Қорытынды -Фотосинтез дегеніміз — жасыл жапырақ хлоропластары арқылы күн сәулесі энергиясының химиялық байланыс энергиясына айналу процесі жүреді.
-Квант жарығының электрондарымен хлорофилдерден ығысып шықкан энергия АДФ мен фосфаттан АТФ-тың синтезделуіне жұмсалады.
-Жоғары сатыдағы өсімдіктердің жарың фазасының негізін циклді емес фотофосфорлану құрайды.
-Мұнда электрондар энергиясы АТФ-тың синтезделуіне, молекулалық оттектің бөлінуі арқылы судың ыдырауына (фотолиз) және НАДФН синтезіне жұмсалады.
-Фотосинтездің қараңғы фазасында көмірқышқыл газын пайдалану және соның негізінде органикалық қосылыстарды синтездеу үшін АТФ және НАДФН энергиясы қолданылады. Хемосинтез — тотығу процесі нәтижесінде CO, газынан органикалық заттардың бейорганикалық заттардан (H2S, әр түрлі металл иондары) түзілу процесі.
Көптеген зерттеулердің нәтижесінде бір жылдық өсімдіктерде фотосинтез қарқындылығы онтогенез барысында бір шыңды (максимумды) болып өзгереді. Жас өскіндерде жер бетіне шығысымен-ақ, бірнеше минут ішінде хлорофилл пайда болғанымен СО2нің ассимиляциялануы 4 сағаттан соң басталады. Демек, осы мезгілде фотосинтездің қараңғылықта іске асатын реакцияларына қажетті ферменттердің өзіндік құрылымдары қалыптасады.
Фотосинтез процесінің ең жоғары қарқындылығы өсімдіктердің көбею (гүлдеу, тозаңдану, ұрықтану) кезеңіне тура келеді. Қорыта айтқанда ерте көктемде фотосинтез қарқындылығ баяулау болады да, жаз айларында жоғарылап, күзге қарай тағы бәсеңдеп, тұрақты аяз мезгілі басталысымен тоқтап қалады.
Пайдаланылған әдебиеттер Биология: Жалпы білім беретін мектептің, 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген/ М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра,
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. Ғасыр-Ш, 2005 ж
"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том