БөЖ Қабылдаған: Байбахов Нұрбол Орындаған: Ділләбаева Ақжарқын Тобы: жга-211


Символикалық интекакционизмнің негізін қалаған



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі41,62 Kb.
#129693
1   2   3   4
Байланысты:
әлеуиеттану

2.2. Символикалық интекакционизмнің негізін қалаған
натурализмнің көрнекті өкілдері
Әлеуметтік рөлдер теориясында екі негізгі көзқарас кеңінен көрсетілген. Рөл ұғымының өзін ең алғаш жүйелі түрде 1930 жылдардың бас кезінде символикалық интеракционизм теориясының негізін салушы Дж.Г. Мид пайдаланған. Ол рөлдерді адамдар арасындағы эксперименттік және сонымен қатар жасампаздық сипаты бар өзара қарым-қатынас өнімі деп сипаттаған. Мидтің әлеуметтік философиясы әуел бастан балалардың қоғамға қалай бейімделетініне және рөлдерді қабылдау жолымен, яғни өз қиялындағы басқалардың - әкелерінің, аналарының, мұғалімдерінің, дәрігерлердің рөлдерін салыстыра отырып, өзінің әлеуметтік мәнін қалай дамытатынына қызығушылық танытқан. Ересектер де өз мінез-құлықтарында өздерінің рөлдерін жасау үшін басқа адамдардың рөлдерін өз бойына “өлшеп көруді” пайдаланады. Символикалық интеракционизм теориясына сәйкес әрбір рөл өзіне басқа рөлдермен қарым-қатынасты қамтиды; мысалы, “мұғалім” рөлін “оқушы” рөлінсіз түсіну мүмкін емес және ол оқушының өзіне тән мінез-құлқы мен арақатынасы тәрбиешінің өзіне тән мінез-құлқы ретінде анықталуы мүмкін. Өзара қарым-қатынас процесі адамдардың өз рөлдерін атқара отырып, басқалардың рөлдеріне қатысты қалыптасқан азды-көпті тұтас үғымды және басқалар рөлінде іс-әрекет жасайтын адамдардың шынайы жауап әрекеттерін әрқашан тексеретінін, ондай тұжырымдамаларды нығайтып немесе күмән туғызатынын білдіреді. Бұл өз кезегінде адамдарды өздерінің рөлдік мінез-құлықтарын сақтауына немесе өзгертуіне жетелейді.
Екінші көзқарас Р.Линтоннан бастау алады (1936). Кейіннен бұл көзқарас функционализмнің құрамдас бөлігіне - қазіргі заманғы социологияның неғұрлым ықпалды мектептерінің біріне айналды. Функционализм рөлдерді маңызды белгіленген және статикалық (яғни өзгермейтін) нәрселер ретінде қарайды. Бұл ұғымдар қоғам өмірінде тамыр жаяды және мінез-құлықты рөлдер арнасына енгізетін әлеуметтік нормалардан көрініс табады. Жаңа көзқарас рөлдер басқа рөлдермен жиі байланыста анықталуы мүмкін екендігін мойындайды, алайда өзара қарым-қатынас процесінің өзі жаңа рөлдер туғызуы немесе барларын жаңғыртуы мүмкін деп есептемейді. Әрине, жеке адамдар басқа рөлдерді атқарушы адамдармен қарым-қатынас барысында өз рөлдерінің мазмұны туралы және олардың атқарылуы қаншалықты сәтті екендігі туралы ақпарат ала алады.
Символикалық интеракционизмнің негізін қалаушы Дж.Г. Мид социология жануарлардың мінез-құлқынан принципті түрде өзгеше болатын адамның мінез-құлқының механизмін түсінуге тырысуы тиіс деп есептейді. Әлеуметтік өзара әрекет механизмін оның барлық деңгейлері мен ипостасьтарында барабар түсіну міндеті жеке тұлғаның ішкі дүниесі мен оған себепші болатын факторларды түсінген жағдайда ғана шешуге болады. А.Шюцтің пайымдауы бойынша социологияның пәні “интерсубъективтіліктің”, яғни жеке адамдар бірін-бірі қалай түсінетіндігінің, дүние туралы жалпы қабылдау мен жалпы түсінік қалай қалыптасатындығының проблемасы болып табылады. Шюцтің интерсубъективтілікті талдаулары кәдуілгі білімнің социологиялық іргетасын - феноменальді социологияның бүгінгі таңдағы неғұрлым толық жасалған тұжырымдамаларының бірінің іргетасын қалады.
Мид Джордж Герберт прагматизм мен натурализмнің көрнекті өкілі Мидтің шығармалары жөнінде айтатын болсақ, ол өмірді құбылыстардың, оқиғалардың қосындысы ретінде түсінген. Әлеуметтік өмірге деген көзқарасы феноменологиялық социологияға жақын. Ойлау адамның өмірге бейімделуінің құралы. Қоғам мен тұлғаны адамдардың байланысы ретінде қараған. Тұлғалардың деңгейі басқа адамдардың рөлін қабылдау қабілетінде. Тұлғаның байлығы адамдармен қарым - қатынасының байлығында. Мид символикалық интеракционизм теориясының негізін қалаушы. Танымал микроәлеуметтану теориясы нышандық интеракционизм теориясы болып табылады. Нышандық интеракционизмнің басты белгілері — ол адамдардың мінез-құлқын түсіндіргенде, жеке тұлғалардың әуестігінен гөрі қоғамдық мүдде мен қажеттілікті басшылыққа алады. Сондай-ақ, адамның заттармен, табиғатпен, басқа адамдармен, адамдар қауымдастығымен және қоғаммен әр алуан байланыстары нышандар арқылы жүзеге асады деп біледі. Негізгі еңбегі "Ымдаудан рәмізге дейін". Бұл еңбегінде нышандық интеракционизм негізінде тілдік және басқа нышандық жүйеде тіркелетін әлеуметтік рөлдер жиынтығы — әлеуметтік қызмет жайлы ұғым жатыр.
Зиммель социологиясының өзіндік ерекшелігі әлеуметтіктің жалпы контекстінен (“кедей”, “бөтен”) “шеттетілгендер” формаларын зерттеуге көңіл аударуы болып табылады. Дюркгейм мен Тенниске қарағанда Зиммель, әлеуметтік қақтығыста да, күресте де бар, қақтығыс жалпы өзара іс-әрекеттің кез келген формасында кездеседі және оның әлеуметтік дамудағы рөлі көп жағдайда игілікті деп есептеуі. Зиммель тұжырымдамасының мазмұндық жағы оның методологиялық зерттеуімен тікелей байланысты. Қоғам тарихы - интеллектуалданудың (рационализацияның) үдей түсуі мен ақша шаруашылығы принциптері ықпалының тереңдеу тарихы. Ақша мен ақылдың әлеуметтік функциясы деп Зиммель капиталистік өркениеттің терең қайшылықтарына, мәдени нормалардың құлдырауына, тұлғаның бірегейлігі мен мәдени формалар арасындағы қақтығысқа алып келетіндердің барлығына объективтілікті жариялап отыру деп есептеді. Зиммель интеракционизмнің негізін салушы деп толық есептеуге болады, өйткені ол барлық әлеуметтік құбылыстардың мәнін байланыс пен өзара әсерден көрді. Оның көптеген идеялары еуропалық социологияда да, американдық социологияда да жалғасын тапты.
Сөздің кең мағынасында алғанда, Зиммельдің бастапқы методологиялық позициясын релятивизм ретінде, ал оның көзқарастарының дәйекті дамуын - релятивизмнен өту талпынысы деуге болады. Қазіргі заманғы релятивизм, Зиммельдің айтуы бойынша, “жекелік пен субстанционалдықты өзара әрекетке ыдыратуға бейімділігі...”; әлеуметтік ойға қатысты айтатын болсақ, онда релятивизм үшін “индивид әлеуметтік байланыстар жалғасатын орын ғана, ал тұлға - оның орындалу тәсілі ғана болды”. Таным принциптеріне қатысты релятивизм “заттардың мәнін әрдайым білдіріп отыратын, сындарлы басты негіздер, тек қана дамушы таным көзқарасының мәні болып табылатын реттеуші заттарға өтеді”.
Зиммель “Кіші социологиядағы” жалпы, таза (формальді) және философиялық социологияларға тараулар енгізді. Социологияның әдіс ретіндегі орнын көрсете отырып, ол тар мағынада социологиялық деп атауға болатын проблемалар тобына көшті.
Жиырмасыншы ғасыр түгелімен, оның бірінші жартысы да, екінші жартысы да әр түрлі әлеуметтік мектептердің текетіресімен өтті. Әсіресе бұл функционализм, құрылымдық көзқарас және соңғы он жылдықтағы активистік парадигма тәрізді ағымдарға қатысты. Кезінде Толкотт Парсонс әр түрлі бір-біріне кереғар келген ағымдарды және жаңа синтетикалық теория тәртіптерін үйлестіруге тырысқаны мәлім. Алайда Парсонс еңбектерінен кейін шыққан, микропроцесс сараптамасына көбірек көңіл аударуды қажет ететін символикалық интеракционизм, қазіргі қоғамдағы сараптама объектісі мен пәнін экономикалық жүйелер, мемлекет және әлеуметтік таптар сияқты макроэлементтер құрауы керек деп түсіндіретін қақтығыс теориялары Парсонстың синтетикалық көзқарасына үлкен қауіп төндірді.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының аяғында синтетикалық әлеуметтік теорияның негізін американ социолог Джеффри Александер басқаша қаламақ болды.
Өзінің жаңа функционализм теориясында Джеффри Александер қызмет пен тәртіп, мәдениет пен әлеуметтік құрылым өзара байланысты бола алатын синтетикалық теория жасауға тырысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет