ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
БӨЖ 5 Тақырыбы: М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегіндегі сөз таптарының функциялық тұлғалары мен категориялары (ізденіс)
Орындаған:Ділдәбек Ажар
Қабылдаған: Жүніс Майра
309 – топ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлау мамандығы
Алматы, 2023
Зат есім "Диуани лұғат-ат түрік" зат есімнің көптік категориясы 1) -лар, -ләр, -ла 2) -ан 3) -т, 4) -з қосымшалары арқылы жасалған. "Диуани луғат-ат түрік" еңбегінде зат есімдердің көптелуінде -лар, -ләр жалғауы өте көп жұмсалған. Мысалы, алплар көкрәшди. М. Қашқари барыс септігінде -ла көптік жалғауымен келген бірнеше зат есімдерді береді: аш-ла-қа (астарға, тамақтарға), атлақа (аттарға), йт-ла-қа (иттерге), тат-ла-қа. Сөздікте басмыл, бәтілі, йумул, йасмил, чигил, чумул түріндегі мысалдар кездеседі. Мұндай (-л) көптікті білдіретін аффикс бірде-бір ескерткіште, түркі тілдері мен диалектілерінде осы уақытқа дейін кездеспеген. -лар аффиксы әуелі жалаң -л, кейін -ла түрінде, біртіндеп -лар формасына өзгерген болу керек. М. Қашқаридың айтуы бойынша, ХІ ғасырда оғлан, әрән сөздері жекеше түрде де, көпше түрде де қолданылған сияқты. "Диуан" тілінде көптік тұлғасы -ан қосымшасы арқылы жасалынады. Бұл аффикс оғул және әр сөздеріне жалғанған: оғул – ұл, оғлан– балалар; әр – ер адам, әрән – ерлер.
"Диуан" тілінде оғул және оғлан тұлғаларының екеуі де кездеседі. М. Қашқари сөздігінде -т қосымшасымен тек тег+іт сөзі кездеседі. Тегіт сөзі тегін сөзінің көптігі. -з қосымшасы ежелгі түркі жазба ескерткіштерде көп қолданылған. Бұл қосымша еңбектегі тіз, көз, іккіз сөздерінде кездеседі. Жалпы зат есімдердің көптік категориясы морфологиялық, синтаксистік, лексикалық сияқты үш түрлі тәсілмен жасалады және кейбір сөздер көптік мағынада қолданылады. Зат есімнің көптікжалғаулары -лар, -ләр жалғанған тұлғалары тәуелдік тұлғасын алғанда жеке тұлғаның сыпайы түрі ретінде қолданылады. «Диуани лұғат-ат түрік» еңбегіндегі мысалдардағы тәуелдік жалғауларында палаталь-веляр гармония, еріндік үндестігінің әсері анық сезіліп тұрады. Жекеше және көптік тұлғалар сөз түбірінің сипатына немесе дауысты, дауыссыз дыбыстармен аяқталуына қатысты болып келеді. Ұзақ тарихи дәуірлерді өткере отырып, тәуелдік категориясы мағыналық, тұлғалық жағынан көп өзгеріске түсе қоймаған. Бұл дәуірлерде тәуелдік жалғауының езулік және еріндік нұсқалары қолданылған.
Тәуелдік жалғауы кейде түбірдің фонетикалық құрамын еш өзгертпей жалғанып келеді. Мысалы: йарымы (жартысы), қулақы (құлағын). Ескерткіштер тілінде септік жалғаулары дыбыстар үндестігіне бағынып та, бағынбай да қолданылғаны байқалады.
Атау септік. Атау септігінің морфологиялық көрсеткіші болмайды. Басқа септік формаларын жасау үшін негіз қызметін атқарады. Ескерткіштерде атау септік қазіргі ұйғыр тіліндегімен бірдей болып келеді. Мысалы: кәклик, байрақ, ажун (Әрдишир атлиғ бир киши кәшфқилди).
Ілік септік. «Диуани лұғат-ат түркте» ілік септігі -(н)ың, -(н)ің,-(н)уң, -(н)үң
жалғаулары арқылы жасалады: Тавғач ханның турку- сы тәлим,қузғун-уң, – бөриниң ортақ, қузғунуңйығач башында. (Күн-үң – түн күнүң қаршысы ол).
Табыс септік. «Диуани лұғат-ат түркте» табыс септік -ы, -и,-н, -ны, -ні, -ғ,
-г, -уг, -үг, -ығ, -іг қосымшаларымен беріледі. Бұл тұлғалардың ішіндегі қазіргі кезде тілдік қолданыстан шығып қалған -ғ, -г жалғауы «Диуан» тілінде сирек қолданылады: савым+ы – тәгүр мәниң савымы (сөзімді), сөз+үг аңлады (сөзді), йигитләр+иг ишләтү (жігіттерді), әр қушуғ әмәчләді (құсты).