БөЖ-6 Тақырыбы: Түйсіктің компенсаторлық мүмкіншіліктері.



бет6/7
Дата31.12.2021
өлшемі40 Kb.
#23093
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-БӨЖ

Тері түйсіктері. Тері түйсігінің рецепторы — денедегі терінің өн бойына орналасқан. Тері түйсігі, сондай-ақ тілдің, мұрынның кілегей қабықтарында да мол. Тері түйсіктерінің өзі бірнешеге бөлінеді. Олар: тактиль (жанасқанды түйсіну), температура (суық пен жылыны түйсіну) ауырғанды білдіретін түйсіктер.Тактиль сезгіштігі бүкіл дене бойына біркелкі таралмаған. Тактиль клеткаларынын ӛте күшті шоғырланған жерлері — алақан, саусак ұштары және ерін. Денемен жанасқанда тактильдық түйсіктер оның сыртқы бетінің тегіс, кедір-бұдыр, жабысқақ, сұйық екендігін білдіреді. Егер дене бетіне жанасып, оны қатты жанши басса, ол ауырсыну түйсігін туғызады. Ауру сезгіштігінің рецепторлық ұштары тактильдік рецепторларға қарағанда терінің тереңірек астында орналасады. Тактиль рецепторларының кӛп жерінде ауырсыну рецепторлары аз болады. Тактильдік сезгіштік заттың сапасы жайын білдіреді. Тері түйсігі рецепторларының есебі жоқ. Тек ауырғанды білдіретін нүктелердің өзі ғана денемізде 900 мыңнан асып жатады. Терінің түрлі алаптарында сезгіштік бірдей емес. Мәселен, денеге заттың тигенін тілдің, саусақтың ұшы, арқа тұс тез сезеді. Бір жеріміздің ауырғанын жақсы сезетін: арқа мен бет терілері, ал нашар сезетін: саусақ ұштары мен алақан. Дененің киім жауып тұратын жерлері де ыстық пен суықты ӛте сезгіш келеді. Тері түйсіктерінің қалыптасуына да ми қабығы астындағы нерв құрылымдары елеулі рөль атқарады. Мәселен, жұлынның бір бӛлегін кесу арқылы тері нүктелерінің біреуінің сезімталдығын жоюға болады. Кейбір аурулар адамды жылылықты, суықтықты, ауырғанды сезбейтін күйге түсіреді. Мұндай жағдайда тіпті адам денесі күйіп қалса да, оның ауырғанын сезбейді, бірақ адамда осы түйсіктің қалған түрлері өз қалпында сақталуы мүмкін. Тері түйсіктері арқылы адам заттардың формасын, кедір-бұдырлығын, қатты-жұмсақтығын жақсы айыра алады. Сондықтан да түйсіктің осы түрі, әсіресе, көзі көрмейтін адамдар үшін ерекше маңызды болады.

Кинестезиялық түйсіктің табиғаты күрделі. Өйткені ол сапалық жағынан айырмашылығы бар бірнеше рецептордың бір мезгілде тітіркенуінен пайда болады. Қимылдарды орындағанда бұлшық еттегі рецепторлар ұшының тітіркенуі бұлшық еттердің тонусын түйсіндіреді. Тарамыстағы нерв ұштарының тітіркенуі бұлшық еттің қысқаруын білдіреді. Қозғалу талдағыштары арқылы адам өз денесінің және жеке мүшелерінің қозғалуы, олардың тездігі мен күші, бұлшық еттерінің қысқарып босаңсуы, керілуін түйсінуге мүмкіндігі жайында үздіксіз хабар алып отырады. Кинестезиялық талдағыштың шетте не болып жатқаны туралы миға тез хабар жеткізіп отыруын кері афферентация деп атайды. Денедегі әр түрлі кері афферентацияға байланысты процестер адамның көздеген мақсатына сай келмесе, бұл процестерді мүлдем жойып жіберуге мидың шамасы келеді.Кинестезиялық түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де ерекше орын алады. Өйткені ерін, тіл, дауыс шымылдығы қатынанасатын қимылдардың дәлдігінсіз сӛйлеу мүмкін емес. Жазудың да негізі кинестезиялық түйсіктер. Адам өміріндегі толып жатқан дағдыларды кинестезиялық талдағыштарсыз меңгеру мүмкін емес. Қимыл қозғалыс дағдыларының барлығына жуығы кинестезиялық түйсікке сүйене отырып жасалады.Статикалық түйсіктер. Мұндай түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те атайды және денеміздің кеңістікте орналасу қалпын бейнелейді. Статикалық түйсіктердің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибұлярлық аппаратында орналасқан. Дене қалпының жер жазықтығына қатысты күрт және жиі өзгере беруі (әткеншек тебу, теңіз шайқалысы) теңіз ауруына, бастың айналуына әкеліп соғады.

Статикалық түйсік — бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі алып тұрған орнын, яғни адамның тең басуын бейнелейді. Ғарыш әлемін меңгеру дәуірінде адамдардың статикалық түйсігінің сезгіштігін арттырудың маңызы ерекше артып отыр.Мәселен, ғарышкерлерді даярлауда вестибулярлық аппаратты жаттықтыру, оны көру және қозғалыс талдағыштарымен үйлестіре дамытуға мән беріледі. Мәселен, 30-40 секундқа созылатын артық салмақ түсу мен салмақсыздықтың алмасып отыруын адамдар түрліше түйсінеді. Осы ерекшелікке сәйкес адамдарды мынандай үш топқа бӛліп қарастыруға болады. Нерв жүйесі неғұрлым төзімді адамдар — мұндайға онша қиналмайды, Ал екінші біреулер — тосын тітіркендіргішке кездескенде ыңғайсызданып, тез шаршайды, өңі бозарып, терлейді, жүрегі айнып, өзін әлсіз сезінеді.Үшінші біреулер — сәл басы айналғанын сезгенімен, кейіннен бұған бейімделіп кетеді. Соңғы топтағы адамдардың да нерв жүйесі күшті, төзімді келеді. Олар өз денесін ерікжігерімен билейді, эмоциялық төзімділігі мол, қимыл-қозғалыстарын қандай жағдайда болса да үйлестіріп, денесін дұрыс бағдарлай алады.Вибрациялық түйсіктер. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің сезінуін айтамыз. Негізгі анализаторлары — түйсіну мүшелеріз. Дамуы қалыпты жағдайдағы адамдар бұл түйсікті байқамайды. Ал егер адам есту қабілетінен айырлса, онда вибрациялық түйсіктер оның тіршілігінде ерекше орын алады. Кейбір саңырау, керең адамдар музыканы, әнді күшті ынта қойып «тыңдайды».Көзі, құлағы, тілінен бірдей айрылған американдық Елена Келлер мен орыстың ғылыми қызметкері Ольга Скороходованың өмірі мен шығармашылық әрекеті анализаторлардың адам таң қаларлық жағдайда бір-бірімен байланысып отыратындықтарын, әсіресе, мұнда вибрациялық түйсіктердің қандай маңыз алатындығын жақсы көрсетеді. Ольга Скороходованың ақыл-ойының аса жоғарылығын, дарындылығының күшті екендігін бірнеше шетел тілдеріне аударылған «Как я воспринимаю и представляю окружающий мир» деген кітабы және осы тақырыпта қорғаған диссертациясы тамаша дәлелдейді.О.Скороходова өзінің кітабында соқыр, керең, мылқау адамдардың музыканы қалай «тыңдайтындығын», кітапты қалай «оқитындығын» көптеген қызықты мысалдармен түсіндіреді. Мәселен, олар дыбысты вибрациялық сезімі арқылы түйсінеді. Олар рояльда ойналған әуендерді оның үстіне қолын қою арқылы естиді. Мұндай адамдар оркестрді тыңдағанда, концерт залына барғанда сахнаға теріс қарап отыруды ұнатады. Өйткені, музыкалық әуендерді олар терісіндегі нүктелермен түйсінетін көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет