Мысалы, Жер радиусы 6370 км, ал одан 4 км жоғары биіктікте ұшып бара жаткан тікұшақтан қаншалықты алыс жер көруге болады? Есепте қарастырылатын объектілер таза математикалық болса, ол математикалық есеп. Мысалы, М нүктесінен жүргізілген қиюшы шеңбердіЛ және В нүктелерінде қияды, сол нүктеден жүргізілген жанама шеңберді С нүктесінде жанайды. МС2 = МА х \МВ болатындығын дәлелде.

Теоремаға байланысты стандартты және стаңдартты емес есеп түрлері белгілі. Дайын ережелердің кемегімен шығарылатын есеп стандарттық есеп делінеді де, ал шығару жолдары дайын ережелер арқылы табыла қоймайтын есеп - стандартгық емес есеп болады.
Қандай да болмасын ұйғарымның ақиқаттылығына көз жеткізу немесе ұйғарымның жалғандығын тексеру не белгілі бір құбылыстың дұрыстығын түсіндіру — дәлелдеу есептері.
Зертгеу көптеген есептер шығару кезінде кездеседі: нүктелердің геометриялық орны, теңдеулер мен теңсіздіктердің шешім сандарының қаншалықгы болды т.с.с.
Зертгеу көптеген есептер шығару кезінде кездеседі: нүктелердің геометриялық орны, теңдеулер мен теңсіздіктердің шешім сандарының қаншалықгы болды т.с.с.
Белгілі бір құралдар жәрдемімен берілген шарттарды қанағаттандыратын фигуралар салу — салу есептерін құрайды. Есеп шығаруға кіріспес бұрын, оқушыларды есеп түрін анықтап алуға үйрету — басты талаптардың бірі болып табылады.
Өзінің алға қойған дидактикалық мақсаттарына қарай есептерді үш түрге бөлуге болады:
1) танымдық есептер: бүлар арқылы жаңа білім алынады; 2) машықтану есептері: бүлар арқылы орнықты білім дағдылар қалыптасады; 3) шығармашылық ойлауды қажет ететін дамыту есептері. Таным есептерін жаңа материалдар өтуде, оқытудың проблемалық және эвристикалық әдістерін қолдануда шығару керек. Бұл дидактика талаптарына сай келеді, сондықтан математиканы оқып-үйрену барысында кеңінен қолданылады. Алайда мектеп математикасында ең көп тараған есеп түрлері жаттығу есептері болып табылады, олар математикалық білімдерді қолдануда сапалы және берік дағдылар қалыптастыра отырып, математикалық теорияларды саналы түрде меңгеруге ықпал етеді.