бауырмалдық сезім туғызды. “Шолпан” жинағындағы “Орал
тауы” өлеңінде:
“
“Қосылып батыр түрік балалары,
Таптатпа, жолын кесіп тізгінге орал”
”
, – деп жазды. Ерекше атап өтетін бір жәйт – Мағжанның түрік
халқының шет ел басқыншыларына қарсы азаттық
қозғалысына үн қосуы. Мұнда реалистік, романтикалық
сарындар бір-бірімен астасып, бірге өріліп отырады.
Түрік тақырыбы қазақ халқының ұлт-азаттық тақырыбына
ұласып, отаршылдыққа қарсы күреске алып келді (“Орал тауы”,
“Алыстағы бауырыма”, “Жер жүзінде”, “Қазақ тілі”, “Тез барам!”,
“Түркістан”, “Орал”). Сондай-ақ, Мағжанның “Пайғамбар”
өлеңінде “Ғұн – түріктің арғы атасы” десе, “Түркістан” атты
өлеңінде “Түркістан – ер түріктің бесігі ғой” деп асқақ рухпен
жырлады.
Түрікшілдік сезімі 1919 – 1923 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік
бастаған түрік халқының азаттық соғысына арналған
“Алыстағы бауырыма” атты өлеңінде айрықша байқалады. Оның
бұл өлеңін Мұстафа Шоқай “Яш Түркістан” журналында (1930,
№1) жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең қымбатты
және ең пайдалы өлең деп бағалады.
Мағжан – философ ақын. Ақынның философиялық көзқарасы өз
өлеңдерінде жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділетсіздік
тәрізді қарама-қайшылықты философиялық ұғымдарды шебер
шендестіре білуінен байқалады. Ол дүниені біртұтас құбылыс
ретінде алып, адамды сол ұлы табиғат, жаратылыстың бір
Достарыңызбен бөлісу: |