2.АШҰҚ – ашық аспан, ашық қақпа, ашық іс, ашық көк.
3.ІСІГ – ыстық. Мысалы: Ісіг нәң – Ыстық нәрсе, Ісіг күн – Ыстық күн.
4.АР – қоңыр, бурыл, күрең.
5.АЗ – аз нәрсе.
6.АЛА – ала, алапес адам. Денесі ала-ала кісі
7.АТЛЫҒ – атты адам. Мысалы: Атлығ ер – Атты адам (Қандай адам?)
8.ИТЛЫҒ – итті үй, иті бар үй. Мысалы: Итлығ ев – Итті үй (Қандай үй? –Иті бар үй)
9.ОТЛЫҒ – отты. Мысалы: Отлұғ тағ – Отты тау, Оты бар тау. (Қандай тау?)
10.ҰЗҰН – ұзын. Мысалы: Ұзын адам, Ұзын орындық (Қандай?)
Сан есім М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегінен сан есімдерге арналған бірнеше мысалдар кездестіре аламыз және мысалдар келтіріл қана қоймай әр бір сан есімге анықтамалар беріліп өткен.
Оттұз – Отыз
Оттұз йармақ-отыз теңге,отыз ақша.Басқаларға да осылай қолданылады.Оттұз сөзін «үш» деген мағынада қолданылатыны да бар.Мен мұны Күнгүтте иағмалардан аңғардым.Олар «оттұз иәшлим» деп үштен ішеді. «Оттұз» сөзін әдеттегі мағынасында да қолданылады.
Бәйітте былай деп келеді:
Үш қайтара ішіп ақырлық,
Орнымыздан тік тұрып секірлік,
Арыстандай күркірелік,
Қайғы-сағыныш қашты,
Соған сүйенейік.
Бұл жырда келтірілген «оттыз ішіп қықралым» дегендегі «оттыз» сөзі «үш қайтара», «үш-үштен» деген мәнде қолданылған.
Еллік – елу
«Еллік иармақ-елу теңге,елу ақша», осыған ұқсас тағысын тағылар.
Бір – бір
«Бір иармақ-бір теңге» Бұл сөзді «бір» секілді созып айтып,менқұстар бөліміне қосуға болады.Мұндай сөздер көп. Түрік тілінде сөздің айтқанда-ыңғайлы, айқын, нақ, жазғанда ықшам болғаны ләзім.
Сексүн – сексен.
Түбірі «Секіз он-Сегіз он» болып кейін бір-біріне қосылып кеткен.
Етістік Оғлытты – көбейтті, өсірді.
Мысалы: ол таварын оғлытты – ол малын (тауарын) көбейтті. Оғлытұр – оғлытмақ ( көбейтер, көбейтпек).
Етістік категориясына келсек бұл мысал етіс категориясының ішіндегі өзгелік етіске жатады. Себебі, әрекетті орындаушы өзі емес өзге адам. Мысалы: Ол малын көбейтті деген тұста әрекетші ол деп өзге адамды айтып тұр.
Адзнатты – өзгертті, өзгерді
Мысалы: Ер адзнатты – адам өзгерді; адам бұрынғы хәлінен өзгерді. Бір күйден екінші бір күйге көшкен нәрсенің бәріне осы сөз қолданылады. Адзнатұр – адзнатмақ (өзгерер – өзгертпек)
Етістік категориясына келсек бұл мысал етіс категориясының ішіндегі өзгелік етіске жатады. Себебі, әрекетті орындаушы өзі емес өзге адам. Мысалы: адам өзгерді деген тұста әрекетші ол деп өзге адамды айтып тұр.
Ешді – төкті, шашты.
Мысалы: Ол қайырны ешді – ол құмды төкті. Ұнды қап, не сол ияяқты нәрселерге қотарғанда да осы сөз қолданылады. Мысалы: Атлығ ешді – атты шапты. Қайнар ашығ ешді – қайнаған қазан тасыды. Ешер – ешмек (төгер – төкпек)
Етістік категориясына келсек бұл мысал жақ категориясына жатады.
Мысалы:
Мен төктім
Сен төктің
Сіз төктіңіз
Ол төкті
Яғни, жақ категориясының ішіндегі ІІІ – жаққа жатады.
Арышды – алдасты
Мысалы: Олар іккі арышды – ол екеуі (бірін-бірі) алдасты.
Етістік категориясына келсек бұл мысал етіс категориясының ішіндегі ортақ етіске жатады. Себебі, әрекетті орындаушы ортақ. Мысалы: Ол екеуі алдасты деген тұста әрекет ортақ. Ортақ етістің –с жұрнағы арқылы жасалып тұр.
Үзүшді – үзісті
Мысалы: Ол маңа үзүм үзүшді – ол маған жүзім үзісті. Арқан, не соған ұқсас нәрселерді үзгенде, яки кезкенде жәрдем бергенге осы сөз қолданылады. Жарысса да осылай айтады. Үзүшүр – үзүшмек (үзісер – үзіспек).
Етістік категориясына келсек бұл мысал етіс категориясының ішіндегі ортақ етіске жатады. Себебі, әрекетті орындаушы ортақ. Мысалы: Ол маған жүзім үзісті деген тұста әрекет ортақ. Ортақ етістің –с жұрнағы арқылы жасалып тұр.