БөЖ-6 Тақырыбы: Түйсіктің компенсаторлық мүмкіншіліктері.



бет5/7
Дата31.12.2021
өлшемі40 Kb.
#23093
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-БӨЖ

Иіс түйсіктері. Иіс түйсігінің рецепторы да дистанттыққа жатады. Мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабықтың клеткаларына түрлі химиялық заттардың микроскоптық бөлшектерінің әсер етуі нәтижесінде иіс түйсіктері пайда болады. Осы кілегей қабықтың таяқша тәрізді сезгіш клеткалары бар. Ауамен бірге мұрынға кіретін иісті заттар иіс мүшесінің сезгіш клеткаларын тітіркендіріп отырады. Иіс түйсіктерінің түрлері көп (хош иіс, сасық иіс, өткір иіс т.б.). Бірақ бұлар әлі күнге дейін белгілі классификацияға түспеген. Өйткені оларды дәм түйсіктерінен ажырату кейде қиынға соғады. Сондықтан да біз көбінесе белгілі бір иістің атын атаудан гөрі, иіс шығарып тұрған затты атаймыз (темекі исі, газ исі, шөп исі т.б.). Иіс түйсіктері адамның тұрмыс салтына, қызмет бабына қарай да ерекше дамып отырады.Адамның иіс түйсіктерінің қоршаған ортаны бағдарлаумен байланысы аз. Иістің бұл қызметін көру мен есту билеп төстейді. Иіс түйсігінің дамымағандығы мен тұрақсыздығына тілімізде оларды атайтын арнайы сөздердің жоқтығы да дәлел, түйсіктер өзін тудыратын заттардың абстрактыланбағандықтан «шөп иісі», «шіріген алма иісі», «гүлдің иісі» деп айтылады.

Дәм түйсіктері. Дәм түйсіктері түйіспелі контактылы түйсік, ол сезім мүшесі заттың өзімен жанасқанда пайда болады. Дәм білетін мүше — тіліміздегі дәм бүршіктері. Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері — тіл аймағы. Дәмдік тітіркендіргіштердің негізгі дәмдік сапалары: қышқыл, тәтті, ащы, тұзды болып төртке бөлінеді. Осы төрт түйсіктің араласуынан жәие оларға бұлшық еттік (тілдің қозғалысы) түйсіктің қосылуынан сан алуан дәмдік түйсіктер туады. Тілдін түрлі бөліктері дәмнің жоғарыда аталған төрт түрін түрліше сезеді. Мәселен, тәтті дәмді — тілдің ұшы, ащыны — тілдің түбі, қышқылды — тілдің екі жақ шеті, тұзды тілдің ұшы мен екі шеті жақсы сезеді. Егер дәмі бар затты тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды. Өйткені, дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.Дәм түйсіктері иіс түйсіктері тәрізді адамның тәбетін арттырады. Дәмді, иісі жақсы тағам тәбет қоздырады. Тағамның сапасын талдай отырып, дәм түйсіктері сақтандыру қызметін де атқарады. Дәм түйсігінің құбылмалы ерекшелігі оның организмге тамақтың қажеттілігімен тығыз байланыста екендігінде. Ашыққанда дәм сезгіштік артады, тойғанда әлсірейді. Тамақ ішкен адам тек тойынып қана қоймайды. Тағам онда белгілі бір эмоциялық әсер тудырады. Дәмді тұтыну мен тәбетке тағам қабылдайтын орын жағдайы да, стол үстіп жабдықтай білу де әсер етеді. Мәселен, дәмді тағамдар — адамның тәбетін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет