Н. А. Раупова Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді Алматы



жүктеу 411.33 Kb.
Pdf просмотр
бет1/8
Дата04.02.2017
өлшемі411.33 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

Н. А. Раупова 

Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған

А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының сарапшыларымен келісілді

Алматы «Атамұра» 2016


 

Раупова Н. А. 

Р22  Көркем еңбек: Оқыту әдістемесі: Жалпы білім беретін мектептің 1-сынып мұғалімдеріне арналған. /  

Н. А. Раупова. – Алматы: Атамұра, 2016. – 72 бет.

 

 

ISBN 978-601-306-601-1



ӘОЖ 373 (072)

КБЖ  74.268.51 я 71

      

Р 22


©  Раупова Н. А., 2016

©  «Атамұра», 2016

ISBN 978-601-306-601-1

ӘОЖ 373 (072)

КБЖ  74.268.51я71


3

«КӨРКЕМ ЕҢБЕК» ПӘНІНІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ  

МІНДЕТТЕРІ МЕН ОЛАРДЫҢ ОӘК ШЕШІМІН ТАБУЫ

– Әртүрлі іс-әрекеттер арқылы білім, білік және дағдыларын дамыту.

Оқушылар оқулықта түс, сызық, пішін, композиция, материалдар мен тәсілдер тура-

лы жаңа мәліметтермен танысады.  Жұмыс дәптерінде меңгерген білімдері мен дағдылары 

бойынша жұмыс істейді. Тапсырмаларды орындау барысында шығармашылық қабілеттері 

артып, білік және дағдылары жинақталады.

–  Ұлттық  және  әлем  мәдениетімен,  өнер  туындыларымен  таныстыру  арқылы 

құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. 

Оқулықта  оқушылар  әлемдік  мәдениетпен  сусындауға  мүмкіндік  алатын  иллюс-

тративтік материалдардың мол қоры бар. Сабақ материалдарымен қоса жүретін сұрақтар 

өнер туындыларымен тереңірек танысуға мүмкіндік береді. Сонда оқушылардың бойын-

да туындыны түсіну мәдениеті мен талғамы   қалыптасады. 

– Өнер түрлері мен жанрлары туралы білімдерін пайдаланып, сыни тұрғыдан ойлауын, 

эстетикалық қабылдауы мен көзбен шолып байқауын дамыту үшін терминдер мен  ұғымдарды 

меңгеру.

Оқушылар жыл бойы «портрет», «пейзаж», «натюрморт» ұғымдарымен танысып, осы 

жанрдағы  туындыларды  басқа  туындылардың  ішінен  ажыратып  үйренеді,  оларды  тал-

дап, кескіндеме, графика және мүсін өнері жұмыстарын орындайды. Жиырма бестен аса 

негізгі терминді меңгереді. 

– Байқау, тәжірибе жасау және көрсету арқылы зерттей білу дағдыларын дамыту.

Оқулық пен жұмыс дәптерлерінде байқау, тәжірибе жасап, талдауға арналған көптеген 

тапсырмалар бар. Мысалы, оқушылар адамның бет әлпетін зерттейді, оның ұқсастықтары 

мен  ерекшеліктерін  бақылап,  пішін  қалай  жасалатынын,  адам  бетінің  пішін  және 

түспен байланысын анықтайды. Түстерді араластырып, қарапайым пішіндерден күрделі 

пішіндер жасау үшін тәжірибелер жасайды. 



– Шығармашылық жұмыстар жасау үшін әртүрлі материал және құрал-жабдықтармен 

жұмыс істеуді меңгеру.

Оқушылар жыл бойы табиғи материалдар, бояу, балауыз борлар, полимерлі сазбал-

шық, ермексазды қолданып, аппликация, коллаж, оригами жасау тәсілдерін меңгереді, 

бе дерлі және көлемді бейнелер жасауды үйренеді. 



– Дұрыс көзқарастарын қалыптастырып, өзін-өзі бағалау.

 Әдемілікті көріп, шығармашылық жұмыстар орындау арқылы қабілетін байқап, олар-

ды талдап, танысады (сабақ материалы мен тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне 

сәйкес  келеді)  және  құрдастарының  жасаған  жұмыстарымен  танысу  арқылы  дұрыс 

көзқарас қалыптасады. 

– Ұлттық және әлемдік мәдени мұраның мәнін, сонымен қатар көркем еңбектің маңызын 

түсіну.

Оқулықта  әрдайым  әлем  жауһарларына  шолу  жасалып  отырады.  Оқушылар  олар-

ды мұқият қарап шығып, суретшілердің еңбектеріне қатысты сұрақтарға жауап береді, 

әлемдік мәдени мұралардың құндылығын түсінеді. Шығармашылық жұмыстар орындап, 

ең үздік жұмыстарды көрмеге қою арқылы оқушылар мен басқа да қоғам мүшелерінің 

арасында байланыс орнайды. 



4

–  Жұмыс  жасау  үшін  әртүрлі  қабілеттерін  (табу,  жинау,  таңдап  алу)  дамытуға  ықпал 

ететін танымдық, ұйымдастырушылық және адамгершілік сипаттағы әр алуан міндеттерді өз 

бетінше қалыптастыру.

      Оқулықта  да,  жұмыс  дәптерлерінде  де  әртүрлі  тақырыптар  бойынша  тапсырма-

лар  мен  мәліметтер  бар.  Арнайы  айдарда  оқушыларға  тақырып  бойынша  мәліметтерді 

кітаптардан және Интернеттен табу ұсынылады. Белгілі бір жұмыс орындағанда керекті 

мәліметті таңдап, жинақтайды. Кейбір жұмыстарды топта бірігіп орындайды, оқушылар 

топтаға жұмысын жоспарлап, алған білімі мен біліктерін қолданады, одан соң жұмыстың 

нәтижелерін талдайды. 

– Ұжымда, топта және өз бетінше жұмыс істеу барысында байқампаздықты, елестету, 

қиялдары мен шығармашылықтарын, қолдың сезімталдығы мен икемділігін дамыту.

Оқулық  пен  жұмыс  дәптерлеріндегі  тапсырмалардың  барлығы  шығармашылық 

сипатқа  ие  және  оқушылардың  қиял,  елестетулерін  дамытуға  бағытталған.  Сурет  салу 

мен бұйым жасауға арналған тапсырмалар қолдың икемділігі мен сезімталдығын дамы-

тады. Бұл баланың ақыл-ой қабілетін ұштауға септігін тигізеді. 

Қорытынды  жұмыс  ретінде  оқушыларға  екі  ұжымдық  жұмыс  орындау  тапсырыла-

ды,  сондай-ақ  оларды  бәрі  бірігіп  таныстырады.  Пәннің  мақсаты  оқушылардың  жеке 

шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  бағытталғандықтан,  жұмыстың  басым  бөлігі  өз 

бетінше орындалады. 

I

ОҚУЛЫҚ – ақпараттардың негізгі қайнар көзі. Ол сабақта мұғалімге де, оқушыларға да 

қажет.

«Көркем еңбек» оқулығы «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізгі 

қағидаларын  сақтап,  шынайы  өмірмен  тікелей  байланысқа  бағыттап,  екеуінің  де 

мазмұнын  тереңдете  отырып  құрылды.  Оқулықта  Бағдарламадағы  ортақ  тақырыптар 

бойынша жалпы материалдар, түстану, сурет, композиция, сәндік-қолданбалы өнер, со-

нымен қатар көркем бұйымдар жасау тәсілдері мен жолдары  қарастырылатын білім, білік 

және дағдылары қалыптастыруға бағытталған материалдар бар. 

Бұл  оқулық  терең  білім  алуға  негізделген.  Оқушылар  әрбір  тақырып  бойынша  тек  

білім алып қана қоймай, жаңа материалды талдауды үйренеді. Ол үшін  материалды мұқият 

түсіну керек. Мысалы, оқушыларға қандай пішіндер бар екенін айтып қана қоймай, сызық 

қалай  жасалатынын,  сызықтардан  пішін  пайда  болатынын,  қарапайым  пішіндерден 

күрделі  пішіндер  құралатынын,  қарапайым  пішіндерден  аппликация  жасалатыны  ай-

тылады.  «Өзім  туралы»  тақырыбында  адамдардың  бет  әлпетіндегі  өзгешеліктермен 

қатар, ұқсастықтары мен ерекшеліктері қандай және пішін мен түс адамның даралығын 

қалай  анықтайтынын  талдайды.  Тақырып  бойынша  қойылатын  сұрақтар  оқушыларды 

ойланып, сұрақтарға өз беттерінше жауап іздеуге ынталандырады. Мұғалім жаңа мате-

ралды  түсіндіргенде,  оқушылардың  жұмыстарын  таныстыру  барысында,  тақырып  бо-

йынша қорытынды жасағанда да бұған ерекше мән беруі тиіс. Сонымен қатар оқулықта 

практикалық білік пен дағдыларға көп көңіл бөлініп, әрбір тақырып қорытынды жұмыс 

жасауды түсіндірумен аяқталады. 



5

«КӨРКЕМ ЕҢБЕК»

ОҚУЛЫҒЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ

«Көркем еңбек» оқулығы төмендегілерден тұрады:

1.  Мәтіндерден: 

а) тақырып бойынша жалпы мәлімет;

ә) теориялық материал;

б)  оқушыларды  ойлануға  жетелейтін  және  жауаптарды  өз  беттерінше  іздеп,  білімді 

меңгеруге ықпал ететін сұрақтар;

в) тақырып бойынша қосымша мәлімет іздеуге талаптандыратын кеңестер.

2.  Иллюстрациялық материалдардан:

а) әлем жауһарларының репродукциялары;

ә) қазақстандық әйгілі суретшілердің туындыларының репродукциялары; 

б)  құрдастарының  жасаған  жұмыстары  (бұл  өз  беттерінше  жұмыс  істеуге  ынта-

ландырады); 

в)  табиғат  нысандарының,  сондай-ақ  адамдардың,  табиғат  көрінісі  және  халқы-

мыздың қолөнер бұйымдарының фотосуреттері;

г) түстік және графикалық сызбалар. 

3.  Тақырып бойынша шығармашылық қорытынды тапсырмалар. 

4.  Жұмысын таныстыруға көмектесетін материалдар. 

5.  Білім мен білік қоржыны. 

6.  Терминдер сөздігі. 

Оқулықтағы әрбір тақырып белгілі бір ретпен беріледі:

1.  Тақырыпты меңгеру барысында алған білім, білік қорына шолу жасау.

2.  Баланың тақырып бойынша ой-өрісін кеңейтетін материалды баяндау. 

3.  Қажетті теориялық мәліметтерден тұратын жаңа материалды түсіндіру. 

4.  Жаңа ұғымдар және терминдермен үш тілде танысу, материалды түсіндіру бары-

сында жаңа терминдермен таныстыру. 

5.  Материалды тереңірек түсінуге ықпал ететін иллюстрацияларға қарап, талдау жасау. 

6.  Жаңа тақырыпты тереңірек меңгеруге және меңгерілген материал бойынша жеке 

пікірін білдіруге арналған сұрақтар. 

7.  Тақырып бойынша қорытынды жұмыс жасауды түсіндіру. Қажет болса жаңа мате-

риалдармен танысу. 

8.  Жұмысты таныстыру және талдау. Тақырып бойынша бақылау  сұрақтары. 



II

ЖҰМЫС ДӘПТЕРЛЕРІ балалармен тәжірибе сабақтар жүргізуге арналған. Тапсырмалар 

оқулықтың теориялық материалдарына сәйкес келеді және оны тереңірек меңгеруге бағытталған. 

Жұмыс дәптерлері оқулықтың тәжірибелік және логикалық жалғасы болып табылады. 

Жұмыс  дәптерлері  балалармен  бейнелеу  өнері  бөлімі  бойынша  тәжірибелі  сабақ 

жүргізуге арналған. Ал көркем бұйымдар мен құрамақтарды материалдармен орындай-


6

тын  болғандықтан,  олар  туралы  тапсырмалар  жұмыс  дәптеріне  берілмейді.  Құрамақ, 

бұйымдар жасау үшін тапсырмалар оқулықта берілген, оларды сабақта нақты материал-

дармен орындайды. 

Балалардың қабілетінің деңгейі мен тапсырмаларды орындау жылдамдықтары  әртүрлі 

екені тәжірибеден белгілі. Сондықтан бір теориялық тақырыпқа деңгейі әртүрлі бірнеше 

тапсырмалар  ұсынылып  отыр.  Мұғалім  тапсырмаларды  деңгейлері  бойынша  таңдап 

алып,  оларды  топтарға  бөліп  орындатады  немесе  үй  тапсырмасы  ретінде  береді.  Ерек-

ше қабілетті балалар қосымша тапсырмаларды үйде немесе сыныпта орындап, меңгерген 

білім, біліктерін бекіте алады. Осылайша, баланың жеке-дара қабілеттері ескеріле оты-

рып,  әртүрлі  деңгейлі  тапсырмалар  орындайды.  Ал  мұғалімде  тапсырмаларды  таңдау 

мүмкіндігі болады. 

  Дәптерлердегі  тапсырмалар  материалды  бекітуге  арналған  қысқа  жаттығу  түрінде 

беріледі.  Бұл  тапсырмалар  баланы  тақырып  бойынша  қорытынды  жұмысқа  дайындай-

ды,  сондықтан  оларды  сабақта  немесе  үй  жұмысы  ретінде  тапсыруға  болады.  Оларды 

елемеуге  болмайды.  Мұғалім  бұл  тапсырмалар  қазақ  тілі  пәніндегі  жаттығулар  немесе 

математикадағы есеп шығару тәрізді маңызды екенін нақтылауы керек. 

 Тақырып бойынша қорытынды жұмыстарды жеке қағаз парағына орындаған дұрыс, 

ол әртүрлі пішім мен өлшемді таңдауға мүмкіндік береді. Сондықтан балалар мен олардың 

ата-аналарына А3 пішімді қағаз парағы бар папка алуды тапсыру керек. 

Әрбір  оқушыда  қорытынды  жұмыстарды  салып  қоятын  папка  болу  тиіс.  Сонда 

мұғалімге де, ата-аналарға да баланың шығармашылық өрлеуін бақылып отыру қиынға 

түспейді. Бала жыл бойғы жұмыстарын қарап отырып, өзінде ілгерілеу бар екеніне көзі 

жетеді. Жылдың соңында балалар папкадағы жұмыстарының ішінен таңдап алып, көрме 

немесе байқауларға қатыса алады. 

Тапсырмалардың  қандай  материалдармен  орындалу  керегі  тапсырманың  өзінен 

көрініп  тұр.  Егер  әсерлі  сызықтар  туралы  әңгіме  болса,  онда  қарындаш    не  фломастер 

қолданады,  егер  түс  туралы  болса,  онда  бояулармен  жұмыс  істейді.  Жалпы  материал-

ды  таңдауда  қатып  қалған  ереже  жоқ,  мұнда  мұғалім  материалды  өзі  таңдайды  немесе 

оқушыларға таңдауға ерік береді. 



III

ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ бағдарлама бойынша мақсат, міндеттерді анықтап, мұғалімге 

сабақ материалын түсіндіруге көмектеседі. Көрнекі материалдардан, пайдалы сайттарға 

сілтеме, арнайы әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады. 


7

Сабақ



Тақы-

рыбы:

ӨЗІМ  

ТУРАЛЫ   

Мақсаты

Міндеттері

Нені білулері 

керек

Нені үйренулері 

керек

1

Сенің 


айналаң-

дағы 


әсемдік.

Қоршаған орта-

дағы алуан 

түрлі пішіндерді 

көрсету. 

Бейнелеу өнері-

нің әсерлегіш 

құралдарымен 

танысу.  

Эстетикалық 

дүниетанымын 

қалыптастыру.



Мұғалім үшін: суретшінің 

кім екенін айтады. 

Оқушыларға қоршаған 

ортадан су рет шінің 

еңбегін  көр сетеді. Өнер 

туын ды ларындағы белгілі 

бір әсерлегіш құралдарды 

байқай білуге үйретеді. 



Оқушылардың міндеттері

әсерлегіш құралдарға жа-

татын терминдерді атап, 

олар ды дұрыс қолданады, 

қолдан ған әсерлегіш 

құрал дарына назар 

аудара отырып, өз жұмыс -

тары туралы айтады.  

Оқулықтың 11–13-бет- 

теріндегі сұрақтарға жа-

уап берді.   

Оқушыларға арналған 

шығармашылық мін деттер: 

жай қағаз парағын әдемі 

«тәрелке» мен «жастық- 

қа» айналдырады.

Суретші де ген 

кім, оның 

еңбегі қай жер- 

де көрінеді?  

Бейнелеу 

өнеріндегі 

әсерлегіш 

құралдардың 

атауы, сурет -

шілер оларды 

өз еңбектерін-

де қалай 

қолданады?

Қоршаған 

ортадағы 

заттардың 

әдемілігін 

байқай білуді; 

суретші еңбегін 

айналадан 

көруді; олар-

ды бағалауды;  

белгілі бір өнер 

туынды ларын-

дағы басты 

әсерлегіш 

құралдарды 

анықтап 


үйренеді. 

Күнтіз-

белік  

мерзімі

Жұмысқа 

қажетті 

материал-

дар

Сабақ  

өткізуге қажетті  

материалдар.

Интернет-

ресурстар

Материалды түсіндіру

Тақта алдында 

жұмыс.

Өздік жұмыс

Сабақтың 

қорытындысы

Қыр-


күйек-

тің 


1-ап- 

тасы


Диамет рі  

20 см-ден 

аспайтын 

дөңге лек 

қа ғаздар,  

қабыр-


ғалары

20 см   


болатын 

шаршы 


қағаз дар 

(қа ғаздар- 

ды мұға-

лім дайын-  

дай ды), 

Оқулық, 4–13- 

беттер.  

Мұғалім са бақ-

қа әртүрлі зат-

тарды әкеледі: 

әдемі стакан, 

мұқабасы ерекше 

безендірілген 

кітап, ойыншық, 

 ашық хаттар, 

бояулары бар 

әдемі қорап, 

ки ім бөлшек-

тері. Сондай-ақ 

мұғалім қосымша 

иллюстрациялар

Мұғалім оқушыларға 

суретші мамандығы тура-

лы әңгімелейді. Суретші 

әлемді қалай өзгертетінін 

нақты дәлел дермен 

көрсетеді. Мысалы, «бей-

нелеу өнерінің әсерлегіш 

құрал дары» ұғымын 

түсін  діре отырып,  ақ 

тәрелке мен боялған 

тәрелкені, ақ футбол ка 

мен түсті футбол ка  ны 

көрсетеді.  Мұғалім әр-

түр лі заттар ды көр се-

те отырып, оқушылар- 

дан суретші заттарды

Мұғалім тү сін-

дірген нен 

кейін оқушылар-

дың бірін тақта-

ға шы ға рады.  

Мұғалім 

сабаққа дайын-

дап әкелген кез 

келген затты 

алып, суретші 

онымен қа лай 

жұмыс істегенін 

айтып береді.  

Одан әрі оқу -

шылар сурет- 

ші болып жұ-

Өмір суретші-

лерсіз көңіл сіз 

әрі реңсіз болар 

еді. Сурет шінің 

заттар мен өнер  

туын ды лары на 

еңбегі сіңеді. 

Ол үшін алуан 

түрлі әсерлегіш 

құрал дарды 

пайда ланады. 

Оқушылар 

әрбір туын-

ды әсерлегіш 

құралдардан 

тұратынын


8

фло мас-


терлер.  

дайындап қою 

керек. Ол  

графикалық жұ-

мыс, абс трактілі 

кескіндемелік 

жұмыс, өл шем-  

 дері мен пі шіні 

әртүрлі заттар 

болуы мүмкін.

http://deti-online.

com/zagadki/

zagadki-o-professi

jah-i-trudezagad-

ki-prohudozhnika/

http://www.art-

urok.ru/kraski.htm

http://www.art-

urok.ru/skazki.htm

http://www.art-

urok.ru/skazki_

pro_kraski.htm

қалай әшекейлегенін сұ-

райды (бояған, қызықты 

пішін ойлап тапқан, әдемі 

түс таңдаған және т.б.). 

Балалармен бірге суретші 

еңбегінің көптеген мы-

салдарын табуға бола-

ды. Суретшілер кітапты 

әшекейлейді, мультфильм 

су реттерін салады, қала-

ны әдемі жарқағаздар-

мен әшекейлейді, авто -

мо бильдің, киім, ыдыс-

аяқтың  үлгісін ойлап 

табады, оларға әдемі түс 

таңдайды және т.б. 

мыс істейді, 

«тәрелке» (дөң-

ге лек қа ғаз дан

 жасалған) мен 

«жастықты» 

(шаршы  қағаз-

дан жасалған) 

өздеріне ұнай-

тын суреттер-

мен безендіреді. 

білуі тиіс. 

Шығарма-


шылық 

жұмыстармен 

айналысу үшін 

бұл құралдарды 

меңгерулері 

керек. 


Сабақ



Тақы-

рыбы:

ӨЗІМ 

ТУРАЛЫ

Мақсаты

Міндеттері

Нені білулері 

керек

Нені үйренулері 

керек

2

Адамның 


бет әлпеті.

 

Әлемді суретші-

лердің көзімен 

көре білу, 

адамдардың бет 

әлпеттеріндегі ұқ -

састықтар мен  

айырмашылық -

тарды табу. Бай  -

қам паздық пен 

шынайы қабыл -

дай білуді дамыту.



Мұғалім үшін: адамның 

бет әлпетін тал дап, оның  

ортақ және же ке белгіле-

рін  анықтауға; өзін басқа 

адам дармен салыстыруға 

үйрету.  Адамның әртүрлі 

эмоционалдық жай-күйін 

байқап, анық тауға үйрету.



Оқушылардың мін деттері: 

адамның портретін 

оның ортақ және жеке 

қасиеттерін көрсете оты-

рып ауызша құ растыру. 

Оқулықтың 15-бетіндегі 

сұрақтар ға жауап беру.  

Оқушы ларға арналған 

шығар машылық мін деттер:  

бет әлпеті әртүрлі екі 

адамның портретін салу.   

Адам келбетінің 

жалпы және өзі-

не тән ерекше-

ліктерін; адам 

келбетінің ерек -

 шелігі неде еке-

нін; адамның 

бет әлпеті оның 

көңіл күйіне 

қарай өзгере-

тінін білулері 

керек. 

Өзінің және 



адамдардың 

бет әлпетіндегі 

ұқсастық тар 

мен ерекшелік-

терін байқауды; 

адамның бет 

әлпетіне қарап 

оның көңіл 

күйін анықтап  

үйрену лері ке-

рек. 


9

Күнтіз-

белік 

мерзімі

Жұмысқа 

қажетті 

материал-

дар 

Сабақты  

өткізуге арнал ған 

материалдар. 

Интернет-

ресурстар

Материалды түсіндіру 

Тақта алдындағы 

жұмыс.

Өздік жұмыс

Сабақтың 

қорытындысы

Қыр-


күйек- 

тің 


2-ап -

тасы


Ватман 

қағазы-


ның екі 

парағы, 


жуан 

фломас-


терлер не-

месе түсті 

балауыз 

борлар.


Оқулық, 14–15-

беттер. Әр дәуір-

дегі жә не елдегі 

әй гілі сурет ші-

лер дің пор трет-

тері. Әртүрлі эмо -

ционалды көңіл 

күйді көрсететін 

әсерлі фотосурет-

тер мен балалар 

жұмыстары.

http://www.art-

urok.ru/portret.

htm


http://www.

art-urok.ru/

flomaster5.htm

http://ppt4web.

ru/mkhk/portret1.

html


Бұл сабақтың бірінші бө -

лімін зерттеу сабағы ретін-

де өткізу керек.   

Мұғалім бала ларға бүгін 

зерт теу ші болатында-

рын айтады. Одан кейін 

балалар бір-бірінің бет 

әлпеттеріндегі ұқсас тық -

тар ды атап шығады. 

Балаларға ұлты әртүрлі 

және түрлі жастағы 

адамдар портреттерінің 

репро дук циялары 

мен фотосуреттерін 

көрсетіңіз. Олар ұлты мен 

жасының ерекшеліктеріне 

қарамастан адамдардың 

бет әлпеттерінде ұқсас-

тықтар көп екеніне 

көз жет кізіп, қорытынды 

жасасын. Одан әрі 

адамдардың бет әлпетін-

дегі өзгешеліктер туралы 

сұраққа тоқталу керек. 

Мұнда балаларға ой са-

лады: «Егер адамдардың 

ұқсастық тары көп болса, 

он д а олар бәрі бір-бірі не 

ұқсауы керек, солай емес 

пе?» Балалар асық пай,  

ойланып жауап берсін. 

Дұрыс жауапты естіген-

нен кейін, адамдар бір-

бі ріне неліктен ұқса май -

тынын айтуды тапсыры-

ңыз. Балалар жауап беруге 

қиналса, оқулықтағы фо-

тосуреттер  мен репродук-

цияларды қарап шығуды

 ұсыныңыз. Оқулықта 

дұрыс қорытынды жа-

сауға жеткілікті суреттер 

берілген. Одан әрі әртүрлі 

көңіл күйді білдіретін 

адам бет әлпетін қарап 

шығады.  

Тақтаға екі ват-

ман парағын 

іліп, 5–6 бала-

дан тұ ра тын 

екі топты 

шақырып, екі 

түрлі портрет 

салуды тапсы-

ра ды. 

Тапсырманы 



нақты беруге де 

болады. 


Мысалы, 

дөңгелек жүзді, 

көзі үлкен, 

шашы бұйра, 

таңқы мұрынды 

бала және осы-

ған мүлде ұқса- 

майтын, яғни 

беті  қуши ған,  

көңілсіз, көзі 

қысық, мұрны 

ұзын, шашы тік 

егде адамның 

суре тін салады. 

Балалар 

ұқсас тықта -

ры на қара- 

мастан әрбір 

адам ерекше 

және ешкімге 

ұқсамайты- 

нын меңгеру-

лері тиіс. Бет 

әлпеттерінің 

әртүрлілігінің 

арқасында 

адамдар бір-

бірінен дарала-

нады. 


10

 

Балаларға №1 дәптердің  



6-бетіндегі тапсырманы 

ауызша орындау ды тапсы- 

рыңыз. Бірне ше баланы 

тақта ға шы ғарып, әртүр-

лі көңіл күйдегі адамды 

кезектесіп көрсетуді 

сұраңыз (көңілді, таңыр-

қаған, ашулы). Оқушылар 

бір адамның бет әлпеті 

оның көңіл күйіне қарай 

өзгереді деген қорытынды 

шығаруы тиіс. 



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет