1 — ші фаза (метаболикалық қайта құру) — тотығу, тотықсыздану, гидролиз реакцияларымен байланысты және ферменттердің қатысуымен жүреді, негізінен бауырдың эндоплазмалық ретикулумында және басқа мүшелерде (бүйрек үсті бездері, бүйректер, ішек, өкпе және т.б.).
1ші сатысы
Тотығу. Тотығу реакцияларын жүзеге асыруда бауырдың микросомальды ферменттері өте маңызды. Микросомальды ферменттер тек май қышқылдарының тотығуын, стероидтердің гидроксилденуін, терпендер мен алкалоидтардың тотығуын ғана емес, сонымен қатар әртүрлі дәрілердің, пестицидтердің, канцерогенді ПАУДЫҢ және басқа ксенобиотиктердің тотығуын катализдейді.