БөЖ: Фунционалды жағдайды бағалау



бет2/3
Дата23.04.2023
өлшемі1 Mb.
#85787
1   2   3

Пульс

Тамыр соғуы дегеніміз жүректен шыққан қанның әсерінен болатын қан тамыр қабырғаларында болатын тербеліс. Тамыр соғуының белгілері оның жиілігімен, синхрондығымен, ырғақтылығымен, толуымен, кернеулігімен анықталады. Тамыр соғуының қалыпты жағдайдағы жиілігі 60-80 ді құрайды. Алайда ол жасқа, жынысқа, температураға,қоршаған ортаға және дене күшіне байланысты өзгеруі мүмкін..Мысалыға шала туған нәрестенің тыныс алу жиілігі 140-160, ал жаңа туған нәрестенің тыныс алу жиілігі 120-140 ты құрайды.. Тамыр соғуын анықтау жүрек қантамырлар жүйесінің жағдайын бағалау мақсатында жүргізіледі. Тамыр соғуын кәріжілік , шынтақ, ұйқы, самай, сан, табан бетіндегі артериялар арқылы анықтауға болады.Содан соң науқастың жағдайының қалыпты екенін қадағалап, оны ыңғайлы позаға келтіріп, қолын еркін қоюын сұраймыз. Білезік буынынын саусақтарымызбен ұстап, кәріжілік артериясын 2,3,4 саусақтармен қысып, тамыр соғуын анықтаймыз. Содан соң тамыр соғуының барлық белгілерін тексереміз.Пульстің ырғақтылығы тамырдың бірінен кеін бірі бірдей уақыт арлығында ырғақты соғуы. Егер тамыр соғуының ырғақтылығы бұзылса аритмия пайда болады.Пульстің синхрондылығы дегеніміз екі қолдағы тамыр соғуының бірдей болуы.Пульстің жиілігі тамыр соғуы толқыныныңбір минуттағы саны. Ол дене температурасының әсерінен және физикалық күш түсу деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Тамыр соғысы бір минутта 60 тан төмен болса брадикардия, ал 80 нен жоғары болса тахикардия деп аталады.Пульстің кернеулігі тербелістің тарылуын тоқтататын күш арқылы анықталады. Қан қысымы қаншалықты жоғары болса тамыр соғуыда соншалықты жоғары болады, ал қын қысымы қаншалықты төмен болсада тамыр соғуыда соншалықты баяу болады.Пульстің толуы артериядағы қанның және жүректің жиырылу көлемімен анықталады.

Тыныс алу

  • Тыныс алуТыныс алу жиілігін анықтау үшін секундомер және тепмература парағы қажет. Алдымен пациентті жатқызып, оны тынышталдырғаннан кейін процедураны бастаймыз. Процедура барысында пульсті анықтағандай болып кейңп таныту керек, себебі науқас тыныс алуды есептеу барысында өзі байқамай тыныс алмай немесе тыныс алуы жиілеп кетуі мүмкін. Қолдың қозғалысын байқатпай бір минуттағы тыныс алу жиілігін санаймыз. Содан соң нәтижесін температура парғына ЧДД деген жерге жазамыз. Жалпы дені сау адамның тыныс алу жиілігі ересек адамдарда 16-20 ны, жаңа туған нәрестелерде 40-60 ты құрайды. Егер тыныс алу жиілігі минутына 16 дан төмендеп кетсе брадипноэ, 20 дан кетсе тахипноэ деп аталды. Дене қызуының көтерілуінен, қобалжудан және физикалық жүктемемен айналысқаннан кейін тыныс алу жиілігі жоғарылайды. Ал тыныс алу жүйесі бұзылғанда тыныс алу жиілігі баяулайды. Ондай Куссмауль, Чайн Стокс, Биота секілді түрлері ажыратылады. Куссмауль кезінде тыныс алу жиілігі сиреп, шулы тыныс алу байқалады. Ал биота тыныс алу кезінде бір минутты құрайтын үзілістермен сипатталады. Чайн Стокс кезінде тыныс алу біртіндеп баяулайды.Тыныс алудың ырғығы мен күші бұзылу салдарынан болатын қиындауды ентікпе деп атайды. Ентікпенің инспираторлық және экспираторлық түрлері ажыратылады. Инспираторлық ентікпе кезінде науқас ұзақ, сырылдап дем алады, ал экспираторлық ентікпе кезінде қиналып дем алады және бронхы демікпесі бар адамдарда кездеседі. Науқас ентігіп бастаған кезде мейіргер жылдам дәрігерге науқастың жаңдайын жеткізу керек, сонымен қатар тыныс алуды жеңілдету мақсатын тез әрекет ету керек. Науқастың басын көтеру керек немесе жауырынының астына бірнеше жастықшаларды қою керек, сонымен қатар салқындатып алмай науқасты қысып тұрған киімдердің түймелерін шешіп, ауыр көрпені алу керек және терезені ашу арқылы көбірек ауа кіруін камтамасыз етіп, оттегі жастықшалары арқылы ауаны жіберу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет