 
-  құзыреттілік негізінде жаңа форматтағы мұғалім профессиограммасын жетілдіру; 
-  үздіксіз 
білім 
беру 
жағдайында 
интеллектуалды 
зиялылыларды 
қалыптастыруда приориттетті бағыттар мен тәрбие кеңістігінің мазмұнын анықтау; 
-  12  жылдық  білім  беру  мәселелері  бойынша  үздіксіз  педагогикалық  білім 
беру мазмұны, формасы және әдістерімен айналысатын ғылыми-зерттеу институтын 
(орталығын) ашу; 
-  Әлемдік  стандарттар  деңгейінде  материалдық-техникалық,  инновациялық 
және информациялық базаны модернизациялау;  
-  Педагогикалық  мамандықтың  беделін  көтеріп,  әлеуметтік  статусын 
жоғарылату  мақсатында  педагогикалық  қызметкерлерді  қолдау  тетіктерін  дайындау 
(педагогикалық қызметкерлерге жеке жетістіктеріне қарай жалақы дайындауды енгізу); 
-  Жоғары педагогикалық білім беру жүйесінде «Үздік базалық оқулық (оқу 
құралы)» атты реапубликалық конкурс ұйымдастыру [6]. 
   
 
Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті 
және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, теория мен 
практиканы біріктіруде маңызды рөл атқарады. Сондықтан жоғары оқу орындарында 
педагогикалық  мамандықтар  даярлау  барысында  түлектердің  жаңартылған  білім 
мазмұны  бойынша  оқушының  функционалдық  сауаттылығын  дамытуға  дайын 
болуын  қамтамасыз  ету-  уақыт  талабы.  Көптеген  жұмыс  берушілер  жоғары  оқу 
орындары  оқытып  шығаратын  мамандар  сапасына  қанағаттанбайды.  Білім  беру 
бағдарламалары  жұмыс  берушілердің  күткен  нәтижелеріне  жауап  бермейді  және 
өндіріс  талаптарына  сәйкес  келмейді.  Осылайша  жасалған  қорытындылар  жоғары 
мектептегі  кәсіби  даярлық  барысын  теориялық  және  өндіріске  бейімделу  жағынан 
қайта  қарап,  әлемдік  тәжірибелерді  сараптап,  заманауи  қалыпта  қолдану  қажеттігін 
тудырды.  Мемлекетіміздің  білім  беру  жүйесі  мынадай  екі  түрлі  маңызды  үдерісті 
жүзеге  асыруға  бағытталған:  ұлттық  білім  беруді  жаңа  арнаға  салу;  әлемдік  білім 
кеңістігімен  ықпалдасу  [7].  Біздің  міндетіміз  –  еліміздің  білім  беру  жүйесін  30 
дамыған  елдің  қатарына  көтере  отырып,  қазақстандық  бірегейлігімізді,  мемлекеттік 
тілімізді және «Мәңгілік Ел» платформасын дамытуды сақтап қалу. Рухы биік, еңбегі 
ерен,  бірлігі  мығым  Мәңгілік  ел  болу  үшін  жоспарланып  отырған  Қазақстан 
Республикасы  білімді  және  ғылымды  дамытудың  2016-2019  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы Тәуелсіз Қазақстан жастарының жарқын болашығының кепілі. 
Қазақстанның  жоғары  мектебін  125  жоғары  оқу  орны  құрайды.    Қазақстан 
Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың  2016  –  2019  жылдарға 
арналған  мемлекеттік  бағдарламасында  мамандарды  даярлау  әлеуметтік  тапсырыс 
ретінде  ескеріле  отырып  жүзеге  асырылуы  белгіленіп  отыр.  Онда  ЖОО-ның  білім 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
108 
беру 
бағдарламаларының 
мазмұнын 
анықтаудағы 
академиялық 
еркіндігі 
бакалавриатта  55  %-ға,  магистратурада  70  %-ға,  докторантурада  90  %-ға  дейін 
ұлғайтылды.  ЖОО-ның  білім  беру  қызметі  нарығында  олардың  бәсекеге 
қабілеттілігін  күшейтуге  ықпал  ететін  білім  беру  бағдарламаларының  кең  спектрін 
ұсына алады [8]. Яғни, жоғары мектеп өз оқу жоспарын құруда жұмыс берушілердің 
талап-тілектеріне сәйкес қажетті пәндерді енгізуге құқылы. 
Жоғары  оқу  орындарында  меңгерілген  теориялық  білімді  тәжірибе  жүзінде 
атқарып байқау мақсатында бірнеше бағытта жұмыстар атқарылып келеді.  Осындай 
уақыт  талабына  сәйкес  білім  беру  формаларының  бірі  –  дуальді  білім  беру, 
педагогтар шығармашылығының бірлестігі, еріктілер (волонтерлік) қызметі және т.б.  
Дуальді  білім  беру  жүйесі  бойынша  болашақ  маман  өзі  таңдап  алған 
мамандығы бойынша өзара тәуелсіз екі мекемеде дайындықтан өтеді. Біреуі – кәсіби 
мектеп,  екіншісі  –  білім  беруші  мекеме,  екеуі  өзара  серіктестікте  болады.  Дуальді 
білім берудің мәні білім алушының теориялық меңгерген білімін өндірісте іске асыра 
алуға,  практикалық  машықтарға  дағдыландыру.  Бұл  жүйе  арқылы  білім  алушы    оқу 
уақытының  тең  жартысын  кейін  өзі  қызмет  атқаратын  өндірісте  жалғастырып, 
білімін  әрі  қарай  тереңдетіп,  өз  бетімен  кеңейтіп,  іскерлік  пен  дағдыларын 
жетілдіреді.  Сонымен  қатар  еңбек  ұжымындағы  қарым-қатынас  іскерліктерін 
меңгеруге  мүмкіндік  алады.  Жалпы,  дуальдық  білі  беру  үш  жақты  (білім  алушы, 
жоғары оқу орны, кәсірорын (немесе мекеме) тиімді екендігі танылып келеді: 
-  студент  қажетті  тәжірибе  жинақтайды,  оған  жоғары  оқу  орнынан  соң 
тұрақты жұмыс орнын табу оңай болады; 
-  студент  жоғары  оқу  орнынан  соң  өндіріске  араласып  кетуге  уақыт 
жібермейді, адаптация уақыты үнемделеді; 
- білім алуға деген жоғары мотив туындап, болашақ маманның психологиясы 
қалыптасады; 
- студент өз бетімен өмір сүруге ерте жастан дағдыланады; 
- жұмыс беруші өндіріске дайын, өзіне қажетті маманмен қамтамасыз етіледі; 
-  дуальді  жүйе  арқылы  жұмыс  берушіге  ең  үздік  мамандарды  таңдап  алуға 
мүмкіндік туады; 
- дуальді жүйе арқылы жұмыс беруші маман іздестіруге уақыт жібермейді; 
- жоғары сапалы маман даярлау арқылы жоғары оқу орнының беделі артады; 
- бітірушілерді жұмысқа орналастыру жоғары пайызға көтеріледі. 
Білім берудегі мұндай қатынас арқылы мемлекет тарапынан кәсіби мамандар 
даярлау міндеті де мінсіз орындалады. 
Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  педагог  мамандарды  мектеп  жұмысына 
дайындауда  түрлі  деңгейдегі  (облыстық,  қалалық,  аудандық,  мектепішілік) 
педагогтар шығармашылығының бірлестігі жұмыстарына жаңаша сипат беру  қажет. 
Мәселен,  оқытудың  инновациялық  әдістерін,  қазіргі  заманғы  білім  беру  және 
ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  пайлану  негізінде  сабақтар  үлгісін 
бірлесе  отырып  дайындап,  ең  үздік  оқытушылардың  сабақтарын  түрлі  желілермен 
тарату.  Педагогикалық  шығармашылық  бірлестігі  ұсынған  сабақтарды,  сыныптан, 
мектептен  тыс  іс-шараларды  шағын  жинақты мектептерге  (ШЖМ)  ұсыну  әріптестік 
қарым-қатынас  орнатудың  бірден-бір  жолы.  Осындай  жұмыстар  барысында 
ұйымдастыру,  орындау,  тарқату  шараларына:  материалдар  жинақтау,  педагогтар 
арасында  байланыс  орнату,  дайын  материалдарды  ақпараттық  құралдармен  жеткізу, 
сабаққа  қатысу,  талдау  және  т.б.  жұмыстарға  студент  жастарды  тарту  қажет. 
Осылайша  педагогтар  шығармашылығының  бірлестігі  бір  орталыққа    біріксе,  ал 
студенттер  болашақ    мамандықтарын  әр  қырынан  танып,  әріптестерімен  тығыз 
жұмыс жасау үдерісіне еркін енетін болады.  
«Экономикалық  дамудың  жоғары  деңгейіне  мектептерді  «үздік»  және 
«нашар»  деп  бөлмейтін  елдер  қол  жеткізуде.  Алдыңғы  қатарлы  әлемдік  білім  беру 
жүйелерінің  назары  мектеп  оқушыларының  білім  жетістіктерін  теңестіруге 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
109 
бағытталған.  Сабақ  үлгерімі  нашар  балаларға  үй  тапсырмасын  орындауда  қолдау 
көрсету  бойынша  студенттердің  волонтерлік  қызметі  кең  тараған»  [8].  Яғни, 
педагогикалық  жоғары  оқу  орындары  студенттердің  волонтерлік  қызметін  оқу 
орнында  оқып  бастаған  күннен  жоспарлы  атқаруды  жолға  қойғандары  абзал.  Бұл 
педагогикалық практикадан өтудің тиімді жолы болмақ. Волонтерлік қызметті атқара 
жүріп  студент  оқу  процесін  неғұрлым  икемді  етіп,  практикалық  бағыттауға  мүмкіндік 
алады,  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  әріптестік  және  достық  қарым-қатынас  орнату 
туралы теориялық білімдерін практикалық түрде нақты жүзеге асырады. 
Олай  болса,  жоғары  оқу  орындарында  педагог  мамандарды  даярлауда 
Қазақстанның білім кеңістігінде қалыптасып жатқан осы заманғы білімін реформалау 
бағыттары  жалпы  әлемдік  бағдар  мен  үндес  келіп,  жаңа  белестерге  көтеріледі  деп 
сенеміз.  Қазақстандағы  педагогикалық  білім  беру  жүйесі  төмендегідей  міндеттердің 
шешімін табады: 
-  ЖОО-дағы оқуды өндіріспен үздіксіз жүргізу бағыт-бағдары;  
-  білім беру жүйесінде әріптестілікті дамыту үшін жағдайлар жасау; 
-  оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің бірлігін қамтамасыз ету; 
-  білім мен ғылымның іс жүзінде интеграциялануын қамтамасыз ету; 
-  ресурстарды жұмылдыру және білім беру жүйесінің тиімділігін арттыруда 
қамтамасыз ету; 
-  ЖОО-дағы білім беру нәтижелерінің сапасын арттыру; 
-   білімді гуманизациялау;  
-  оқу  желісінде  оқытушының  оқыту  жұмыстарынан  гөрі  білім  алушылардың 
танымдық, әлеумттену, қарым-қатынасқа түсу және т.б.  іс-әрекеттеріне көбірек мән беру т.б.  
Осы  iс  бағыты  бойынша  тегеурiндi  қимыл  жасауды  қолға  алу  –  заман  талабы. 
Сондықтан педагогикалық мамандық бойынша білімдендіру үдерісіне батыл бетбұрыс керек.     
Әдебиеттер: 
1.  Мектеп 
оқушыларының 
функционалдық 
сауаттылығын 
дамыту 
жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары.  –  Астана, 
2012. – http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000832. Пайдаланған уақыты: 15.07.2016 ж. 
2.  Назарбаев  Н.Ә.  2012  жылғы  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты 
Қазақстан  халқына  Жолдауы.  –  Астана,  2012.  –  http://www.akorda.kz/kz/addresses/ 
kazakstan-halkyna-zholdauy-2012-zhylgy-14-zheltoksan. 
Пайдаланған 
уақыты: 
15.07.2016 ж. 
3.  Кертаева  Ғ.  М.  Педагогикалық  деонтология  негіздері:  оқу  құралы.  – 
Павлодар, 2015. – 298 б.  
4.  Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя 
/ Автореф... докт. пед. наук. – Киев, 1986. – 46 с. 
5.  Львова Ю.Л. Творческая лаборатория учителя. – М.: Просвещение, 1992. – 224 с. 
6.  Кушеров  Н.М.,  Касымов  М.Р.,  Д.М.Наурузбаев.  Ключевые  проблемы 
подготовки  учителя  новой  формации  в  Республике  Казахстан  //  Вестник  Таразского 
государственного педагогического института – 2016. – №7. – С.87-89. 
7.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 ж.  27 шiлдедегi 
№319. – http://www.adilet.gov.kz/kk/node/989. Пайдаланған уақыты: 25.07.2016 ж. 
8.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды  дамытудың 
2016-2019 
жылдарға 
арналған 
мемлекеттік 
бағдарламасы, 
2016 
ж. 
– 
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1600000205. Пайдаланған уақыты: 17.07.2016 ж. 
*** 
Албытова Н.П., Сламбекова Т.С.  
Проблемы подготовки специалистов в соответствии с современными 
требованиями высшей школы  
В  статье  рассматриваются  мировые  достижения  как  результат 
человеческих  знаний.  При  подготовке  специалистов  в  высшей  школе  Республики 
Казахстан  отдается  приоритет  тесной  связи  теории  с  производством.  В  этом 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
110 
направлении  рассматриваются  дуальное  образование,  творческое  обьединение 
педагогов, волонтерская деятельность, применяемые в зарубежной практике. 
Ключевые  слова:  Человеческий  капитал,  высшее  учебное  заведение, 
функциональная 
грамотность, 
ключевая 
компетентность, 
предметные 
компетенции, 
дуальное 
образование, 
творческое 
обьединение 
педагогов, 
волонтерская деятельность. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет