БөЖ Қабылдаған: Байбахов Нұрбол Орындаған: Ділләбаева Ақжарқын Тобы: жга-211



бет4/4
Дата27.11.2023
өлшемі41,62 Kb.
#129693
1   2   3   4
Қорытынды
Жиырмасыншы ғасыр түгелімен – оның бірінші жартысы да, екінші жартысы да әр түрлі әлеуметтік мектептердің теке тіресімен етті. әсіресе бұл функционализм, құрылымдық көзқарас және соңғы он жылдықтағы белсенді парадигма тәрізді ағымдарға қатысты. Кезінде Толкотт Парсонс бір-біріне ереғар келген әр түрлі ағымдарды және жаңа синтетикалық теория тәртіптерін үйлестіруге тырысқаны мәлім. Алайда Парсонс еңбектерінен кейін шыққан, микропроцесс сараптамасына көбірек көңіл аударуды қажет ететін символикалық интеракционизм, қазіргі қоғамдағы сараптама объектісі мен пәнін экономикалық жүйелер, мемлекет және әлеуметтік таптар сияқты макроэлементтер құрауы керек деп түсіндіретін қақтығыс теориялары Парсонстың синтетикалық көзқарасына үлкен қауіп төндірді.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында синтетикалық әлеуметтік теорияның негізін американдық әлеуметтанушы Джеффри Александер басқаша қаламақ болды. Өзінің жаңа функционализм теориясында Джеффри Александер қызмет пен тҽртіп, мәдениет пен әлеуметтік құрылым өзара байланысты бола алатын синтетикалық теория жасауға тырысты.
Символикалық интеракционизм концепцилсының өкілдері де әлеуметтік әрекетке көңіл бөледі, бірақ бұлар кіші шеңбердегі әлеуметтік өзгерістер интеракциялық жағдайларға баса назар ауадарады. Яғни, адамның өзіндік болмысы, оның қалыптасқан ортасындағы құрылымдық қатынастың көрінісін береді және сол ортадағы символдарды қабылдаудан тұрады, әрі индивидтің сол ортадағы рөлінен кұралады деп көрсетеді. Адамдар өзінің адамдық қасиетіне тек өздері өзара символдар арқылы қарым-қатынас жасаған жағдайда ғана ие бола алады деген пікірді жақтайды. Ал символдың ең негізгісі тіл деп көрсетіледі. Символ тек затты белгілеп қана қоймайды, сонымен бірге, ол затқа ерекше образ береді және адамның көңілін аудартады. Екінші сөзбен айтқанда, символ сол заттың атқаратын қызметін баса көрсетеді және адамның сол затқа деген қимылдық іс-әрекетінің белгілі бір түрін, бағытын көрсетеді. Сондай-ақ символ адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас құралын қамтамасыз етеді. Мысалы, Мидтің пікірінше, символсыз адам арасындағы қатынас жоқ және сайып келгенде, адамзат соғамының болуы да мүмкін емесх
Сонымен, Мидтің пікірінше, адамдар әрі әлеуметтік ортаның өздері жасай алады, әрі сол ортаның ықпалында болады. Яғни адам тек әлеуметтік ортада ғана қалыптаса алады. Және адамдар тек символдар дүниесінде ғана өмір сүреді әрі оның мәндік жағы, өмірдің мәндік сипаты адам қарым-қатынасына, іс-әрекетіне негізі болады деп көрсетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



  1. Аитов Н.А., Биекенов К.У. Социология. Алматы: Қазақ университеты, 2002

  2. Әбсаттаров Р.Б., Дакенов Н. Әлеуметтану. Алматы. Ғылым, 2004

  3. Габдуллина К.Г. и др. Социология. Учебник для студентов высшых технических учебных заведений. Алматы: Санат, 1997\



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет