БҚму хабаршы №4-2016ж



Pdf көрінісі
бет30/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45

Литература
1. Ключевский В.О. Курс русской истории. Том 1. – М., 1984. – 634 с. 
2. Шанский  Н.М.  Краткий    этимологический  словарь  русского  языка.  –  М., 
1980. – 278 с. 
3. Лихачов Д.С. Сад как текст. – М., 1984. – 112 с. 
4. Толстая  Е.  Поэтика  раздражения.  Чехов  в  конце  1880-х  –  начале  1890-х 
годов. – М., 1994. – 286 с. 
*** 
Крылова Л.А., Қадыров Ж.Т. 
А.П. Чеховтың «Чёрный монах» әңгімесіндегі XIX ғасырдың 90-ы 
жылдардағы кейіпкер-зиялыларының рухани дерттері симтоматикасы 
 
Мақалада  А.П.  Чеховтың  «Чёрный  монах»  әңгімесіндегі  XIX  ғасырдың  90-ы 
жылдардағы 
кейіпкер-зиялыларының 
рухани 
дерттері 
симтоматикасы 
қарастырылады.  Жазушы  зиялылардың  бойында  кездесетін  жүйке  ауруларының 
себептерін  әлеуметтік  мәселелерден  ғана  емес,  сондай-ақ  қазіргі  кездегі  орын 
алатын қоғамдық психологияның салдарынан да туындайтынын көреді. 
Тірек сөздер:  Енжарлық, зерігу, ұлықтық желікпе, кейіпкерлердің  болмысы, 
идеяға  құлай берілу, бейнелеме.  
 
Krylova L.A., Kadyrov Zh.T. 
Souls’ ailment symptoms of heroes of intelligentsia of 90-s, XIX century, in 
A.Chekhov’s work “The Black Monk” 
 
This paper presents souls’ ailment symptoms of heroes of intelligentsia of 90-s, XIX 
century,  in  A.Chekhov’s  work  “The  Black  Monk”.The  writer  considers  the  reasons  for 
nervous  disease  of  the  intelligentsia  not  only  as  social  problems,  but  primarily  as  public 
psychology of that time 
  Keywords: Heroes’ being, boredom symptoms, symptoms of apathy, megalomania, 
possession, symbols, mystic space. 
   
*** 
   

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
237 
ӘОЖ 811.512.122  
  Бекбосынова А.Х. – филология ғылымдарының кандидаты, 
  Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
E-mail: assia-bek@mail.ru 
 
«ҚАЗАҚ» ГАЗЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
РӨЛІ 
 
Аңдатпа.  Баспасөз  әдеби  тіліміздің  байып,  дамып  отыруына  үнемі  өзінің 
ықпалын  тигізіп  отырады.  Мақалада  тұңғыш  жалпыхалықтық  «Қазақ»  газетінің 
қазақ әдеби тілін қалыптастырудағы рөлі айқындалған.  
Тірек  сөздер:  Жалпыхалықтық  газет,  баспасөз  тілі,  әдеби  тіл,  лексикалық, 
грамматикалық ерекшеліктер, стильдік тармақтар, тілдік норма. 
 
Тіл  –  қоғамдық  құбылыс.  Ендеше  тілдің  тарихы  мен  дамуы  қоғамның 
дамуымен  тығыз  байланысты  болады.  Қоғамның  әртүрлі  сатыларында  болған  түрлі 
оқиғалар  ізі  тек  тілде  сақталынып,  кейінгі  ұрпаққа  жетіп  отырады.  Тілдің  даму 
деңгейін  көрсететін  бірден-бір  құрал  –  баспасөз.  Қай  дәуірде  болмасын  қазақ  әдеби 
тілінің  дамуына,  оның  әртүрлі  функционалдық  стильдерінің  жетілуіне  баспасөздің 
тигізер  әсері  зор.  Мерзімді  баспасөз  өзі  қызмет  ететін  халықтың  тілін  ғана 
пайдаланып қоймай, оның үнемі жетіліп, дамып отыруына өз үлесін қосып отырады.  
Қазақ  әдеби  тілінінің  даму  тарихын  зерттеуші  ғалымдар  қазақтың  ұлттық 
жазба  әдеби  тілінің  қалыптасып,  нормалануындағы  дәуірді  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысы  деп  атап  көрсетеді.  Қазақ  әдеби  тілін  зерттеуші  ғалым  М.Балақаев  ХІХ 
ғасырдың екінші жартысынан бастап әдеби тіліміздің іргесі қаланып, оның ары қарай 
даму  бағытының  қалай  болуы  керек  екендігі  белгіленгендігін  атап  өтеді.  Ыбырай, 
Абай  шығармаларынан  басталып,  қазақтың  жаңа  әдеби  тілінде  бұрын  болмаған 
стильдік  тармақтарын  қалыптастыруда  қазақ  тіліндегі  тұңғыш  баспасөзіміз 
«Түркістан  уәләятінің  газеті»  (1870-1882) мен  «Дала  уәләяты  газетінің»  (1888-1902) 
атқарған  рөлі  зор  еді.  Б.Әбілқасымов  «Алғашқы  қазақ  газеттерінің  тілі»  еңбегінде 
тұңғыш рет «Түркістан  уәләяті газеті» мен «Дала уәләяты газетінің» тілін сөз етеді. 
Еңбекте  тұңғыш  газеттер  жайлы  негізгі  деректер,  олардың  беттерінде  көтерілген 
мәселелер  және  ең  бастысы  олардың  тілдік  ерекшеліктері  (қазіргі  қазақ  тілімен 
салыстырғанда)  пайымдалады.  Сондай-ақ  Б.Әбілқасымов  газеттерде  кездесетін 
қазіргі тіл нормасымен салыстырғанда олардан өзгешелігі бар грамматикалық формалар мен 
лексемалардың даму деңгейі және этимологиясын барынша ашып, тұңғыш газеттердің қазақ 
әдеби тілін қалыптастырудағы қызметін саралайды [1]. Тұңғыш газеттердің қазақтың жаңа 
әдеби тілін қалыптастырудағы қызметі ерекше болды.  
Ал ХХ ғасыр басындағы  қазақ халқының төл энциклопедиясы тәрізді «Қазақ» 
газетінің  сол  кездегі  қоғамда  атқарған  қызметі  орасан  зор  еді.  ХХ  ғасырдың  басы 
ұлттық  баспасөзіміз  үшін  жаңа  бір  кезең  десек  болады.  Өзіміздің  ана  тілімізде 
жарияланған «Айқап» журналы, «Қазақстан», «Қазақ», «Бірлік туы», «Қазақ газеті», 
«Сары  Арқа»,  «Серке»,  «Алаш»  газеттері  жарыққа  шықты.  Әсіресе  қазақ  халқы 
мәдениетінің  тарихында  «Қазақ»  газетінің  шыға  бастауы  ерекше  оқиға  болды. 
Өйткені  ХХ  ғасырдың  басы  қазақ  қауымы  үшін  аса  күрделі  тарихи  белес  еді. 
Еліміздің саяси-әлеуметтік жағдайында көптеген өзгерістер болып, ел мүддесі қатаң 
сынға  түскен  кезең  болатын.  Осы  тұста  алғашқы  қазақ  оқығандары  мен  Алаш 
зиялылары  еліне  көшбасшы  бола  білді.  Өзге  озық  елдердегідей  ұлтты  ұйыстырып, 
мәдениет  пен  ағарту  жолына  бастайтын  ұлттық  мерзімді  басылымдарға  қажеттілік 
туды.  Алғашқы  ұлттық  баспасөз  «Қазақ»  газеті  де    осындай  мақсатпен  жарыққа 
шықты.  Міне,  осындай  қиыншылықтардан  соң  1913  жылы  2  ақпанда  «Қазақ» 
газетінің  алғашқы  нөмері  «Кәрімов,  Хұсайыновтар  баспаханасында»  басылып 
шықты. Ұлттық мерзімді баспасөз, тұңғыш жалпыхалықтық «Қазақ» газеті Орынбор 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
238 
қаласында А.Байтұрсыновтың басшылығымен 1913-1918 жылдар аралығында жарық 
көрді.  Қоғамдық-саяси,  рухани-мәдени  қажеттіліктен  туған  бұл  басылым  қазақтың 
«көзі, құлағы һәм тіліне» айналды.  
М.Әуезов  газетке  «Қазақтың  еңкейген  кәрі,  еңбектеген  жасына  түгелімен  ой 
түсіріп,  өлім ұйқысынан  оятып,  жансыз  денесіне  қан  жүгіртіп,  күзгі  таңның  салқын 
желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын» [2, 3 б.] - деп 
баға берді. Алғашқы нөмердің басында берілген өлең жолдарынан-ақ газеттің алдына 
қойған мақсаты анық аңғарылады.  
Мінекей, қалың қазақ қара тура! 
«Бұл кім?» деп жатырқама түрін көре,  
Жас «Қазақ» жаңа талап, жарық ойлы, 
Келіп тұр, қол қусырып сәлем беріп. 
 
Алыстан іздеп келген бауырларың! 
Халіңнің сырттан көріп ауырларын, 
Жеңілту жайын соның кеңесуге, 
Қазақтың бас қостырмақ қауымдарын [2, 9 б.].  
 
Сондай-ақ  алғашқы  редакциялық  хабарда:  «Ұлт  үшін  деген  ұранымыздың 
ұлғаюына  күшін  қосып,  көмектесіп,  қызмет  ету  қазақ  баласына  міндет.  Халыққа 
қызмет  етемін  десеңдер,  азаматтар,  тура  жолдың  бірі  осы.  Жол  ұзақ,  өмір  қысқа, 
қолдан келгенін өмір жеткенінше істеп кетелік» [2, 10 б.] – деп  барша қазақ халқын 
«Қазақ»  газетіне  қолдан  келгенше  көмек  көрсетуге  шақырады.  А.Байтұрсынов 
газеттің алдына қойған мақсатын: «Қазақ» газетасының шыға бастағандағы мақсұды 
мынау  еді,  жұрттың  пайдасына  көз  болу,  қазақ арасында  ғылым, һөнер, жайылуына 
басшы ету, басқа жұрттардың халінен хабар беріп таныстыру деп атап өтеді.  
Газет 
беттерінде 
халықтың 
тұрмыс-тіршілігі, 
оқу-ағарту, 
дін, 
тіл, 
экономикалық-әлеуметтік  және  ішкі,  сыртқы  хабарлар  арқылы  ішкі  және  сыртқы 
саяси  жағдайлар  жарияланып  отырды.  Газетте  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов, 
Ә.Бөкейханов, 
М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов, 
Ш.Құдайбердиев, 
С.Торайғыров, 
Х.Досмұхамедов,  Ж.Тілеулин  (денсаулық  жайлы  мақалалары),    А.Жанталин  (қазақ 
мектептері,  жер  мәселесі  жайлы),  Қыр  баласы,  Қазақтың  бір  баласы,  Түрік  баласы, 
Қыпшақ баласы, Баянауыл қазағы, Қарқаралы қазағы, Ферғана қазағы, Жетісу қазағы, 
Қазақ инженері, Нәзипа, Торғайлық, Кәрі жолаушы, Жиен, Бортаң, Сұңқар, Ақ жігіт, 
Біреу  есімдерімен  және  басқалар  өзекті  мәселелер  төңірегінде  ой  қозғап,  ұлттық 
сананың оянуына жол салды. 
«Қазақ»  газетінде  қазақтың  көрнекті  мемлекет  және  қоғам  қайраткерлерінің 
мақалалары  және  ақын-жазушылардың  шығармалары,  сондай-ақ  сыни  еңбектер 
үздіксіз  жарияланып  отырды.  Әрине  осының  бәрі  –  қазақ  әдеби  тілінің  дамып 
жетілуіне көптен-көп себебін тигізгені анық. 
Баспасөз тілі – жазба тіл, тілімізге енген жаңа сөздер  сөздік құрамға баспасөз 
арқылы еніп отырады. Осы күні өзіміз қолданып жүрген, әдеби тілімізден берік орын 
алған  тілдік  құбылыстардың  біршамасы  мерзімді  баспасөз  тілінде  қолданылып, 
уақыт өте келе тілімізде қалыптасып, нормаланып, әдеби тілге енді. Қазақ халқының 
барлық  сөз  байлығы    газеттер  арқылы  сақталып  бізге  жетіп  отырды.  Ендеше  ХХ 
ғасыр басындағы «Қазақ» газетінің беттерінен бүгінгі әдеби тіліміздің даму деңгейін 
танып-таразылай аламыз. Әсіресе әдеби тіліміздің даму жүйесіндегі лексикалық және 
грамматикалық  ерекшеліктерді  бүгінгі  әдеби  тілдегі  ерекшеліктермен  салыстыра 
отырып, әдеби тіліміздің дамуында қандай өзгерістердің болғанын білеміз. Сондай-ақ 
«Қазақ»  газетінің  жазба  әдеби  тілді  дамытуда,  әсіресе  оның  кейбір  стильдік 
тармақтарын қалыптастырудағы қызметін ерекше атап өтуге болады.  
Профессор  С.Исаев:  «Демек,  мерзімді  баспасөз  тілінің  әдеби  тілмен 
байланысын  сөз  еткенде,  алғашқысының  дайын  құрылыс  материалдарын  ғана 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
239 
пайдаланып  отыратын  енжар  құбылыс  емес  екендігін,  сонымен  қатар  берері  де  бар, 
әдеби  тілге  түрліше  әсер  етіп  отыратын  құбылыс  екенін  ескерусіз  қалдыруға 
болмайды.  Тілдегі  өзгерістер,  сөздік  құрамға  жаңа  сөздердің  енуі  күнделікті  сөз 
қолданудан  туып  отырады.  Бірақ  ол  жаңалықтар  жеке  бір  адамның  қолдануынан 
бірден әдеби тілге сіңісіп кете бермейді. Ол сөз әдеби тілге сіңіп кету үшін белгілі бір 
уақыт  тілдік  қолданыста  болып,  одан  тұрақты  орын  алуы  керек.  Осындай  сыннан 
өткеннен  кейін  ғана  ол  адамдар  арасындағы  қарым-қатынаста  күнделікті 
пайдаланыла  жүріп,  біртіндеп  жаңалық  болудан  қалады.  Бұл  процесс  қоғам 
дамуының барлық сатыларында жүріп жатады. Өйткені қоғам дамуымен бірге тіл де 
дамып отырады» [3, 439 б.] – деп белгілі бір сөздердің әдеби тіл қатарынан орын алу 
жайын сөз етеді.  
«Қазақ»  газетіндегі  тілдік  құбылыстардың  қолданылу  жиілігін  зерделегенде, 
кейбір  сөздердің  нормаланып,  әдеби  тілімізден  берік  орын  алуын  байқасақ,  енді 
кейбірінің тілдік қолданыстан мүлдеп шығып қалғанын немесе сөздің жаңа мағынаға 
ие болуын байқаймыз. Қоғамның дамуымен бірге тіл де дамып әр алуан өзгерістерге 
ұшырап  отырады.  Ендеше  мерзімді  баспасөздің  әдеби  тіліміздің  дами  түсуіндегі 
өзгерісті  барынша  анық  көрсететінін  атап  өтуімізге  болады.  Мысалы:  Оренбуртағы 
Торғай  обласной  правлениесі  Омскідегі  мал  қараушы  фелшерлер  школасында  екі 
степендия  ашады.  Тиісті  сумманы  земски  ызборлардан  бермекші.  16  жасқа 
жеткен  двухклассни  школа  бітірген  кісілер  қабыл  етіледі.  Оқып  шығушылар  Торғай 
облысында  жақсы  жалованиемен  төрт  жарым  жыл  қызмет  етуге  міндетті  («Қазақ» 
газеті, 1913, №23). ... Шапшаң һәм дұрыс емле жазу. Ойдан сөз шығарып жаза білу инша, 
осы  күнгі  татар  әдебиетінің  атақты  авторларынан  хабардар  болу.  ...  Етимология, 
грамматиканың  атақты  қағидаларына  жатқандай  қоспа  сөздерді  талқандау  («Қазақ» 
газеті, 1913, №26). ... Оншама оқуды біздің балаларымыз қанша оқып бітірер, оған қанша 
расход  керек,  қаншама  арыз  өткізу  керек,  мұның  бәрі  біздің  қолымыздан  келмейді  деп 
талпынудан  өздеріңді  өздерің  тартпаңдар.  ...  Балаларыңды  әліпби  мен  азбукадан  бастап 
оқытыңдар.  Сол  балалардың  сол  аз  ғана  білімін  түбінде  зор  пайдалы  орынға  жұмсап,  әрі 
өзіне,  әрі  бөтенге  пайда  келтірмейді  деп  ойламаңдар.  Сондай  аз  білімің  де  көп  пайдаға 
бастайтын  жағы  да  болады.  Мысалы,  мынаны  қараңыз:  загранисада  ғылым  жайылып, 
терең  оқыған  адамдар  шығып,  солар  егін  кәсібін  ғылымның  айтуынша  істеудің  мұқтаж 
һәм зор пайдалы екендігін біліп, сол ғылымның айтуын халыққа шашып, халықты үйретуге 
бел байлап, халықты үгіттей бастағанда халықтың бұрыннан жазу танып, кітап газета 
оқып, һәр нәрседен хабары болып, көзді қарақты болып келе жатқандығының пайдасы есепсіз 
болып, халық егін ғылымын тез ұғып алды. Мінекей, аз ғана қағаз танырлықтай білімнің 
зор пайдасы! («Қазақ» газеті, 1913, №27). 
«Қазақ»  газетінің  лексика  жүйесін  арнайы  зерттеген  Б.Момынова:  «Қазақ» 
газеті  –  қазақ  халқының  мәдени  тарихында  баға  жеткісіз  қызметімен  ерекшеленеді. 
Әдеби тіл нормаларының нығаюы жолында айрықша қызмет еткен басылым. Барлық 
газеттер  секілді  бұл  газеттің  бетінде  әдеби  тілдің  барлық  стильдері  әрі  қарай 
қалыптасу  жолынан  өтті,  жүйеленді;  әсіресе  емлені  жүйелеудің  тиімді  жолдары 
ұсынылды  (А.Байтұрсынұлы  мақалалары    негізінде);  сондай-ақ  кірме  сөздерді,  аса 
көп  мөлшерде  тілге  енген  терминдерді  қолданысқа  түсірудің  алғашқы  тиімді 
жолдары  белгіленді;  әдеби  тілдің  барлық  стильдеріне  тән  материалдардың  кең 
таралуына, олардың қалыпты қызмет атқаруына қолайлы жағдай орнықты» [4, 192 б.] 
–  деп  газеттің  жан-жақты  қызметін  атап  көрсетеді.  Сондай-ақ  қазақ  әдеби  тілінің 
ширек  ғасырлық  даму,  жетілу  жолын  қарастырған  Ш.Мажитаева:  «Сөйтіп,  әдеби 
тіліміздің  тарихын  жасауда  мерзімді  баспасөз  тілі  айрықша  орын  алады,  ол  әдеби 
тіліміздің  даму  жүйесіндегі  лексикалық,  грамматикалық  ерекшеліктерді  байқауға 
мүмкіндік беретінін» [5, 7 б.] – ерекше атап өтеді және «ХХ ғасырдың басы – қазақ 
әдеби тілінің функционалдық стильдері дараланып, саралана бастаған кезі. Бұл кезең 
тілдің  фонетикалық,  лексикалық,  грамматикалық  нормаларын  қалыптастырып,  бір 
жүйеге  түсіруге  бағытталған  жұмыстармен  ерекшеленеді.  Мәселен,  бұл  кезеңде 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
240 
публицистикалық,  ғылыми-көпшілік,  көркем  әдебиет,  ресми  іс  қағаздары  стильдері 
қалыптасып, өзіндік ерекшеліктерге ие болды» [5, 8 б.] – деп тұжырымдайды.           
Жалпы  тілімізде  баспасөздің  қазақ  әдеби  тілінің  даму  деңгейін  саралауға 
байланысты  Б.Әбілқасымов,  С.Исаев,  Н.Қарашева,  Б.Момынова,  Ш.Мажитаева, 
Г.Жұмашева т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері жарияланды.  
«Қазақ»  газеті  бетінде  үнемі  тілімізге  қатысты  мақалалар  жарияланып,  ұлт 
болудың,  халық  болудың  бірден-бір  көрсеткіші  –  тіл  екендігі  айтылды.  Мысалы: 
Басқа  жұртпен  араласқанда  өз  алдына  ұлт  болып,  өз  алдына  тілі  бар,  өз  тілінде 
жазылған  сөзі  (әдебиеті)  бар  жұрттар  ғана  тұрады.  Өз  тілімен  сөйлескен,  өз 
тілімен  жазған  жұрттың  ұлттығы  һеш  уақытта  адамы  құрымай  жоғалмайды. 
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. 
Сөзі жоғалдың жұрттың өзі де жоғалады. («Қазақ» газеті, 1913, №1).  
«Қазақ»    газеті  өзіне  дейінгі  газеттерге  қарағанда  қазіргі  тілімізге  барынша 
жақын жазылған газеттердің бірі деуімізге болады. М.Дулатовтың осы газет бетіндегі 
«Алаш азаматтарына» мақаласынан үзінді келтірейік: Халықтың мәдениет жолында 
ілгері  басып,  ел  қатарынан  қалмасына  себепші  болатын  нәрселердің  бірі  баспасөз, 
иәғни газета, журнал, кітаптар екендігі шексіз. Олардың басылып шығып, жұртқа 
таралуына пұл керектігі де шексіз. Баспасөздің әуелі керектігін түсініп білу қажет, 
екінші білгеннен кейін баспасөзбен жұрттың пайдалану жағын ойлап іс қылу керек. 
Басқа жұрттарға қарасақ, олар мұндай істерді екі түрлі жолмен жүргізіп жатыр.  
Бір жолы – пұл міндетін пұлы барлар алып, жазу міндетін қалам ұстаушылар алып, 
істеп  жатқан  жол.  Екінші  жолы  –  баспасөзбен  халықтың  пайдалануын  ойлаған 
адамдар  көп  сумасы  болмаған  соң,  аз  сумаларын  құрастырып  жиып,  біріктіріп, 
күштерін  қосып,  серіктесіп  іс  қылып  жатыр(«Қазақ»  газеті,  1913,  №42).  Немесе 
Нәзипа есімді мақала авторының «Қазақ»-қа мақаласына тоқталайық: Жетісінде бір 
шығатын,  бір  жасар  жас  «Қазақ»-тың  бетінен  осылардың  бәріне  орын  табылды. 
Осылардың  бәрі  де  ай  мен  күндей,  Алаш  ауылына  бірдей  түсінікті  ана  тілмен 
сөйлейді.  Күні  кеше,  мәдениет  заманындағы  пікірлерді,  істерді,  мәдениеттен 
тысқары  жатқан  қазақ  тілімен  айтуға  болмайды  деп  ойлаушы  едік.  Ойымыз 
баспасөзіміздің  жоқтығының  шалығынан  болған  жаңылыстық  екен.  Онымыз  өзімізді 
өзіміз  білмей  нақақ  қорлау  екен.  Олай  ұлақпағызымға  себепкер  болған  нәрсе:  қазақтың 
оқығандарының көбі иә орысша, иә ноғайша оқығандық. Қазақ дыбысын дұрыс жазуға хәріп 
арнаудың өзі «Қазақ» бетінде қанша сөз болды! («Қазақ» газеті, 1913, №56). 
Дегенмен,  «Қазақ»  газеті  тілінің  лексикалық  құрамында  байырғы  сөздер  мен 
кірме  сөздердің  өте  көп  қолданылғанын  байқаймыз.  Мысалы,  газет  оқырмандары  «Қазақ» 
газетінің  кезекті  санына  «Құрметті  бас  жазушы»  мақаласын  жолдап:  Қазақ»-қа  қаламменен 
жәрдем беретұғын мұсылманша оқыған құрбыларымыз бір нәрсе жазғанда басқа араб, парсы, 
ноғай қандастарымыздың сөздерін, орысша оқығандарымыз орыс яки басқа Еуропа жұртының 
тілдерін орынсыз көп кірістірмей, өзіміздің қазақтың нағыз қара тілімен жазып тұрса, «Қазақ» 
қалың  жұртымыздың  оқып  тұруына  оңай  түсінімді  болар  еді.  Соның  үшін  құрметті  бас 
жазушы да мұны һәрқашан назарына алып жүрсе екен деп тілейміз [2, 51 б.] – деп өз 
өтініштерін білдіреді.  
Мысалы:  Миллет  халін  ойымызға  алып,  қызмет  етуді  мойнымызға  алып, 
талаптанған  бір  ісіміз.  ...Халық  бунт  жасап,  Кемал  пашаны  уәзірліктен  түсіріп, 
әскер  басы  Назым  пашаны  өлтіріп,  ескі  партияның  адамының  бәрін  іс  басынан 
шығарып, үкімет басына Жас түрік партиясындағы адамдардан қойды. ...Бұлайша 
халық  көзінде  Ахмет  байдың  ығтибарын  арттырған  нәрсе,  әлбетте  оқу,  оқыту 
істерінде  еткен  зор  қызметі  болды.  ...Ондағы  20-30-дағы  мұғалімдердің 
жалованиелерін,  медресенің  отын-су,  басқа  расходтарын  өтеп  тұру  үшін  түрлі 
қалада  өнімді  уахфалар  қалдырды.  ...Мұнан  бұлай  осы  бетімізбен  жүре  берсек, 
ықтисадта  қазақ  тілі  азып-тозып,  бірте-бірте  тұтынудан  шығып,  әуелі  қазақша 
жазу ұят көрінер сонан соң қазақша сөйлеу ұят көрінер, онан әрі не болары белгілі. 
... Біздің шәкірттер үшін медреседе біліп шығуға керек болған нәрселер: педагогика, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
241 
(усул  тағдим  және  тәрбие),  өз  еліміздің  (түркі  елінің),  тарихы  һәм  қазақша  бек 
әйбат оқи, жаза білу, орысшаны да таза білу. ...Мақсаты фахир, мұқтаж, жетім-
жесір  адамдарға  қысылғанда,  ашаршылық  болғанда,  жәрдем  бермек  һәм  бала 
оқытқан  мұғалімдерге,  имам,  мұзындарге  жалование,  халі  келмеген  жарлы 
балалардың  оқуына,  мектеп,  медреселердің  керегіне  сол  ақшадан  жәрдем  беріп 
тұрады («Қазақ» газеті, 1913, №1).  
Газет  шығарушылар    газет  тілінің  өз  оқырмандарына  барынша  түсінікті 
болуын  үнемі  бақылап,  тіл  тазалығы  жөнінде  мақалалар  жариялап  отырды.  Тіпті 
газет  санының  ең  алғашқы  нөмірінің  өзінде  тіл  мәселесінің  қозғалуы  –  қазақ  тілімізге 
қатысты «Қазақ» газетінде үздіксіз тіл мәселесінің қозғалып отырғанын байқатады. « ... Егер 
де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміз, дін де 
сақталу  қамын  қатар  ойлау  керек.  Қазақтың  осы  күнгі  ісінің  бетіне  қарағанда  һәм  мұнан 
былай ісіміздің беті осы болса, қазақ тілі азып, жоғалуға ықтимал. Біз келімсек жұрттан кем 
болмас  үшін  оқымай  тұра  алмаймыз.  Оқымасақ  басқалармен  қатар  тіршілік  ете 
алмайтынымыз сүттей ақ, күндей жарық. Оқығанда ісіміз осы халінде болса, тіліміздің азып, 
жоғалуы  да  анық  [2,  19  б.]  –  деген  ойынан  тіл  жанашырларының  тіліміздің  үнемі  дамып 
жетілу жолында күрес жүргізгенін байқаймыз. 
Сондай-ақ  тіл  жанашылары:  «Мұсылман  медреселерінде  оқығандардың 
естігені әдеби тілмен жазған кітап, жазғанда да сол кітаптардың тіліне салып еліктеу. 
Ол әдеби тіл деген қандай тіл? Араб, парсы сөздері көп кіріскен тіл. Неғұрлым араби, 
парси  сөздері  көп  қосылса,  неғұрлым  қара  халық  түсінуге  ауыр,  хатта  тіпті 
түсінбейтін  болса,  соғұрлым  әдебилірек  болады  деп  тұтынған  жолдан  шыққан  тіл. 
Бұл тіл халықтан тумаған, жаны жоқ тіл.  
...  Ақырында  айтатынымыз:  әдеби  тілді  сүйетін  бауырларымызға  газетті 
қазақтың қара тілімен жазғанымыз ұнамсыз көрінсе, ол кемшілігімізге кешу өтінеміз. 
Жұрт  үшін  шығарылған  нәрсе  жұртқа  жақын  болуы  тиіс»  [2,  19  б.]  –  деп  тіл 
тазалығына  зор  мән  бергендігін  байқауға  болады.  Ендігі  бір  мақалада:  «Күні  кеше, 
мәдениет заманындағы пікірлерді, істерді, мәдениеттен тысқары жатқан қазақ тілімен 
айтуға  болмайды  деп  ойлаушы  едік.  Ойымыз  баспасөзіміздің  жоқтығының 
шалығынан  болған  жаңылыстық  екен.  Олай  ұлақпағызымға  себепкер  болған  нәрсе:  
қазақтың  оқығандарының  көбі  иә  орысша,  иә  ноғайша  оқығандық.  Қазақ  дыбысын 
дұрыс жазуға хәріп арнаудың өзі «Қазақ» бетінде қанша сөз болды!» [6, 125 б.] – деп 
қазақ тілінің зор болашағы айтылған.  
Ал  «Қазақ»  газеті  тілінің  грамматикасы  бүгінгі  күнмен  салыстырғанда  біраз 
өзгеріске ұшырағанын айтуға болады. Мысалы, Сондықтан һеш таңырқарлық емес, 
егер  бұ  күн  мелши  ноғай,  ертең  әрі  саудагер  болып  кетсе,  иәки  құрметті Хасенов, 
Иаушев  һәм  басқалар  қазақпен  сауда  қылып  аз  уақыттың  ішінде  милионер 
болғанына  («Қазақ»  газеті,  1914,  №64).  Қабыл  етеді:  кесіп,  сылып  қарайтын 
ауруларды,  көзі  аурулы  адамдарды,  сыртта  жарақаты  бар  адамдарды  һәм  ішкі 
сарайында  науқасы  бар  адамдарды  («Қазақ»  газеті,  1914,  №54).  Бірінші  Г.Д. 
депутаты Ахтиамов Оренбург муфтилігі туралы әдемі көп сөз сөйледі. Мұның сөзі 
жақсы,  дәмді  еді,  сиез  жабық,  ұрланған  себепті  газета  жүзіне  басылуға  қалам 
мүжіп тұр («Қазақ» газеті, 1914, №72). Еуропа патшаларынан қарызға алмақ үшін: 
нағыз  соғысар  ниетін  білсе,  һешкім  қарыз  бермейді  деген  қауіппенен.  («Қазақ» 
газеті, 1914, №50). Берілген мысалдардағы сөйлемдердің құрылысы, сөздердің орын 
тәртібіндегі  ауытқушылықты  сол  кездегі  бөтен  тілдің  ықпалы  және  ауызекі  сөйлеу 
тілінің әсері деп қарауымыз керек.  
Сондай-ақ  «Қазақ»  газеті  тілінде  қимыл  есімін  білдіретін  сөздердің  орнына 
көбіне    барыс  жалғаулы  -ар,  -ер,  -р  жұрнақты  есімшеге  керек  сөзінің  тіркесіп 
жасалуын және барыс жалғаулы есімшемен сөйлемнің аяқталуын, барыс жалғаулы  
тұлғалы  тұйық  етістікке  керек  сөзінің  тіркесуін  сол  кезеңнің  өзіндік  бір  ерекшелігі 
деп  қарауға  болады.    Ілгері  басқанның  үстіне  ілгері  басарға  керек  («Қазақ»  газеті, 
1913,  №1).  ...  Соның  үшін  бізге  (депутаттарға)  жалғыз-ақ  жол  бар:  Думаның 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
242 
бостаншылық  уақыттарында  сайлаушылармен  көбірек  көрісіп,  халық  пікірін 
білерге. Аспандағы тырнаны ұстаймын деп әуреленбей, төбедегі шыбжықты қолғап 
түсіруге  тырысарға  керек  («Қазақ»  газеті,  1914,  №50).  Калмыковтан  ең  жақыны 
Уралскі 264 шақырым, бұған атпен баруға керек («Қазақ» газеті, 1914, №49).  
Сондай-ақ  «Қазақ»  газеті  бетінде  шылау  сөздердің  қолданылуында  қазіргі 
әдеби тілмен салыстырғанда біраз өзгерістердің болғанын байқаймыз. Талғау мәнді я 
шылауының  иәки,  иә    түрінде  жиі  кездесуі  және  араб-иран  тілдерінен  енген    һәм 
жалғаулығының  бірыңғай  мүшелерді  жалғастыру  және  ыңғайлас  құрмалас  сөйлемдерді 
байланыстыру  қызметін  атқарғанын  көреміз.  Деннің  сау  болуы  иәки  ауруларға  шалынуы  кісіні 
қоршап  тұрған  тұрмыстың  шартына  қарай  болады  («Қазақ»  газеті,  1913,  №9).  Біздің 
мақсатымыз, жер хақындағы ойымызды бастан-аяқ түгел баяндап жазбақ һәм жазылған сөзді 
бекітетін толымды дәлелдер көрсетпек («Қазақ» газеті, 1913, №10). Енді мұнан былай кімде-
кімнің  қолында  кітап  қалса,  иә  төлейтін  реті  болса,  «Қазақ»  басқармасына  жіберсе  екен.  ... 
Түркістан уалаятында бауыр құрт деген қара малға бек қауіпті бір дерт бар. («Қазақ» газеті, 
1914, №49). 
Сондай-ақ  «Қазақ»  газеті  бетінде  қазіргі  тіліміздегі  көмектес  септік  -менен  қосымшасы  
жалғаулық шылау қызметінде қолданылған.  
Газеталардың  айтуы:  Түркияның  Гелибелу  һәм  Такфур  тауы  жағынан  шыққан  әскері 
менен Шаталжадағы әскердің сол қанаты табысып, бірігіпті («Қазақ» газеті, 1913, №1).  
Сонымен,  ХХ  ғасыр  басында  жарық  көрген  «Қазақ»  газетінің  қазақ  әдеби  тілін 
дамытудағы рөлі ерекше болды. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет