- Есеп шығарудың әдістемесі
Әдіс- оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістемесі танымға қызығушылық туғызып ,оқушының ақыл- ойын дамытады,ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе оқушылардың танымдық жұсыстары. Оқыту әдістемесінің ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.
«Оқушылар математиканың көмегімен есепте қойылған дербес сұраққа тура жауап алып қана қоймай, шығарылған есепке байланысты процестерді, құбылыстарды, жағдайларды терең түсініп, санасы арқылы өткізгенде ғана есеп шығаруға толық нәтижеге қол жеткізіледі деп айтуға болады», - деп көрсетеді
Оқушыларға математикадан есеп шығаруды үйрету процесін ұйымдастырғанда мұғалім ең алдымен оның күрделілігіне назар аударып, қандай есептерді ұсынуға болатындығын, есеп шығаруда қолданылатын амалдармен оқушылар қаншалықты таныс екендігін, олардың ой әрекетінің тиісті тәсілдерін қаншалықты білетідігін және т.с.с. мәселелерді ойластыруы керек
Оқушының есеп шығару білігін қалыптастыру үшін мұғалім көп жұмыс атқару тиіс, соның ішінде әр түрлі әдебиеттерді, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, және тағы басқа оқу құралдарына талдау жасау, оқушының жас ерекшелігіне, деңгейіне сай материалдарды іріктеу, жұмысын жоспарлау т.б.
Қорытынды - Қорыта келе айтарымыз, оқушылардың математика пәніне, оның ішінде есеп шығаруға деген ынтасын арттыру үшін оқушылардың математикалық іс-әрекеттердің мән-мағынасын түсініп, әрбір баланың қабылдау ерекшелігінің және орындау қабілетінің деңгейін ескеру керек. Сондықтан метептегі математика пәні мұғалімі үшін есеп шығарудың ғылыми-теориялық, әсіресе оның педагогикалық-психологиялық негізін меңгерудің маңызы зор.
- Қазіргі кезде сабақты дұрыс жүргізуге қойылатын негізгі талап — оқушылардың белсенді іс-әрекеттік сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Ол біріншіден, тек дайын ақпаратты деректер, заңдар, ережелер күйінде ғана беріп қоймай, окушыларды өз бетінше іздендіретін, одан жаңа ақпарат алатындай оқу материалын берудің құрылымын кайта құруды талап етеді. Екіншіден, оқушылардың іс-әрекетіне деген мұғалімнің іс-әрекетінің көзқарасын өзгертуді талап етеді. Яғни, мұғалім оқушылардың өзі белсенді жасампаз күш болатын, оқытудың ұйымдастырушысы және басқарушысы болуы қажет. Ол окытудың әр кезенінде: үй жұмысын тексерген кезде, оқушылардың жаңа білімді меңгеруге дайындығы кезінде, жаңа білімді енгізіп, оны тұжырымдаған және оларға сүйенген кезде, алынған білімді қорытып, бір жүйеге келтірген кезде де көрініп отыруы керек.
Математиканы бастауыш курсын оқытудың əдістемесі А.И. Калиниченко Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі П. С. Сағымбекова, А. С. Тортаева, Э. Ы. Тлеубаева Қасқатаева Б.Р. Математиканы оқытудың әдістемесі мен технологиясы [Мәтін]: оқу құралы / Б.Р. Қасқатаева.- Алматы: Отан, 2016. С. Елубаев. Математика есептерін шығару практикумы. Оқулық .- Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2010 Қаңлыбаев Қ.И., О.С. Сатыбалдиев, С.А. Джанабердиева. Математиканы оқыту әдістемесі. Оқулық. -Алматы:Дәуір, 2013.
Достарыңызбен бөлісу: |