6.Отбасы қоғамның кішігірім жүйесі Отбасы — әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда алғаш рет қарым-қатынас түр- леріне үйренеді, қоршаған ортамен танысады, мінез-құлық нормаларын меңге- реді, адамгершілік қасиеттері қалыптасады және дамиды. Сондықтан да ке- лер ұрпақты тәрбиелей отырып, оларды өмір жолында кездесетін қиыншы- лықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Отбасында орныққан қарым- қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қалана- ды. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды, оларға қарап бой түзейді, үлгі алады. Ба- лалық шағында отбасында алған, меңгерілген қасиеттер бала бойында өмір бойы сақталады. Жас адамды саналы, есті, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден-бір парызы. Яғни, балаларды тәрбие- леу тек ата-ананың жеке ісі емес, бұған барлық қоғам қызығушылық танытуы керек. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», олай болса егемен еліміздің бола- шағы отбасында тал бесіктен бастау алып,оқу тәрбие орындарында тәрбие- ленген саналы ұрпақтың қолында.