әдістің негізгі қасиеті ол аз уақыт ішінде респендент тобынан толық ақпа-
ратты алу.
Құжаттарға талдау жасау зерттеушіге әлеуметтік өмірдің маңызды
жақтарын көруге мүмкіндік береді, адамдардың, топтардың қарым – қаты-
нас динамикасын бақылауға және әлеуметтік құрлымның ерекшелігін бейнеле-
уге және бір тарихи кезеңдегі қоғамға сәйкес келетін нормалармен құнды-
лықтарды қондыруға көмектеседі. Контент-талдау (англ. contents - мазмұн)
ментальды, мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерді берілген мәтіндердің
мазмұндарын формальды зерттеуін қажет ететін ғылыми әдіс.
Контент-талдау сыртқы белгісі бойынша құрлымы және мазмұны бойынша
инвариантты, бірақ жалпы ұйымдастырылмаған және жүйеленбеген мәтін-
дік массивті зерттеу үшін қолданылады. Зерттеушіні қызықтыратын белгіге
бір немесе бірнеше факторлардың әсерін тікелей бақылайтын жақдай экспери-
мент, - деп аталады. это опытное исследование воздействия отдельного фак-
тора (или нескольких факторов) на интересующую исследователя переменную.
Зертханалық эксперимент теориялық гипотезаны тексеруге бағытталған. Да-
лалық эксперимент – бағалы зерттеулерді тәжірибеге енуіне бағыттайды.
Бақылау – зерттеушінің болып жатқан оқиғадларды тікелей тіркеу.
Ақпаратты өңдеу әдістемесі және оның қорытындыларын талдау.
Социологиялық зерттеудің мәліметтері өз бетінше жалпылама қорытынды-
лар бере алмайды, тенденцияларды анықтауға және гипотезаларды тексеруге
болмайды. Социологиялық зерттеудің қорытынды кезеңдерінің мақсаты ол қо-
рытындылар және ұсыныстарды беру, жиналған мәліметтерді жалпылау
және талдау. Реттелген мәліметтерді кесте, схемелар, графиктер және диа-
грамма түрінде бейнелеп беру. Социологиялық зерттеудің эмпирикалық
мәліметтерді талдаудың келесі кезеңдерін бөліп көрсетеді: бейнелеу, түсіндіру
және болжам.
Бақылаудың бірліктерін топтастыру -әлеуметтік ақпаратты бейнелеудің
алғашқы және қарапайым түрі. Типтелендіру деген әлеуметтік объектінің
тұрақты қатынастарын іздеу. Әлеуметтік ақпаратты топтастыру – сәйкес
немесе қарсы келетін белгілері бойынша классификациялау және тәртіпке кел-
тіру. Эмпирикалық және теориялық типтелендірулер бөліп көрсетіледі. Социо-
логиялық зерттеулердің қорытындылары есеп ретінде жазылады. Есепте қой-
ылған мақсат-міндеттер бойынша мәліметтер және қосымшалар беріледі.
4Стратификацияны зерттеудің әр түрлі бағыттарын салыстырыңыз, олар-
дың ерекшеліктерін анықтаңыз (Бринкерхоф, Д., Уэйтс Р., Ортега С. Әлеумет-
тану негіздері, Гидденс Э. Социология).
Әлеуметгік саяси әдебиетте әлеуметтік құрылым деп кең және тар мағынада
екі түрлі түсінік бар. Кең мағынада — бүкіл қоғамның құрылуы, оның барлық
элементтері арасындағы байланыс жүйесі. Мұнда әлеуметтік құрылымды әле-
уметтік қауымдардың және олардың арасындағы қатынастардың алу-
ан түрін, сипаттайды. Олар — әлеуметтік-этникалық топтар және т.б. қа-
уымдар.
Тар мағынада — әлеуметтік-таптық құрылым, олардың арасында түрлі қа-
баттар мен қатынастар тұзетін әлеуметтік таптар, әлеуметтік топ-
тар. Әлеуметтік топ дегеніміз адамдардың белгілі бір қажетін қанағаттан-
дыру мақсатында өзара қарым- қатынас орната отырып, түрлі іс- әрекет-
терді жұзге асыратын көптеген адамдардың үлкенді- кішілі жиынтығы. Бұл
топ айтарлықтай тұрақты, ортақ мұддесі бар және әдет - ғұрпы бірдей
жиынтық, белгілі бір тарихи қоғамда қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |