Негізгі бөлім 2.1. Символикалық интеракционизм теориясы Этникалылықты түсініктемелеуші социологиялық тұжырымдамалар арасынан “объективті социологияға” (неомарксизм, ресурстық бәселестік теориялары), сондай-ақ “субъективті социологияға” (символикалық интеракционизм, рационалды таңдау теориялары) тоқталған жөн.
Символикалық интеракционизм этникалық топтардың қатынастарына тән жасырын дуализмді көрсетеді: ол ішкі ынтымақтасуды күшейте отырып, бағынышты топтар көп деңгейде өзінің “қайталанбастығын” дәлелдеуге тырысатын жағдайларын анық түрде қисынға келтіріп бере алмады немесе ортақ мәртебемен ықпалды арттыру мақсатында басқа да қауымдастықтармен өзара ұқсастыққа жетуі мүмкін. Этносаралық қатынастардағы ұжымдық анықтау мен дуализм проблемасын талқылау, символикалық интеракционизм жақтаушыларын “этникалық парадокс” деген атау алған құбылысты қарастыруға алып келеді (Б.Лал), оның мәні этникалық институттар топтық ұқсатуларды айқындаумен қатар этнотоптар үшін бірінші кезекте үстем этникалық қауымдастыққа тиесілі экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірге және ресурстарды бөліп беруге айтарлықтай толық күйде қатысуды қамтамасыз ететін стратегиялық механизмдер қызметін атқаруында.
“Ұтымды таңдау” тұжырымдамасы социологтар үшін ұлттық және нәсілдік кемсіту табиғатына, нарықтық қатынастардағы этникалылықтың рөліне, саяси күрес, т.б. жағдайлардағы этникалық бейілділік пен ынтымақтастықтың мағынасына байланысты бірқатар сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде рационалды артық көрушіліктің қалыптасуы жайлы мәселе маңызды болып отыр. Жеек дара артық көрушілік механизмдерінің бірі адамның іріктеушілік әрекетінде, ол әлеуметік ортаға бейімдеушілік қасиеттерідің дамуына жол ашады. Ассимиляцияға табысты түрде қарсы тұрушы этникалық қауымдастықтар барлық уақытта жан-жағындағы өмір сүрушілерінен айырмашылығы бар құндылықтар мен басымдықтарды басшылыққа ала отырып, әрекет етеді. Нақтылы тәжірибеде ең тұрақты деген этникалық топтар өз мүшелерінің “рационалды таңдауға” сәйкес ынтымақтастығын барынша қолдап отырады, атап айтқанда тек өз этникалық тобында артық көрінуінде.
Көріп отырғанымыздай, этникалылық бір-бірінен қандай да бір мәдени сипаттамаларымен ерекшеленетін топтар немесе қауымдастықтардың институттанған қатынастарын білдіреді. Алайда ең бастысы ол мәдени ерекшеліктерді топтастыру формасы бола тұра, ең алдымен өзіне объективті және субъективтінің бірлігін қамтитын, көбінесе нақтылы топтық мақсаттарға қол жеткізу құралы ретінде көрінетін әлеуметтік феномен болып табылады. Міне, осы мағынада этникалылық социология үшін үлкен қызығушылық тудырады. Сондықтан этникалылық факторының қазіргі қоғам өміріндегі орнын, рөлі мен мағынасын зерттеу өмір тәжірибесі көрсетіп отырғандай, теориялық қана емес, тәжірибелік тұрғыдан да маңызды болып отыр.
Әлемдік қоғамтануда соңғы кездері қалыптасып, өмірге келген ұлттық-этникалық қауымдастықтардың көптеген теориялары мен тұжырымдамалары бар. Олардың арасында примордиалистік доктриналар ерекше кең таралған. Алайда, М.О. Мнацаканянның ойынша [15], олардың бірде біреуі, керек десеңіз, ең мықты дәлелденген дегенінің өзі бұл феноменнің мәні мен тарихи өзіндік ерекшелігін соңына дейін және толығымен аша алмайды. Интегрализм - мұндай теориялық-әдістемелік тығырықтан шығудың жалғыз жолы.
ХХ ғ. әлеуметтанудың басты мектептері (символикалық интеракционизм, феноменологиялық, неофункционализм т.б.)
Қазіргі кездегі әлеуметтік ғылымдарда этностар динамикалық жүйелер, процестер ретінде қарастырылады. Алғашқы кезде этникалық процестерге адамдардың этникалық тиістілігінің ауысуына алып келетін этностардың өзгерісі жатқызылды. Бірақ 60-шы жылдардың соңында-ақ бұл түсінік бойынша “этникалық процестер” ұғымының аясы тарылып барады делінген еді (Л.В. Хомиг). Тиісінше бұл процестерді адамдардың этникалық тиістілігінің өзгеруін білдіретін этнотрансформациялық және адамдардың этникалық тиістілігі сол күйінде қалатын этностардың өзгеруін білдіретін этноэволюциялық деп бөлу жөнінде пікір айтылған еді (Ю.В. Бромлей).
Сонымен қатар, этникалық процестер мен этноәлеуметтік қауымдастықтардың өзгеруін айырып көрсету ұсынылды (Ю.В. Бромлей). Ал, этникалық процестер өз кезегінде біріктіруші және ажыратушы болып бөлінеді.
Шағын жинақты мектептердегі оқыту үрдісінің ерекшелігін ескере отырып, уақытты үнемдеу мақсатында интерактивті оқыту технологияларын қолдану өз тиімділігін береді.
Интерактивтік оқыту технологиясы - оқу әрекеті барысында оқушылардың өзара мотивациялық, инетеллектуалдық, эмоциялық және басқа да жақтарынан жетістіктерге жетуді сезіну ситуациясын тудыра алатын, оқушыларға педагогикалық әсерлі танымдық қарым-қатынас құруға кепілдік беретін, мұғалім мен оқушының іс әрекетін ұйымдастыру тәсілдерін айтамыз.
Көптеген негізгі әдістемелік инновациялар бүгінде интерактивті оқыту әдістерін қолданумен байланысты. Интерактивті оқыту - бұл таным қызметін ұйымдастырудың арнайы түрі екенін мойындауымыз қажет. Ол нақты және болжанатын мақсатты көздейді. Осындай мақсаттардың бірі оқытудың қолайлы жағдайын жасау, мұнда оқушы өзінің сәттілігін, өзінің интеллектуальдық қалыптасқанын сезінеді де, бұл оқыту үрдісінің өнімділігін арттырады.
Бұл ұғымды нақтыласақ. «Интерактив» сөзі бізге ағылшынның “interact” сөзінен келді. “Inter” - бұл “өзара”, “act”- әрекеттесу. Интерактивті- өзара әрекеттесуге қабілеттілік немесе әңгімелесу жағдайында болу, бір нәрсемен (мысалы: компьютермен) немесе біреумен (адаммен) диалогта болу. Яғни, интерактивті оқыту - бұл алдымен диалогты оқыту, оның барысында оқытушы мен оқушының өзара әрекеті жүзеге асады. Интерактивтілік ұғымы «символикалық интеракционизм» ұғымдарынан (Г. Блумберг, Дж. Г. Мид, Р. Сирс т.б жұмысындағы) алынды, ол адамдар арасындағы өзара әрекетті «үздіксіз диалог ретінде ұйымдастыру, оның барысында олар бір - бірін бақылайды, ойларын салмақтайды және оған жауап беретін үрдіс». Мұндай тікелей диалог біздің заманымызда ерекше мәнге ие.