БҚму хабаршы №4-2016ж



Pdf көрінісі
бет37/45
Дата03.03.2017
өлшемі18,3 Mb.
#5471
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45

Литература
1. Мейлах Б.С.  «...Сквозь  магический кристалл...»  Пути  в мир  Пушкина. –  М.: 
Высшая школа, 1990. – 399 с. 
2. Пушкин  А.С.  Сочинения  в  трех  томах.  Т.  2.  –  М.:  Художественная 
литература, 1986. – 527 с.   
*** 
Выдрина Н.А. 
Орыс әдебиеті сабағында А.С.Пушкиннің «Пиковая дама» повесіндегі 
авторлық бағалауды анықтау 
Мақалада 
авторлық 
позицияны 
анықтау 
күрделілігімен 
ерекшеленетін 
А.С.Пушкиннің «Пиковая дама» атты повесі  қарастырылады, оқушылардың көркемөнер 
шығармаларының тереңіне мұғалімнің басшылығымен енуі жүзеге асырылады. 
Тірек  сөздер:  Шығарма  композициясы,  повестегі  қаhармандар  бейнесінің 
жүйесі,  қаhармандар  әрекетінің  себебі,  қаhармандар  бейнесіндегі  портреттік 
детальдар, қаhармандардың ішкі әлемі,  олардың әрекетінің  ерекшеліктері, әртүрлі 
кейіпкерлер арасындағы нүктелер, пушкин повесіндегі адамгершілік сабақтар. 
 
Vydrina N.A. 
Identify the author’s evaluation of novel A.S. Pushkin “Queen of Spades” at the 
literature lessons 
The  article discusses  A.S.  Pushkin’s  novel  “Queen  of  Spades”  at the  lessons.  With 
different  complex  in  the  identify  of  author’s  position,  carried  out  under  the  direction  of 
penetration of pupils to teachers in the art idea of the work.  
Keywords:  Composition  of  work,  the  system  of  characters  of  heroes  is  in  a  story, 
reasons  of  acts  of  heroes,  portrait  details  are  in  the  image  of  heroes,  inner    world      of 
heroes, reasons of acts  of heroes, features of their behavior, points of contiguity between 
different heroes, moral lessons   of the Pushkin  story. 
   
*** 
 
 
 
 
 
 
 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
285 
 
 
 
ТАРИХ 
ИСТОРИЯ 
HISTORY
 
 
 
ӘОЖ 94(574)      
Рысбеков Т.З. – тарих ғылымдарының докторы, профессор,  
М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Гарифуллина А.Б. – М.Өтемісов атындағы БҚМУ магистранты 
Е-mail:shinee_star_7@mail.ru  
 
НҰРАЛЫ ХАННЫҢ БИЛІГІ КЕЗІНДЕГІ КІШІ ЖҮЗДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-
САЯСИ ЖАҒДАЙ 
 
Аңдатпа.  Мақалада  XVIII  ғ.  Батыс  Қазақстанда  Нұралы  ханның  басқаруы 
кезінде  болып  өткен  әлеуметтік-саяси  оқиғалар  зерттеліп  көрсетілген.  Нұралы 
ханның  Ресей  үкіметі  ресми  бекіткен  тұңғыш  қазақ  ханы  атағына  ие  болғандығы 
жайында,  сонымен  қатар  аталған  өңір  қазақ  қауымдарының  шекаралас  ресейлік 
тұрғындарымен арадағы қарым-қатынастарының кейбір тұстары сипатталады. 
Тірек сөздер: Батыс Қазақстан, Нұралы хан, Кіші жүз, Орынбор басшылығы. 
 
Қазақ 
жеріндегі 
мемлекеттіліктің 
қалыптасуы 
мен 
дамуы 
бірнеше 
мыңжылдықтарға  созылып,  XV  ғасыр  ортасында  ұлттық  сипатқа  ие  болған  Қазақ 
хандығын  дүниеге  әкелгені  белгілі.  Осы  кезден  бастап  төл  тарихымызда  Қазақ 
хандығы өмір сүрген дәуірді тарихшыларымыз хандық дәуір деп атайды. Керей мен 
Жәнібек  хандар  билік  құрған  кезден  Тәуке  хан  қайтыс  болған  кезеңге  дейінгі  үш 
ғасырға  жуық  тарихи  уақыт  осы  хандық  дәуірдің  алғашқы  кезеңі  немесе  бір 
орталықтан  басқарылатын  хандық  кезең  болып  саналады.  Ал  одан  кейінгі  кезеңнің 
саяси және мемлекеттік тұрғыдан алып қарағанда бытыраңқылық кезең екені белгілі. 
Жүздердегі  хандық  биліктер  мен  Ресейдің  оларды  өзіне  бағындыра  бастауы  мен 
біржолата  жойып  жіберуі  XVIII  ғасырдың  30-шы  жылдарынан  басталып,                          
XIX ғасырдың 20-шы жылдары аралығында өтеді. 
Жалпы,  Ресейдің  Қазақстанды  бағындыруға  бағытталған  саясаты  мен  осы 
мақсатта  қолданған  әдіс-тәсілдері  бұған  дейін  оның  басқа  елдерді  бағындыру 
барысында тәжірибеден өтіп, әбден  сыналған болатын.  XVI-XVII ғасырларда Қазан, 
Астрахан, Сібір хандықтарын, Ноғай ордаларын бағындыруда Ресейдің ең бір тиімді 
қолданған  әдістерінің  бірі-осы  елдердегі  билеуші  топтардың  ықпалын  әлсірету, 
олардың өкілдерін әр түрлі жолдармен өз жағына тарту, олардың арасына іріткі салу, 
билеуші  топ  пен  ру-тайпа  көсемдері  арасына  от  салу  және  тағы  басқа  осындай 
сипаттағы  тәсілдер  болатын.  Бұл  әдіс  өз  кезегінде  сол  елдердегі  мемлекеттіліктің 
әлсіреп,  ақырында  күйреуіне  әкеп  соқтыратын.  Ал  мемлекеттік  жүйе  жойылып, 
басқарушы  топ  тәуелді  болғаннан  кейін  қарапайым  халықты  бағыныштылықта  ұстау, 
олардың  жерін  тартып  алу  жаулап  алушылар  үшін  онша  көп  қиын  іс  болмайтын.                           
XVIII  ғасырдың  орта  тұсынан  бастап  Ресей  әкімшілігі  Қазақстан  дәл  осындай  әдістерді 
жүзеге асыруды қолға ала бастайды [1, 400 б.]. 
Нұралы  хан  басқарған  жылдар  Отан  тарихындағы маңызды  кезеңдердің  бірін 
құрады.  Әбілқайыр  ханның  өлімінен  кейін  қазақтың  батыс  далаларында  біршама 
саяси  өзгерістер  орын  алды.  Аталған  оқиғадан  соң  жергілікті  қазақ  қауымдары  мен 
Ресей  патшалығы  арасындағы  қарым-қатынастар  жаңа  кезеңге-қазақ  сахарасында 
орыс  ықпалының  одан  әрі  күшейе  түскен  кезеңіне  аяқ  басқан  еді.  Әбілқайыр 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
286 
қазасымен бірге көрші халықтармен әртүрлі күрделі қарым-қатынастардың тұтас бір 
дәуірі аяқталған болатын. Ендігі тарихи кезеңде батыс  өңірлерді саяси бағыттардың 
өзгеруі,  ұзаққа  созылған  Ресейдің  отарлау  саясатының  күшеюі,  үлкен  әлеуметтік-
саяси дағдарыстар, ұзаққа созылған отарлауға қарсы күрестер дәуірі күтіп тұрды. 
Нұралының  билікке  келуі  оңайлықпен  іске  асқан  жоқ.  Әбілқайыр  өлімі  Батыс 
Қазақстандағы саяси күштердің ара салмағына да түбегейлі әсер еткен болатын. 
Аталмыш  оқиғадан  соң  марқұм  ханмен  белгілі  бір  бақталастықта  болған 
Қайып  хан  ұрпақтарының  ықпалы  күшейген  еді.  Арал  өңірі  мен  Сырдарияның 
төменгі  тұстарында  қоныстанған  Кіші  жүздің  ірі  Әлімұлы  одағының  белді  рулары 
Қайыптың  ұлы  Батыр  сұлтанды  қолдады.  Сұлтан  өз  кезегінде  Орта  жүздің  ірі 
билеушісі,  Әбілқайыр  әулетінің  қас  жауы  Барақ  сұлтанмен  (ханды  өлтірген)  өте 
жақсы қарым-қатынаста болатын. Мұндай жайттар Нұралының позициясын әлсірете 
түсетін.  Осындай  келеңсіз  жағдайларға  қарамастан,  Кіші  жүз  бен  Орта  жүздің 
бірқатар  билерінің  қолдауымен  Нұралы  1748  ж.  2  қазанда  Ырғыз  өзеніне  сол 
жағынан  құятын  Қайыңды  өзенінің  бойында  хан  сайланады.  Орыс  тыңшыларының 
бірі  Я.  Гуляевтің  көрсетуінше  ол  халық  дәстүрі  бойынша  бүкіл  көпшілік  алдында 
емес,  әр  рудан  он  адамнан  кіргізілген  билер  арқылы,  өзінің  киіз  үйінде  сайланған                
[1,  162  б.].  Қазанның  5-і  күні  жаңа  сайланған  ханның  анасы  Бопай  ханым, 
Нұралының  өзі  және  оны  сайлаған  Орта  жүз  бен  Кіші  жүздің  бір  топ  билері  Ресей 
патшайымы  Елизаветаға  хат  жолдап,  Нұралыны  өздеріне  хан  етіп  бекітуді  өтінеді. 
Бопай патшайым Елизавета Петровнаға, келесі күні бригадалық генерал А. Тевкелев 
пен Орынбор губернаторы И. Неплюевке қисынды өтініш хаттар жолдайды. 
1748 жылғы 5 қазандағы ұлы патшайым Елизаветаға жазған хатында: 
«Жаратқан  иенің  сүйіспеншілігіне  бөленген  нұр  сипатты,  шарапатында  шек 
жоқ, мейірбанды падишамыз, бүкіл Ресейдің билеушісі, мархабатты ел басшымыз Елизавета 
Петровна. Қырғыз-қайсақ кіші ордасының ханы Әбілқайырдың ханымы Бопай ханша сіздің 
назарыңызға мынадай өтініш-тілегін салғысы келеді. 
Біріншіден,  императорлық  ұлы  мәртебеңізге  адал  берілген  менің  ерім 
Әбілқайыр хан бұл жарық дүниеден баз кешті. Төменшік күңіңіз мен-жесір, шиеттей 
бала-шағасы  жетім  қалды.  Биік  мәртебелі  алдияр  падишам,  жоғары  құзырыңызға 
жан-тәнімен  адал  берілген  Әбілқайыр  ханның  көзі  тірі  кезіндей  бізді  қажет  кезінде 
мархабат мейіріңізден тыс қалдырмауыңызды өтінемін. 
Екіншіден,  ерім  Әбілқайыр  ханның  орнына  біздің  жағдайымызды  жетік 
білетін,  өзіңіздің  ұлы  құзырыңыздағы  құпия  кеңесшіңіз  әрі  сардар  Неплюев  пен 
бригадир  Тәуекелевтің  және  өзіңіздің  күллі  қырғыз  халқының  ақылымен  мұрагер 
ретінде менің үлкен ұлым Нұралыны хан етіп сайлады. 
Үшіншіден,  халқымыз  аталмыш  ұлым  Нұралыны  хан  етіп  сайлағанмен,  биік  мәртебелі 
патша ағзам, өзіңіздің ұлы жарлығыңызсыз оның басты хан боларлық жағдайы жоқ. 
Сол үшін де биік мәртебелі алдияр патша, аталмыш ұлым Нұралы сұлтанның 
әкесі  Әбілқайыр  ханның  орнына  нағыз  басты  хан  болуына  жарлық  етіп,  оның 
хандығын  жоғары  құзырыңызбен  алтын  мөрі  бар  сенімхатпен  марапаттауыңызды 
сұраймын.  Мейірімі  шексіз  мархабатты  мемлекет  басшысы,  сіздің  патшалық  биік 
мәртебеңізден  риясыз  берілген  құлыңыздың  өтінішіне  мейірбан  қолыңызды  қоюыңызды 
сұраймын».Осы хаттарды жеткізу үшін аталмыш  екі жүздің 8 беделді биі Орынборға,  одан 
кейін Санкт-Петербургке аттанады. 
Нұралыны  хан  сайлағандар  арасында  Орта  жүздің  Шақшақ  Арғын  руынан 
Жәнібек  батыр,  Қойсары  би,  Жалмәмбет  би,  Құдайшүкір  батыр,  Кіші  жүздің 
Шөмекей  руынан  Кедей  би,  Мәмет  аталық,  Жайылған  би,  Қаракесек  Қожанай  би, 
Шекті  руынан  Бақтыбай  батыр,  Мөңке  би,  Мәметек  би  және  басқалары,  Төртқара 
Құдайназар би, Дәулет би және басқалары, Алаша Байсау би, Бәйтерек аталық, Кете 
Алтай би, Қиғылық би, Жұлдыз батыр және т.б. бар болатын [1, 410 б.]. 
Нұралының  сайлануына  Неплюев  бастаған  Орынбор  басшылығының  оң 
көзбен  қарағанын  айта  кету  қажет,  жаңа  сайланған  хан  Әбілқайырмен  ұзақ  мерзім 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
287 
күрескен  өлке  басшысының  «талаптарына»  толық  сай  келетін.  Бұрынғы  ханның 
қазасын жеңілдікпен қабылдаған әкімшілік қазақ ордасында Әбілқайырдай ықпалды 
емес, мүмкіндігінше әлсіз ханның сайлануына мүдделі  болды. Бұл орайда әкесіндей 
алыстан болжағыш емес әрі тәжірибесіз Нұралы бұл талаптарға толық жауап беретін. 
Неплюев  Ресей  Сыртқы  Істер  коллегиясына  Нұралы  туралы  «әкесіндей  қызу  қанды 
емес,  қарапайым,  ешқандай  талап  та  қоймайды»  деп  көрсеткен  болатын  [2,  302  б.]. 
1749  ж.  26  ақпанда  Елизавета  патшайым  Нұралының  хандыққа  бекітілгені  туралы 
грамота  шығарып,  мамыр  айының  басында  Орынбор  губернаторы  Неплюевке  осы  туралы 
жарлық береді. Жарлықта ешқандай қазақ жүздері көрсетілмей жай ғана қазақ ханы ретінде 
жазылады.  Тек  Кіші  жүздің  билеушісі  ретінде  тану  жаңа  сайланған  ханның  наразылығын 
тудырмас үшін патша үкіметі оны осылай бекіту туралы шешеді.  
Нұралы Ресей үкіметі ресми бекіткен тұңғыш қазақ ханы болып табылды. Осы 
кезеңнен  бастап  Кіші  жүздің  одан  кейінгі  хандарының  барлығы  орыс  билігі 
тарапынан  бекітілуге  мұқтаж  болған  еді,  бұл  өз  кезегінде  өңірде  дәстүрлі  хандық 
биліктің әлсіреуіне алып келді. Көрсетілген жылдың 15 қазанында Әлім одағының ірі 
Шөмекей,  Шекті  және  Төртқара  руларының  бірқатар  тармақтары  Батыр  сұлтанды 
өздеріне хан етіп сайлайды.  
Билік құрған алғашқы жылдары Нұралы мен Неплюев арасында бірден жылы 
қарым-қатынастар  орнады  деп  айту  қиын.  Хан  өлке  басшысының  қарсылығына 
қарамастан жоңғар қонтайшысы Цевен Доржимен әкесі Әбілқайыр кезінде басталған 
құдалық  ісін  жалғастырып,  оған  елшілерін  жібереді,  жоңғар  билеушісінің 
қолдауымен  бүкіл  қазақ  даласына  билігін  жүргізуге  талпыныс  жасайды.  Аталмыш 
кезеңде  қуатты  жоңғар  мемлекеті  мен  Нұралы  хан  арасында  біршама  тығыз 
байланыстар  орнаған  болатын,  қазақ  ханы  алғашқы  жылдары  шығыстағы 
көршілерінің қолдауымен өзінің бірқатар саяси мүдделерін шешіп алуды көздеді. Бұл 
тұрғыда  Нұралының  жоңғарларға  қойған  талаптары  назар  аудартады,  олар:  қазақ 
тұтқындарын қайтару, Барақ сұлтанды ұстауға көмектесу, Ташкент пен Ұлы жүз жеріне көз 
алартуды  қою  және  Түркістанды  қалың  мал  ретінде  беру  [3,  785  б.].  Ханның  Барақ 
сұлтанды  ұстау  туралы  талабынан  басқа  бұл  жерде  оның  ешқандай  жеке  мүддесі 
байқалмайды.  Барақтың  өлтірілгені  белгілі,  ал  басқа  талаптар  Нұралының  ел 
басқаруда  тек  Кіші  жүзбен  шектелмегенін,  бүкіл  қазақ  ордасына  қатысты  басты 
мәселелерді шешуге тырысқанын көрсетеді. 
Қазақтардың  шығыстағы  қуатты  жоңғарлармен  одақ  құру  мүмкіндігі  Ресей 
билігін  қатты  алаңдатқаны  белгілі  жағдай  еді.  Патша  үкіметі  еш  уақытта  да  дала 
халықтарының  өздеріне  қарсы  бірігіп  кетуіне  жол  бермейтін.  Ресей  билігі  әлбетте 
олардың  бірігіп  күшеюіне  емес,  бір-бірімен  қақтығысып  әлсіреуіне  мүдделі  болды. 
Өздеріне  адалдыққа  ант  қабылдаған  Нұралының  қадамдары  Орынбор  әкімшілігін 
біраз  алаңдатты.  Ханның  бастапқы  жылдары  өлке  әкімшілігімен  араздасуына 
Неплюевтің  аманатта  жатқан  інісі  Әділ  сұлтанды  басқа  інісі  Шыңғыспен 
ауыстырмауы  себеп  болған  еді.  Бұған  қатты  наразы  болған  Нұралы  бастапқыда  қол 
астындағы қазақтарға орыс шептерінен алысқа көшіп кетуді де бұйырған. Мұнымен 
тоқтамай  Орынбор  айырбас  үйіне  шабуыл  жасауды  да  ойлаған.  Төңкеріске  дейінгі 
орыс  зерттеушілерінің  мәліметіне  қарағанда  Нұралы  бірде  аудармашы  Гуляевпен 
әңгімесінде:  «...егер  бұл  жолы  да  бас  тартса,  орыстар  Әділге  білгендерін  істесін, 
түрмеге салсын, ал мен күтпеймін, Сырдың арғы жағына кетемін. Ол жақта мен қол 
астымдағы қазақтарды шабуылдардан тыймаймын, сонда олар мені хан ретінде ғана 
емес,  әулие  ретінде  де  санайтын  болады,  себебі  олар  менің  Ресейге  жақын  көшіп, 
оған  адал  қызмет  етуіме  наразы.  Генерал  (Неплюевті  айтып  отыр)  мен  мырзаның 
(Тевкелев)  арқасында  мен  хан  емес,  бақташыға  айналдым;  Құдай  олардан  жауап  алар. 
Орыстар  қалмақтар  мен  башқұрттарға  істегенін  бізге  де  істегісі  келеді,  бірақ  біз  мұндай 
езгіде өмір сүргенше өлгенді артық санаймыз»,-деген сөздер айтқан. Дерекке қарағанда хан 
өз сөзін алдындағы сусыннан ұрттап: «Құдайым, егер бұдан былай Орынборға аяқ бассам, 
осындай асты да таппай қалайын», - деп аяқтаған [3, 790 б.]. 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
288 
1750  ж.  бас  кезінде  орын  алған  мұндай  жайттар  Нұралының  сол  тұстағы 
әрекеттерінен  хабар  бергенімен  кейінгі  оқиғалар  істердің  барысын  түбегейлі 
өзгерткен еді. Нұралының жоңғарларға ұзатуға даярланған қарындасы қайтыс болып, 
бұған  қоса  оны  қолдаған  Цевен  Доржи  де  қарсыласы  Лама  Доржидің  қолынан  қаза 
тауып, мұндай жағдайлар ханның жоспарына үлкен өзгерістер енгізеді. Ол енді орыс 
тарапына  қарсы  шыға  алмай,  керісінше  олармен  жақындасуға  мәжбүр  болады. 
Арадағы  кейбір  наразылықтарды  қоспағанда  осы  тұстан  бастап  Нұралының  патша 
үкіметімен ұзақ жылдарға созылған тығыз қарым-қатынастарының кезеңі басталады. 
Ол  енді  бірте-бірте  патша  жарлықтарының  сенімді  орындаушысына,  отарлық 
үкіметтің жергілікті жердегі сенімді өкіліне айналған болатын.  
Өзінің  ұзақ  жылғы  билігі  тұсында  Нұралы  көптеген  әртүрлі  әлеуметтік-саяси 
қиындықтарға,  дағдарыстарға  ұшырады,  халық  тарапынан  ашық  қарсылықтарға  да 
душар  болды.  XVIII  ғ.  екінші  жартысында  қазақ  қауымдарының  орыс  билігі 
тарапына наразылықтары көп жағдайда Жайық өзенінің бойында көшіп-қонуға тиым 
салу  себептерінен  пайда  болып  отырды.  Орынбор  өлкесінің  басшысы  Неплюев           
1742 ж. күзінің өзінде қазақтарға Жайық өзенінің бойына жақын көшуге тиым салған 
болатын.  1749  ж.  қаңтарда  Неплюев  Есет  батыр  бастаған  Жетіру  ауылдарына 
Жайықтың  ішкі  жағына  өтуге  тиым  жасайды.  Ресей  тарапымен  бейбіт  қарым-
қатынаста болған Кіші жүздің белгілі адамдары Әжібай би, Алтай батыр және Арал 
мырза  Неплюевтен  осы  туралы  өтініш  қылғанда,  губернатор  олардың  үкімет 
тарапына  кезінде  көрсеткен  қызметтері  туралы  Коллегияға  мәлімдеп  рұқсат 
сұрағанымен,  жоғарғы  билік  ресми  түрде  бірнеше  жылдан  соң  ғана  жауап  беріп, 
оның  өзінде  өзеннен  өтуге  тиым  салады.  Қазақтар  әдетте  құрғақшылық  жылдары 
мыңдаған  малдарын  аталмыш  өзеннің  оң  жағына  өткізетін,  көрсетілген  жылы  да 
далалық  өңірлер  жұтқа  ұшыраған  еді,  мұндай  тиымдар  қазақтар  шаруашылығына 
үлкен зардаптар әкеліп отырды. Аталмыш тиымдар қазақтарға тығырықтан шығудың 
басқа  жолдарын  қарастыруға  мәжбүрледі.  1750  ж.  көктемінде  Әжібай  би,  Алтай 
батыр  және  басқа  да  Кіші  жүздің  көптеген  рубасы  билері  кеңес  құрып,  ауыл-
аймақтарымен  Торғай  өзенінің  арғы  жағына,  Ұлыту,  Кішітау  өңірлеріне  қоныс 
аудару  туралы  шешімге  келеді.  Деректерге  қарағанда,  қазақ  рубасылары  қыс  бойы 
Ресей тарапынан қауіпте болған. Олар осындай ойларын Нұралыға жеткізен кезде ха 
мұндай шешімге ашуланып кетуден бас тартқан [2, 343 б.]. 
Сәл алдыңғы кезеңде, 1738 және 1742 жж. Кіші жүз бен Орта жүздің билеуші 
тобы орыс үкіметіне ант қабылдағанына қарамастан, бұл құжаттардың күші тек қағаз 
жүзінде  ғана  болды  және  олардың  қазақтарға  тек  кейбір  көрші  халықтармен 
қатынастарда ғана пайдалы тұстары болды, іс жүзінде қазақ даласы тәуелсіз болатын. 
Сөз  жүзіндегі  бодандық  бастапқы  кезде  қазақ  қауымдарына,  олардың  емін-еркін 
көшіп-қонуларына  тікелей  кедергі  етпесе  де,  дала  өңірлерінде,  әсіресе  батыс 
аймақтарда  сырт  күштердің  әсерлері  бірте-бірте  біліне  бастаған  еді.  Бұл  өңірлерде 
болып  жатқан  оқиғалар  патша  чиновниктерінің  мұқият  бақылауында  болды.  Көрші 
ұлыстарды  бір-біріне  айдап  салу  және  патша  билігінің  басқа  да  құйтырқы  саясаттары 
жергілікті халықтың заңды ашу-ызасын туғызды. 
XVIII  ғ.  ІІ-жартысында  қазақтардың  көрші  халықтармен,  әсіресе  Ресей  қол 
астындағы  қалмақтармен,  башқұрттармен  және  жайық  казактарымен  қарым-
қатынастары  үлкен  тарихи  кезеңді  құрады.  Осы  халықтар  мен  қазақтар  арасында 
қақтығыстар  жиі  болып  тұрды.  Қалмақтармен  арада  ғасыр  басында  ымырасыз 
соғыстар  жүрсе,  башқұрттармен  арада  да  барымталар  мен  қақтығыстар  жиі  орын  алып 
тұратын.  Казактармен  де  аса  күрделі  қарым-қатынастар  орнады,  көп  жағдайда  олар  орыс 
шебіне жақын көшіп-қонған ауылдарға әртүрлі қысымдар көрсетіп отырды. 
Ресей  тарапымен  арадағы  айрықша  күрделі  қарым-қатынастар  Батыс 
Қазақстан  өңірінде  орын  алды,  олар  арада  талай  рет  қантөгісті  қақтығыстарға  да 
ұласып  отырды.  Өзінің  буырқанған  асау  мінезді  сипатымен  көзге  түсетін,  мұның 
үстіне саяси және экономикалық дағдарыстарға терең бойлаған Кіші жүз жұрты ұзақ 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
289 
жылдар  бойы  Орынбор  тарапын  тітіретумен  болды.  1744  ж.  өңір  қазақтарын 
бағындыру  үшін,  Орынбор  басшысы  Неплюев  өзінің  Сенатқа  ұсынған  «Қосалқы 
жоспарында»  қазақтарды  «жуасыту»  және  тезірек  бағындыру  мақсатында  шекарада 
бес  нүктеде  шоғырландырылған  үлкен  әскер  ұстауды  ұсынса,  1747  ж.  «қырғыз-
қайсақтардың ресейлік бодандыққа өткен  уақытынан бері олардан зияннан басқа еш 
пайда  болмағанын,  соның  ішінде  бүкіл  зұлымдықтардың  тек  Кіші  жүзден  ғана 
келетінін» жеткізе отырып, осы өңір қазақтарына қарсы казак әскерінен бөлек, бүкіл 
Еділ  мен  Сібір  арасындағы  халықтарды  айдап  салуды  ұсынған  болатын  [2,  181  б.]. 
Аталған жылы Неплюев Сенаттан жайық казактарының күшімен Кіші жүздің бір-екі 
ұлысын кішкене сәбилеріне дейін түгелдей қырып жіберуді де ұсынды, оның ойынша 
мұндай адамгершіліктен тыс тәсілдер оларды қорқытып ұстау үшін қажет болды.  
Патша  билік  орындарының  өздерінің  бұрынғы  еркіндіктерін  шектей 
бастауымен  келіспеген  қазақтар  жасақтарға  бірігіп  орыс  шептеріне  дүркін-дүркін 
шабуылдар  жасады.  Көп  жағдайда  шепке  шабуыл  жасауға  себеп  болатын 
қалмақтармен  арадағы  қарым-қатынастар,  дәлірек  айтқанда  осы  іске  орыс 
әкімшілігінің  араласуы  болып  табылды.  Шекара  басшылығы  қалмақтарды  қазақ 
ұлыстарына  үнемі  бағыттап  отырды,  оларды  шептен  кедергісіз  өткізіп,  жаңа 
шабуылдарға  итермеледі.  Кей  жағдайда  қалмақтардың  бір  жортуылының  өзінен 
қазақтар мыңдаған жылқыларынан айрылатын. Жиналып қарымта жорыққа аттанған 
қазақтарды  Орынбор  басшылығы  бұйрығымен  жайық  казактары  шептен  жібермей 
ұстап  қалып  отырды,  мұндай  әрекеттер  жергілікті  халықтың  заңды  ашу-ызасын 
туғызды.  Осындай  әрекеттер  салдарынан  қазақтардың  шаруашылығы  қатты 
күйзелістерге ұшырады. 
Патша үкіметі тарапының жоғарыдағы әрекеттері қазақтардың үлкен топтарға 
бірігіп,  шепті  бұзып  өту  арқылы  қалмақ  және  орыс  хуторларына  жорықтар 
ұйымдастырып,  адамдар  мен  мал-мүліктерін  әкетуіне  апарып  соғатын.  Шепке 
үздіксіз  жорықтар  нәтижесінде  қазақтардың  қолында  көптеген  ресейлік  тұтқындар 
шоғырланды,  олардың  басым  бөлігі  Хиуа  хандығына  сатылып  отырды. 
Шабуылдардың  басым  бөлігі  Нұралы  ханның  келісімінсіз,  оның  билігінен  тыс 
жасалды. Хан көп жағдайда тұтқындарды қайтаруды, жорық жасаушыларды ұстауды 
талап  еткен  Орынбор  әкімшілігі  мен  өзіне  бағынбаған  халық  арасында  күрделі 
жағдайда  қалып  отырды.  1750  ж.  18  қаңтарда  Нұралы  хан  губернатор  Неплюевке 
қазақтар қолындағы орыс және қалмақ тұтқындарды қайтару үшін жаз айларында Орынборға 
айырбас саудаға келетін белгілі деген басқарушы билердің қарамағындағы адамдарды, жақын 
туыстарын  аманат  ретінде  ұстап  қалуды  ұсынды.  Ол  өз  хатында  Кіші  және  Орта  жүздің 
белгілі деген біраз адамдарын келтіріп, олардың ішінде Қабанбай батыр, Қаратоқай, Құдаш, 
Қадырқұл т.б. билерді атаған [1, 498 б.]. 
Нұралы  өз  басқаруының  алғашқы  жылдарынан  бастап  халық  тарапынан 
Ресейдің 
қазақ 
жеріне 
ішкері 
еніп, 
бекініс-қамалдар 
тұрғызуына 
қарсы 
наразылықтарына  да  душар  болды.  1750  ж.  жергілікті  қазақтар  Каспий  теңізінің 
Жайық  сағасынан  бастап  Жем  өзеніне  дейінгі  балық  аулау  орындары  орыс  көпесі 
Курочкинге оброк ретінде берілетініне наразылық танытып, балықшылар мекені мен 
жұмысшыларды қоршап, жұмыс істеуге жібермейді. Қазақтар арасында балықшылар 
мекенінің  орнында  өздеріне  зиян  келтіретін  орыс  бекінісінің  салынатыны  туралы 
әңгіме тараған. Ресей Сыртқы Істер коллегиясы губернатор Неплюевтің ұсынуымен, балық 
аулаудан  түскен  пайда  қазақтар  мен  түрікмендердің  шабуылына  ұшырап,  қолға  түсетін 
тұтқындарға  тұрмайды  деген  тұжырыммен  аталған  жерлерді  орыс  көпесіне  беру  туралы 
шешімнен бас тартады. 
1754 ж. Елек өзенінің бойында қазақтар Тұзтөбе деп атап, бұрыннан емін-еркін 
тұз  алып  келген  жерден  Илецкая  Защита  бекінісінің  салынуына  байланысты 
жергілікті  халық  қатты  наразылық  білдіріп  Нұралыға шағымданған.  Олар  ханға  тек 
Жайық  бойы  ғана  емес,  енді  Елек  бойында  да  еркін  көшіп-қонуға  мүмкіндік 
болмайтынын,  өзеннің  бойы  басынан  бастап  сағасына  дейін  бекіністерге  толатыны 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
290 
туралы қауіп білдіріп, 1754 ж. күзіне қарай қашық жерлерге қоныс аударған. Нұралы 
сол  жылғы  қыркүйек  айында  губернатор  Неплюевке  жолдаған  хатында  бекіністің 
салынуына өзінің қарсылығы туралы, бірақ бүкіл халқы көшіп кетсе де өз әулетімен 
ешқайда  кетпейтінін,  алайда  хандық  қыларлық  қол  астында  адам  қалмайтынын, 
патша  ағзам  тарапына  қызмет  қылып  қанша  жақсы  атты  болуға  тырысса  да, 
керісінше  жыл  сайын  абыройының  төмендеп  бара  жатқанын  жеткізген.  Бұл  тұста 
Нұралының  Неплюевпен  арадағы  қарым-қатынасы  да  шиеленіске  толы  болған. 
Губернатор  хан  інісі  Айшуақ  арқылы  оған  біршама  дөрекілеу  түрде  сәлемдеме 
жолдап, Жайықтың арғы жағынан қазақтарға жерді кім бергенін ескерткен [1, 534 б.]. 
Нұралы  хан  басқарған  тұста  біршама  ірі  әлеуметтік-саяси  оқиғалардың  орын 
алғаны  айтылды,  солардың  арасында  Ресей  билігіне  қарсы  ұлт-азаттық  көтерілістер 
легі  айрықша  орын  алды  және  бұл  тек  қазақтарға  ғана  қатысты  емес  еді.  Батыс 
Қазақстанға  шектес  өңірлерде  болған  және  қазақтар  да араласқан  кез  келген  кейінгі 
көтерілістерде  Нұралы  хан  Ресей  империясының  өзіне  сеніп  тапсырылған 
міндеттерін адал атқарды, оларды басуға, үкімет талап еткен кез келген бұйрықтарды 
орындауға даяр болды. Әкімшілік шараларын бұлжытпай орындау арқылы ол үкімет 
тарапына  адал  қызметімен  көзге  түсуге  ұмтылатын.  Нұралы  ханның  отарлаушы 
үкімет шараларын орындаушы ретіндегі қызметтері әсіресе 1755 ж. кезекті башқұрт 
көтерілісі  тұсында  айқын  көрінген  еді.  Арада  барымталар  орын  алып  тұрса  да 
отаршылыққа қарсы күресте  екі халықтың да мүдделері бір болатын, кез келген  бас 
көтерулерде  башқұрттар  қазақ  даласын  паналаса,  соңғылары  оларды  өз  ауылдарына 
жасырып,  жазалаушылардан  қорғап  отыратын. Аталған жылы да жазалаудан қашып өз 
отбасыларымен қазақ жеріне мыңдап өткен башқұрттарды өлке басшысы Неплюевтің екі 
халықты  бір-біріне  айдап  салып  арандатуына  ерген  Нұралы  хан  өздерін  келіп  паналаған 
башқұрттарды жазалауға, қолға түсіріп, өлке басшылығына тапсыруға жанын сала кіріседі.  
1755 ж. башқұрт көтерілісі қазақтың батыс далаларында да үлкен із қалдырды, 
қазақ ауылдарына еніп кеткен 50 мыңдай адамды (бір деректерде 10 мың) қайтару ісі 
жылдарға  созылды.  Патша  үкіметі  екі  халықтың  Ресейге  қарсы  бірігіп  кетуінен 
қауіптенген  еді,  сол  себепті  жергілікті  өлке  басшысы  Неплюев  шұғыл  әрекеттер 
жасап,  башқұрттарды  шептен  қазақ  жеріне  өткізбеуге  және  жазалауға  жергілікті 
әскерден  бөлек  дон  казактарын,  қалмақтарды,  мещерліктер  мен  тептярларды  да 
тартады.  Қалмақтар  башқұрт  бүлігін  басуға  деп  емес,  өздерінің  негізгі  жаулары 
қазақтарға жорық үшін деп шақырылады. Қыркүйек айында өз еріктерімен үкіметке 
берілген  башқұрттарға  кешірім  жасалатыны  туралы  манифестке  байланысты 
олардың  көпшілігі  кері  қайта  бастағанда  Неплюев  қазақтар  мен  башқұрттарды  енді 
Ресейге  қарсы  бірікпейтіндей  етіп  арандату  әдісін  қолданады.  Ол  арнайы  грамота 
арқылы патшайымның «қазақ халқын башқұрттардың әйелдерімен, қыздарымен және 
дүние-мүліктерімен  марапаттайтындығын»  ал  еркектерін  Ресей  жағына  қайтарған 
жағдайда  арнайы  сый  белгіленетінін  жариялайды.  Нұралы  хан  осы  тұста  өз 
адамдарымен  башқұрттарды  жаппай  ұстауға  кіріседі.  Арандатуға  қазақтардың 
барлығы бірдей ермеген еді, Жетіру ауылдары өздерін паналап келген башқұрттарды 
жан  аямай  қорғайды.  1755  ж.  күзіне  қарай  Нұралы  ханның  өзі,  Ералы,  Айшуақ, 
Шыңғыс  сұлтандар  басқарған  1  мың  адам  башқұрттарды  қорғаған  Алданазар  би, 
Байдәулет, Есекатар және басқа батырлар бастаған Табын және Серке батыр бастаған 
Жағалбайлы ауылдарымен төрт күн соғысып, арада біраз адам қаза табады. Нұралы 
губернатор  Неплюевке  3  қыркүйекте  және  5  қарашада  жолдаған  хаттарында  «өз 
қазақтарымен төрт күн соғысқанын» жазған [4, 240 б.]. 
1755  ж.  оқиға  Ресей  империясының  дала  халықтарының  өздеріне  қарсы 
күрестеріне  жасаған  шешуші  қадамдарының  бірі  болып  табылды.  Ашық  арандатуға 
ерген қазақтар башқұрттарды қарсыласқандарын аямай қырып, отбасыларын олжаға 
ала  бастаған  еді.  Аман  қашып  құтылған  башқұрттар  өз  елдеріне  оралып  болған 
оқиғаларды  ашына  жеткізген  болатын.  Нәтижесінде  бүкіл  башқұрт  жерінде 
қазақтарға  деген  өшпес  кек  тұтанып,  енді  олар  орыстарға  қарсылықтарын  қойып, 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
291 
қайтсе  де  қазақтардан  кек  алу  үшін  қарулы  жасақтарға  біріге  бастаған.  Бұл  жолы 
Неплюевтің жасырын бұйрығымен шеп бойындағы бекеттер мен форпосттар оларды 
еш қарсылықсыз қазақ жеріне өткізеді. Үлкен  қарулы топтар қазақ жеріне жасырын 
өтіп  ауылдарға  қырғын  салады.  Нұралы  губернатордан  башқұрттарды  жазалау 
туралы өтініш жасағанда өлке басшысы, егер қазақтар кезінде оларды қабылдамаған 
болса  мұндай  оқиға  болмас  еді  деген  жауаппен  бас  тартады.  Негізін  өздері  қалаған 
туысқан  екі  халықтың  арасындағы  қырғынды  тоқтату  және  тұтқын  башқұрттарды 
қайтару  үшін  қазақ  даласына  Тевкелев  жіберіледі.  Оған  тапсырылған  инструкция 
бойынша  ол  қазақтарды  уәдемен,  жылы  сөздермен,  сыйлықтармен  және  арақ-
шараптармен  де  алдарқатуы  тиіс  болған.  Мұндай  шаралар  көмектеспеген  жағдайда 
оларды  казак  және  қалмақ  әскерімен  жазалауға  рұқсат  етілген.  Бұдан  бөлек 
Тевкелевке геодезист арқылы жасырын түрде қазақ жеріндегі өзендер мен көлдердің, 
ормандар мен қамыстардың, сай-салалардың сызбасын түсіру жүктеледі. Отарлаушы 
үкіметтің халықтарды бір-біріне айдап салу саясаты салдарынан көрші екі халықтың 
арасында ұзақ кезеңге созылған жауластық пайда болған еді. Орынбор басшысының 
аталған шарасы ХІХ ғ. орыс тарихшыларының да талдау тақырыбына айналды. Левшин 
бұл туралы: «әділін айтқанда, Ресей башқұрттардың немесе жергілікті орыстардың екеуінің 
бірін құрбандыққа шалуға тиіс болды, егер соңғыларын құтқару үшін алдыңғыларын құрбан 
етсе,  мұны  әрине  кінәлауға  болмайды»,-деп  жазды  [5,  233  б.].  Отарлау  саясатын  әсіре 
қолдаған зерттеуші  Витевскийдің талдауын  толық  келтіру  қажет  емес,  ол  қазақтар  мен 
башқұрттар арасына Неплюев сепкен дұшпандық Орта Азияға еніп бара жатқан орыс 
отарлауына  жол  аша  түскенін,  башқұрттардың  бұдан  былай  көтеріліс  жасауға 
өздерінің батылы бармаса, қазақтардың олардың дұшпандығына байланысты орыстарға 
қауіпсіз бола түскенін айта келіп Неплюевтің «орыс қаны мен орыс ақшасын сақтағанын» 
жазған болатын [3, 875 б.]. 
1755-1756  жж.  қазақтардың  шекараға  дүркін-дүркін  шабуыл  жасауына 
байланысты  Ресей  үкіметі  оларды  жазалау  үшін  үлкен  соғысқа  дайындалған. 
Левшиннің  жазуына  қарағанда,  қазақтың  батыс  даласының  толық  картасын  жасау 
туралы бұйрық шығарылып, жорыққа қаржы ізделген. Кіші жүз қауымдарына үлкен қауіп 
төнеді. Атап өтерлігі, шабуыл жоспарланғанымен осы арқылы Нұралының билігін нығайту 
көзделген. Бірақ сол тұста Ресей мен Пруссия арасында жеті жылдық соғыс басталып кетіп, 
бұл  жоспар  аяқсыз  қалған  [5,  234    б.].  Жайылым  жерлерден  таршылық  көрген  қазақтар 
шепке шабуылдарын тоқтатпайды.  
Қазақ  жеріне  шектес  орнатылған  әскери  бекіністер  жергілікті  халықты  үлкен 
қиындықтарға  душар  етті.  Ауыл-аймақтардың  өз  малдарымен  бірге  Жайықтың  оң 
жағына өтуі адам төзгісіз зорлық-зомбылықтарға ұласып отыратын-жайық казактары 
оларға  үнемі  қоқан-лоқы  жасап,  ауыр  салықтар  салып,  әрдайым  күш  көрсетіп 
отырды.  Өзінің  екпінді  асау  мінезімен  олардың  әртүрлі  қимылдарына  төтеп  беріп 
келген  Әбілқайыр  шекара  басшылығының  астыртын  әрекеттері  нәтижесінде  қаза 
болғаннан кейін орыс әкімшілігі тарапынан қысымдар одан әрі күшейе түсті. Шекара 
басшылығының  қалыптасқан  жағдайды  реттеуінен  күдер  үзген  және  емін-еркін 
көшіп-қонудан  шектелген  Кіші  жүз  қауымдары  Ресеймен  арадағы  бүкіл  қарым-
қатынасты  толық  үзу  үшін  1750-1760  жж.  аралығында  бірнеше  рет  өз  мекендерін 
тастап  даланың  алыс  түкпірлеріне  біржолата  көшіп  кетуді  де  ойластырды.  Аталған 
өңірдегі  қазақ  қауымдарының  Кубань  жеріне,  сол  жақтағы  туыстас  ноғайларға 
немесе  жоңғарлардан  босаған  шығыс  өңірлерге,  сонымен  қатар  Сырдария  бойына 
қарай  қоныс  аударуды  ойлағандары  жөнінде  шынайы  деректер  бар.  Өлке 
әкімшілігінің  саясатына  ыза  болған  Нұралы  хан  да  бір  кезеңдерде,  әсіресе  өлкені 
губернатор  Давыдов  басқарған  жылдары  халықты  орыс  шекарасынан  алыс  көшіп-
қонуға  шақырды, тіпті орыс шептеріне шабуыл жасауға да меңзеді. Кубань өңіріне кету 
туралы алғашқы ойлар 1742 ж. пайда болған болатын, 1757 ж. Кіші жүз қазақтары аталған 
өлкеге  тағы  да  адамдар  жіберіп  өздеріне  қоныстанатын  ыңғайлы  жерлер  қарастырғаны 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
292 
туралы  деректер  бар  [6,  52-53  бб.].  1759  ж.  батыс  өңір  ауыл-аймақтары  шығыстағы 
Жоңғария жеріне көшу мәселесін шынайы талқылады. 
1742  және  1749  жж.  Неплюев  басқарған  Орынбор  әкімшілігі  тарапынан 
қазақтарға  Жайық  өзенінің  оң  жағына  өтуге  тиым  салынғаны  белгілі.  1756  ж.  2 
қыркүйекте Елизавета патшайым қазақтарға Жайықтың арғы оң жағына өтуге  тиым 
салған ресми рескрипт шығарады. Онда алдағы жылдардағы оқиғалар, соның ішінде 
өзеннің  ішкі  жағына  малдарымен  өткен  қазақтар  мен  қалмақтардың,  орыс-
казактардың  арасында  жанжалдардың  жиі  орын  алатындығы  айтылады.  Бұл 
қазақтардың  шаруашылығына  үлкен  соққы  болып  тиді.  Нұралы  хан  генерал-майор 
Тевкелевке осы тиымға байланысты өз наразылығын білдірген хат жолдайды. Ол осы 
туралы  өтінішпен  патшайым  сарайына  да  өзінің  танымал  деген  билерін 
аттандыратынын  жеткізеді.  1757  ж.  24  желтоқсанда  Елизавета  патшайым  Нұралы 
ханға қазақтарға Жайықтың оң жағына малдарын өткізуге  тиым салынғаны жөнінде 
грамота шығарады. Онда ханға да, сұлтандарға, билерге және бүкіл «қырғыз-қайсақ» 
халқына осы бұйрықты орындауды міндеттеген болатын. 
Қазақтардың  шаруашылығын  күйзеліске  ұшыратқан  бұл  тиым  1759  ж.  өлке 
басшылығына  келген  Давыдов  тұсында  іске  асырылады.  Нұралы  хан  жаңа 
губернаторға  да  аталған  жылы  бірнеше  хат  жолдап,  оларда  біріншіден,  қазақтарға 
қыс кезінде Жайықтың арғы бетіне өтуге рұқсат  етуді, екіншіден, қазақтар қолынан 
қашып  шыққан  тұтқындарды  қайтаруды  сұрайды.  Хан  мен  губернатор  арасында 
ұзаққа  созылған  хат  алмасулар  ешқандай  нәтиже  әкелмей,  Сыртқы  Істер 
коллегиясына  жолданған  өтініштер  де  аяқсыз  қалады.  Нұралы  өтінішінен  хабардар 
болған  Екатерина  ІІ  патшайымның  өзі,  егер  ол  Ресейге  бағынышты  болса  рұқсат 
етілмеген жерге баруға құқы жоқ, егер мал азықтары жеткіліксіз болса сатып алсын 
не тауарға айырбастасын, – деген мағынада жауап береді. Қазақтардың өз беттерімен 
арғы  бетке  өтулері  сәтсіздікке  ұшырайды,  жайық  казактары  оларды  кері  қайтарып 
отырса, қалмақтар да шабуыл жасап, малдарын әкетіп отырады. 1759 ж. өзінде ғана 
қалмақтар қазақтардан 40 000 жылқы әкетеді [7, 176 б.]. Мұндай жағдайлар ашынған 
қазақтардың  Ресей  ықпалынан  алыс  жерлерге  кету  туралы  ойларға  жетелейді.  Хан 
ордасынан  оралған аудармашы Я. Гуляев қазақтардың орыстарға өте наразы екенін, 
жоғарыдағы  талаптар  орындалмаған  жағдайда  Нұралының  өзінің  көпшілік  алдында 
орыс  шебінен  алыс  жоңғарлардан  босаған  жерлерге,  Бұқара,  Ташкент  және  басқа 
өңірлерге қоныс аудару туралы айтқанын жеткізген. Аталған алыс өңірлерге көшуге 
әсіресе ханның інісі Ералы сұлтан үндеген [6, 70 б.].  
  XVIII  ғ.  ортасында  Кіші  жүз  қазақтары  Ресей  шекарасынан  алыс  жерлерге 
біржолата кету туралы бірнеше рет оқталған еді. Мұндай әсіре шаралар қазақтар мен 
өлке  әкімшілігі  арасындағы  күрделі  қарым-қатынастар  салдарынан,  әкімшіліктің 
қазақтардың  ішкі-сыртқы  істеріне,  әсіресе  қалмақтармен  арадағы  қатынастарға 
араласуынан,  өз  құқықтарының  шектелуінен  туындады.  Халықтың  Нұралыға  сенімі 
де күрт төмендеген болатын, ханның өзі хаттарында халықтың оны тыңдаудан қалып 
бара  жатқанын,  басқа  қашық  өңірлерге  қоныс  аударуды  ойлап,  өзін  де  соған 
мәжбүрлеп  отырғанын  мойындаған.  Сонымен  бірге  ол  қазақтардың  шепке  шабуыл 
жасаулары мүмкін екенін айтып, Жайық бойында сақтық шараларын қабылдауды ескерткен. 
Ресей  Сыртқы  Істер  коллегиясы  1759  ж.  5  қыркүйектегі  №  708  жарғысында  Нұралы 
хаттарындағы  мәселелерді  қарастыра  келе,  шекаралық  бекіністер  мен  форпосттарды  әскери 
жағдайға келтіру, қалмақтардан да әскер талап ету, қажет болған жағдайда башқұрттарды да 
қазақтарға айдап салу туралы шешімге келген [6, 71 б.].  
Қазақ қауымдарының орыс шебіне қауіпті көрші болғаны белгілі. Көшпелілер 
шеп  тұрғындарына  көптеген  шабуылдар  жасап  отырды,  адамдар  тұтқындады.  XVIII 
ғ. жататын қазақ-орыс қатынастарына қатысты мұрағат деректерінің көпшілігі шепке 
жасалған шапқыншылықтар мен қазақ даласынан қашып шыққан  тұтқындар туралы 
болып  келеді.  Алайда  бұл  орыс-казактар  тарапынан  далалықтардың  жазаларға 
ұшырамағаны  туралы  ой  туғызбауы  тиіс.  Ресми  шаралар  құпия  ұсталса,  жергілікті 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
293 
шеп  командирлері  әртүрлі  себептермен  қазақ  қоныстарына  басып  кіре  беретін.  Іс 
жүзінде  қазақтар  шабуылдары  да  орыс  шебінің  тұрғындарына  үлкен  қасіреттер 
әкелді,  жүздеген  адамдар  Хиуа  өңірінде  ұзақ  жылдар  еркінен  тыс  ұсталды.  Ресей 
билік  орындары  бұған  назар  аударғанымен,  нақты  іс-шаралар  қолдануға  асыққан 
жоқ.  Ұзақ  мерзімге  жоспарланған  отарлау  ісінің  алғашқы  кезеңдері  ғана  өтуде  еді, 
мұндай  «ұлы  істер»  белгілі  бір  құрбандықтарды  қажет  ететін.  Патша  үкіметі  қазақ 
билеушілеріне  сый-сияпаттар  мен  шен-шекпендер  беру,  өз  бекініс-қалалары  мен 
әскери  күш-қуатын,  жетістіктерін  көрсету  арқылы  мысын  басуға  тырысты.  Жазалау 
әскері шығарылғанымен қазақтарды мүлдем үркітіп алмауға, өздерінен алыстатпауға 
үлкен  мән  берілді.  Сонымен  қатар,  олардың  өз  шептерінен  алыс  көшіп  кетулерін 
қалаған жоқ. Қазақтар оларға мықты шикізат базасы ретінде қажет еді. Сауда-саттық 
та  маңызды  роль  атқарды.  Орынбор,  Орск,  Троицк  бекіністеріндегі  саудадан  патша 
үкіметі  миллиондаған  рубль  пайда  көретін.  Сауда-саттық  ісі  қазақтарға  да  тиімді 
болды. ХІХ ғ. аяғындағы орыс зерттеушілерінің бірі Добросмысловтың жазғанындай: 
«қазақтарды  жуасыту  үшін  үлкен  жасақ  та  шығаруға  болар  еді,  бірақ  бұл  онсыз  да 
орыс шептерінен кетуді армандап жүрген оларды мәңгілікке жоғалтып алумен пара-
пар болатын; онда біз әйтеуір алдағы болашақта болсын орыс халқына сіңіп қосыла 
алатын бірнеше жүз мың қол астымыздағы халықтан айрылып қана қоймай, біршама 
сауда табыстарынан да айрылар едік» [6, 162 б.]. 
Орынбор  әкімшілігімен  арадағы  келіспеушіліктер,  қол  астындағы  халқының 
патша үкіметіне наразылықтарының күшеюі Нұралы ханға сыртқы саясатта қосымша 
қадамдар  қарастыруға  мәжбүр  еткен  тәрізді.  XVIII  ғ.  60-жж.  басында  ол  өлке 
басшылығынан  жасырын  Ресейдің  негізгі  бақталасы  Цин  империясымен  қарым-
қатынастарға шыға бастайды. Бұл туралы деректер өте  аз әрі мардымсыз болғанына 
қарамастан  Нұралының  1762  ж.  Цин  империясына  елшілік  жібергені  туралы  қытай 
жылнамаларында  сақталған.  Цин  патшалығына  негізінен  сәйгүлік  жылқылардан 
тұратын  сый-сияпаттармен  келген  хан  елшілерінің  қандай  саяси  келіссөздер 
жүргізгені  белгісіз,  дегенмен  олардың  Пекинге  жіберіліп,  осы  қалада  1763  ж.  23 
ақпанға  дейін  тұрғандары  белгілі.  Цин  императоры  Цяньлуннің  елшілер  арқылы 
Нұралыға  арналған  хаты  да  сақталған,  онда  өзінің  елшілерді  жақсы  қарсы  алып, 
сыйлықтар  тарту  еткені  айтылып:  «...сен  де  патшалығымыздың  сән-салтанатына 
ынтызар болып, бізге бағыну ниетіңді білдіріп, маған арғымақ сыйлап отырсың. Бұл 
сенің  шын  пейілде  екеніңді  білдіреді.  Көшіп-қонып  жүрген  жерлерің  өте  алыста 
болғандықтан  және  сен  тұңғыш  рет  елші  жібергендіктен,  мен  саған  ерекше  сыйлық 
сыйладым.  Сен  енді  патшамыздың  үлкен  мархабатына бөленіп  отырғандықтан,  заң-
ережелерді жақсы сақтап, өз адамдарыңды тежеп, көршілермен тату-тәтті өмір сүруің 
керек...»,-деп  көрсетілген  [8,  62  б.].  Бір  атап  өтерлігі,  Нұралы  елшілерімен  бір 
уақытта дерлік цин сарайына Батыр хан мен оның ұлы, бір кезеңде Хиуа ханы болған 
Қайыптың  елшілері  де  барған.  Академик  Вяткин  өз  монографиясында  Нұралының 
Қытаймен қарым-қатынастары 1764 ж. дейін жалғасып, іс жүзінде ешқандай нәтиже 
бермегенін,  бұл  туралы  білген  орыс  үкіметінің  екі  арадағы  ондай  байланыстарды 
болдырмау  үшін  сібір  корпусының  казактарына  қазақтарды  қытай  шекара 
бекеттеріне  шабуыл  жасауға  итермелеуді  ұсынғанын  келтірген  [8,  177  б.].  Қытай 
тарапы  1757  ж.  аяғында  шығыстағы  қалған  жоңғар  ұлыстарында  жорықта  жүрген 
Ералы  сұлтан  арқылы  Нұралыдан  цин  патшасына  елші  жіберуді,  арада  қарым-
қатынас  орнатуды  сұраған  болатын.  Көрсетілген  1757 ж.  Ресей  мен  Цин  империясы 
арасындағы  жағдай  шиеленіскен  тұста  Нұралының  өз  әскерімен  қытайлықтармен 
соғысуға уәде бергенін атап өту қажет [1, 555-569 бб.]. 
Осылайша,  Нұралының  шығыстағы  империямен  қарым-қатынас  жасауға 
ұмтылған  әрекеті  сәтсіз  аяқталса,  оңтүстіктегі  көрші  халықтармен,  Хиуамен 
қатынастары  да  тұрақты  болмағаны  белгілі.  Қарақалпақтармен,  аралдықтармен 
байланыстар бірде қалыпты болса, бірде қақтығыстарға да ұласып отыратын. 1758 ж. 
Кіші  жүздегі  келесі  хан,  Нұралының  негізгі  бақталасы  Батырдың  ұлы  Қайып  Хиуа 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
294 
хандығынан қуылғаннан кейін  Нұралымен жылы қарым-қатынас орнатуға тырысып, 
бұрын  араз  болған  екі  әулеттің  арасы  біршама  жақсарған  болатын.  Әкесі 
Әбілқайырдың  кезінде  аралдықтарға  біршама  уақыт  хан  болған  Нұралы  оңтүстік 
өңірлердегі  әлеуметтік-саяси  жағдайларға  ықпал  етуге  тырысып  отырды.  Дегенмен, 
әртүрлі саяси бағыттар іздеуге тырысқанымен, Нұралы әкесі Әбілқайыр негізін қалап 
кеткен  Ресей  бағытынан  ауытқи  алған  жоқ,  бұл  аталған  кезеңде  мүмкін  де  емес 
болатын.  Жоғарыда  аталғандай,  ханның  өз  қол  астындағы  халқымен  де  қарым-
қатынасы  біршама  күрделі  болды,  шамамен  XVIII  ғ.  50-жж.  соңынан  бастап  оның 
жеке-дара  билік  орнатуға,  ел  басқаруда  билердің  ықпалын  төмендетуге  тырысуы, 
белгілі рубасылар тарапынан қарсылықтар туғызды. Көрсетілген жылдары басталған 
осы  қарсылық  ұзақ  жылдарға  созылып  оның  билігіне  қарсы  шыққан  ірі  рубасы 
билердің  күресіне  ұласқан  еді.  Осындай  хандық  билігінің  дағдарыстары  тұсында 
Нұралы тек патша үкіметіне ғана арқа сүйеді. 
1765-1766  жж.  Кіші  жүз  қазақтары  қалмақтар  мен  орыс  форпосттарына 
бірнеше  рет  шабуыл  жасайды.  Жорықшылар  әдетте  өз  ауылдарын  даланың  алыс 
түкпірлеріне  орналастыратын.  Мұндай  әрекеттерге  Нұралы  хан  да  ешқандай  шара 
қолдана  алмайды.  Мәселені  реттеуден  күдер  үзген  өлке  әкімшілігі  1765 ж. жазында 
қазақтарды  жазалауға  ірі  әскер  шығарып,  олар  шепке  жақын  орналасқан  жазықсыз 
қазақ ауылдарына аяусыз қырғын салады. Осы қырғыннан соң Батыс Қазақстан ауыл-
аймақтары орыс шекарасынан мәңгіге кетуді тағы да ойлайды. 
XVIII  ғ.  50-60  жж.  Нұралы  хан  иелігіндегі  қазақ  қауымдары  үшін  көрші 
халықтармен  күрделі  қатынастар  орын  алды.  Солтүстіктегі  башқұрттармен  қарым-
қатынастар  1755  ж.  оқиғалардан  соң  біржолата  бұзылса,  солтүстік-батыста 
қалмақтармен  ара-қатынас  көп  жағдайда  жауласу  қалпында  сақталды.  Қалмақ 
ұлыстары мен қазақтар арасында әдеттегідей теке-тірестер екі жақтан да алма кезек 
жорықтармен,  шапқыншылықтармен  жалғасып  отыратын.  Екі  халық  арасындағы 
қақтығыстар  әсіресе  Жайықтың  оң  жағындағы  жайылымдар  үшін  өршіп  отырды. 
Ұзаққа  созылған  қалмақтармен  жауласу  дәуірі  олардың  1771  ж.  шығыстағы  жоңғар 
жеріне  қоныс  аударып  кеткенге  дейін  жалғасты,  дегенмен  қалмақтар  тарапынан  ірі 
барымталар  XVIII  ғ.  80-жж.  да  орын  алып  отырды.  Қазақтар  үшін  оңтүстіктегі 
түрікмендермен  қарым-қатынастар  да  аса  күрделі  болды.  Аталған  ғасырдың  40-жж. 
екі жақтан да іпі шапқыншылықтар орын алса, Нұралы кезінде, әсіресе сол ғасырдың 
60-жж.  екі  арадағы  қатынастар  ушыға  түскен  еді.  1767-1768  жж.  Хиуа  хандығында 
билік  үшін  талас-тартыстар  кезінде  түрікмен-йомудтарға  (жәуміт)  қарсы  күрескен 
өзбек тарапының тақтан үміткері Мұхаммед Әмин өз жауларына қарсы Нұралыны да 
тартады. 1766 ж. қаңтарында йомудтар қазақтарға орасан соққы жасап, 1000-ға жуық 
адамды  өлтіріп,  3000-нан  астам  адамды  тұтқындап  әкетеді  [8,  171  б.].  Нұралы 
Хиуадағы оқиғаларға араласады. 1768-1770 жж. хиуалық тақта бірнеше хан ауысады. 
Нұралының  оңтүстік  өңірлердегі  қимылдары  мен  басқа  да  оқиғалар  туралы  нақты 
деректер аз, бірақ олар табыссыз болмаған сияқты, ханның бір ұлы Пірәлі (Пірғали) 
шамамен 1770 ж. бастап маңқышлақ түрікмендеріне хан болады. 
Нұралы  хан  тұсында  ең  қарама-қайшылыққа  толы  оқиғалар  солтүстікте  және 
солтүстік-батыста  Жайық  шебі  бойындағы  казактармен  арада  орын  алды.  Орынбор 
әкімшілігі тікелей араласқан бұл қарым-қатынастар қазақтар үшін үлкен күйзелістер 
де  әкеліп  отырды.  Ресми  түрде  қазақтар  өз  боданы  саналғанымен  орыс  билігі 
олардың  ішкі-сыртқы  істерін,  әсіресе  көрші  халықтармен  ара  байланысын  жіті 
қадағалап,  көп  жағдайда  оларға  астыртын  араласып  отыратын.  Қазақ  даласына,  кез 
келген  билеушінің  ордасына  әртүрлі  санаттағы  іс  жүргізушілер,  аудармашылар, 
саудагерлер  көптеп  жіберілетін,  олардың  көпшілігі  тікелей  тыңшылар  болып 
табылды.  Орталық  үкімет  даладан  түскен  ақпарлар  арқылы  қазақ  сұлтандары  мен 
билерінің  кез  келген  қадамдарынан хабардар  болып  отырды. Жайық  казак  әскері  де 
қарапайым қазақ қауымдарының ымырасыз жаулары болып табылды. Олар Орынбор 
әкімшілігінің қолдауымен қазақ ауылдарына дүркін-дүркін шапқыншылықтар жасап 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
295 
отырды, кей жағдайда оларды қазақ сұлтандары да қолдайтын. Қазақтар мен жайық 
әскері арасында ертеден күрделі байланыстар қалыптасқан еді, бұл байланыстар ұзақ 
тарихи  кезеңдерге  созылды.  Қазақтар  да  орыс  шептеріне  жиі  шабуылдар  жасап 
отырды,  шептен  адамдар  тұтқындап,  мал-мүліктер  әкететін.  Олардың  мұндай 
әрекеттері  жайық  әскері  тарапынан  жазалауға  ұшырап  отырды,  әсіресе  жекелеген 
казак командирлері қазақ ауылдарын талқандаумен көзге түсті. Көп жағдайда қарулы 
казак жасақтары дала өңіріне ешқандай себепсіз басып кіріп бейбіт ауылдардың мал-
мүліктерін тартып әкететін. 
XVIII  ғ.  ортасында  Кіші  жүз  қазақтары  солтүстікте  Астрахань,  Гурьев, 
Орынбор,  Жайық  қалашығы  басқа  да  бекіністер  маңында,  оңтүстікте  Хиуа 
иеліктерінде  сауда-саттықтар  жүргізді.  Орынбор  губернаторы  Неплюев  алдыңғы 
1743 ж. қазақтарды ресейлік қалаларға жібермей, тек Орынбор және Жайық бойында 
шектеуді  ұсынып,  бұл  кезінде  Әбілқайыр  ханның  қатты  наразылығын  туғызған  еді. 
Орынбор әкімшілігі Нұралы ханнан да сауда керуендерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді 
талап  етті.  Орынборға  және  Троицк  бекінісіне  келетін  және  одан  шығатын  ресейлік, 
хиуалық,  бұқарлық,  ташкенттік  сауда  керуендерінің  барлығы  дерлік  Кіші  жүз  жері 
арқылы өтетін. Қазақ керуендері де қызу айырбас сауда істерін жүргізді, оларды көп 
жағдайда белгілі рубасы билерінің өздері бастап отырды. Қазақтар оңтүстіктегі Хиуа 
өңіріне  де  сауда-саттық  істерімен  жиі  баратын.  Арада  әртүрлі  жағдайлар  да  орын 
алып  жататын,  кейде  сауда  керуендері  қазақтар  тарапынан  шапқыншылықтарға 
ұшыраса, керісінше жағдайлар да болып тұрған. Мысалы, 1750 ж. Нұралы Хиуаға өзі 
елші  ретінде жіберген нағашы ағасы Мырзатай батыр мен сауда-саттық жасау үшін оған 
ерген 300 адам сол өңірлерде аралдықтардың шабуылына ұшырап, бірқатар қазақтар қаза 
табады.  Осыған  қарымта ретінде Ералы, Айшуақ,  Батыр  сұлтандар, Жәнібек  батыр  және 
басқалары  бастаған  қазақтар  Хиуа  маңында  аралдықтар мен  қарақалпақтарды  талқандап, 
көптеген адамдары мен мал-мүліктерін қолға түсірген [1, 509 б.].  
Нұралы  хан  басқарған  кезеңде  бүкіл  далалық  халықтар  арасындағы  маңызды 
оқиғалардың  бірі  болып  өтті.  1771  ж.  қаңтар  айында  Еділ  бойындағы  қалмақтар 
өздерінің бұрынғы мекендері Жоңғария жеріне оралуды шешіп шығысқа қарай үдере 
қоныс  аударады.  Бұл  көш  Ұлы  Дала  тарихындағы  халықтардың  ең  соңғы  қоныс 
аударуы болып  табылды. Аталған оқиға қазақтардың әлеуметтік-саяси өміріндегі ең 
маңызды  жайттардың  бірі  болып  табылатын.  Патша  үкіметі  көшушілерді  қайтаруға 
шұғыл  әрекеттер  жасады,  бұл  шараға  қазақ  билеушілері  Нұралы,  Абылай  хандар, 
Ералы,  Айшуақ  сұлтандар,  басқа  да  көптеген  билер  мен  батырлар  белсене  қатысты. 
Олар  көшкен  қалмақ  ұлыстарын  жол  бойы  шауып,  адамдары  мен  мал-мүліктерін 
алып қалып отырды. Қалмақтардан босаған жерлер қазақтардың шаруашылығы үшін 
аса  маңызды  роль  ойнайтын,  алайда  Ресей  үкіметі  бұл  мәселені  қарастырғанымен, 
бұрынғы  тиымды  сол  күйінде  қалдырды.  Жайық  пен  Еділ  арасындағы  жерлер 
қазақтарға тек 30 жылдан соң ғана 1801 ж. берілді.  
Нұралы билеген кезеңде бүкіл Ресей империясының әлеуметтік-саяси өмірінде 
үлкен із қалдырған ірі оқиға орын алды, оған шеп бойындағы көптеген халықтардың, 
соның ішінде қазақтардың да тікелей қатысы болған еді. Ол 1773-1775 жж. Е.Пугачев 
бастаған  жайық  казактарының  көтерілісі  болатын,  оған  Еділ,  Оңтүстік  Орал 
өңіріндегі  жергілікті  халықтардың  барлығы  дерлік  қатысты.  Көтеріліс  басталмай 
тұрып  Пугачев  Нұралы  адамдарымен  кездесіп,  қазақтардың  өз  жағында  соғысуын 
сұрады,  1773 ж.  қыркүйегінде  қазақтарға арналған  манифест  жариялап,  оларға жер-
су,  көгалдар,  азық-түлік  т.б.  беруге  уәде  етті.  Нұралы  бастапқыда  өзін  ІІІ  Петр  деп 
жариялаған  бүлікшіні  мойындайтынын  айтып  хат  жазғанымен  екі  жақты  саясат 
ұстанғаны белгілі. Пугачевтің Орынборды қоршауы кезінде қазақ жасақтары шептен 
жаппай  өтіп  көптеген  орыс  елді-мекендерін  шауып,  Самара  губерниясына  дейін 
жетеді,  мыңдаған  адамдарды  тұтқынға  алады.  Орыс  билігіне  ғана  сүйенген  Нұралы 
хан  әлбетте  өз  қауымдарын  мұндай  әрекеттерден  тыя  алмайды.  Ол  да  өз 
ауылдарымен  қалың  дүрмектің  қысымымен,  жер  тарлығына  сай  Жайықтың  оң 

 
                
 
 
 
 
БҚМУ Хабаршы №4-2016ж.  
 
296 
жағына  өтуге  мәжбүр  болады.  Пугачев  көтерілісінен  соң  іле-шала  басталған  «Көрінбес-
Көктемір» көтерілісі кезінде (1775-1776) Нұралы Орынбор әкімшілігінің міндеттеуімен бұл 
қарсылықты  басуға  әрекеттер  жасайды.  Аталған  халық  толқуларының  нәтижесінде  ұзақ 
жылдар Жайықтың оң жағына өте алмаған қазақ қауымдары 1773 ж. бастап бірнеше жыл 
қатарынан аталған бетке өтуге мүмкіндік алады.  
Қазақтардың 
XVIII 
ғасырдағы 
орыс 
шебі 
тұрғындарымен 
қарым-
қатынастарына байланысты бүкіл оқиғалар тізбегін беру мүмкін емес. Арада қарама-
қайшылықтар  мен  әділетсіздіктер  көп  орын  алды,  көпшілік  зауалдардың  себебі 
қазақдаласындағы  жаппай  анархияға  алып  келген  хандық  биліктің  әдейі 
құлдыратылуы болып табылды. 1783-1797 жж. жергілікті қуыршақ хан мен патша үкіметіне 
қарсы  көтерілген  қазақ  жасақтары  ұзақ  жылдар  бойы  орыс  шебіне  көптеген  шабуылдар 
ұйымдастырды. 1785 ж. қазақ даласына шығарылған 2669 казак пен башқұрттардан тұратын 
генерал-майор  Смирновтың  әскери  командасы  көптеген  ауылдарды  талқандап,  66  адамды 
қолға түсірді, олардың 50-ден астамы әйелдер мен балалар болатын.  
Қорыта  келе  Батыс  Қазақстандағы  Пугачев,  Көктемір  және  Сырым  Датұлы 
бастаған  көтерілістер  орын  алған  –  XVIII  ғ.  70-90  жж.  тарихи  кезең  қазақ 
қауымдарының  солтүстік  көршілерімен  қарым-қатынасында  ең  күрделі  кезеңдердің 
бірін 
құрады. 
Көрсетілген 
жылдары 
орыс 
шебіне 
сандаған 
шабуылдар 
ұйымдастырылып,  кез  келген  жорық  адамдар  мен  мал-мүліктерді  әкетумен  ұласып 
отырды.  Аталған  кезеңде  орыс  адамдарын  тұтқындау  әрекеттері  шамадан  тыс 
көбейді, алайда мұның барлығының өз себептері бар еді, олардың ең бастысы Жайық 
бойындағы  адам  төзгісіз  жәбір-kgжапалар  мен  қиянаттар  болып  табылды. 
Көрсетілген қарсылықтардың барлығы бір тізбектің буындары болып табылды, олар 
орыс  үкіметінің  өздерінің  бұрынғы  еркіндіктері  мен  құқықтарын  шектеуіне,  өз  ішкі 
істеріне  араласуына,  көрсеткен  зорлық-зомбылықтарына  байланысты  наразылықтан 
туындады. Бұл қарсылықтар бұрын көрсетілгендей, шаруалар көтерілістері емес  еді. 
Оларды  жоғары  әлеуметтік  орталардан  шыққан  белгілі  билер  мен  батырлардың 
ұйымдастыруы,  сонымен  қатар  оған  сұлтандардың  да  қатысуы  қазақ  элитасы 
арасында  отарлауға  қарсы  наразылықтардың  күшті  болғанын  көрсетеді.  Біршама 
әдебиеттер  мен  деректердің  болуына  қарамастан,  аталған  кезең,  жалпы  XVIII  ғ. 
екінші жартысының әлеуметтік-саяси оқиғалары біздің тарихымыздағы аз зерттелген 
тақырыптардың бірін құрайды.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет